«бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылды «Қазақ хандығының 550 жылдығы деп жариялауына байланысты «Бейбітшілік әлемі»



жүктеу 49.41 Kb.
Дата02.07.2016
өлшемі49.41 Kb.


описание: c:\users\админ\desktop\бейбитшилык алемы_шапка (4).jpg
«БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылды «Қазақ хандығының 550 жылдығы деп жариялауына байланысты

«Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ творчестволық бірлестігі



«Асқақ Рухты – Қазақ хандығы»

атты халықаралық тарихи – танымдық, ғылыми-практикалық конференцияға шақырады.

Конференцияға оқырмандар, ғалымдар, ұстаздар, докторанттар, магистранттар, мұғалімдер, студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, зейнеткерлер шақырылады.

Конференцияға алыс-жақын шетелдерден: Ресей, Германия, Қытай,Монғолия, Түркия, Қырғызстан мемлекеттерінен, Отанымыздың барлық өлкелерінен танымал тұлғалар қатысады. Конференцияның мақсаты: 550 жыл толған мемлекетігіміздің тарихын әлемге паш ету, мың өліп, мың тірілген бабаларымыздың рухын асқақтату, қас батырларымыз, кемеңгер билеріміз, болыстарымыз, датқаларымыз,шешендеріміз жайлы елді мекен, жер, су, өзен, көл, төбе, бел, аталу тарихы туралы тағы сол сияқты атауларды халықтың бойына сіңіру үшін зерттеліп, зерделенген баяндамаларды жариялау. Халық ынтымағының нығаюына, еліміздің рухани және әлеуметтік-экономикалық байлығының дамуына үлес қосу.



Халықаралық конференцияның төрағасы: «Бейбітшілік әлемі» (Планета мира-World of Peace) Халықаралық Қазақ творчестволық Бірлестігінің президенті, э. ғ. д., профессор, академик А. А. Нұрманов.

Конференцияның өтетін уақыты, орны: 29-30 сәуір, 2015 жыл. Түркістан қаласы,

Мәдениет үйі

Конференцияда төмендегі тақырыптар қамтылады:



1. Қазақ хандығы және руханият дүниесі

2. Қазақ халқының қалыптасуы тұсындағы рулардың таңбалары,

мөрлері, тарихи жәдігерлері туралы

3. «Бабалар рухы – үн қатты» тақырыбы бойынша шыққан тегіңіз,

ата-бабаңыз олардың кешеден бүгінгі күнге жалғасы туралы

баяндау ( бұл баяндамалар «Алтын кітап» деген атпен үлкен бірнеше томнан

тұратын жинақ болып шығады)

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. Конференцияда аса көрнекті тұлғалармен сұхбаттасуға, қызықты жобалармен танысуға, жаңа идеялармен алмасуға, авторлық мектептердің өкілдерімен кездесуге тамаша мүмкіндіктеріңіз болады. Қатысушылар өз шеберлігін (мастер-класс) көрсетіп, тәжірибесімен бөлісе алады. Мерейтой күндері отандық кітап, сурет, қолөнер көрмелері, көркемөнерпаздар байқауы өтеді. ДЕМЕУШІЛЕР мерейтойға қатысушы ғалымдарға, жас ғалымдарға, ұстаздарға, белгіленген тәртіппен өздерінің ынталандыру сыйлықтары мен сыйақыларын дайындай алады.

Халықаралық конференция республикалық баспасөзде жарияланып, телеарналардан көрсетіледі.Баяндамалар ғылыми жинақ болып жарияланады.Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ғылыми жинағына мақалалар мына мекен -жайда қабылданады:



050052, Алматы қ, Кассин көшесі, 2/1, e-mail:

beybit-alem@mail.ru. xanymai-muz@mail.ru

Мақаланы рәсімдеу ережелері: Мақаланың тексті Times New Roman 12 шрифте теріледі. Microsoft Word форматында, интервалы 1,5.Мақала көлемі 4-5 беттен тұратын баяндамаға қоса деректі құжаттар мен суреттер қабылданады.

Конференцияға баяндамасыз және публикациясыз қатысуға рұхсат етіледі.

Қатысушылардың назарына:

Қатысушылар «БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ» (Планета мира) Халықаралық Қазақ творчестволық Бірлестігінің еңбек жолындағы, жетістіктеріне сәйкес медалдарымен марапатталуына мүмкіндіктері бар. Халықаралық Бірлестіктің «БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ» Алтын медалі, Күміс медалі, «Әлемнің мейірімді адамы», «Добрые люди мира», «Абылай ханға 300 жыл», «Ұлт мақтанышы - Гордость нации», «Ел ардақтысы», «Мәдениет майталманы», «Лидер образования», «Элита», «М. Шолохов» медальдері қызмет орнынан мінездеме, резюме негізінде беріледі. Наградалардың демеушілік жарнасы бар. Халықаралық одақтарға мүше болу жарнасы - 12 мың тг, төс белгі, куәлік табыс етіледі.

Конференцияның ұйымдастыру жарнасының кестесі:

1.

Конференцияға қатысушы жарнасы

37000 тг

2.


Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның каталогына публикация беру, конференцияға қатысушыға


7000 тг

3.

Конференцияға қатыспай публикация беру

10000 тг


Ұйымдастыру жарнасының ішіне кіреді: халықаралық конференцияның жұмысына қатысу, «Қазақ хандығына - 550 жыл» мерекелік медалі, театралды қойылымды тамашалау, қатысу туралы сертификат, қатысушының кәсіби саласында сіңірген еңбегі үшін Алғыс хат, мерейтойлық естелік. Мерекелік дастархан.

Қатысушылардың жатын орны, жолақысы өзінің немесе оларды жіберуші ұйымның есебінен.



КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ:



Өтетін уақыты, орны: 29-30 сәуір, 2015 жыл, Түркістан қаласы,

Мәдениет үйі

Мәдениет үйі



29 сәуір

Қатысушылар мен қонақтарды тіркеу 9.00-11.00

Пресс-конференция 12.00

Тарихи танымдық еңбек таныстрылымы 12.40

Халықаралық ғылыми конференцияның

Ашылу Салтанаты 14.00

Конференцияның I-ші бөлімі 14.00-17.00

Мерекелік кешкі дастархан 18.00-20.00





30 сәуір
Конференцияның II-ші бөлімі 10.00-13.00

Конференцияны қорытындылау 14.00-17.00

Марапаттау Салтанаты 17.00-18.00

Қатысушылардың қайтуы 18.00-ден бастап



ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНДЕ барлық сұрақтарға жауап береміз:

Ұйымдастыру комитетіне ертерек хабарласып, өтініш жіберулеріңізді сұраймыз!
Алматы қаласы, Кассин көшесі, 2/1, «БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ» ХҚТБ

тел.: 8 (727) 263 84 92, факс: 8 (727) 293 18 09

Интернеттегі адресіміз: vk.com/world_of_peace_at

Мұстафаева Қанымай Сұлтанқызы - 8 (727) 263 84 92, 8 701 417 04 05,

Ташенов Өскенбай Бейсенбайұлы - 8701 659 8932

Разиев Турсын Нуралимович - 8701 133 5362

Мылтықбаев Аят Мәдібекұлы - 8 702 979 20 27,

Садыкова Роза Шариповна - 8701 551 5424 Алматы

Мельдешова Тұрсынкул - 87014660854 Шымкент

Қабдолданова Батима Аскербековна – 8771 701 6669 Алматы

Нұрманов Бақытжан Әбдікерімұлы - 8 702 973 39 03. Түркістан

Асқартегі Тайтөлеу Жылқыбайұлы -8721 534 1055 Қарағанды

Оразымбет Бөрибай Қыдырбекұлы 8702 933 4454 Шымкент


: konf -> wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі
konf -> Новые лидеры в мире науки, технологий и образования
konf -> Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған "Ұлы дала кемеңгерлері" атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
konf -> Программа X международной научной конференции
konf -> Гу «отдел образования акимата города костаная»
konf -> Комплекс диалоговых методов и приемов в технологии учебного диалога
2015 -> ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты ақпараттық хат құрметті әріптестер!
konf -> Тәрбие жұмысы және жалпы орта білім беруді дамыту секторы




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет