Билет Мәтінмен жұмыс



жүктеу 286.36 Kb.
Дата08.10.2016
өлшемі286.36 Kb.

  1. билет

  1. Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқып шығыңыз.

  • Мәтінге ат қойыңыз.

  • Мәтінге жоспар құрастырыңыз.

  • Мәтіндегі негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз?

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.

  • Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

Ғылым (араб.: علم‎ (ілім)— білімтанулат. scientia — білім) —жүйелік білім мен тәжірибе деген мағынаны білдіреді. Ғылым екі түрге бөлінеді:

1.Жаратылыс құбылыстарын (биологиялық өмірді қоса) зерттейтін жаратылыстану ғылымдары .

2.Адам өмірі мен қоғамды зерттейтін гуманитарлық ғылымдар.

Ғылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының негізінде құбылыстарды түсіндіру және жүйелеу. Ғылым адамзат қоғамының ерте дәуірінен басталады. Ежелгі Шығыста (Бабыл, Мысыр,ҮндістанҚытай) болашақ ғылымның алғашқы түрлері қалыптасты.

Грекияда геометрия (Эвклид), механика (Архимед), астрономия (Птолемей) жеке ғылым салалары түріне бөлініп шықты.Орта ғасырларда ғылымның дамуына Шығыс, араб елдері Орта Азия ғалымдары (әл-ФарабиӘбу Әли ибн СинаБируниМахмұт Қашқари, т.б.) елеулі үлес қосты. Шығыста әл-Фарабиді Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп таныды. Биологиядан Чарльз Дарвин жаратылыстануға даму идеясын енгізді. Химияда элементтердің периодтық жүйесін Дмитрий Менделеев көрсетті. 19 ғасырдың ортасында физика саласында бірқатар ғылыми жаңалықтар (электрон, радиоактивтілік, т.б.) ашылды.20 ғасырдың басында жаратылыстану ғылымында алдыңғы қатарға биология шықты, онда ДНҚ-ның молекулалық құрылымы белгіленіп, генетикалық кодтары айқындалды.

Қазақстанда ғылымды ұйымдастыру алғашқыда 1945 жылы Қазақстан Ғылым академиясы құрылғаннан кейін жүйесі қалыптасты. Ғылым академиясы құрылғаннан бергі уақытта онда үлкен зерттеу жұмыстары жүргізілді. Өндіріске құнды жаңалықтар енгізілді. 



  1. Мәтіндегі сөйлемдер стильдің қай түріне жатады?

  2. Берілген Абайдың нақыл сөзінің мағынасын түсіндіріңіз.

«Дүние де өзі, мал да өзі

Ғылымға көңіл бөлсеңіз...»



  1. билет

  1. Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқып шығыңыз.

  • Мәтінге ат қойыңыз.

  • Мәтінге жоспар құрастырыңыз.

  • Мәтіндегі негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз?

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.

  • Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

Ежелгі заманнан адамдар өздерін қоршаған орта туралы білімдерін үнемі толықтырып, жинақтап отырған. Адамның дамуына байланысты олардың білімі де арта түсті. Адамдар қоршаған ортаны түсінуге тырысты. Бірте-бірте табиғатты, адам өмірін, рухани әлемді, тарихты, мәдениетті, экономиканы зерттейтін түрлі ғылымдар пайда болды.

Ертеде адамдар табиғатты «жаратылыс» деп атаған, сондықтан табиғатты зерттейтін ғылымды – жаратылыстану ғылымы деп атайды. Жаратылыстану ғылымы табиғаттағы түрлі денелерді ( жанды , жансыз), денені құрайтын заттарды,табиғаттағы түрлі құбылыстарды зерттейді.

Жаратылыстану ғылымдарына: физика, химия, биология, анатомияфизиологиягенетика, геологиягеография ; астрономия , математика жатады .

Физика – табиғаттағы түрлі құбылыстарды зерттейді. Химия – заттар мен олардың өзгерулерін зерттейтін ғылым. Экология - организмдердің өзара қарым-қатынасы мен олардың қоршаған ортаға әсері, адамның табиғатпен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым. Биология – тірі табиғат туралы ғылым болса, геология жер туралы, оның қалпы мен құрылымы, құрылысы, құрамы мен дамуы туралы ғылым

География табиғатты сипаттайды , ал астрономия аспан денелері туралы ғылым.


  1. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемдегі зат есімдерге морфологиялық талдау жасаңыз.

  2. Берілген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

«Оқып-үйрен- ғалым бол,

Ең керегі- адам бол»





  1. билет

  1. Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқып шығыңыз.

  • Мәтінге ат қойыңыз.

  • Мәтінге жоспар құрастырыңыз.

  • Мәтіндегі негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз?

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.

  • Мәтінге өз ойыңызды білдіріңіз.

Үлкенді сыйлау – қазақ халқының ата салты. Үлкенді сыйлау, ең алдымен, әке мен шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасын, ата-анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды да сыйлай алмайды. Ата-ана баланы дүниеге келтіріп, өмір береді, тәрбиелеп өсіреді, білім береді. Оған ержетіп, отбасының қамқоршысы болады деп сенім артады. Есейген бала ата-анаға қамқоршы болуға жараса – жігіт болғаны. Ата мен ананың қартайғанда бойынан күші қайтады. Бірақ олардың ақылы, көпті көрген тәжірибесі отбасына үлкен көмегін тигізеді. Әрбір қиын істің шешімін, ең алдымен, ата-ана табады. Ол үшін ата-анамен ақылдасып, олардың пікірін тыңдап отырған орынды. Ата-ананы сыйлаған жастардың балалары да кейін соны қайталайды. Ата-ананың ісінен үйреніп қана қоймай, олардың тәрбиесін бойға сіңіре білу – әр баланың парызы.

  1. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

  2. Берілген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

«Ұлы жол үйіңнің табалдырығыңнан басталады»


  1. билет

  1. Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқып шығыңыз.

  • Мәтінге ат қойыңыз.

  • Мәтінге жоспар құрастырыңыз;

  • Мәтіндегі негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз?

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.

  • Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аналардың орны ерекше.
 Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті.
  Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып-қағатын. Көне салт бүгінгі қазақ отбасыларында да сақталған. Ал үлкендері үйленіп үй болысымен еншілерін алып, бөлек шыққан. Жасы кіші болса да кенже иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін де қадірлі, қасиетті үй ретінде саналған. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер- білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнегесі. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: « Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», – деп мадақтайды.
  Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті атасына дейін жалғастырған отбасылар қазір де баршылық.

  1. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемдегі сын есімдерге морфологиялық талдау жасаңыз.

  2. Берілген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

«Әуе көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.»




  1. билет

  1. Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқып шығыңыз.

  • Мәтінге ат қойыңыз.

  • Мәтінге жоспар құрастырыңыз.

  • Мәтіндегі негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз?

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.

  • Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының  тәрбиесіне аса үлкен назар аударды. Кәмелетке толғанға дейін бойжеткен болашақ отбасы өмірінің басты міндеттерінен сабақ алады. Ол ерінің адал жары, ана болу, отбасы беріктігін сақтаушы қызметіне, шаруашылықтың барлық жақтарын игеріп жүргізуге, қонақты лайықты қарсы алуға, туыстарын сыйлап қадірлеуге дайындық тәрбиесі. Көргенді отбасылары қыз баланы «қонақ» деп мәпелеп, қадірлеп өсірген. Қыз баланың тәрбиесіне ең бірінші анасы жауапты болған. Сондықтан қазақ «Шешесіне қарап, қызын ал» – деген.

Орта Азияны мекендеген басқа халықтардың әйелдерімен салыстырғанда қазақ қыздары мен әйелдерінің анағұрлым еркін болғанын айтқан жөн. Олар жүздерін жамылғылармен бүркемей, ашық өмір сүрген. Дегенмен, қазақ әйелдері үшін басты міндет – отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады.



  1. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемдегі етістіктерге морфологиялық талдау жасаңыз.

  2. Берілген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

«Қызым саған айтам,

Келінім сен тыңда»




  1. билет

  1. Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқып шығыңыз.

  • Мәтінге ат қойыңыз.

  • Мәтінге жоспар құрастырыңыз.

  • Мәтіндегі негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз?

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.

  • Мәтінге өз ойыңызды білдіріңіз.

 Ұл – шаңырақ иесі, ел, ру, әкенің жалғасы деп есептеледі. Ұл туғанда «ат ұстар туды» деп хабарлайды. Қазақ халқы бірінші баланы «тұңғышым», одан кейінгілерді – «ортаншы», ең соңғы туғанын – «кенже» деп атайды. Кенже бала қара шаңырақтың иесі, қарт әке-шешесін асырайтын адам. Жалпы қазақ халқы бірінші дүниеге ұл бала келсе қатты қуанған, сондықтан оған мол сенім артқан. Ұл бала артымда қалар ізім, тұяғым деп білген.

Жалғыз ұл дегеніміз - отбасындағы жалғыз бала. Жалғыз ұл  ата-анасы үшін өте қымбат жан, өйткені ол өз шаңырағының мұрагері және иесі. Сондықтан оған ата-анасы үлкен жауапкершілікті артып, өз ақыл-кеңестерін көбірек беруге тырысады. Жалғыз бала жасынан ақылды, сабырлы болуы керек. Ата-анасы қайтыс болған жағдайда  шаңырақ балаға мұра болып қалады және ол онда өз отбасымен тұрады.




  1. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

  2. Берілген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

«Әкесін сыйламаған кісіні, баласы сыйламайды»


  1. билет

  1. Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқып шығыңыз.

  • Мәтінге ат қойыңыз.

  • Мәтінге жоспар құрастырыңыз.

  • Мәтіндегі негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз?

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.

  • Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

      Кенже бала – отбасыдағы ең кішісі. Сол баланың алдында ағасы немесе әпкесі болса, ол кенже бала болып саналады. Көбінесе кенже баланы әке, анасы ерекше назарға, ықыласқа бөлейді, себебі ол үйдің кішісі. Үлкен балалары әкесі мен анасына көмек беруі керек. Кенже баланы көбінесе жұмсамайды, үлкен балаларын жұмсайды. Кенже бала не сұраса соны алып береді, дегенмен оның да шегі болуы тиіс. Өскенде кенже бала өз ата-анасына жәрдем болуы керек, өйткені үлкен балалары үйленіп кетеді, ал ата-аналары қайтыс болған уақытта мұрагер кенже бала болып қалады. Әкенің үйіне, яғни қара шаңыраққа, үлкен үйге болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып-қағуы тиіс.

   Кенже келін  – кенже баланың әйелі. Ол қара шаңырақтың келіні болып саналғандықтан, өте әдепті, тәрбиелі болуы керек. Барлық туған-туыс осы үйге келіп, кенже келіннің қолынан ас ішеді. Кенже келінді барлығы сыйлап, ерекше ілтипат танытқан. Ол өз ерін, шаңырақ иесін ерекше сыйлап, құрметтеген. Кенже келін өз енесінің орнын басып, барлық отбасы намысын қорғаушы. Ол үлкен шаңырақ иесі болғандықтан, өз отбасын ұятқа қалдырмауы тиіс.




  1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді тауып, түрін анықтаңыздар.

  2. Берілген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді»


  1. билет

  1. Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқып шығыңыз.

  • Мәтінге ат қойыңыз.

  • Мәтінге жоспар құрастырыңыз.

  • Мәтіндегі негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз?

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.

  • Мәтінге өз ойыңызды білдіріңіз.

Келесі жексенбіде мен ағамның үйіне қонаққа барамын. Ағам өзінің туған күніне көп қонақ шақырады. Қонақтар келгенде ағам оларды қарсы алады. Ең алдымен таныс емес қонақтарды әйеліне және бұрын келген қонақтарға таныстырады. Біз ағамызды құттықтаймыз, сыйлыққа сағат береміз. Жеңгем дастарқан жайып, ең алдымен қымыз, шұбат, содан кейін түрлі салаттар, қуырылған балық, құстың етін, қазы, қарта, шұжық береді. Ыстық тамаққа палау, содан соң бесбармақ, сонан соң шай дайындайды. Шайға түрлі самса, тоқаш, тәтті тағамдар қояды. Қонақтар би билейді, ән салады, ойын ойнайды, үй иелеріне риза болады. Кеш, әдеттегідей, тамаша, көңілді, қызықты өтеді.

  1. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемдегі етістіктерге морфологиялық талдау жасаңыз.

  2. Берілген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

"Сыйлы қонақ босағада отырмайды". 


9- билет

1. Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқып шығыңыз.

  • Мәтінге ат қойыңыз.

  • Мәтінге жоспар құрастырыңыз.

  • Мәтіндегі негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз?

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.

  • Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

Қазақ халқының әдет-ғұрпы бойынша қазақ ауылында сырттан келген жолаушы аттан түспей



  • Үйде кім бар? – деп сұраған.

Сол үйдің адамдары – жастары мен балалары сәлем беріп қарсы алады, атын байлап, өздерін есік ашып үйге кіргізеді. Қонақ аяқ киімін оң босағаға шешіп, қамшысы мен сырт киімін кереге басына іліп, үй іші адамдарымен сәлемдеседі. Осы үйдің қыздары немесе келіндері көрпе жайып құрмет көрсетеді. Әдетте төрге жолы үлкен бас қонақ отырады. Қонақ шөлдеп келді деп қымыз ұсынады. Содан кейін шай ішіледі.

Егер үй дәулетті болса, қой сойып, қазан асады. Ет дайын болғанша, қонақтың көңілін көтереді, ал егер шаршап тұрса, тынығуына жағдай жасайды.

Бас тамақтың алдында қонақтардың қолына су құйылады. Су құюшы бала сол қолына леген, ал оң қолына құман ұстап, оң иығына қол орамал салып, қонақтардың қолына жағалай су құйып шығады. Қонақтар су құюшы балаға ризалығын білдіріп, тілек айтады.

Тамақтан соң, ауылдың жастары «ауылдың алты ауызын» айтады, ал қонақтар «қонақ кәде» айтады. Кештің соңында қонаққа төсек салып, «жайлы жатып, жақсы тұрыңыз» дейді.


2. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

3. Берілген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

"Асыңа тойғызбасаң да ақ ниетіңе тойғыз".




10- билет

1. Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқып шығыңыз.

  • Мәтінге ат қойыңыз.

  • Мәтінге жоспар құрастырыңыз.

  • Мәтіндегі негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз?

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.

  • Мәтінге өз ойыңызда білдіріңіз.

Жол жүріп келе жатқан жолаушы жолшыбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ бола береді. Ал той боларда, қонақты көбінесе үй иесі барып шақырады немесе қазіргі кезде шақыру қағазын жібереді. Бұрыннан таныс немесе жақын туыстары болмаса, сыйлы қонақтарды телефонмен шақыру ыңғайсыз болады. Қазақ халқында құдалық дейтін жақсы дәстүр бар. Құдаларды арнай шақырушы жіберіп шақырады.

Егер үйіңнің қасына жаңадан көрші көшіп келсе, танысуға қонаққа шақыру керек. Мұны «ерулік» деп атайды. Соғым сойғанда құдаларды, туыстарды, жекжаттарды «соғым басына» шақыру керек. Үй салуға көмектесуге жолдастарыңды, туыстарыңды, көршілеріңді шақырсаң, мұны «асар» дейді.



2. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемдегі етістіктерге морфологиялық талдау жасаңыз.

3. Берілген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

«Құтты қонақ келсе, қой егіз табады»



11- билет

1. Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқып шығыңыз.

  • Мәтінге ат қойыңыз.

  • Мәтінге жоспар құрастырыңыз.

  • Мәтіндегі негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз?

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.

  • Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

Қанышты Англияның үкімет басшысы Уинстон Черчилль қабылдап, түрлі сұрақтар беріп отырып:

-Сіз қазақсыз ғой. Біз қазақ-қырғыз халықтары қысқа бойлы, қара торы түсті адамдар деп ойлайтынбыз. Ал сіздің түсіңіз ақ құба, бойыңыз ұзын, денеңіз ірі. Бұл қалай?- депті.

- О, сэр! Ол не дегеніңіз! Сізге дұрыс түсіндірмеген екен. Біздің халқымыз - Арқаның айдынында, асқар Алатауға қарап еркін өскен ерлерміз. біздің халқымыздың бәрінің денесі ірі келеді. Солардың ішінде ең ұсағы мен боламын,- депті.

-Апырмай! Ең ұсағы Сіз болғанда, қазақ халқы бір алып денелі халық болды ғой!

- Әрине солай. Сіздердің Керес деген асқан балуандарыңыз біздің Балуан Шолақтан қалай жеңілгенін еске алайық!

- Солай ма? Олай болса, сіздің алып батырларыңыздың денсаулығы үшін бокал соғыстырайық! - деп У.Черчилль әңгіменің соңын қалжыңға айналдырыпты.



2. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемдегі сын есімдерге морфологиялық талдау жасаңыз.
3. Берілген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

«Сөз тапқанға қолқа жоқ»



12-билет

1. Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқып шығыңыз.

  • Мәтінге ат қойыңыз.

  • Мәтінге жоспар құрастырыңыз.

  • Мәтіндегі негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз?

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.

  • Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

Екі дос үй-үйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі-Ақселеу де, екіншісі-Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын. Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет абалап үріп шыға келді.

-Ақселеу,қаш,әне,ит келіп қалды!-деп,Абыз айғайлап жүгіре жөнелді.

Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпай итке қарсы ұмтылды.Бірақ, ит оның шалбарын жыртып тастады.

Абыз Ақселеудің жанына келіп:

-Мен қаш дегенде неге қашпадың?Қашсаң,саған да ит жете алмайтын еді,-деді.

-Мен қашсам, денсаулығың жоқ,алысқа жүгіре алмайтын сен итке ұсталып, мен құтылатын едім.Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым,-деді Ақселеу.

-Ақселеу бала да болса, ер екен!-деді екеуінің әңгімесін тындап тұрған бір ақсақал.




  1. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

  2. Берілген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

"Ерлік білекте емес, жүректе"

13-билет

1. Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқып шығыңыз.

  • Мәтінге ат қойыңыз.

  • Мәтінге жоспар құрастырыңыз.

  • Мәтіндегі негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз?

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.

  • Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

Сендер кейде үнемі өзгеріп тұратын әлемде кім болғыларың келетіндерің туралы ойланып көрдіңдер ме? Күннен күнге көбейіп келе жатқан ақпараттарды уақытында игеру үшін не істеу керек ?

Соңғы он жылда әлемнің дамыған елдерінде қоғам жастарға кәсіби талапты ерте жастан бастап қояды. Ол елдерде 15-16 жаста адам өзіне мамандық таңдай алуы керек. Келешекте сені не қызықтырады, өз өміріңді қалай жоспарлағың келеді? Бұл сұрақтарға жауап беруге ғылыми жұмыс көмектеседі. Ғылыми зерттеу жұмысын өмір мектебі деп айтсақ та болады. Ол үшін сендер өздеріңнің шығармашылық дағдылықтарыңды дамыта білулерің керек. Алдарыңа қойған мақсаттарыңа жету үшін өзің істегің келетін жұмыс туралы бәрін білуің қажет. Жиналған ақпараттар ғылыми жұмысты ұйымдастыруға және жүзеге асыруға көмектеседі. Сол арқылы ғылыми жобаңның тақырыбын таңдауыңа болады. Ғылыми жұмысты жүргізу - адамның өзі және өзін қоршаған әлем туралы жаңа білім алу процесі. Мақсаты- өзін ойландырған сұрақтарға жауап алу. Алдымен тақырыпты таңдау үшін жақсылап ойлану керек. Сенің ғылыми жұмысың қоршаған орта мен адамдардың өмірін қалай жақсарта алатыны туралы да толғану қажет. Идеяның басы шешуді қажет ететін бір мәселе болуы мүмкін. Ол тақырып бұрын да көтерілген болуы мүмкін, бірақ сен оны басқаша қарастырып, шешудің тың жолдарын табуың керек. Тақырып таңдауға мұғалімің де көмектесе алады. Егер тақырыпты өзің таңдасаң, өзіңе қызық болғаны жақсы. Сонымен тақырып бағытын таңдадыңдар деп есептейік. Енді тақырыпты нақтылау керек. Ол үшін ассоциациялар немесе тақырыпқа байланысты кез келген ойды жазып, бір ретке келтіру арқылы тақырыпты нақтылауға болады.


  1. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемдегі есімдіктерге морфологиялық талдау жасаңыз.

  2. Берілген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

"Оқу инемен құдық қазғандай".


14- билет

1. Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқып шығыңыз.

  • Мәтінге ат қойыңыз.

  • Мәтінге жоспар құрастырыңыз.

  • Мәтіндегі негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз?

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.

  • Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

Қазақ хандығында ең жоғарғы билеуші хан болды. Қолбасшылық та, сот билігі де, шетелдермен қарым-қатынас жасау да, соғыс ашу немесе бітім жасау да соның қолында болды. Ханның жанындағы кеңесшілері ірі сұлтандар мен тайпа көсемдерінен құралды.

Ханнан кейінгі билік сұлтандарда болды. Шыңғысханнан тарайтын ер адамдар сұлтандар деп аталды. Сұлтандардан кейінгі беделді адамдар билер еді. Олар тайпаларды басқарды.

Батыр деген атақ тек сұлтандар қауымындағы беделді адам екенін білдіреді. Батыр атағы босқа берілмейді. Ол үшін әрбір батыр өзін шайқастарда көрсетуі тиіс. Қазақ хандары, сұлтандары, билері арасында батыр атанғандар көп болған.

ХV ғасырдың 60-жылдарында құрылған Қазақ хандығы ХVІІІ ғасырдың ортасына дейін өмір сүрген. Үш жүз жылдан астам уақыт ішінде көптеген хандар билік жүргізді.

Олардың өте ақылдылары Үш жүзге де билігін жүргізе алды. Мұндай хандардың саны онша көп болған жоқ.

Тәуке қазақтың көрнекті хандарының бірі болған. Ол – Жәңгір ханның баласы.

Әйгілі Қасым хан Қазақ хандығын күшті мемлекетке айналдырған. Ол әскерді күшейтті, хандықтың жер көлемін кеңейтті.

Есім хан қазақ-қырғыз ынтымағын орнатуға күш салды. Есім хан елді билегенде, ежелгі әдет-ғұрыптарды қолданған.


2. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемдегі зат есімдерге морфологиялық талдау жасаңыз.

3. Берілген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

"Елу жылда ел жаңа".


15-билет

1. Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқып шығыңыз.

  • Мәтінге ат қойыңыз.

  • Мәтінге жоспар құрастырыңыз.

  • Мәтіндегі негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз?

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.

  • Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

Қазақстан Ресупбликасының Үкіметінің құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған. Үкiметтi Республика Президентi құрады.

Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды.

Қазақстан Үкiметi— республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi.

2. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемдегі етістіктерге морфологиялық талдау жасаңыз.

3. Берілген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

"Ер- елдің қорғаны"



16- билет

1. Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқып шығыңыз.

  • Мәтінге ат қойыңыз.

  • Мәтінге жоспар құрастырыңыз.

  • Мәтіндегі негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз?

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.

  • Мәтінге өз ойыңызды білдіріңіз.

Қазақ халқының салты бойынша, балаға үш күннің ішінде ат қойылуға тиісті. Жас нәресте туған кезде ата-анасы ең сыйлы, қатты құрметтейтін адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. Кейде олар келісе отырып, бала есімін өздері таңдайды. Егерде әке-шешесі, ата-әжесі болса, өз немере, шөберелерінің есімдерін солар қояды. Мұндайда үлкен кісілердің айтқаны – заң. Олар айтқан есімді ата-анасының сәбиіне қоюы – бұлжытпай орындалатын міндет. Сәбиге ат қойғанда айтылуы қиын, қатаң дыбысты, жаман мағына беретін есімдерді қоймаған жөн. Балаға есімді бесікке бөлер алдында қойған. Баланы бесікке саларда ауыл-аймаққа хабар беріліп, той жасайды. Балаға ағайын-туыстары есімді өздері таңдаған . Мұны сол ауылдың ең беделді адамы сәбиді қолына алып азан шақырып, үш рет бала есімін құлағына қайталайды. Ал, кейбір кезде есімді молда құран оқып, кітапқа қарап қояды. 





  1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді тауып, түрін анықтаңыздар.

  2. Берілген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

"Бала тәрбиесі — бесіктен".

17-билет

1. Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқып шығыңыз.

  • Мәтінге ат қойыңыз.

  • Мәтінге жоспар құрастырыңыз.

  • Мәтіндегі негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз?

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.

  • Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз

Қазақ халқында балаға ат қоюда ең басты мынадай салт-дәстүрлер бар:
1. Балаға артық саусағына қарай ат қою. Есімдері: Артық, Артықәлі.
2. Балаға тіл-көз тимейді деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жаманбай, Қойшыбай, Ошақбай, Тезекбай.

3. Баланың денсаулығы жақсы болуы үшін ат қою. Есімдері: Тасболат, Тастемір, Шымырбай.


4. Баласы шетіней берген үйде жас сәбиге ат қою. Есімдері: Аман, Аманкүл, Есен, Жүрсін.
5. Баланың өмірі ұзақ болсын деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жанұзақ, Жүзбай
6. Қару-жарақ аттарына байланысты ат қою. Есімдері: Қылышбай, Найзабек.
7. Елге белгілі адамдарының атын солардай батыр, ақылды, өнерлі болсын деген ниетпен ат қою: Абай, Абылай, Ғабит, Жәнібек, Исатай.
8. Ерекше белгілеріне қарай ат қою. Есімдері: Қалдыгүл, Қалдыбай. 9. Ислам дініне байланысты ат қою. Есімдері: Ғали, Жамал, Зылиха, Иса.
10. Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың, қымбат маталардың, нәзік өсімдіктердің атын қою: Айман, Алтын, Еңлік.
11. Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат қою: Лекер, Шалабай.

12. Мұрат-мақсатыма жеттім-ау деген ниетпен ат қою: Арман, Бақыт, Мақсат, Мұрат. 

13. Соңғы балаға ат қою. Есімдері: Кенжебай, Кенжегүл, Кенжетай.
14. Төрт түлік мал, аң мен құстарға байланысты ат қою. Есімдері: Арыстан, Аюбай, Бота.
15. Ұлы жоқ үйде қыз туғанда ат қою. Есімдері: Болған, Тойған, Ұлбала, Ұлтуған, Ұлмекен.

2. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемдегі зат есімдерге морфологиялық талдау жасаңыз.



3. Берілген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың"

18-билет

1. Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқып шығыңыз.

  • Мәтінге ат қойыңыз.

  • Мәтінге жоспар құрастырыңыз.

  • Мәтіндегі негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз?

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.

  • Мәтінге өз ойыңызды білдіріңіз.

Отбасы мүшелері балаға ат таңдағанда, оның болашағына болжау жасайды. Ежелгі адамдар да адам тағдырын оның есімімен байланыстырған. Кейде адамдар өз тағдырын өзгерту үшін, есімдерін де өзгерткен. Бір хадисте Мұхаммед Пайғамбар өмірде жолы болмаған бір адамға «есіміңді өзгерт» дегенді айтады . Адамның есімі – оның жанының кілті деп айтуға болады. Сондықтан, сәбиге ат қоюда әрбір ата-ана оның есімінде тағдыры жасырылуы мүмкін екенін ұмытпау керек.

Қазіргі кезде де өз есімін өзгерткен адамдар өте көп. Ол адамдар өз есімдерін түрлі себептерге байланысты өзгерткен екен. Енді, сол оқиғаларға тоқталайық:



Станиславтың оқиғасы

Менің әжемнің баласы теңізші болған екен. Бірақ,ол белгісіз себептерге байланысты қайтыс болады. Сол кезде менің әжем бірінші немересінің атын Захар қоямын депті. Мен туылған кезде әжем маған Захар есімім берген екен. Маған бала кезден өз есімім ұнамайды, өйткені менің әжем менімен сөйлескенде қайтыс болған баласымен сөйлескендей болатын. Мен өзімді әжемнің бұрынғы баласының көшірмесіндей сезінетінмін. Жасым кәмелетке толған соң, мен өз атымды өзгерттім. Атымды өзгертумен бірге мен өз өмірімді өзгерткендей болдым. Менің өмірге деген көзқарасым, мінезім өзгерді. Мен өзімді жаңа есіміммен өте жақсы сезінемін және өзімді бақыттымын деп есептеймін.



  1. Мәтіннен сөздердің байланысу түрлеріне мысал келтіріңіз.

  2. Берілген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

«Кемені қалай атасаң, оның жүзуі де солай болады »


19-билет

1. Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқып шығыңыз.

  • Мәтінге ат қойыңыз.

  • Мәтінге жоспар құрастырыңыз.

  • Мәтіндегі негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз?

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.

  • Мәтінді мазмұндаңыз.

Қазіргі заманғы газеттердің алғашқы түрлері ежелгі Шығыс қалаларында қолданылған. Олар жаңалықтар мен ресми хабарлардың жинақтары болған. Бұл жинақтар халық көп жиналатын жерлерге ілінген.

ХVІ ғасырда Венецияда жаңалықтар жинайтын бюро құрылады. Осыған байланысты «жаңалық жазатын» кәсіп пайда болады. Осы бюроның шығаратын қолжазба парақтары – «гадзетта» халық көп жиналатын орында сатылатын болған. 1631 жылы француздың Ремадо деген кәсіпкері Парижде «La gazette» деп аталатын мерзімді басылым шығара бастайды. Осыдан кейін «газет» деген сөз кең қолданыла бастаған. Газет шығару ісі қағаз көп жасала бастаған заманда өркендеген.




  1. Мәтіннен сөздердің байланысу түрлеріне мысал келтіріңіз.

  2. Берілген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

"Тіл қаруы — сөз,

Сөз қаруы — ой".




20-билет

  1. Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқып шығыңыз.

  • Мәтінге ат қойыңыз.

  • Мәтінге жоспар құрастырыңыз.

  • Мәтіндегі негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз?

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.

  • Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

Дүние жүзіндегі тұңғыш журнал Францияда 1665 жылы 5 қаңтарда “Журнал де Саван” деген атпен жарық көрді. Осы жылы Англияда, 1668 жылы Италияда, 1682 жылы Германияда журналдар шығарыла бастады. Алғашқы журналдар, негізінен, әр түрлі кітаптарға шолу жасап, көркем әдебиет, ғылым, көркемөнер, дін салаларындағы жаңалықтарды баяндаумен ғана шектелді.

ХІХ ғасырдың ІІ жартысында журналдың негізгі түрлері қалыптасты. Көпшілікке арналған аралас мазмұнды, безендірілген журналдар шығарылды. Орыс тіліндегі тұңғыш журнал “Исторические, генеологические и географические примечания в Ведомостях” (1708-1742) “Санкт-Петербургские ведомости” газетіне қосымша ретінде жарық көрді.

1913 жылы Ресейде 1331 журнал, оның ішінде орыс тілінде 1222, Ресей халықтарының тілінде 82, шет ел тілдерінде 27 журнал шығып тұрды. Қазақ тіліндегі алғашқы журнал – “Айқап”. 1911-1915 жыл аралығында оның 88 саны жарық көрген. “Айқап” қазақ елінің экономикасы мен саяси жағдайы, тарихы, мәдениеті мен оқу-ағарту ісі, тілі мен әдебиеті туралы жазған. Шығармаларының көбі ғылыми және көркем туынды түрінде жарияланған журнал болды.

2. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

3. Берілген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

"Асыл сөзге өлім жоқ"



21-билет

1. Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқып шығыңыз.

  • Мәтінге ат қойыңыз.

  • Мәтінге жоспар құрастырыңыз.

  • Мәтіндегі негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз?

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.

  • Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

Мерзімдік басылымдар – бұқаралық ақпарат құралдарының бір түрі. Мерзімдік басылымдарға газет-журналдар жатады.

Газет-журналдардың адам өмірінде алатын орны зор. Біз газеттен еліміздегі, шетелдердегі оқиғалардан хабардар боламыз, қызықты жайларды білеміз. Сонымен бірге тарихи оқиғалар, атақты адамдар жайында мақалалар оқимыз. Көптеген газеттерде міндетті түрде теледидар бағдарламасы, ауа райы жайында мәліметтер басылады.

Газет-журналдардың түрі көп: орталық, жергілікті, ресми, жеке меншік, балаларға, жасөспірімдерге, спортқа, музыкаға арналған. Бұл күнде елімізде 1500-ден астам газет-журнал шығады.

Әркімнің өзінің сүйікті газет-журналы бар. Маған ұнайтыны– «Ұлан» газеті мен «Ақ желкен» журналы. Оларды қызығып оқимын.



  1. Мәтіннен сөздердің байланысу түрлеріне мысал келтіріңіз.

  2. Берілген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

"Баспасөз - өмір айнасы"



22-билет

1. Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқып шығыңыз.

  • Мәтінге ат қойыңыз.

  • Мәтінге жоспар құрастырыңыз.

  • Мәтіндегі негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз?

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.

  • Мәтінге өз ойыңызды білдіріңіз.

Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына қарай бейімделеді. Терең білім алуға талпынады, көп ізденеді.

Мен болашақта дәрігер болғым келеді. Дәрігер болу үшін, біріншіден, білімді болу керек. Өйткені оның қолында – адамның өмірі, тағдыры. Мен қазіргі кезден бастап жаратылыстану пәндерін оқып, адамның дене мүшелерін жаттап жүрмін. Екіншіден, менің ойымша, дәрігердің мінезі мейірімді, шыдамды болуы қажет. Өйткені науқас адам 1-2 аптада жазылады. Оны жазатын тек дәрі-дәрмектер емес, адамға деген мейірім. Сондықтан осы кезден бастап өз мінезіме көңіл бөліп, оны өзгертуге тырысамын.

Дүние жүзінде мамандықтың түрі көп Олар: инженер, дәрігер, журналист, мұғалім, заңгер. Соның ішінде тек бір ғана мамандық саған лайық. Оны дұрыс таңдай білу – сенің қолыңда.


  1. Мәтінегі жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер жасаңыз, түрін анықтаңыз.

  2. Берілген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

"Кәсіп болмай - нәсіп болмас"


23-билет

1. Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқып шығыңыз.

  • Мәтінге ат қойыңыз.

  • Мәтінге жоспар құрастырыңыз.

  • Мәтіндегі негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз?

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.

  • Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

Қазақстан қысқа мерзім ішінде нарықтық экономикаға бет бұрды. Елімізде кәсіпкерлікті дамыту жүзеге асырылуда.

1991-2001 жылдары Қазақстанда 200 мыңдай шағын және орта бизнес кәсіпорындары пайда болды. Ауыл шаруашылығында 1,3 миллиондай фермерлер өсіп шықты.

Кәсіпкерлер өздерінің жеке фирмасын құрады. Олар өз кәсібіне қаржыны өздері табады. Кәсіптік мекеме өзінің Жарғысында көрсетілген және Қазақстан Республикасының Заңдарына қайшы келмейтін кез келген жұмыстармен айналысады. Олар мемлекетке салық төлеп отырады. Сондай-ақ халықтың тұрмысына, мәдениетін, денсаулығына қолдау көрсетіп, қайырымдылық шараларға қатыса алады. Олар еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына көп үлес қосады. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін адамның білімі, қабілеті, денсаулығы, қаржысы болуы керек. Еліміздің әрбір азаматы кәсіпкер болуға құқылы.

2. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемдегі сан есімдерге морфологиялық талдау жасаңыз.

3. Берілген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

"Қолы қимылдағанның,

Аузы қимылдар"

24-билет

1. Мәтінмен жұмыс


  • Мәтінді оқып шығыңыз.

  • Мәтінге ат қойыңыз.

  • Мәтінге жоспар құрастырыңыз.

  • Мәтіндегі негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз?

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.

  • Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

Міне, сенің қай мамандықты таңдайтының және оны таңдаған кезде қателеспеу керек екенін ойлайтын кез келді. Кәсіби болашағыңды дұрыс таңдау қоғамдағы өз орныңды табудың негізі. Адамның өмірлік табысқа жетуіне таңдаған мамандығы әсер етеді. Өз ісіңді таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және бұл мамандықтың не үшін керек екендігін біліп ал.

Әрине, мамандық таңдағанда маманға тек қана білімі мен іскерлігі ғана емес, оның қабілеті мен жеке қасиеттерін дамыту деңгейі жағынан да қандай талаптар қойылатынын білу маңызды. Өз мамандығы туралы кәсіби маман ғана жақсы айтып бере алады. Мамандық таңдау алдында кез келген жасөспірім белгілі бір мамандықтың иесі болып табылатын ересек адамдардың қасында болады. Олардың өз мамандықтары туралы қызықты әңгімелері жасөспірімнің белгілі бір мамандыққа қызығушылығын оятуы мүмкін.





  1. Мәтіннен сөздердің байланысу түрлеріне мысал келтіріңіз.

  2. Берілген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңіз.


25- билет

1. Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқып шығыңыз.

  • Мәтінге ат қойыңыз.

  • Мәтінге жоспар құрастырыңыз.

  • Мәтіндегі негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз?

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.

  • Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

Мемлекеттік әнұран – елдіктің белгісі, егемендік пен еркіндіктің ресми рәмізі. Ол, әдетте, халықтың рухын көтеріп, Отанға деген сүйіспеншілік сезіміне бөлейді. Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны осындай қасиетті туынды. Ол 2006 жылдың 6 қаңтарында Парламент Мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында қабылданды. Депутаттар бірауыздан дауыс берген музыкалық-поэтикалық рәміз 11 қаңтарда Н.Ә. Назарбаевты кезекті сайлаудан кейін, Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне кірісу құрметіне арналған салтанатты рәсім үстінде тұңғыш рет орындалды.

Әнұранның музыкасын жазған – «қазақ вальсінің королі» атанған атақты қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқов. Ал сөзін жазған – көрнекті ақын Жұмекен Нәжімединов және оны бүгінгі тәуелсіздік кезеңге лайықтап өндеген – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Әнұран 1957 жылы дүниеге келіп, ел арасында қазақ халқының рухын көтеретін ән ретінде аса кең тараған «Менің Қазақстаным» әнінің негізінде әзірленді.

2. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемдегі зат есімдерге морфологиялық талдау жасаңыз.

3. Берілген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

"Отанды сүю – отбасынан басталады".
: files
files -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
files -> Бағдарламасы Қазақ бөлімі «Тіл теориясы»
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
files -> Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік
files -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
files -> Қазақ әдебиетінен тапсырмалар. Құрастырған: ф.ғ. к.,проф. Б.Қ.Қапасова
files -> «№ `мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> «№мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Тест. 9-сынып. Сын есім қандай сұраққа жауап береді?




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет