Балауса бағым – шаттық пен қуаныш ордасы «Ұрпағын ойлаған ұлт – озады»



жүктеу 16.72 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі16.72 Kb.
Балауса бағым – шаттық пен қуаныш ордасы
«Ұрпағын ойлаған ұлт – озады»

Расул Ғамзатов
Мен, бейбіт елдің, азаттығы көк аспан төрінде қалықтаған егеменді орданың азаматымын. Бүгінде қанатын қақ жайған, басты құндылығын халық деп білетін мемлекетімнің жарқын болашағы үшін тырысып, еңбектенудемін. Болашақ - ол біздің келер ұрпақ, өсіп келе жатқан бүлдіршіндер деп білемін. Халық жазушысы Мұхтар Әуезов ағамыз «Ел болам десең – бесігіңді түзе» демекші келер ұрпақ – ғасырлар бойы тарихымыздың, батыр халқымыздың жалғасы. Сондықтан ұлтымыздың жоғалмай, одан әрі өркендеп, тіліміздің нығайып, көк туымыздың желбіреуіне себепші – біз. Сондықтан, балаларымызды ұрпақтар сабақтастығын жоғалтпай, қазақы дәстүр-салтын жалғастырып тәрбиелеуіміз керек.

Тәрбиеден бөлек ендігі ретте балаларға сапалы білім беру. Біз баланы тәрбиелеп, өсіріп, жетілдіруді – болашаққа инвестиция деп қарап, балабақшадан бастап білімін жіті қадағалауымыз керек. Әр адамның бақыты мен бағы – мамандығы мен өмірлік жолын адаспай таңдауында деп білемін. Балаларға өзін-өзі тауып, жан-жақты болып өсуіне көмектесу керек. Елбасының арқасында тәуелсіз мемлекетімізде ұрпағымыздың талай ұлы істерді жасап, биік белестерді бағындыруларына сан тарау жолдар ашылуда. Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен «Балапан» бағдарламасы жүзеге асып, зияткерлік мектептер, Назарбаев Университеті, білім мен ғылымды, мәдениетті дамыту мақсатында түрлі бағдарламалар жұмыс жасап жатыр. Одан басқа балалардың шыңдалуына септігін тигізетін елім деп жүрегі соққан, қамқор азаматтардың бастауымен талай сайыстар, танымдық шаралар жүзеге асуда. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп өскен бала өмірде адаспай, көздеген мақсатына, армандарына адал жолмен жетеді. Бала тәрбиесіне, тұлғаның қалыптасып, жетілуіне мұқият зер салсақ, еліміздің болашағы жарқын болады деген сенімдемін.

Жас ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы, ел ертеңі. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болады»деп А. Байтұрсынов айтқандай мемлекетіміз де ұрпақ тәрбиесіне барынша назар аударып келеді. Себебі бала – еліміздің ертеңі, тірегі мен тілегі. Еліміздің ажары мен базары. Балалардың бақыты – мемлекетіміздің егемендігінде, тыныш, бейбіт өмірде.

Бөбектеріміз көзге ғана емес, көңілге де қуаныш сыйлап, өміріміздің гүліне, мәні мен сәніне айналсын.


Айдар Шамшанов,

Заң департаментінің сарапшысы
: sites -> default -> files
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
files -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
files -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
files -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
files -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
files -> Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №4 жббом қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
files -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет