Баяндама Тақырыбы: Шағын кешенді мектептерде



жүктеу 45.44 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі45.44 Kb.
Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Сулыкөл бастауыш мектебі

Баяндама


Тақырыбы: «Шағын кешенді мектептерде

ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері»
(тамыз секциялық отырысында оқылған баяндама)


Дайындаған: Малаева Р.Т.

Сулыкөл селосы

2012 жыл

Ауыл мектебі- қашанда дана мен даралар шыққан білім ордасы,тәрбие мен білімнің сарқылмас кәусар бұлағы.Ол тек білімнін ошағы ғана емес,руханиат ошағы.Ауыл мектебінің мәселесі-қазақтың елдігінің мәселесі.Өйткені ауыл мектебінде-қазақ ұлтының болашағы, үміт артқан ертеңі, ата-ана, халық арманын арқалаған жас жеткіншек ұрпағы оқып, өсіп жатыр.Сондықтан қазіргі таңда ауыл мектебіне, оның ішінде шағын кешенді мектептерге ерекше көңіл бөлінуде.

Балалдарды оқыту өз алдына бір ғылым.Оқудағы мақсат-жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру.Тәрбиенің балалық өмірде дұрыс қалыптасып,өз орнын таба білуіне ықпал жасау ұстаздар қауымы мен отбасының негізгі міндеті.Өйткені үйде ата-ана,мектепте мұғалім бағыт бағдар береді.

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», «Жапырақ тамырдан нәр алады»,- дегендей балаға дұрыс мән беріп жөн сілтейтін тамаша мектеп-отбасы.

«Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата,жақсы ана,жақсы құрбы,жақсы ұстаздар болады»,-деп Абай айтқандай,оқушылар бойында адамдық қассиеттерді тәрбиелеуде отбасының алар орны ерекше. Баланың жан дүниесінің келбеті отбасының қалыптасу сатысына байланысты. Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя болса, ата-ана баланың бас ұстазы.

Ата-ананың міндеті: Баланы өмірдің мол жолымен, оның құлпырған гүлі мен құйындатқан дауылының арасынан ақылдықпен тура алып шығу.

Оқушылардың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру, баланың қызығуы және рухани даму жағдайларын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту шараларын өткізуде ата-аналармен жұмыс істеу каеректігі белгілі жайт.Мектебімізде ата-аналармен жұмыс ұйымдастырған кезде оның тиімді, қолайлы, ұтымды жағын үнемі қарастырамыз. Ұйымдастыру барысында міндетті түрде дайындық, қорытынды және оны орындау жолдарын айқындап аламыз.



Жұмысты жүргізудегі мақсатымыз:

1.Ата-анамен жүргізілетін жұмыс бағытын нақты айқындап, жүйелендіру.

2. Отбасылық жағдайларын үйрену және баланың отбасылық тәрбиесіне жағдай жасау.

3. Ата-анамен жеке және топтық жұмыстар жүргізу; тақырыптық кеңестер беру; тақырыптық ата-аналар жиналысын өткізу (тоқсанына бір рет)

4. Оқу үрдісінен тыс қызықты іс-әрекетті ұйымдастыруға тарту.

5. Отбасының ұйтқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі-әке. Әке даналығы балаға азық деген қағидаға сүйене отырып, бала тәрбиесіндегі әкелердің беделін арттыру, әрбір әкенің баласы алдындағы міндетін айқындау мақсатында «Әкелер жиналысын» өткізу.

Алдыға қойған мақсатымызды іске асыру жолында Сулыкөл бастауыш мектебінде істеліп жатқан іс-шаралар аз емес. Мектебімізде «Жанұя мен мектеп- бала тәрбиесіндегі әріптестер» атты тақырыпта ата-аналармен, оқушылармен, сауалнамалар, сайыстар, тәрбиелік сағаттар, жиналыстар өткізілді. Мәселен, отбастардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, өнерді тануға қызығушылықтарын оятуға байланысты «Ісмерлер мен шеберлер» сайысы, отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттауда «Әкем, шешем және мен-спорттық жанұямыз» атты балалар мен ата-аналарға арналған көңілді старттар, «Менің отбасым-менің қуанышым» суреттер көрмесі, «Отбасы-бастаулардың бастауы» атты ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді.Ұлттық дәстүрде «Бесікке салу», «Тұсау кесу» т.б. рәсімдер ата-аналармен бірігіп өткізілді.

Өз тәжірибемде ата-аналармен төмендегідей тақырыптарда жұмыстар жүргіздім.

«Үйінде ұл-қызы бардың,көгінде сөнбес жұлдызы бар» атты ата-аналар жиналысы, «Мен және менің жанұям», «Жанұя-өмірдің ғажайып белгісі» атты сайыстар мен тәрбие сағаттары.Ата-аналарға арналған «Сіз қандай ата-анасыз?», «Өз балаңызбен қарым-қатнасыңыз қандай?» атты сауалнамалар. Мысалға:Тақырыбы:«Өз балаңызбен қарым-қатнасыңыз қандай?» атты сауалнамасына тоқталып өтейін.

Жүргізу жолы: Оқушылар алдын-ала төмендегідей сауалдарға жауап толтырады.

Менің есімім.Менің сүйікті орным. Менің достарым. Мен қай кезде өзімді бақытты сезінемін?

Осындай сауалдар үлгісі ата-аналарға таратылып беріледі. Ата-аналар балаларынің орнына толтырулары керек. Жұмыс уақыты 10 минут. Содан кейін ата-аналарға өз балаларының жұмысын салыстыру үшін таратылып беріледі.Мұғалім сауалнамаларды қорытуда ата-аналарға «Бұл жазбаларды өздеріңізге сыйлық түрінде қалдыра отырып, отбасында талқылаңыздар. Балаңызды қаншалықты жақсы білетіндігіңіз жөнінде тиянақты қорытынды жасаңыз»-деген пікірін айтады.

Міне, осындай тақырыптарда ата-аналармен жиі отырыстар өткізіп, жағдайларды бірге отырып шешуді, әдетке айналдырғамыз.

Бала жанының айнасы- оның ұстазы. Әрбір бала бір тұлға.оны көре білу сол бір әлемгежол табуәр ұстаздың міндеті.Ата анадан баланың жағдайынүнемі қадағалауды талап етіп,олармен бала жайын сөйлесіп, ақыл-кеңес беріп отыруды өзімнің оқу-тәрбие жұмысымдағы дағдылы іс-әрекеттердің бірі деп қараймын.Ата-аналарды қатыстырып ашық сабақтар өткізу,ьбала тәрбиелеудегі, оқудағы методикалық әдіс-тәсілдердің бірі ғана. Себебі ата-ана сабаққа катыса,баласының қалай оқитының көреді, басқа балалармен салыстырады. Осыдан келіп,өз баласы нені білмейді, нені біледі, одан нені қалай талап ету керек дегендерді көріп, көздері жетсін деген мақсатпен үнемі оқу барысында ата-аналардың сабаққа қатысуын талап етемін.

Мектебімізде ата-аналармен өткізілген іс-шаралардың жетістіктерін қорытындылауда «Алғыс»-табыстарды қолдап көтермелеу шарасын қолданамыз. Ата-анаға алғыс жариялау сынып жетекшісі мен мектеп әкімшілігінің жанұяға назар аударудың қамқорлық көрсеткіші. Бұл шара ата-аналарды алғыс хаттармен, дипломдармен марапаттаумен жүзеге асырылады.

Қазіргі жас өркен-мемлекетіміздің болашағы. Сондықтан, балаға бір отбасының ұрпағы емес,бар қазақтың баласы деп қарау сияқты. Ұлы Абай атамыз: «Баланы ең алдымен ата-анасы, сосын ұстазы, сонан кейін қоршаған ортасы тәрбиелейді» деген екен. Біздің балаларымыз әлі жас шыбық тәрізді. Түбі нәрлі болса, мәуелі болып өседі, нәрі аз болса,жапырғы қураған ағаш тәрізді болып өседі. Сондықтан, жас ұрпақты қоғамыздың саналы азаматы етіп тәрбиелеуде ата-ана, мектепке байланысты екенін дәлелдейді.



Болашақ шағын кешенді мектептің қабырғасы берік, еңсесі биік болуы біздің бүгінгі еңбегімізге байланысты. Ол үшін үштік одақ: мектеп-оқушы-ата-ана арасындағы байланыс өз үйлесімін табу

керек. Сонда ұрпақ алдындағы заман талабына сай міндетімізді атқарамыз.
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет