Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы»



жүктеу 94.45 Kb.
Дата24.06.2016
өлшемі94.45 Kb.
14.06.2013 жылғы редакциясында
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 шілдеде № 8565 тіркелді
Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын;

3) осы бұйрықты білім беру ұйымдарының назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Жұмағұлов

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 14 маусымдағы
№ 228 бұйрығымен
бекітілген

Балаларға арналған қосымша білім беру


ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер

1. Осы балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасына (бұдан әрі – «Білім туралы» Заңы), «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысына сәйкес әзірленген және балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының барлық түрлерінің меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан қызметінің тәртібін айқындайды.

2. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы – білім алушылардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың, жеке адамның, қоғам мен мемлекет мүддесіндегі білім беру және мәдени қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы.

3. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының негізгі міндеттері:

1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, оларды іске асыру;

3) адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке адам даралығын дамыту үшін жағдайлардың жасалу жолдары арқылы ой-өрісін байыту;

4) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге немқұрайды қарамауға тәрбиелеу;

5) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

6) балалардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу, оларды табиғатты қорғау қызметіне тарту;

7) қоғам өміріне бейімдеу;

8) олардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру болып табылады.

4. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлеріне:

1) қосымша білім берудің оқу-әдістемелік орталығы;

2) оқушылар сарайы (үй, орталық, кешен, балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы);

3) жас натуралистер бекеті (балалар экологиялық орталығы, биологиялық орталық, экобиоорталығы, балалар және жасөспірімдердің экология және өлкетану орталығы);

4) жас техниктер бекеті (орталық, балалар және жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі);

5) жас туристер бекеті (балалар және жасөспірімдер туризм орталығы, балалар және жасөспірімдердің экология және туризм орталығы, балалар және жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы);

6) балалар аула клубы, балалар әскери-патриоттық клубы (басқа да клубтық демалыс ұйымдары);

7) балалар өнер мектебі (балалар музыка мектебі, балалар көркемөнер мектебі, балалар өнер мектебі және көркемдік-эстетикалық бағыттағы басқа мектептер);

8) балалар сауықтыру лагері (орталық, кешен, қала сыртындағы сауықтыру лагері және күндізгі уақытта ұйымдастырылатын лагері, палаталық лагерь, киіз үй лагері);

9) балалар және жасөспірімдер спорт мектебі;

10) олимпиялық қордың мамандандырылған балалар және жасөспірімдер мектебі;

11) балалар қызығушылықтары мен қызметтеріне бағытталған басқа ұйымдар жатады.

5. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Балаларға арналған қосымша білім беру


ұйымдарының түрлері қызметінің тәртібі

6. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.

7. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының қызметі білім алушылардың өзін-өзі анықтау, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімдеу, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған.

8. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының жұмыс тәртібі ішкі тәртіп ережелерімен орнатылады.

9. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының білім беру үдерісіне қатысушылар балалар, педагог қызметкерлер, білім алушылар мен олардың ата-аналары және басқа да заңды өкілдері болып табылады.

10. Білім алушылардың, ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері қосымша білім беру ұйымының Жарғысымен және білім беру саласындағы заңнамалық актілермен белгіленеді.

11. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары балаларды қабылдау кезінде оларды және ата-аналарды немесе заңды өкілдерді Жарғымен, білім беру үрдісінің тәртібін белгілейтін басқа да құжаттармен таныстырады.

12. Спорттық, спорттық-техникалық, туристік, би бірлестіктеріне қабылдау кезінде баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды қажет.

Мүгедек балалармен тұрғылықты жері бойынша жеке жұмыс жүргізіледі.

13. Балалар музыкалық мектебі, балалар көркемөнер мектебі және өнер мектептеріндегі білім беру үдерісі «Балалар музыкалық мектебі, балалар көркемөнер мектебі және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша жүргізіледі (2012 жылдың 6 ақпанындағы № 7409 мемлекеттік нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуінің Тізілімінде тіркелген).

14. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының әкімшілігімен оқушыларға қолайлы тәртіптеме туғызуды, жас ерекшеліктерін, ата-аналарының талап-тілектерін есепке ала отырып, «Балалар және жасөспірімдердің тәрбие және білім беру нысандарына санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 қаулысымен бекітілген белгіленген Санитарлық қағидаға сәйкес жұмыс кестесі құрылады және бекітіледі.

15. Жастары қатар және әртүрлі жастағы балалар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар қосымша білім беру ұйымдарында қызығушылықтары бойынша үйірмеге, клубқа, студияға, ансамбльге, топқа, театрға және басқа бірлестіктерге (бұдан әрі – бірлестіктер) біріктіріледі.

Топтарға жинақтау балалардың ерікті түрдегі таңдауына негізделеді.

16. Тұрақты және ауыспалы құрамымен білім алушылардың қызығушылықтары бойынша бірлестіктер құрылады.

17. Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын бірлестіктерде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың негізі бір тақырыптық бағыттағы сабақтар немесе кешенді, кіріктірілген бағдарламалар болып табылады. Сабақтар қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларының талаптарына сай оқу жылы бойына немесе қысқа мерзімге ұйымдастырылады.

18. Сабақтар қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларына сәйкес топпен, жеке немесе бірлестіктің толық құрамымен жүргізіледі. Бірінші оқу жылында әрбір топтағы білім алушылар саны 10-нан 15-ке дейін, екінші және келесі жылдары 8-ден 12-ге дейін, сынақ және зерттеу топтарында 6-дан 8-ге дейін болуы тиіс.

19. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту барысында топтың құрамы 6-10 адамды құрайды.

20. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту барысында топтың құрамы 3-6 адамды құрайды.

21. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары білім алушылардың, оның ішінде инклюзивтік білім беруге жағдай жасау арқылы оқу-тәрбие жұмысын күнтізбелік барлық жыл бойы қамтамасыз етеді. Қыркүйектің 1-нен 14-не дейін бірлестіктерді іріктейді, сабақ 15 қыркүйектен басталады.

Жазғы кезеңде бірлестіктер арнайы кесте бойынша білім алушылардың тұрақты немесе ауыспалы құрамымен жұмыс істейді.

22. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары жазғы кезеңде өз базасында бейіндік лагерьлер, туристік қалашықтар мен базалар (қала сыртындағы немесе күндізгі), сондай-ақ балалардың тұрғылықты жерлерінде білім алушылардың тұрақты немесе ауыспалы құрамымен әртүрлі бірлестіктер құра алады. Бірлестік жұмысы концерттер, жорықтар мен саяхаттар, жарыстар, экспедициялар және басқа да түрде өткізіледі.

23. Бірінші жылы оқытылатын топтардың сабақтарына аптасына 4 академиялық сағат, екінші және келесі жылдары – 6 академиялық сағат, сынақ және зерттеу топтарына – 8 академиялық сағат қарастырылады.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін аптасына 2 академиялық сағаттан аспайтын 25-35 минут көлемінде сабақ жүргізіледі.

24. Практикалық сабақтар (жорықтар, экспедициялар, саяхаттар, жарыстар, концерттік сапарлар) өткізу үшін сағаттар көлемі тәулігіне 8 сағат есебінде белгіленеді.

25. Қызығушылықтары бойынша бірлестік жұмысына басшының келісімі болған жағдайда, балалармен бірге олардың ата-аналары (заңды өкілдері) негізгі құрамнан тыс қатыса алады.

26. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары балалардың тұрғылықты жері бойынша басқа ұйымдарда балалар бірлестігін құра алады.

Олардың арасындағы қатынастар шарт арқылы реттеледі.

27. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары білім алушылардың мүдделерін, олардың дарынын және кәсіптік бағдарлануын дамыту мақсатында ғылыми, зерттеу ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істеуге, заңнамаға сәйкес эксперименттік, ғылыми-зерттеу, шығармашылық жұмыстар жүргізу үшін олардың базасында оқушылардың ғылыми бірлестіктері мен зертханаларын құрады.

28. Білім алушыларды әлеуметтік бейімдеу және білім беру үдерісін жандандыру мақсатында әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық, медициналық қызметтер құрылады.

29. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары жеке дара, шарт және (немесе) басқа ұйымдармен бірлесе отырып, балалармен алғашқы кәсіптік дайындықты жүргізеді.

30. Балалар музыкалық мектептері, балалар шығармашылық мектептері және өнер мектептерінде қосымша білім беру бағдарламаларын игеру қорытынды мемлекеттік аттестаттаумен аяқталады.

Оқытудың толық курсын аяқтаған және мемлекеттік бітіру емтихандарын тапсырған білім алушылар белгіленген үлгідегі мектепті бітіргендігі туралы куәлік алады.

31. Қажетті оқу-материалдық базасы мен кадрлық әлеуеті бар балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары барлық үлгідегі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың өндірістік практикасын жүзеге асырады.

32. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге, оқытудың жаңаша технологияларын енгізуге және әзірлеуге, педагогикалық қызметкерлер біліктілігін жетілдіруді қамтамасыз етуге бағытталған оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүзеге асырылады.

33. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары әдістемелік кеңес, әдістемелік шығармашылық бірлестік құрады. Олардың қызметі Жарғыда белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

34. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары бұқаралық шараларды ұйымдастырады және өткізеді, балалардың, ата-аналардың бірлескен еңбегі мен демалысы үшін қажетті жағдай жасайды.

35. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында саяси партиялардың және діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және қызметіне жол берілмейді.

36. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының педагогтік қызметіне арнайы педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша кәсіптік білімі бар адамдар жіберіледі.



37. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының қызметкері мен әкімшілігінің өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.

38. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа ведомстволардың, қоғамдық ұйымдардың желісі бойынша «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте халықаралық қызметтерге қатыса алады.
: download -> prikazy
prikazy -> Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
prikazy -> Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»
prikazy -> Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
prikazy -> "Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
prikazy -> Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы
prikazy -> Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен
prikazy -> Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы
prikazy -> Жылғы редакциясында




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет