Бекітемін: Мектеп директоры: Б. Сыздық №46 А. С. Пушкин атындағы



жүктеу 1.02 Mb.
бет1/5
Дата01.07.2016
өлшемі1.02 Mb.
  1   2   3   4   5
Бекітемін:

Мектеп директоры: Б. Сыздық

46 А.С.Пушкин атындағы



орта мектептің 2009-2010 оқу жылына арналған жылдық жоспары

2009-2010 оқу жылы
Жарғыға сәйкес білім беру мекемесінің толық атауы
Мемлекеттік мекеме №46 А.С.Пушкин атындағы қазақ орта мектебі
( жалпы мәліметтер)




  • Мектептің құрылған жылы: 1938 жыл

  • Қазақ мектебі болып құрылған жылы: 1993 жыл

  • Сыйымдылығы: 860 орын

  • Мектептің алып жатқан көлемі: 3706,4 м2 га .

  • Оқушы саны: 1224 оқушы

  • Мұғалімдер саны: 172

  • Оқу кабинеттері: 34

  • Жұмыс реті: 2 ауысымда

  • Мектептің жұмыс тақырыбы» »

  • Медпункт 1.

  • Асхана: 48 орындық. 64 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген.

  • Мультимедиялық кабинет саны: 1

  • Компьютер кабинеті: 3

  • Компьютер саны: 43

  • Интерактивті тақта- 4

  • Толық жабдықталған кабинеттер саны- 3




  • МЕКЕМЕНІҢ ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЫ: 120707. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,

Шиелі кенті, Бұдабай көшесі №56

Телефон: 4-30-87, 4-29-63

ЭЛЕКТРОНДЫ почта : е – таіl: 46 текtер @ таіl. ru

Wев – сайт : текtер 46. narod.ru
1


М А З М Ұ Н Ы




І. Кіріспе.


  1. Мектептің 2008-2009 оқу жылындағы жұмыс қорытындысына қысқаша талдау.




  1. Мектептегі 2009-2010 оқу жылындағы негізгі міндеттері.



ІІ. Міндетті Білім заңының орындалуы.
ІІІ. Педагогикалық кадрлармен жұмыстарды ұйымдастыру.
ІV. Оқу – тәрбие жұмысына педагогикалық – методикалық

бақылау.
V. Оқу – тәрбие жұмысына басшылық пен бақылау.
VІ. Оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары.
VІІ. Мектептің оқу-материалдық базасын нығайту.
ҮІІІ. Ата – аналар комитетінің жұмыс жоспары.
ІХ. Психологтардың жұмыс жоспары.

Кіріспе



Мектеп ұжымының 2008-2009 оқу жылындағы атқарған жұмыстарына қысқаша талдау.
46 А.С. Пушкин атындағы орта мектебінің педагогикалық ұжымы Ел Президентінің “Қазақстан-2030” жолдауын, “Білім туралы заңды”, Қазақстан Республикасының “Тіл туралы” заңын, “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасын” басшылыққа ала отырып, 2009-2010 оқу жылына арналған мектепішілік жоспарын белгілеп, мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз етуде, оқушылардың бос уақыттарын есепке алып, пәндік және басқа да үйірме, секцияларға тартуда, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, оқушыларды мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерімен қамтуда нысаналы жұмыстар атқарды.

2008-2009 оқу жылында жалпы 178 мұғалім жұмыс істеді. Оның 150 жоғары білімді, аяқталмаған жоғары , 22 арнаулы орта білімді мамандар. Сапалық құрамына келсек 1-і жоғары, 49-ы І санатты, 27-сі ІІ санатты, қалғаны түрлі разрядтағылар. Оқу жылы 1362 оқушы, 50 сынып комплектісімен басталды. Екі мектеп алды даярлық тобы жұмыс жасады.

Оқу жылын 1270 оқушымен аяқтадық, оның 441-і бастауыш сыныптарда, 710-ы 5-9 сыныптарда, 119-ы 10-11 сыныптарда бітірді. Жылдық қорытынды бойынша 172 оқушы үздік, 350 оқушы екпінділер қатарында аяқтаса 5 оқушы үлгермеді. Жалпы білім сапасы 41%, үлгерім 98,8% құрады.

Мектептің стратегиялық даму мақсаттарын ойдағыдай жүзеге асыру шарттары белгіленді:

  1. Оқушының дамуын қамтамасыз ететін оқыту мен тәрбиелеудің жаңаша педагогикалық технологияларын педагогикалық үрдістегі барлық қатысушылардың меңгеруі көзделінді.

  2. Әр мұғалімге жемісті оқытуға, әр оқушыға табысты оқуға қолайлы жағдай қарастырылды.

  3. Оқу үрдісін психологизациялау жұмыстары жалғастырылды.

  4. Мектепте өзіндік дамуға және зерттеу еңбегіне қабілеті бар мұғалімдер мен оқушылар арасында шығармашылық ізденіс орталықтары жұмыс жүргізді:

5. Оқу-тәрбие үрдісіне зерттеушілік қатынастар енгізілді.

Мектептің стратегиялық даму мақсаттарын жүзеге асыру нәтижесінде мектеп ұжымы төмендегі көрсеткіштерге қол жеткізді:

2008-2009 оқу жылында мектебіміз Қызылорда облысы мектептері арасында “Үздік білім ордасы” номинациясын иеленді. 2008 жылы Шиелі ауданы мектептері арасында “Үздік өнер ордасы” атағын жеңіп алды.

2008-2009 оқу жылында 11-сыныпты бітіруші 53 оқушының 51-і ҰБТ-ге қатысып, оның 23 оқушысы грант игерлері атанды. ҰБТ-да жинаған орта балл көрсеткіші-74,2. 11 “А” сынып оқушысы Нұралиев Азамат Қожахметұлы 115 ұпай жинап, алтын белгі иегері атанды.

Аудандық олимпиадада орын алған оқушылар

Р/с

Оқушының аты – жөні

Сыныбы

Жүлделі орын

Пәні

Пән мұғалімі

1

Қуатбаева А

8 Г

ІІ

Орыс т

Нұрмағанбетова Қ

2

Қалдыбаева М

10 В

ІІ

Орыс т

Сүлейменова Ғ

3

Хаметова Б

11 А

ІІІ

Орыс т

Нұрмағанбетова Қ

4

Аханбек Айда

9 В

ІІІ

Матем

Мадиева Қ

5

Сүлеймен Г

8 А

І

Физика

Өсербаева К

6

Болатқызы Т

9 Е

ІІІ

Физика

Қалекеева А

7

Әлішеров О

10 Б

І

Химия

Жұманазарова Қ

8

Арын Самал

8 А

ІІІ

Географ

Сансызбаева Қ

9

Райымбеков Е

10 А

ІІ

Географ

Құлтаева Г

10

Батырбекова Ж

8 А

ІІІ

Биолог

Құлтасова Н

11

Дәуқараев Ұ

9 Б

І

Информ

Біләлова А

12

Қадырбек Ұлықбек

11 А

ІІ

Информ

Әбдиева С

: doc
doc -> Сабақтың тақырыбы Көсемшенің жасалуы мен түрлері Мақсаты Көсемшенің жұрнақтарын білу
doc -> Филология факультеті 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
doc -> Контактные данные пунктов регистрации для желающих пройти бесплатно обучение компьютерной грамотности в рамках Программы снижения информационного неравенства
doc -> СӘрсенбай гүлнар сәрсенбайқызы болашақ МҰҒалімдердің бойында ұлттық сананы қалыптастырудың педагогикалық негіздері
doc -> Сабақтың тақырыбы Мазмұны Сағат саны 1 Сабатың бастапқы кесіндісі
doc -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
doc -> Батыс қазақстан облысы бөрлі ауданының білім беру бөлімінің 2013 жылға арналған жұмыс
doc -> Омаров Дәулет Кәрібайұлы Қызылорда облысындағы білім беру және халық ағарту мекемелерінің қызметі


  1   2   3   4   5


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет