Баяндама тақырыбы: Ойын –бала өміртанымының алғашқы қадамы. Ойын –бала өміртанымының алғашқы қадамы



жүктеу 30.56 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі30.56 Kb.
БАЯНДАМА

Тақырыбы: Ойын –бала өміртанымының алғашқы қадамы.



Ойын –бала өміртанымының алғашқы қадамы.

Ойынның бала өміріндегі алар орны ерекше.Ойын ойды өсіреді.Кеңес педагогі А.С.Макаренко: «Баланың ойынға деген құмарлығы бар,сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек.Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай,сонымен біре баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет.Оның барлық өмірі ойыннан тұрады.»деген тұжырым жасаған.Баланың тыныс –тіршілігін ойынсыз көз алдыңа елестету мүмкін емес.Ойын – балалар үшін күрделі әрекет.ойын арқылы бала білуге ,өзіне құпия дүниенің сырын ашуға талаптанады.Бала қиялы ойын үстінде ойлау дағдыларын қалыптастырады.Айналасындағы затты ғана танып қоймайды,оның әрекетіне де мән береді.Ойын баланыңкөңіл күйіне де әсер етеді.Қуанады,ренжиді,шаттанады,жылайды.Мұның бәрі табиғи құбылыстар.Осы арқылы бірте-бірте мінезі де қалыптаса бастайды.Жақсы мен жаманның не екенін ажыратады.Бір сөзбен айтқанда,ойын арманына қанат бітіреді.Кез келген ойынның өз мақсаты,жоспары,арнайы құралдары,өзіне тән көптеген ерекшеліктері болады.Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген.Ойын бала табиғатымен егіз.Өйткені баланың ойынсыз ойы да өспейді,жан-жақты дамымақ емес.Арнайы ойындар жас ерекшелігіне қарай ұйымдастырылады.Оқу іс-әрекетінің мазмұнына қарай танымдық,дамытушы ойындар болып бөлінеді.Сөйтіп,бала топтағы жасына сәйкес бағдарламаға сәйкес бағдарламаға сай міндеттерді игереді.Ойын ұйымдастыруда балаларға жетекші бола отырып,ойнай білуге,ойын ережесін сақтауға,әрі оларды ойната отырып,ойлануға бағыттайды,заттың атын немесе қасиетін есте сақтап қалуға жол ашады.Ойын баланың беймәлім өмірдің есігін ашып,оның шығармашылық қабілетін оятып,бүкіл болашағына ұштаса береді.Сонымен қатар,ойын-тынысы кең,қарапайымнан күрделі ойға жетелейтін,қиялына қанатбітіретін ғажайып әлем ақыл-ой жетекшісі,денсаулық кепілі.Балалардың ой-өрісін дамытып,ойлау қабілетін жетілдіретін ойындардың бірі- «Санамақ».Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді,санға аты ұйқас заттарды танып біледі.

Бір дегенім-білеу,

Екі дегенім-егеу

Үш дегенім-үкі

Төрт дегенім-төсек т.б.

Ойын –балалардың әрекенінің негізгі түрі,сондықтан ол бала өмірінде тәрбие мен білім берудің шешуші шарты болып табылады.С.Торайғыров «балалықтың қанатына ойын азық»деп бекер айтпаған.Ойын мазмұны мен түріне қарай:мазмұнды-бейнелі,дидактикалық құрылыс,кейіптендіру ойындары болып бөлінеді.Балалардың таным-қабілетін,логикалық ой-өрісін кеңейтіп ,сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалык ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Дидактикалық ойындар 3 топқа бөлінеді:

1.Затты дидактикалық ойындармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

2.Үстел үстіндегі ойналатын дидактикалық ойындар «Лото», «Домино»және т.б

3.Сөздік дидактикалық ойындар.



Ұсынылатын дидактикалық ойындардың мақсатына сәйкес шарты нақты көрсетіледі.Бұл ойындарды сабақта,сабақтан тыс уақытта пайдалану арқылы баланың тілін даматумен қатар,ойынды өз шығармашылығымен жалғастыруға,ойын шартын дұрыс орындауға,белгілі бір нәтижеге жетуге,ұжымдық мақсатқа бағынауға,үлкендер мен балалар арасында ынтамақтастық қарым-қатынасты орнатуға болады. Оқыту мен тәрбиелуге бағытталып ұйымдастырылатын ойындар балаларды таныс ортаға бейімдеу мақсатында жүргізіледі.Баланың танымдық қызметін жандандыратын дидактикалық материалдарға айрықша мән беріледі.Қазақстан Респуликасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие-үздіксіз білім берудің алғашқы сатысына,ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып,дамытатын орталық»,-деп атап көрсеткендей,тәрбие қызметінде жаңа технологияларды пайдаланудың маңызы зор.Ендеше,жаңа технологиялар мен тәсілдерді қолдану негізінде жас ұрпақты тәрбиелеу-басты мұратымыз.Ыбыра Алтынсарин: «Ойын-бала үшін ойын емес,білім мен тәрбие негізін қалайтын басты құрал»деген болатын.Ендеше,ойынның бала тәрбиесінде бала тәрбиесінде үлкен рөл атқаратына дау жоқ.


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет