«Бекітемін» Қр бғМ вице-министрі Иманғалиев Е. Н



жүктеу 110.34 Kb.
Дата21.06.2016
өлшемі110.34 Kb.
«Бекітемін»

ҚР БҒМ вице-министрі ____________ Иманғалиев Е.Н.

«___»___________2016 ж.


Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау бойынша

Қазақстан тарихы пәнінен тест спецификациясы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, Жалпы білім беру ұйымдарына білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары негізінде құрастырылған құжат.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес 2013 жылы Ұлттық тестілеу орталығында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған тест тапсырмаларының базасы қалыптастырылды.

Функционалдық сауаттылық бойынша әзірленген тест тапсырмаларының түрлері:

1) математикалық сауаттылық – адамның қоршаған әлемінде математиканың рөлін түсіну және анықтай алу, жақсы негізделген математикалық пайымдарды айта алу, жасампаз, қызығушы және ойлаушы азаматқа тән қазіргі кездегі және болашақтағы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттілігі;

2) жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (биология, химия, физика, география) – қоршаған ортаны, ондағы адамның қатысуымен туындайтын түрлі өзгерістерді түсініп, ғылыми әдіс-тәсілдер арқылы зерттеп, түрлі бақылаулар мен тәжірбиелер негізінде шешімін тапқан мәселелерді өмірлік жағдайларда жаратылыстану-ғылыми білімдері негізінде қолдана білу қабілеттілігі;

3) оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі) – мәтін мазмұнын көздеген мақсатына жету үшін қолдана білу, қоғамдық өмірге белсенді араласуы үшін білімі мен мүмкіндіктерін дамыту мақсатында жазбаша мәтіндерді түсіну, ұғыну қабілеттілігі.

Тест базасын қалыптастыру Ережесіне сәйкес барлық тест тапсырмалары екі сараптамадан және апробациядан өткізілді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған тест тапсырмаларының мазмұны халықаралық салыстырмалы (PISA, PIRLS т.б.) зерттеулерде қолданылатын тапсырмаларға ұқсас келеді.



1. Мақсаты: 9 сынып оқушыларының Қазақстан тарихы пәні бойынша дайындық деңгейі мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасқандығын бағалау.

2. Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде – 21, екінші деңгейде – 12, үшінші деңгейде – 7 тапсырма.

Қазақстан тарихы пәні бойынша тест тапсырмалары Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалған оқу бағдарламасына сай құрастырылған.





Бөлім



Тақырып



Тақырыпша

01

Тас және қола дәуірі

01

Тас және қола дәуірі

01

Палеолит. Мезолит. Неолит. Энеолит. Қола дәуірі

02

Темір дәуіріндегі Қазақстан

02

Темір дәуіріндегі Қазақстан

01

Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы. Көшпелі мал шаруашылығы – тіршіліктің қайнар көзі. Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті

02

Сақтар: деректер, саяси тарихы, қоғамы, шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті, археологиялық мәдениеті.

Үйсіндер: деректер, саяси тарихы, қоғамы, шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті, археологиялық мәдениеті.

Қаңлылар: деректер, саяси тарихы, қоғамы, шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті, археологиялық мәдениеті.

Ғұндар: деректер, саяси тарихы, қоғамы, шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті, археологиялық мәдениеті.

Сарматтар: деректер, саяси тарихы, қоғамы, шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті, археологиялық мәдениеті


03

Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан өңірі

03

Ерте және дамыған ортағасырлар-дағы (VI-XIII ғғ.) Қазақстан

03

Ерте және дамыған ортағасырларда-ғы (VI-XIII ғғ.) Қазақстан

01

Түрік, Батыс түрік, Түркеш, Қарлұқ қағанаттары, оғыздар, қимақтар: қоғамдық-саяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Қарахандар, қарақытайлар, наймандар, керейлер, жалайырлар, қыпшақтар: қоғамдық-саяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы



04

VI-XVII ғғ. мәдениеті

04

VI-XVII ғғ. мәдениеті

01

Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы. VI-ІX ғғ. мәдениеті. VI-XIII ғғ. қалалық мәдениет, сәулет өнері, қолөнер, сауда. Рухани мәдениет: дін, білім, ғылым. XIV –XV ғғ. Қазақстан мәдениеті. XVI-XVII ғғ. Қазақстанның мәдениеті

05

XIII-XVІІ ғғ. Қазақстан

05

XIII-XVІІ ғғ. Қазақстан

01

Монғол дәуірі, Алтын Орда: құрылуы, қоғамдық құрылысы, күшеюі, ыдырауы.

Қазақстан территориясындағы XIII-XV ғғ. мемлекеттер. Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай ордасы, Әбілхайыр хандығы, Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібір. Әмір Темір мемлекеті



02

Қазақстан территориясындағы этникалық өзгерістер. Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ хандығының сыртқы және ішкі саясаты. XVI-XVII ғғ. қазақ хандығының дамуы: Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Есім хан, Тәуке хан

06

XIII – XVII ғғ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы

06

XIII – XVII ғғ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы

01

XIII-XV ғғ. мемлекеттердің мемлекеттік-әкімшілік құрылымы. Қазақ хандығының басқару жүйесі. XIV-XV ғғ. Қазақстанның экономикалық жағдайы. XVІ-XVII ғғ. Қазақ хандығының экономикалық жағдайы

07

Қазақстанның XVIIІ - ХІХ ғғ. әлеуметтік-экономикалық дамуы

07

Қазақстанның XVIIІ - ХІХ ғғ. әлеуметтік-экономикалық дамуы

01

Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық қарым-қатынасы. ХІХ ғ. 2-жартысындағы Қазақстанның экономикалық дамуы. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы

08

XVIIІ - ХІХ ғғ. Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы

08

XVIIІ - ХІХ ғғ. Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы

01

Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі. Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты

02

Қазақтардың 1773-1775 жж. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы.

С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі.

Хандық биліктің жойылуы.

1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі.

1837-1847 жж. К.Қасымұлы бастаған көтеріліс.

ХІХ ғ. 50-жж қазақ шаруаларының азаттық үшін күресі.

Ұлы жүздің Ресейге қосылуы, Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.

1860-1890 жж. Қазақстандағы реформалар.

Қазақ халқының XIX ғ. 60-70 жж. ұлт-азаттық көтерілістері


09

ХХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан

09

ХХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан

01

XX ғ. басындағы Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік дамуы.

«Әскери коммунизм саясаты».

ЖЭС жылдарындағы Қазақстан.

Индустрияландыру кезіндегі Қазақстан.

Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.

ҰОС кезіндегі Қазақстанның экономикалық қуатының артуы



02

XX ғ. басындағы Қазақстанның саяси жағдайы.

Ұлт-азаттық қозғалыстар мен олардың негізгі бағыттары.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

Қазақстан Ақпан, Қазан төнкерістері жылдарында. Саяси партиялар, қозғалыстар және автономиялар.

Азамат соғысы және оның қорытындылары.

Қазақ АКСР-нің құрылуы.

Қазақ АКСР территорияларының құрылуы. Қазақстанның 20-40 жж. қоғамдық-саяси өмірі.

Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы.



10

XVIIІ - ХХ ғғ. Қазақстан мәдениеті

10

XVIIІ - ХХ ғғ. Қазақстан мәдениеті

01

XVIIІ ғ. мәдениеті.

XIX ғ. І жартысындағы Қазақстан мәдениеті.

ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстан мәдениеті.



02

ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті.

ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстанның мәдени дамуы.

ХХ ғ. ІІ жартысындағы (1946-1980 жж.) мәдениет


11

ХХ ғ. екінші жартысындағы (ХХ ғ. 50-80 жж.) Қазақстан

11

ХХ ғ. екінші жартысындағы (ХХ ғ. 50-80 жж.) Қазақстан

01

ХХ ғ. 50-80 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі

02

ХХ ғ. 50-80 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы

12

Құжаттардағы тарих

12

Құжаттардағы тарих

01

Тарихи оқиғалар туралы жазба деректер

1. Тас және қола дәуірі.

2. Темір дәуіріндегі Қазақстан.

3. Ерте және дамыған ортағасырлардағы (VI-XIII ғғ.) Қазақстан.

4. VI-XVII ғғ. Мәдениеті.

5. XIII-XVІІ ғғ. Қазақстан.

6. XIII – XVII ғғ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы.

7. Қазақстанның XVIIІ - ХІХ ғғ. әлеуметтік-экономикалық дамуы.

8. XVIIІ - ХІХ ғғ. Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы.

9. ХХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан.

10. ХХ ғ. екінші жартысындағы (ХХ ғ. 50-80 жж.) Қазақстан.

11. XVIIІ - ХХ ғғ. Қазақстан мәдениеті



3. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Оқу бағдарламасы бойынша түлектер Қазақстан тарихы курсынан меңгеруі тиіс:

Тарих пəнін, археологиялық жəне жазба деректерді; ауа-райының адамдардың өміріне жəне шаруашылық қызметіне əсерін; уақыт сызығын, тарихтағы жыл санауды; алғашқы адамдардың тұрақтарын; ежелгі Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаларды, тарихи тұлғаларды; тарихи Отан ұғымын; Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктерді; Қазақстан аумағындағы мемлекеттiлiктiң пайда болуы, қалыптасуы жəне дамуын; ортағасырлар кезеңіндегі Қазақстанның əлеуметтік – экономикалық дамуын; Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің құрылуы мен дамуының ерекшеліктерін; моңғол жəне жоңғар шапқыншылығына қарсы тəуелсіздік үшін күрестегі, мемлекеттің сыртқы саясатындағы, негізгі фактілер мен оқиғаларды; қазақ қоғамының материалдық, рухани жетiстiктерi, оның өзiндiк ерекшелiктерi туралы; қазақ халқының салт-дəстүрi, əдет-ғұрпы, наным-сенiмдерi, исламның қазақ қоғамындағы рөлін; Қазақстан тарихындағы Ұлы Жiбек жолының тарихи маңызы; ортағасырлар кезеңіндегі негізгі тарихи ескерткіштерді; жаңа дəуірдегі Қазақстан тарихының хронологиялық шегін; ХVІІІ ғ. басындағы Қазақстанның ішкі жəне сыртқы саяси жағдайын; қоғамның əлеуметтік құрылымы мен басқару жүйесін, шаруашылығын; Қазақстанның Ресей империясына қосылу үдерісі, жаулап алуы, отаршылдық саясатының салдары; Қазақ халқының тəуелсiздiк жолындағы ұлт-азаттық күрестерi мен қозғалыстарының тарихын, XVIII-XІX ғасырлардағы басты-басты ұлт-азаттық қозғалыстарды, олардың себептерiн, негiзгi оқиғаларын, нəтижелерi мен салдарын; ХVІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстан мəдениеті; отан тарихының біртұтастығы мен жүйелілігін сипаттайтын негізгі фактілерді, үдерістер мен құбылыстарды; Отан тарихының кезеңдерін; Қазақстанның тарихи жолының ерекшеліктері мен оның əлемдік қауымдастықтағы рөлін; Қазақстан тарихының негiзгi тарихи мəселелерiнiң зерттелу жайы, ондағы түрлi көзқарастар туралы; тарих беттеріндегі ақтаңдақтарға қазіргі көзқарасты; қазіргі қоғамдық үдерістердің тарихи шарттылығын; Қазақстанның Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы тарихи дамуын, Ақпан революциясы, Қазан төңкерісі жəне Азамат соғысы туралы; ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдардың, олардың бағдарламаларының мəнiн; «əскери коммунизм» мен жаңа экономикалық саясаттың саяси мəнін; қазақ мемлекетінің құрылуының басты кезеңдерін, ҚазАКСР мен ҚазКСР-ның құрылуын; Қазақстанда индустрияландыру мен ұжымдастырудың барысы жəне оның қазақ халқына тигізген зардаптарын; 1920-1930-жылдардағы мəдениет саласындағы негiзгi өзгерiстер; тоталитарлық мемлекеттің қалыптасуы жəне ұлт зиялыларына қарсы жаппай қуғын – сүргін туралы; Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесін; соғыстан кейін Қазақстанның экономикалық, əлеуметтік-саяси дамуын; тың жəне тыңайған жерлерді игеру себептері, оның Қазақстанға тигізген салдарын, Қазақстанның «тоқырау» жылдарындағы тарихы.

4. Тапсырмалар формасы:

Тест бір дұрыс жауапты (берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау) 25 тапсырмадан және бір немесе бірнеше дұрыс жауапты 15 тапсырмадан тұрады. Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. Тест тапсырмасын толығымен орындау – 90 минут.

5. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған бір дұрыс жауапты тест тапсырмасы үшін оқушы 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл алады.

Дұрыс орындалған бір немесе бірнеше дұрыс жауапты тест тапсырмасы үшін оқушы 2 балл, бір қате үшін – 1 балл, екі және одан да көп қате үшін– 0 балл алады. Толық тест бойынша максималды балл – 55.

6. Тест тапсырмаларын апробациядан өткізу:

Тест тапсырмалары ҚР мектептерінің 9 сыныптарында апробациядан өтеді.




Ұлттық тестілеу орталығының директоры

Қ. Әбдиев

: upload -> iblock
iblock -> Поэмасын табыңыз. A «Ескендір». B «Ақын өлімі туралы аңыз»
iblock -> Сабақ: Қазақ тілі Мектеп: Қызылорда хбб нзм уақыты: 25. 11. 2013 ж
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын Қазақстан тарихы
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын Қазақстан тарихы
iblock -> Қазақстан тарихы пәні бойынша Талапкерлерді кешенді тестілеуге арналған тест спецификациясы
iblock -> Сабақ жоспарының құрылымы Қазақстан тарихы 9-сынып
iblock -> Сабақ 2 сағат Мектеп: Семей қаласы фмб нзм
iblock -> Елена воевода по пути евразийских караванов: проблемы сотрудничества и межкультурной коммуникации
iblock -> Образование в арабских странах. Из глубины веков до наших дней




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет