Баспасөз-баяны



жүктеу 12.45 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі12.45 Kb.
Баспасөз-баяны

16 ақпан сағ 11.00-де Қазақстан Республикасы Кәсіподақ Федерециясының (Астана, Абай даңғылы 38, 2 этаж) мәслихат-залында, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы әлеуметтік маңызы бар лот «Әлеуметтік әріптестік бойынша үшжақты келісім» кітабының тұсаукесер салтанаты болады.

Қазақстан Республикасының Кәсіподақ Федерациясы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, облыстар мен қалалардағы үкіметтік емес және кәсіподақ қоғамдық ұйымдары «Әріптес» Үкіметтік емес Ұйымдар Алматы Конфедерациясының серіктесі болып табылады.

Мемлекеттің әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, экономикалық дағдарыс кезеңіндегі еңбек етушілерді қорғау проблемасының БАҚ-тағы материалдар мен еңбек қарым-қатынастары туралы қоғамдық пікірге сараптама дайындалған. Есептік Республикалық конференция өткізіліп, мемлекеттік құрылымдарға, үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіподақтарға, бұқаралық ақпарат құралдарына ұсыныс әзірленді.

Әлеуметтік сауалнама нәтижесі көрсеткендей, халықтың көпшілігі үкімет, жұмыс беруші мен кәсіподақ арасындағы Үшжақты келісім туралы хабарсыз. Сондықтан үлгі ретінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі, кәсіподақ пен жұмыс берушілер арасындағы келісім туралы, Республикалық орта және шағын бизнес кәсіподақ жұмысы туралы ақпарат беріп, ұжымдық көрсеткіш келісімшарттарын мысалға келтіреді.

Байланыстар:



Инга Загребина – 8-701-361-99-36, Zagrebina_inga@mail.ru

Қайрат Садықов -8 (7172) 21-57-42


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет