«Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Білім беру қызметіне лицензия беру»



жүктеу 0.88 Mb.
бет1/4
Дата02.07.2016
өлшемі0.88 Mb.
  1   2   3   4
«Білім беру қызметіне лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктеріне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясы) ведомстволық бағынысты негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштерін қабылдау көрсетілетін қызмет берушілердің интернет-ресурстарында (www.edu.gov.kz, www.educontrol.kz) көрсетілген мекенжайлар бойынша қағаз түрінде жүргізіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) порталда көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап:

лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

лицензияны немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару, бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберілген көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында берілген лицензия және/немесе оған қосымша, қайта ресімделген лицензия және/немесе оған қосымша, лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқалары немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде және тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 471-бабына сәйкес бюджетке жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленеді:

1) лицензияны беру кезінде төленетін лицензиялық алым 10 (он) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензиялық алым – төлеу күніне белгіленген 1 (бір) АЕК;

3) лицензияның телнұсқаларын беру үшін лицензиялық алым – төлеу күніне белгіленген 10 (он) АЕК.

Лицензиялық алым төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар немесе «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 31, 44-баптарына сәйкес лицензияға қосымшаны, лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын берген кезде, берілген лицензияда және/немесе лицензияға қосымшада қателер табылған және тиісті түзетулер енгізілген жағдайларда лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны берген кезде мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін ақы алынбайды.

8. Порталдың жұмыс кестесі - тәулік бойы.

Көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін порталда тіркеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні жүргізіледі.

9. Порталға көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) лицензия алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші;

өтініш беруші заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы;

жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәлімет;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес толтырылған мәліметтер нысаны мен құжаттардың сканерленген көшірмелері түрінде білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес мәліметтер мен құжаттар;

2) лицензияға қосымшаларды алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны алу үшін заңды тұлғаның өтiнiші;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес толтырылған мәліметтер нысаны мен құжаттардың сканерленген көшірмелері түріндегі мәліметтер мен құжаттар.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын көрсетілетін қызметті алушылар өздері үшін жаңа біліктіліктер бойынша лицензияға қосымшаны алған кезде порталда құжаттарды беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттерін көрсетіп, сұратылатын әр біліктілік бойынша жеке жүргізіледі.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын көрсетілетін қызметті алушылар өздері үшін жаңа мамандықтар бойынша лицензияға қосымшаны алған кезде порталда құжаттарды беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетін көрсетіп, сұратылатын әр мамандық бойынша жеке жүргізіледі.

3) лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге заңды тұлғаның өтiнiші;лицензияны және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәлімет;

алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелерін;

ұсынылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құжаттарды ұсынады.

4) лицензияның және/немесе лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы лицензияның және/немесе лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін заңды тұлғаның өтiнiші;

лицензияның телнұсқасын бергені үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәлімет (лицензияның телнұсқасын берген кезде).

Көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы, лицензиялау туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі құжаттардың мәліметтерін мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

10. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;

2) лицензиялық алым енгізілмеген;

3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;

5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;

6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайларда жүзеге асырылады.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Министрлік, көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде (мөртаңба, кіріс нөмері мен күні) тіркелуі оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Портал арқылы шағымды қарау тәртібі туралы ақпаратты осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинеті» арқылы көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға өтінішпен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күн ішінде қарауға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттің қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

көрсетілетін қызметті берушінің: www.edu.gov.kz, www.educontrol.kz

порталдың: www.e.gov.kz, www.elicense.kz интернет-ресурстарында орналасқан.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.edu.gov.kz, www.educontrol.kz интернет-ресурстарында орналыстырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

______________________________«Білім беру қызметіне лицензия және/немесе лицензияға қосымша беру, қайта ресімдеу, лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша


  1   2   3   4


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет