Бастауыш сынып мұғалімі К. Р. Касимовтың қысқа мерзімді жоспары



жүктеу 58.04 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі58.04 Kb.
Келісемін: Бекітемін:

3-топ тренері К.З.Жаксылыкова мектеп директоры Г.К. Сейткалиева


Бастауыш сынып мұғалімі К.Р.Касимовтың

қысқа мерзімді жоспары


Күні:

Пәні: әдебиеттік оқу


Сыныбы: 4

Сабақтың тақырыбы:

Абайдың отыз бірінші сөзі

Жалпы мақсаты:

Абайдың қарасөзін өлеңдерімен салыстыра отырып түсіндіру; қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, жанрлық ерекшелігін таныту шығармаларының көркемдік, философиялық ерекшелігін таныту


Сілтеме:

Электрондық оқулық, күнтізбелік жоспар, 4-сынып, әдебиеттік оқу оқулығы,

Әдебиеттік оқу пәнінің әдістемесі




Оқу нәтижесі:

- Абайдың «Отыз бірінші қара сөзі» негізгі идеясын ұғынады;

- Абайдың «Отыз бірінші қара сөзі» жайлы ұғым қалыптастырады;;

- Абайдың «Отыз бірінші қара сөзі» мәнерлі оқи отырып, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады;


Негізгі идеялар:

Асыл тастан, ақыл бастан шығады

Қолданылатын материалдар:

АКТ

Постер, фломастерлер



Оқыту формасы, технологиясы, әдістері:

Топпен жұмыс , жеке жұмыс. (АВС тобының оқушыларын ерекшке бақылау)

Блум таксономиясы.



Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық

дайындық

АКТ. Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін тыңдыту.

Оқушыларды топқа бөлу




Тыңдалым .

Абай шәкірттері атымен 3 топқа бөлінді




І. Білу

  • Сабақтың мақсатын айқындау

Абай тақырыбына постер қорғауға бағыт-бағдар беру . 1-топ: Абай кім?

Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жон, құбақан құм, құла қырды,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

2-топ Абайдың өлеңдері

3-топ Абайдың әндері


Өздеріне мақсат қоя білуге үйренеді.

Әр топ өз постерін қорғауға дайындалады.

Әр топтан бір оқушы тақырыптарын қорғап, Абай туралы білімдерін ортаға салады.



ІІ.Түсіну

Әр топқа сұрақтар қою.

(АВС оқушыларының мүмкіндігін ескеру)

1. сұрақ.Абай аталарыңның «әсемпаз болма әрнеге» деген сөзін қалай түсінесіңдер?

2.сұрақ.Білім алу,өнер үйрену не үшін қажет деп санайсың?

3.-сұрақ. Абай ата өлеңде қандай жаман қасиеттерді жазады?

Слайдтан шолу көрсету


Оқушылар сұраққа толық жауап береді.

Топ мүшелері жауаптарды өзара бағалап отырады.



ІІІ. Қолдану

Сергіту сәтін ұйымдастыру.

Мұғалім бір сөзді қасындағы оқушының құлағына сыбырлайды, ол келесіге сыбырлау арқылы жалғаса береді. Соңғы оқушы қандай сөз екенін дауыстап айтады. Бастапқы сөздің сақталғаны әлде сақталмағаны анықталады. Балаларға сөздің еш өзеріссіз сақталуы не сақталмауы неге байланысты деп ойлайсыңдар деген ой тасталады.Оқушылар өз ойларын білдіреді. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жөнінде деп ойлайсыңдар?( Ес туралы)

Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкрегінде болсын көз,-деп данышпан Абай айтпақшы бүгінгі сабағымызда Абайдың 31 қара сөзінің сырын ұғу үшін таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз.(тыңдау 31 қара сөз)



Психологиялық тренинг: «Сымсыз телефон ».


Оқушылар өз пікірлерін айтады.





ІҮ. Талдау


Ғибратләну- (араб)- үлгілі, өнегелі. «Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз». Уайымсыздық- еш нәрсеге алаңдамаушылық. Салғырттық- әр нәрсеге жай, салақ қараушылық.


Сөздікпен жұмыс. (дәптерге, тақтаға жазу)
Өз тақырыптары бойынша ойларын дәлелдейді.



















Ү.Жинақтау


Қара сөз (проза) — көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден (поэзиядан) бір айырмасы — онда сөз ырғағы еркін. Қара сөз –арабтың «Ғақлия» деген сөзімен мәндес.Қара сөз дегеніміз- ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қара сөзбен жазылған еңбек.Абай атамыз тәлімгер ұстаз болған еді. Ақын тәрбиеге көнетін жалпы халық емес, жеке адам, оның дара ерекшеліктері деп санаған. Абай қара сөздері азамат баласына ортақ сөз. А.Құнанбайұлы 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қара сөзі бар. Қара сөздері алғаш рет Семей қаласында 1848 ж «Абай» журналында жарық көрді.Қара сөз орыс, қытай, француз т.б көптеген әлем тілдеріне аударылды.

-Қане, кім айтады, «Отыз бірінші» қара сөзінде ақын не нәрсені тілге тиек еткен?

- Есте сақтаудың,ұмытпаудың 4 түрлі себебі қандай?

1. — сену керек;2. — үлгі алу керек;3.- бірнеше рет қайталап отыру керек;4. – ой кеселді нәрселерден аулақ болу керек;

Ой кеселдері: уайымсыздық, салғырттық,, ойыншы-күлкішілдік,қайғыға салыну,қызығу (құмарлану)



Интерактивті тақтадағы қара сөз туралы толтырады және өз ойларын дәлелдейді.,

ҮІ .Қорытындылау

Абайдың аңсағаны қандай азамат?- Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болуАбайдың өз сөзімен айтсақ: Терең ойдың түбінде теңізі бар, Тесіле көп қараса, көңіл ұғар.Ал осы терең ойды таныр келер ұрпақтар болатынынаКәміл сенген Мағжан ақын:

Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,

Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.

Көз ашып, жұртын ояу болған сайын, Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар, десе, Ел басымыз Н.Назарбаев:«Абай біздің ұлттық ұранымыз болуы керек.Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз» ұлы ақын қадірін асқақтатуда






ҮІІ.Бағалау


Өздеріне баға қояды. https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:and9gcr131kpwcuued4dovkbmspoxt_skrvewokis1gxhky5xk0glsnjhttps://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:and9gcqpvtk6eqvorbduqn3zpjra-jobk2xpnoitqkauulcvyx84-s4nug


Оқушылар өз беттерінше смайлик арқылы бағаланады.



VІІІ. Үйге тапсырмасын беру

. «Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» эссе жазып келу



Оқушылар күнделіктеріне жазады.

IХ. Рефлексия


Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Смайликпен көрсет.(өте қызық, түсінбедім, ұнамады)



Оқушылардың іс-әрекеттерін бағалау парағына жазылған критерийлер бойынша бағалау

Сабақтағы көңіл-күйлерін смайликтермен көрсету.

Оқушы үні АВС тобының оқушыларын бағалауы.











: download -> version -> 1432047328 -> module
version -> Тақырыбы: Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. Секция: қазақ әдебиеті
version -> Жалпы орта білім деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Қазақстан тарихы сұрақ кітапшасы
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Тип урока: изучение нового материала, урок-соревнование. Педагогические технологии
version -> БАҒдарламасы 10-11 сыныптар жаратылыстану-математикалық бағыт
version -> [Қарақытай] 1217-1218 ж. Хорезм шахы Мұхамет Текеш теңге соқтырған қала: [Отырар]
module -> Сабақтың атауы М. Мұқашев Жауқазын Мақсаты
module -> Әдебиеттік оқу сабағында бастауыш сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу дағдыларын рөлдік ойындар арқылы қалай қалыптастырамыз?




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет