Бақыт іздеген қыз



жүктеу 87.06 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі87.06 Kb.
Бақыт іздеген қыз

Қатысушылыр:

Бақыт іздеген қыз

Сиқыршы


Ханшайым

Ағаш бұтағы

Қыздың анасы

Білгішбек

(Балалар әуенмен жұптасып кіріп, вальс билейді де орындарына тұрады)

Жүргізуші:

Тақпақ айтады.Құттықтау сөз сөйлейді

Ән : «Көктем»

Тақпақтар көктем туралы.
1-бала:

Ауа қандай, дала, қандай әдемі,

Көктем – көктем болармысың кәделі

Сенің мынау ұлан ғайыр сыйыңнан

Туған жердің жасыруда беделі.
2-бала:

Көктем-көктем көктемде

Күн күркіреп өткенде

Нұр жаңбырды тосамыз

Көктемді әнге қосамыз

Шомылып нұрға атырап

Ағаштар жайды жапырақ

Далаға бірден жаралды

Көктеммен жұпар шашырап.
3-бала:
Көктем келді табиғатты оятып,

Күн күркірі, нөсерімен тоя түп.

Ағаштардың тамырына қан жүрді,

Жапырағын жасыл түске боятып.


4-бала:
Ару көктем армысың

Көкке біткен әнбісің

Жерге біткен сәнбісің

Алтын арай таңбысын

Жырың шашақан күнбісің

Жайнап өскен гүлмісің

Тербетілген талмысың

Хош, келіпсің армысың!

Жүргізуші:Балалар бақыт дегенді қалай түсінесіңдер?Бақыт деген не өзі?

Балалардың жауаптары.

(Ортаға мұңайып бақыт іздеген қыз шығады

Қыз :Сәлеметсіңдер ме балалар?

Бала:Сәлем!Біз сені танымай тұрмыз.Неге сенің көңіл күйің жоқ?Неге соншама мұңайып тұрсың?

Қыз:Мен .........Өз бақытымды іздеп шықтым,бірақ оның не екенін де ,қайда екенін де білмеймін.

Бала:Бақыт деген өз қолыңда емес пе?Тек ғана оны өз қолыңмен жасай білуің керек .

Қыз:Қалай?Өз қолымда болғаны ма?(қолдарына қарайды)

Жүргізуші:Дұрыс айтады.Бақытты болу, оны табу әркімнің өз қолында.

Одан да біздің қыздарымызмен би билеп , көңіліңді көтер.

Би:Қыздар биі.(қыздармен бірге билейді)

Қыз:Рахмет сендерге қыздар ,бірақ мен өз бақытымды ары қарай іздегім келеді.(Ортаға көктемгі ағаш бұтағы кіріп келеді)

Бұтақ:Сәлем ару келбетті,сұлу қыз!

Қыз:Сәлем ! Сен кімсің ?

Бұтақ:Ақ қайыңдар, емендер,

Қарағайлар теректер

Жерге көрік беретін,Ағашпын мен кемеңгер.

Қыз:О, кемеңгер ағаш бұтағы!Сен менің бақытымды көрмедің бе?

Бұтақ:Сенің бақытыңды білмедім бірақ мен өзім өте бақыттымын!Көктем келіп, табиғаттың ояна бастауы,менің құлпырғаным.Сол менің бақытым!

Қыз:Саған қандай жақсы,өте бақыттысың.ал мен болсам өз бақытымды таба алмай жүрмін.

Бұтақ: Олай болса сен менімен орманға жүр.Орманда ағаштармен бірге өз бақытыңды табасың.Мен өзім ағаш болғаныма мақтанам.

Қыз :Рахмет саған ағаш бұтағы. Бірақ мен бақытымды сенімен бірге табалмайтын шығармын.

Бұтақ:Онда сен ренжіме,әлі-ақ өз бақытыңды табасың! Қош ,сау бол! Жолың болсын!

( бұтақ шығып кетеді)

Жүргізуші:Балар келіңдер бәріміз бірге мерекемізді «Анашым» әнімен жалғастырайық.

Ән: «Анашым»

Тақпақтар:
1-бала:
Күн боп күліп балаға

Ой жіберген санаға

Мың бір сәлем жолдаймын

Ардақты абзал анаға

Көктем келіп далама

Жырын сыйлап баршаға

Алғыстарды сыйлаймны

Аяулы, абзал анаға.


2-бала:

Өмірге бізді келтіріп,

Жарық дүние сыйлаған.

Жамандыққа баласын,

ешқашанда қиймаған.

Көрмесін қайғы балалар,

Аман болсын аналар!
3-бала:

Той тойлап дала мен қалаларым

Мерекең құтты болсын аналарым

Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін

Құттықтауға келе жатыр ұл қыздарың
4-бала:

Боламын алаң

Узіңнен барам

Күн жетпейді алаң боп

Кітап оқи бастасам

Шаруам көп, шамам жоқ

Демеді анам ешқашан

Бізді бағып қағады

Қайдан мұрша табады?
5-бала:

8 Наурыз жаңа жыл көктемі,

Қыстың кетті аязының өктемі.

Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,

Күндей болып жарқыраңдар көктегі!


Би: «Гүлдер»

Залға Алибаба әнінің әуенімен Алибаба шығады.

Алибаба:Сәлеметсіңдер ме балалар?Мұнда не болып жатыр?Барлығың әдемі болып кетіпсіңдер!

Балалардың жауабы:

Қыз:Сәлем Алибаба!Мұнда балалар аналар мерекесін тойласа ,мен өз бақытымды іздеп жүрмін.

Алибаба:(күліп)Бақытыңды іздейтін жерді тауыпсың,одан да менімен жүр ұрлық жасап,қарақшылықпен бай болып кетесің.Бақыт деген сол ғой!

Қыз.Жоқ.Маған ұрлықпен келген бақыттың керегі жоқ.

Алибаба:Ой,ақымақ қыз бақыттың не екенін білмейді екенсің ғой!

Жүргізуші:Алибаба,......... сендер бір-біріңмен ренжіспеңдер ,одан да біздің балалармен ойын ойнаңдар:

Ойын: «Сөз тап, сөйлем құра»

Ойыннан соң Алибаба: Баратын жолым алыс ,жолымнан қалмайын,сұлу қыздар және аналар,әжелер мерекелеріңіз құтты болсын!(шығып кетеді)

Қыз:Енді бақытымды қайдан тапсам екен?

(Осы кезде әуенмен Ханшайым кіріп келеді ,қолындағы айнаға қарап)

-Айтшы айнам,жарқыраған,

Кім сұлу бұл әлемде?

Менен асқан,толып тасқан,

Жан жоқ болсын еш жерде.

Қыз :Сәлем Ханшайым!Қолыңдағы не? Айна ма?Маған көрсетші!

Ханшайым:Бұл менің бақытым!Оны саған көрсете алмаймын.Бұл айна тек сұлу адамдарды ғана

көрсетеді.(айнаға қарап ,сүйсініп тұрады)

Қыз:Қандай жақсы сенің де өз бақытың бар екен,ал мен болсам бақытымды әлі табалар емеспін.

Ханшайым:Иә,мен өте бақыттымын,менің сұлулығымды айтып тұратын айнам бар.

Жүргізуші:Ханшайым сен шынында да сен өте әдемісің ,бірақ айналаңа қарасаң біздің де сұлуларымыз қыздарымыз және аналарымыз көп.

Ханшайым:Шынында да өзім сияқты сұлулар өте көп екен.Неге барлығы құлпырып кеткен,-деп ашуланып айтады.

Жүрг:Өйткені бүгін ең әдемі ,ең сұлу жандардың мерекесі.Одан да бізбен бірге болып, балалардың «Ақ мамам» әніне қосыл!



Ән: «Ақ мамам»

Тақпақтар:

1-бала:


Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің,

Ақындардың өлең арнар жырысың.

Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға,

Ғасырларға жалғасады бұл ісің.

2-бала:

Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған



Шапақтарың бар әлемге таралған,

Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың,

Орындалсын жүректегі бар арман!

3-бала:


Құтты болсын аналардың мейрамы!

Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!

Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,

Бақыт берсін әр көктемнің айлары!

4-бала:

8 Наурыз қуанышқа бөлесін!



Әкелсінші жаздың жылы елесін!

Барлық халық аман болып елімде

8 Наурызға жете беріңіздер келесі!

Би: «Ханзадалар мен Ханшайымдар»

Ханшайым бірге билейді де ,қош айтысып шығып кетеді.

Жүрг:Балалар,Қыз келің дер мерекемізді жақсы көңіл күймен жалғастырайық!

Сокезде залға сиқыршы сиқырлы таяғымен кіріп келеді.

Сиқыршы:Сәлеметсіңдер ме!Бүгін бәрің қандай әдемі болып кеткенсіңдер! Білем, білем барлықтарың аналар мен әжелер және қыздарымыздың мерекесін тойлап жатсыңдар.Солай ма?

Балалардың жауабы:

Қыз:Сәлемсиқыршы сен менің бақытымды көрген жоқсың ба?

Сиқыршы:Бақытымды көрген жоқсын ба дегені несі?Сен онсыз да бақытты емессің бе?Өйткені сенің анаң, туған –туыстарың бар емес пе? Сені білмедім ғой, бірақ мыны өзімнің бақытым осы сиқырлы таяғым.

Қыз: Иә, сенің бақытты екенің көрініп тұр,ал менің сен сияқты сиқырлы таяғым да жоқ,- деп мұңаяды.

Сиқыршы :онда білмедім бақытыңды басқа жерден ізде.

Жүргізуші.Сиқыршы ,қыз келіңдер осындай тамаша мерекеде көңіл –күйлеріңді түсірмей ,әжелерімізге арналған әнімізді бірге шырқайық

Ән: «Ақ әжем»

Тақпақтар:

1-бала:


Сіздер- күнсіз,аспанда жарқырыған

Сіздер- өзен ,тау суы сарқыраған

Сіздер- ана, сіздер жар,сіздер қыздар

Сіздер- жаңбыр,ақ нөсер сарқыраған.

2-бала:

Ақ жаулықты әжемді



Ай нұрына теңедім,

Әр ісінен үлгі алып

Еркін өсіп келемін.

Ақ жаулықты әжемді

Күн нұрына теңедім

Әр сөзінен күш алып

Бақытты боп өсемін.

3-бала:


Ардақты ана,

Аяулы ана қымбаттым,

Сәбиіңді әлдилеумен

Түн қаттың.

Ақ сүтіңнен ауызданып есейдім,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың

4-бала:

Әжемді мейрамымен құттықтаймын,



Айтатын ән,

Беретін гүлім дайын.

Әжетай сені жақсы көремін деп,

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

5-бала:

Мәпелейсің мені анам,



Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

Үмітіңдей көзіме

Көп қарайсын үңіліп,

Еркелеген сөзімде

Ертеңіміз тұр күліп.

Би: «Көктем» вальсі

Әуенмен залға кітап ұстаған бала келеді.

Қыз :Сәлем! Сен кімсің? Кітабың әдемі екен.

Бала:Сәлеметсіңдер ме?Мен Білгішбекпін, өнер тапқышпын.

Қыз:Білгішбек сен менің бақытымды көрмедің бе?

Білгішбек: Қандай бақыт,бақыт деген менің мынау кітабым емес пе?

Бақыт деген мынау менің кітабым.

Қыз:Қандай жақсы ,ал мен болсам өз бақытымды таба алмай жүрмін - дейді мұңайып.

Білгішбек:Маған қосыл,екеуміз өнер жолынан сенің бақытыңды іздейміз.

Қыз:Жоқ-жоқ ,саған қосыла алмаймын,мен өз үйімнен,анам мен бауырларымнан алысқа кетіп қалған сияқтымын.Мен енді анамды қалай табамын?-дейді .

Жүрг:Білгішбек ,балалар келіңдер барлығың мұңаймай бір ойын ойнап

сергіп алайық.



Ойын: «Гүл сыйлау»

Тақпақтар:

1-бала:


Жұлдыздай жарық ғазалым

Неткен әсем ажарың

Шаттық толы маңайың

Қуандыршы әрдайым

Ыстық сенің құшағың

Құс боп маған ұшасың

Мейірімге толысың

Нұрға мені құшасың

2-бала: Көктемде көңілді

Құстар кеп жатқанда,

Құлпыртып өңірді

Гүл ектік бақтарға.



Би: «Ойыншықтар»

Жүргізуші:Балалар сендер биді қандай тамаша биледіңдер рахмет!

Әуенмен қыздың анасы ортаға шығады: -Қызым,балапаным менің сені іздемеген жерім қалмады. Сенің жолыңа қарап көп алаңдадым.Ботақаным ,кішкентай сұлуым сен қайда болдың?

Қыз :Анашым мен өз бақытымды іздеп шықтым,бірақ оны еш жерден таба алмадым.Сізді көріп қатты қуандым.Анашым,Сіз екенсіз ғой менің бақытым.Анашым!

Жүргізуші:Ана менен баланың айырмасы,

Бірі ән,бірі оның қайырмасы.

Әке дәулет болса, ана ол- бақыт,

Жүздерінен күлкілері арылмасын!



Құрметті аяулы да ,ардақты аналар, мейірімді әжелер мерекелеріңіз тағы бір рет құтты болсын,бүлдіршіндеріңіз аман болсын.Осы келешегі зор ,жас ұрпақтарымыз үшін әрдайым, шаршамай,шалдықпай еңбек ете беріңіздер! Бүгінгі мерекелеріңізбен шын сәби жүрекпен дайындаған біздің балалардың сыйлығын қабыл алыңыздар!
: files -> blog
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Қазақ әдебиетінен тапсырмалар. Құрастырған: ф.ғ. к.,проф. Б.Қ.Қапасова
blog -> Қадыр Мырзалиев
blog -> Поэмасын ата a «Аққулар ұйықтағанда» b
blog -> Қазақстан тарихынан бақылау жұмыстарының жүктемесі
blog -> Сабақ № Сынып: 9 А. Пәні: Қазақстан тарихы
blog -> 11- сыныптарға арналған Қазақстан тарихынан емтихан сұрақтары
blog -> Учебная программа по предмету «История Казахстана»
blog -> Сабақ жоспары Тақырыбы: ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның ауыл шарушылығы
blog -> Мақсаты: Оқушылардың құқықтық мәдениеттілігін көтеру




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет