«Беқітемін» «Келісілген» Балабақша менгерушісі Әдіскер



жүктеу 62.32 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі62.32 Kb.
«Беқітемін» «Келісілген»

Балабақша менгерушісі___________ Әдіскер________







«Балдырған» тобының жаңа жыл ертеңгілік

кешіне арналған сценарийі



2014-2015 оқу жылы
Кел, жаңа жыл – төріме
Зал іші көз тартарлықтай безендірілген. Ортада әсем де, сұлу шырша.

Түрлі түсті ойыншықтармен безендірілген. Көңілді музыка әуенімен балалар шыршаны айнала тұрады


Жүргізуші: - Құтты болсын ағайын!

Жаңа жылым тағы да

Қол соғып қарсы алайық,

Ертеңгілік бастасын,


«Жаңа жыл» әні
Жүргізуші: - Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,

Естімедік деп айтпаңыздар.

Бүгін біздің Фея, бәрімізді «Жаңа жыл» карнавалына шақырды, өзі шақыру билеттерін таратты.
Музыка әуенімен залға Фея кіреді.
Фея: - Сәлеметсіңдер ме, қадірлі қонақтар! Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Жүргізуші: Сәлеметсіңбе, Фея.
Фея: - Бүгінгі Жаңа жыл кешіне келгендеріңе өте қуаныштымын!

Келді тағы Жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді.
Фея: - Ал, енді карнавалға кімдер келгенін мен көрейін – деп, Фея залды бір айналып балаларды қарап шығып, шырша жанына қайта келеді (балалар орындарынан тұрады).
Жүргізуші: Біздің балалардың «Шырша жыры» әнін тамашалаңыз.
Фея: Жарайсыңдар, балалар, біздің «Жаңа жыл» кешімізге кім жетіспей тұр?
Балалар: Аяз ата мен Ақшақар.

Жүргізуші: - Ал енді бәріміз Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Балалар хормен: - Аяз ата, Ақшақар...

Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Шыршаны екі айланып ортаға тұрады.


Аяз ата: - Амансыңдар ма, балалар!

Ақшақар: - Сәлеметсіңдер ме, қадірлі қонақтар!
Аяз ата:- Амансың ба, ұлдарым!

Амансың ба, қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің!

Қандай әсем жырларың!

Асулармен алысқан,

Асау жылменжарысқан.

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Өздеріңе оралдым.

Бар сыйлығым – жаралғым.

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау демалғым.


Ақшақар: - Аяз ата, балалардың әсем шырша шамдарын жағайықшы.

Тауда туып, тауда өскен,

Шыршамыз тұр ортада.

Бәріміз бір дауыспен,

Дейміз енді шыршаға.
Аяз ата балалармен бірге: - Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат!

Бір, екі, үш –

Шам жарқырай түс.




  • деп Аяз ата таяғымен еденді бір ұрады (бәрі қол шапалақтайды)


Аяз ата: - Балалар, шыршаның шамдары жанбады ғой, кәне бәріміз

тағы да бір рет қатты дауыспен айтып көрейік.


- Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат!

Бір, екі, үш -

Шам жарқырай түс.




  • деп бәрі қол шапалақтағанда шырша шамдары жанады.


Фея: - Ал, енді балалар, Аяз ата мен Ақшақарға арнап «Аяз ата»

әнін орындап берейік.



Аяз ата: - Қызым қарашы, бәрі де карнавалға әдемі киініп келіпті ғой,
Ақшақар: - Аяз ата, тек қана Золушка көрінбейді ғой.
Фея: Балалар, мен Золушканың шақыру билетін жоғалтып алдым, көрген жоқсыңдар ма?
Мыстан кемпір Золушканың киімін киіп, залға кіреді.
Мыстан кемпір: - Тоқтаңдар! Тоқтаңдар! Мен мындамын. Мен

сәнденіп керемет әдемі киімімді киіп келгенде

сендер карнавалды бастап қойғансыңдар ма?!
Фея: - Сен кімсің?
Мыстан кемпір: - Мен, өздерің асыға күткен сүйікті Золушкамын.
Фея:- Сен онша ұқсамайтын сиятысың, біз оны қайдан білеміз?
Мыстан кемпір: - Не?! Көрмей тұрсың ба? Міне сыпырғышым бар.
Фея:- Сыпырғышы несі? Қайдағы сыпырғыш?
Мыстан кемпір: - Қалай сонда? Золушкада сыпырғыш болмайды ма?

Ол түнде де онымен ұйықтайды, қолынанан еш

тастамайды, міне қараңдар.
Мыстан кемпіп сыпырғышқа отырып, залды айнала ұшып жүгіреді.
- Ал, енді сендіңдер ме маған?
Фея:- Білмейміз, меніңше Золушка сыпырғышты тек тазалық үшін

ұстаған. Солай емес пе, балалар?


Балалар (хормен): - Ия.
Фея:- Балалар, сонда бұл кім екен.
Балалар (хормен): - Бұл Мыстан кемпір.

Фея: - А-а-а, сен мыстан кемпір екенсің ғой. Неге өтірік айтасың?
Мыстан кемпір:(золушканың киімін шешіп) - Жарайды, мені бәрі

танып қойды ғой. Сендер мені Жаңа жыл

карнавалына шақыруды ұмытып кеттіңдер, содан

соң мен ренжіп, осылай істедім.



Аяз ата: - Жарайды, мыстан кемпір сен ренжіме, одан да балалармен

ойнап, мына Жаңа жыл мерекесін көңілді өткізейік.



Мыстан кемпір: - Балалар менімен «Кім жылдам?» ойнын

ойнайсыңдар ма?


Балалар (хормен): - Ия.
Мыстан кемпір: - Ойынның шарты: 7 орындыққа 7 бала шығады.

Мен 8-ші боламын. Музыка әуенімен

орындықтарды айнала жүгіреміз. Музыка әуені

тоқтағанда, орындықтарға тез отырып алу керек.

Кімге орындық жетпей қалады, сол бала жеңіледі.
«Кім жылдам?» ойын. (екі рет қайталанады)
Мыстан кемпір: - Ал енді Аяз ата, кел екеуіміз билейік.

(екеуі билейді)


Аяз ата: - Ух, мен шаршадым, орныма отырып демалайын.

Мыстан кемпір: - Мен де қатты шаршадым, барып түрімді жөндеп

демалып келейін, - деп сыпырғышына отырып бір

қолымен сыйлық салынған қапшықты сүйретіп

ұрлап алып кетеді.


Ақшақар: - Аяз ата сіз демалып, балалардың өлең, тақпақтарын

тыңдаңыз.


Балалардың тақпақтары
Жүргізуші: - Балалар осы залға біреу келе жатыр ғой деймін?!
Музыка әуенімен қой билеп кіреді.

Ол шыршаны бір айланып, ортаға келіп тұрады.
Қой: - Сәлеметсіңдер ме, балалар!

- Сәлеметсіңдер ме, қонақтар!

- Биыл 2015- ші жыл – менің жылым. Барлықтарыңызға

денсаулық, молшылық, тоқшылық, ашық аспан тілеймін.


Фея: - Рахмет, саған Қой жылы.

  • Олай болса, жүріңдер балалар, бәріміз шырша жанында би билейік.


«Қысқы» биі.
Қой: - Ой, балаар, өте жақсы билейді екенсіңдер, сендер менімен «Кәмпит» ойнын ойнайсыңдар ма?
Балалар: - Ия.
Қой: - Ойынның шарты: Менің қолымда кәмпит бар. Екі бала менің

қасыма келіп тұрады. Музыка басталғанда екі бала шыршаны

бір айланып жүгіреді. Кім бұрын жүгіріп келіп менің

қолымдағы кәмпитті алады, сол бала жеңеді.


«Кәмпит» ойыны.

(Соңында Аяз ата мен бала ойнайды)


Аяз ата: - Ой балалар, мен қатты шаршадым. Бұл ойынды топқа барып

әрі қарай жалғастырып ойнаймыз. Ал қазір мен орныма

отырып, дем алайын. Сендердің өнерлеріңді тамашалайын.
Фея: - Балалардың орындауында «Шырша» әні, қарсы алыңыздар.
Ақшақар: - Инабат пен Саяжанның орындауында «түрік» биі, қарсы алыңыздар.

Аяз ата: - Балалар! Сендерге көп-көп рахмет! Өнерлеріңе өте риза

болып отырмын. Мен сендерге сыйлық алып келдім. Ой,

менің қапшығым қайда? Оның ішінде сыйлықтар бар еді

ғой! Балалар сендер көрген жоқсыңдар ма?


Балалар: (хормен) –Оны Мыстан кемпір ұрлап алып кетті.
Аяз ата: - А-а-а, Мыстан кемпір алып кетті ме? Онда мен сыйқырлы

таяғымен оны қайтарып алайын, - деп, таяғын үш рет жерге

соғып, - «Сыйлық толған қапшығым, өзіме қайта оралсын»

деп айғайлайды.


Залға қапшық жүгіріп кіреді, артынан Мыстан кемпір қуалап бірге кіреді.
Мыстан кемпір: - Қайда, қайда барасың? Тұра тұр?! Тоқта, тоқта! –

деп Аяз атаның қасына келіп тұрып қалады.


Аяз ата (ашуланып): - Әй, Мыстан кемпір, сен неге балалардың сыйлығын ұрлайсың? Сен әлі

жаман қылықтарыңды қоймағансың ба?


Мыстан кемпір (ұялып): - Ж-о-о-о-қ Аяз ата, мен сыйлықты

балаларға өзім таратайын деп ойлап едім...



Аяз ата: А-а-а-а, онда келе ғой.
Фея: Аяз ата, тоқтай тұрыңыз, балалар ән айтқысы келеді.

В лесу родилась елочка
Аяз ата: - А-а-а, олай болса, кел екеуміз бірге балалардың

сыйлықтарын таратайық, - деп, Аяз ата мен Мыстан кемпір

балалардың сыйлықтарын таратады.
Ақшақар: - Қадірлі ата-аналар!

Қой: - Сүйікті апайлар!

Фея: - Аяулы балалар!

Жүргізуші: - Құрметті қонақтар!

Хормен: - Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!

Жүргізуші: - Өмірлеріңізге шаттық,

Ақшақар: - Дендеріңізге саулық,

Қоян: - Жаңа жылда жаңа бақыт,

Фея: - Отбасыларыңызға ынтымақ-бірлік,

Хормен: - Мерекелік қуаныш тілейміз.

Тәрбиешілер:

Байдильдина А.Н.

Махамбетова Г.К.



19791012G



©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет