Балалармен сұхбат Тақырыбы: Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі



жүктеу 23.51 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі23.51 Kb.
Балалармен сұхбат

Тақырыбы: Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі.

Мақсаты:Балалардың дұрыс тамақтану, денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.Денсаулықты күтуге,дұрыс тамақтана білуге үйрету.

Көрнекілігі: тамақтану туралы сөздер, ережелері, плакаттар,суреттер.

Барысы: Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық — денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет.
Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет.

Балаларды дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет.

Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі

1. Қолыңды сабындап жу.

2. Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме.

3. Шамадан тыс тойып ішпе

4. Нанды үзіп же.

5. Тамақтан соң, ауызыңды шай, қолыңды жу.

Әр адамның өзінің жеке қолданатын гигиеналық заттары болуы керек.Олар – тіс щёткасы,тарақ. Ал кітап немесе ойыншықтармен достарымен бөлісуге болады.
«Ас — адамның арқауы»
Тиімді тамақтанудың денсаулық үшін маңызы зор.
Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек.
Сонымен бірге жеміс жидектерді көбірек жеген жөн.
Жеміс – жидектердің құрамында, адам денсаулығына қажетті
дәрумендер өте көп. Және тағы шамадан тыс көп тамақтануда зиян.

Сұрақтар:


1. Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек?
2. Тамақтану алдында не істеу керек?

Ұзақ өмір сүру үшін жақсы тамақтану керек. Сонымен бірге мың жасаған Ұлықпан Хәкімнің жеті өсиетін есте сақтаңыздар

1. Ерте тұру

2. Орта тазалығын сақтау

3. Денені шынықтыру

4. Дене тазалығы

5. Сергектік

6. Артық тамақ ішпеу

7. Көп ұйықтамау

Балалар осы 7 өсиетті күнбе-күн орындау міндеттерін, сонда сендер елімізді ішкі, сыртқы жаулардан қорғайтын дені сау, саналы, толыққанды адам болып өсесіңдер-деген ұлы Ұлықпан Хакім.



Қорытындылау:

  1. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?
    (Денесін, беті – қолын киімін әрдайым таза ұстаукерек. Зиянды заттардан аулақ болу керек.)
    2. Адам денсаулығына пайдалы жемістер мен көкөністерді ата.
    3. Тазалықтың достары мен қастарын ата?
    Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спортпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек.

Салауатты өмір салтын сақтаңыздар.
Егеменді ел сенімін ақтаңыздар.
Денсаулық — зор байлығы адамның.
Ізгі жандар, текті ұрпақты баптаңыздар.
: GU5IVX6YI3FH19N2
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Тақырыбы: «Мен және менің құқығым» Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: Хайуанаттар бағындағы қызықтар Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Сауат ашу. Тақырыбы: ы дыбысы және әрпі. Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> «Балдырған»тобы Өткізкен тәрбиеші: Наурызбаева Б. Н. 2015ж 26. 05. Топ
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Сауат ашу. Тақырыбы: «И дыбысы мен әрпі». Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Оқу іс әрекетін ұйымдастырылған технологиялық картасы Мерзімі: Топ: Білім беру саласы: Таным Бөлімі
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Оқу іс әрекетін ұйымдастырылған технологиялық картасы Мерзімі: 20. 10. 15ж
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Сауат ашу. Тақырыбы: ж дыбысы және әрпі. Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Билингвальный компонент: су, күн, ауа, табиғат, адамдар, жануарлар, өсімдіктер. Материал: цветные иллюстрации
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Астана-арман қала» Сабақтың мақсаты




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет