Бекітілген тәлімгерлік туралы ереже



жүктеу 64.25 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі64.25 Kb.
Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Соты Төрағасының

2012 жылғы «02» қарашада

№326 өкімімен

БЕКІТІЛГЕН

Тәлімгерлік туралы

ЕРЕЖЕ
Осы ереже алғаш рет тағайындалған судьяларға тәлімгерлікті жүзеге асырудың тәртібін, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Тәлімгерлік – бұл жұмысын енді бастаған судьяның білікті заңгер ретінде қалыптасу процесіне ықпал ететін, алғаш рет тағайындалған судьялардың кәсібилігін арттыру нысаны.

2. Тәлімгерлік алғаш рет тағайындалған судьялар үшін міндетті түрде жүзеге асырылады.


2. Тәлімгерліктің мақсаттары мен міндеттері
3. Тәлімгерліктің мақсаты алғаш рет тағайындалған судьялардың
біліктілігін арттыруына және судьялық дағдыларын қалыптастыруына, олардың кәсіби қызметін жетілдіруге көмек көрсету болып табылады.

4. Алғаш рет тағайындалған судьяға көмек көрсетудегі тәлімгерліктің


міндеті:

  1. теориялық білімді іс жүзінде қолдану;

  1. тәжірибелі судьяның жетекшілігімен сот жұмысының тәжірибесін үйрену;

3) істерді қараудың, сот процестерін жүргізудің, іс жүргізу құжаттарын жасаудың кәсіби техникасын меңгеру;

4) оқытудың қосымша нысандары мен әдістері арқылы біліктілікті ұдайы арттыру;

5) алғаш рет тағайындалған судьялардың мінез-құлық моделін Судья әдебі кодексінің нормаларына сай қалыптастыру болып табылады.
3. Тәлімгерлікті ұйымдастыру
5. Облыстық және оған теңестірілген соттың (бұдан әрі - облыстық
сот) төрағасы тәлімгерлікті қызметке алғаш рет тағайындалған
судьяға оның заңгерлік мамандығы бойынша бұрынғы жұмыс өтілі мен
кәсіби дайындық деңгейін ескере отырып, бір жылдан екі жылға дейінгі
мерзімге белгілейді.

6. Өңір бойынша тәлімгерлердің құрамы облыстық сот төрағасының өкімімен бекітіліп, аудандық және оған теңестірілген соттарға (бұдан әрі - аудандық сот) назарына жеткізіледі. Тәлімгерлердің бекітілген құрамы жаңартыла және толықтырыла алады.

7. Тәлімгерлер кәсіби қабілеті жоғары, жұмысында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген, кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, ұжымда беделді, неғұрлым тәжірибелі аудандық соттар судьяларының арасынан тағайындалады.

Аз құрамды аудандық соттарда тәлімгерлік жұмыс осы соттардың төрағаларына немесе жоғары тұрған соттың судьяларына жүктелуі мүмкін.

8. Тәлімгерлік бойынша басшылықты аудандық немесе облыстық сот төрағасы жүзеге асырады.

Тәлімгерлік жөніндегі жетекші:

1) алғаш рет тағайындалған судьяға тәлімгерді өз өкімімен осы
сот тәлімгерлерінің бекітілген құрамының ішінен бекітеді;


  1. тәлімгердің алғаш рет тағайындалған судьямен бірге жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды, бұл жүктемені бөлу кезінде ескеріледі;

  2. тәлімгердің алғаш рет тағайындалған судьямен бірлесе отырып дайындаған практикалық көмек көрсету жоспарын бекітеді;

  3. алғаш рет тағайындалған судьяға практикалық көмек көрсету жоспарының орындалуын жалпы бақылауды жүзеге асырады;

  4. алғаш рет тағайындалған судьяға істерді бөлу кезінде істердің санаты мен күрделілігін ескереді.

9. Алғаш рет тағайындалған судьяға практикалық көмек көрсету жоспарында:

  1. істерді сот талқылауына дайындау;

  2. ұлттық заңнаманың және халықаралық құқықтық актілердің нормаларын дұрыс қолдану;

  3. сот процесін жүргізу;

  4. сот істерінің қозғалысын бақылауды жүзеге асыру;

  5. алғаш рет тағайындалған судья шығарған сот актілерінің көшірмелерін рецензиялау үшін тәлімгерге тоқсан сайын ұсыну;

  6. алғаш рет тағайындалған судьяның Сот оқуы біліктілігін арттыру мен үздіксіз айналысуы жөніндегі мәселелер ескерілуге тиіс.

10. Тәлімгерлік жұмыстың қорытындылары осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін облыстық соттың жалпы отырысында шығарылады. Тәлімгерліктің мақсаттарына қол жеткізілмеген жағдайда, жалпы отырыста оның себептері ескеріле отырып тәлімгерліктің мерзімі тағы бір жылға ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте тәлімгерліктің жалпы мерзімін үш жылдан асыруға болмайды.

11. Алғаш рет тағайындалған судья аудандық соттағы тәлімгерлік мерзімі аяқталғаннан кейін тағылымдамадан өту үшін базалық (үздік) сотқа жіберіледі, одан кейін облыстық сот төрағасы белгілеген мерзімдерде облыстық сотта тағылымдамадан өтеді.

Тәлімгерліктің қорытындылары туралы облыстық соттың жалпы отырысының хаттамалары мен алғаш рет тағайындалған судьяның есебі судьяның жеке ісіне тіркеу үшін тиісті соттың кадр қызметіне жіберіледі.

12. Тәлімгерлік қызметтегі жетістіктері үшін жыл бойғы жұмыс қорытындылары бойынша сот төрағасының өкімімен тәлімгер заңнамада белгіленген тәртіппен марапатталуы мүмкін.

Облыстық соттарда:

1) тәлімгерлер үшін семинарлар ұйымдастырылады;

2) тәлімгерлікті үйымдастырудың тәжірибесі зерделенеді, жинақталады және таратылады;

3) тәлімгерлер кеңесі құрылады, облыстық соттың судьясы оның төрағасы болып табылады. Тәлімгерлік жүйесін ұйымдастыру және тәлімгерлердің жұмысын үйлестіру Тәлімгерлер кеңесіне жүктеледі. Оның құрамына тәлімгер судьялар кіреді. Тәлімгерлер кеңесінің жеке құрамын сот төрағасы бекітеді. Тәлімгерлер кеңесіне жедел басшылықты Кеңес төрағасы жүзеге асырады.

13. Тәлімгер ауырған, жұмыстан шығарылған не басқа дәлелді себептер болған, сондай-ақ ол өз жұмысын сапалы орындамаған жағдайда тәлімгердің ауыстырылуы мүмкін.
4. Тәлімгердің құқықтары мен міндеттері
14. Тәлімгер:


  1. алғаш рет тағайындалған судья жұмыстың оң нәтижелеріне қол жеткізген жағдайда тәлімгерлікті мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш білдіруге;

  2. алғаш рет тағайындалған судьяны марапаттауға ұсынуға немесе оған қатысты тәртіптік ыкпал ету шараларын қолдану туралы өтініш білдіруге;

3) сот төрелігін жүзеге асыруға, оның ішінде өзін марапаттауға ұсынуға немесе өзіне қатысты тәртіптік ықпал ету шараларын қолдануға байланысты мәселелерді талқылауға қатысуға құқылы.

15. Тәлімгер:

1) сот төрелігін атқаруға араласпай, алғаш рет тағайындалған судьяның
сот төрелігін атқаруы кезінде зандарды дұрыс қолдануы мен сот процестерін
жүргізуінің практикалық дағдыларын меңгеруіне күнделікті көмек көрсетуге;

2) алғаш рет тағайындалған судья жүргізген сот процестерін оларға ішінара қатысу арқылы, сондай-ақ интерактивтік бейнебақылауды пайдалана отырып рецензиялауға;

3) алғаш рет тағайындалған судья шығарған сот актілерінің көшірмелерін рецензиялауға;

4) практикалық көмек көрсету жоспарының орындалуын бақылауға;

5) облыстық соттың жалпы отырысында қарау үшін тәлімгерлік қызметтің қорытындылары туралы ақпарат ұсынуға міндетті.
5. Алғаш рет тағайындалған судьяның құқықтары мен міндеттері
16. Алғаш рет тағайындалған судья:

1) тәлімгердің практикалық көмек көрсету жоспарын әзірлеуіне


қатысуға;

  1. жұмыс жоспарын түзету туралы ұсыныстар енгізуге;

  2. қорытынды есепте тәлімгерлік бағдарламасының тиімділігі туралы пікір білдіруге;

4) сот төрағасына тәлімгерлік институтын жетілдіру жөнінде немесе себептерін көрсете отырып тәлімгерді ауыстыру туралы ұсыныс жасауға;

5) сот жүйесін жетілдіру жөніндегі ғылыми-практикалық іс-шараларға қатысуға құқылы.



17. Алғаш рет тағайындалған судья:

  1. тәлімгерліктен өту кезеңінде өзіне практикалық көмек керсетудің
    бекітілген жоспарына сәйкес талаптарды адал орындауға;

  2. белгіленген мерзімнің әрбір алты айы өткеннен кейін, сондай-ақ тәлімгерлік мерзімі аяқталған соң жұмысы туралы жазбаша есеп әзірлеуге, онда жоспардың орындалғанын, ескертпелер мен ұсыныстарды көрсетуге;

  3. біліктілікті арттыру курстарына және үздіксіз сот оқуының басқа да бағдарламаларына қатысу арқылы өзінің кәсіби деңгейін көтеруге міндетті.

_________________________
: sites -> default -> files
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
files -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
files -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
files -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
files -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
files -> Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №4 жббом қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
files -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет