Бастауыш сыныппен қоштасу мерекесі Тақырыбы



жүктеу 109.59 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі109.59 Kb.
Бастауыш сыныппен қоштасу мерекесі

Тақырыбы : Бастауышым–балбұлағым

(«Біздің жігіттер» әні орындалып 1 кулисадан ортаға Жалқаубек билеп шығады, 2 – кулисадан қолына кітап ұстаған Білімбек шығады, екеуі соғылып қалады)



Білімбек:Сәлеметсіңбе, Жалқаубек!

Жалқаубек: Привет, Білімбек!

Білімбек:Жалқаубек ,біз бүгін №8 орта мектептің 4 «В» сынып оқушылары бастауыш мектеппен қоштасқалы жатырмыз. Ал, сен бармайсың ба?

Жалқаубек: А, қашан? Шынымен айтып тұрмысың? Мен бастауышпен қоштасқым келмейді. Бір-екі мұғалімнің айтқанына әрең шыдап отырамын. Жоғары сыныпта 6 сабақтан 6 мұғалім береді дейді, мен бұған шыдай алмаспын.

Білімбек: 1-2 мұғалімнің айтқанына әрең шыдап жүрсең, жоғары сыныпта 6 жағыңнан 6 мұғалім білім беріп, тәртіпке шақырғанда әрең отырмақ түгіл , еріксіз қалай тәртіпті болып кеткеніңд ібілмей қаларсың.

Жалқаубек:Бұның жақсы ақыл екен, тырысып көрейін.

Білімбек: Ай, Жалқаубек, сен көп сөзді қой , бастауыш сыныппен дұрыстап қоштасып , жоғары сыныптан бастап оқуыңды , тәртібіңді дұрыста.

(Білімбек Жалқаубекті сүйрелей алып кетеді, ол жұлқынып)

Жалқаубек:Түу,Білімбек, қойшы! Мен келістім, өзімнің де жақсы оқушы болғым келіп жүр. Мен би билеуді үйреніп жүрмін. «Қара жорғаны» үйрендім.

Би «Қаражорға»



Мұғалім: Қадірлі ата-аналар, ұстаздар! Сіздер «Бастауышым-балбұлағым» атты бастауыш мектеппен қоштасу мерекесіне жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын. Осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай бүлдіршіндер бүгін, міне ,бойлары да ,ойлары да өсіп, бастауыш сыныпты аяқтап, ортаңғы буынға өткелі отыр. Ендеше, бүгін бізде–мереке, бүгін-той. Олай болса бүгінгі той иелерін ортаға шақырайық.

(Музыка ойнайды) Слайд

1 жүр:Қайырлы күн, қадірлі қонақтар ,аяулы ұстаздар!

2 жүр:Бүгінгі біздің мерекемізге қош келдіңіздер.

1 жүр:

2009 жылы 1 қыркүйек күні

Мен аңқыған жұпар гүліммен

Келіп ем, қарсы алды мектебім

Сүйікті қоңырау үнімен!

2 жүр:

Бүгін тойды бастайық

Жырдан шашып мол шашу

Бастауышым балалық

Бүгін бізде қоштасу!

1 жүр: Шынында да 4 жыл зымырап өте шықты. Осы кезеңнен не есімізде сақталып қалды?

2 жүр:Мейрамбек , оны балалардан білейік.

1 оқушы

Есімізде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке думан боп осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

2 оқушы:

Бастауышым тым ыстық

Мектебіміз бастапқы

Бұнда жақын туыстық

Мұндатұңғыш дос таптық.

3 оқушы:

Енді міне ,сағымдай боп өте шықты.

4-жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,

Ұстаз –ана жасады мына бізден,

Оң мен солды айырар азаматты.

1 жүр:

Аяулы ұстаз!

Өлшемі жоқ бағаңның

Айтыңдаршы ,таласады оған кім

Айтады алғыс шәкірттерің саған мың.

2 жүр:

Ұстаздар-оқушы тірегі

Директор –мектеп жүрегі.

Әр баланың қамын ойлап,

Айгүл Бексұлтанқызы жүреді.

Сөз кезегі мектеп директоры Айгүл Бексұлтанқызына беріледі.



«Мұғалім» әні орындалады.

1 жүр:Иә, бүгін бізде қуаныш , бүгін бізде той! Өйткені 4-жыл бойы алған білімімізді қортындылайтын күн де келді. Балалар , біз осы уақытта нені үйрендік?

Оқушылар кезекпен:

Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтуды, үлкенді сыйлауды, халқымыздың дәстүрін сыйлауды.



4 оқушы:

Алып ,қосып, бөліп, кейде көбейттік

Біріншіден бастап санап үйрендік.

Өмір мәні есептерге тәуелді

Математикада ерекше бір күйге ендік.

Теңдеу құрып, оңай шеше аламыз.

Жоқ сандардың тез-ақ мәнін табамыз

Бұл сабақта ойнап, ойлап, жасырып,

Күнде төрт пен бестік аламыз.

1жүр:

Ал, тағы қандай сабақтарды ұнатасыңдар?



5-оқушы:

Санап басып қадамды

Үйрендік біз спорттағы амалды.

Шынықтырып ,сергітіп, қуат беріп,

Дене пәні қызықтырар адамды.

6 оқушы:

Нота танып,сөз сырына қанықтық

Әуендермен жанға жайлы таныстық

Бейнелеуде сурет салып үйреніп,

Акварельмен пейзаж жазып жарыстық.

7 оқушы:

Табиғатты аялаймыз, сүйеміз,

Адам –перзент табиғатқа білеміз.

Дүниетану пәнін оқып зерделеп,

Көп қызыққа құмар болып жүреміз.

8 оқушы:

Бабалардан мұра боп қалған бізге

Ұмытылмай өркенде қазақ тілі!

Абай, Шоқан, Мұхтарлар сыр тербеген

Бізге ыстық халқымның ғажап тілі.

2 жүр:

Әдебиеттік оқу пәнінен 4 жыл бойы тек қана мәтіндерді оқып қоймай, үлкенге де, кішіге де ой салатын, ішкі сезімін оятатын шығармаларды да оқыдық қой. Қай шығарма есіңізде қалды?



9 оқушы:

Қазақ тілі–нанымыз, несібеміз

Тілмен ғана көгерер көсегіміз

Өзге тілдің бәрін де меңгерейік

Тіл-қатынас құралы өсер елдің.

1 жүр:Иә, тіл демекші Ата заңымыздың нешінші бабында тіл туралы айтылған?

10 оқушы

Музыка атты пәніміз

Айтылар онда әніміз

Зәуре апай үйреткен

Шырқалады әніміз.

Ән «Отаным-Қазақстан»

1 жүр:

Диана, сен қалай ойлайсың, осы жылдарда біз өзгердік пе?



2 жүр: Оны достарымыздан сұрайық.

1 жүр: Сенде қандай өзгеріс болды? (оқушылармен сұхбат)

2 жүр: Ал бұл туралы ата-аналар не дер екен? (Ата-аналармен сұхбат)

1 жүр:Біз кім боламыз?

Нұрсұлтан-адал азамат, Аймира-ақылды ару, Кенжеболат-елінсүйген ер, Анара -білімді адам.



(Сахнаға Жалқаубек сөйленіп шығады)

Жалқаубек:Түф, осы Білімбекке қайдан еріп едім? Мектептен жалықтым.

2 жүр: Жалқаубек, математикадан бағаңды түземейсің бе? Қане, көбейту кестесін тексерейін . 6*6 қанша болады? (біраз ойланып :25)

2 жүр: Сен,міне, бүгін бастауыш мектепті бітіргелі отырсың. Әлі көбейту кестесін де білмейсің. Бастауыш мектепті бітіргеннен соң не болады?

Жалқаубек: Каникул! Алақай, каникул болады. 25 жыл болса ғой!

2 жүр:Жоқ, Жалқаубек! Бастауыш мектептен кейін не бір асулар күтіп тұр. Сол асулардан сүрінбей өтуің керек. Ол асу-өмір. Өмір дегеніміз-күрес. Қане, жүр балалармен бірге сен де ант қабылда.

1 жүр.

Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! 4 «В» сынып оқушыларының ант қабылдайтын кезі келді.

Барлығы:

Біз орта буын қатарына өте отырып, тақта алдында жақсы қақпашыдай тұрып, мұғалімнің бірде-бір сөзін бос өткізбеуге, мұғалімдердің қан қысымын қайнаған судай 100 градусқа жеткізбеуге, үзілістегі жылдамдығымызды 60км/сағ асырмауға, білім теңізінде жақсы және өте жақсы жүзіп өтуге ант етеміз,ант етеміз,ант етеміз.



2 жүр:

Келесі кезекте балалардың өнерін тамашалап, бастауыш мектепке деген алғыс, тілектерін тыңдаңыздар!



11 оқушы:

Бастауышым-балбұлағым,

Алдым сенен білім дәнін.

Әріп танып, білім алып,

Алғысымды жаудырамын.

12 оқушы:

Бастауышым-бал құрағым

Лаулап жансын шам-шырағың

Өзің берген біліміңмен

Самғап ұшар тау қыраның.

13 оқушы:

Өтті сенде қызық шағым

Бастауышым-балбұлағым.

Қоштасар күн жетті ,міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

14 оқушы

Құшағыңа ендім, мектебім,

Балауса, балғын кезімде

Келеді өсіп, көктегім

Білімнің қайнар көзінде

16 оқушы:

Мектеп-кеме, білім -теңіз

Адаспаймыз ұлы жолда

Барар жерге тез жетерміз

Ұстаз берген білім қолда.

17 оқушы:

Бұл бастапқы үйіміз

Білім жолын бастаған.

Ұстаздарға мың алғыс

Бізді оқытып баптаған.

Қоштасу вальсы

1 жүргізуші:

Енді міне ,сағымдай боп өте шықты.

4-жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,

Құрмет апай жасады мына бізден,

Оң мен солын таныған азаматты –

демекші ,ортаға Құрмет Жолдасбайқызын шақырамыз.



Мұғалімнің сөзі

2жүр:

Ата-анаң секілді таза бұлақ

Перзенті бауырында-жайнар құрақ

Құттықтау сөз кезегін алады енді



Ата-ана ұл-қызына тілек арнап.

Ата-аналар атынан құттықтау сөз.


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет