«Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» кмм-нің 2013-2014 оқу жылындағы жұмысының сараптамалық есебі



жүктеу 0.52 Mb.
бет1/3
Дата30.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
  1   2   3
«Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы»

КММ-нің 2013-2014 оқу жылындағы жұмысының сараптамалық есебі.

2013-2014 оқу жылында өткен мерзіміне «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ (ары қарай БСӘЖжАТО) «Білім беру үдерісінің мазмұнын және технологиялық жақтарын модернизациялау» проблемасы бойынша жұмысын жалғастырды.

БСӘЖжАТО қызметі білім беру мекемелеріне оқу қызметін жетілдіру және білім беру сапасын жақсарту бойынша әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған, практикалық-бағдарлау түрі және диагностикалау мен мониторингтеу негізінде құрылады.

Білім беруді дамытудың мемлекеттік Бағдарламасының ең негізгі бағыты мұғалімнің мәртебесін және оның кәсіби құзыреттілігін жоғарылату болып табылады. БСӘЖжАТО осы бағытта үлкен жұмыс жасауда. Педагогтарға әр түрлі әдістемелік көмек көрсетілуде, осының бәрі педагогтың кәсіби беделін нығайтып, дамуын ынталандырады.

Әдіскерлер психологтар мен пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік қызметіне бағыт береді.

Оқу жылы облыс мектептері пән мұғалімдерінің практикалық іс-тәжірибесін көрсетуге бағытталған облыстық семинарлар өткізілді, сонымен қатар бұл семинарларда әдістемелік идеялар мен жетістіктерді насихаттау мәселелері терең қарастырылды. Педагог қызметін дамыту мақсатында және іс-тәжірибе алмасу мен ақпараттық технологияларды қолдану бағытында білім бөлімдері тарапынан бірнеше кәсіби шеберліктер байқауы өткізілді:

Заманауи мектептегі әдістемелік жұмыс – бұл ғылымның және алдыңғы қатарлы педагогикалық іс-тәжірибеге және нақты оқу-тәрбиелік үдеріске, өзара қарым-қатынас жүйесіне, іс-әрекеттер мен шараларға, педагогтың шығармашылық әлеуетін дамытуға негізделген.

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес 2013-2014 оқу жылы оқу-әдістемелік қызмет келесі бағыттар бойынша ұймдастырылды:


  • Біліктілікті арттыру, педагогтың кәсіби дамуы;

  • Ақпараттық қызмет;

  • Ұйымдастыру-педагогикалық;

  • Оқу-тәрбие беру үдерісін ұйымдастыруда жаңа әдістер мен түрлерін енгізу бойынша педагогтарды педагогикалық құралдармен қамтамасыз ету.

Бөлім қызметі білім беру ұйымдарын әдістемелік қолдауға және оқу-тәрбие беру үдерісін жетілдіру мен сапасын арттыруға бағытталған.

Оқу жылы 200 педагогтың қатысуымен 12 облыстық, 3 республикалық онлайн тәртібінде семинар өткізілді. Семинарлардың басым бөлігі мұғалімдердің практикалық іс-тәжірибелері мен әдістемелік идеяларын көрсетуге бағытталды.

Осы оқу жылы педагог қызметкерлердің тәжірибе алмасу және ақпараттық технологиялар қолдану бағытында кәсіби шеберлік байқаулары өткізілді.


  • «СҚО мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» атты байқаудың облыстық кезеңі;

  • «Педагогикалық дебют» - мектепке дейінгі ұйымдардың жас педагогтары арасында облыстық байқау;

  • «Бастауыш сыныптарда үздік әдістемелік құрал» байқауы;

  • «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары байқауының облыстық кезеңі;

  • Біріккен сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдерге арналған панорамалық сабақтар байқауы;

  • «Менің сүйікті істерім», «Бастау» республикалық байқауының облыстық кезеңі;

  • «Табиғат бұрышы» облысық байқауы;

  • «Үш тілді дамыту бойынша үздік бағдарлама» республикалық байқауының облыстық кезеңі;

  • «Земля, согретая солнцем» 1 мамыр күніне арналған облыстық балалар суреті байқауы;

  • «Қысқы ертегі» облыстық байқауы;

  • «Инновациялық технологиялар арқылы үздік ұйымдастырылған оқу қызметі» облыстық байқауы;

  • «Жүректен жүрекке» шығармашылық жобалар облыстық байқауы;

  • «Үздік кеңес беру пункті» республикалық байқаудың облыстық кезеңі;

  • «Біз мектепке барамыз» Республикалық акция:

Үздік педагогикалық іс-тәжірибені тарату және жалпылау мақсатында тәрбиешілер тарапынан әдістемелік құралдар шығарылды. Жергілікті мерзімдік баспасөзде өткізілген іс-шаралар туралы мақалаларды жариялау бойынша жұмыс ұйымдастырылды.

Бастауыш білім берудің МЖББС жобасын талқылау бойынша республикалық дөңгелек үстел отырысы, «ҚР Тәуелсіздік жағдайында білім беру жүйесін жаңғырту» атты облыстық конференция өткізілді.

2013-2014 оқу жылына жоспарланған іс-шаралар толығымен орындалды.

Өткізілген іс-шараларға 2116 педагог қатысты.

Конкурстарға – 857 педагог;

Семинарларға -1259 педагог;

Оқушылар – 420 бала;

Педагогикалық шеберлік байқауларын өткізу және ұйымдастыру тиімді болды. Осымен педагогтардың оң іс-тәжірибесі таратылып, насихатталды.



ШЖМ бөлімдері және ресурстік орталықтар жоспарына сәйкес 2013-2014 оқу жылы оқу-әдістемелік қызмет келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды.

  • диагностикалық- болжау қызметі;

  • білім беру ұйымдарында білім беру үдерісінің инновациялық қызметін әдістемелік қамтамасыз ету

  • зерттеу қызметін әдістемелік қамтамасыз ету

  • ұйымдастыру-әдістемелік қызметі

  • ақпаратты-әдістемелік қызметті әдістемелік қамтамасыз ету.

Бөлім қызметкерлері тірек мектептері – ресурстік орталықтар қызметін зерттеу бойынша, әдістемелік қызметті ұйымдастыру, білім берудің мазмұнын жаңарту бойынша ШЖМ мектептері мұғалімдеріне және басшыларына көмек көрсету жұмыстары жүргізілді. Жұмыс жүйесінде ШЖМ қызметін жетілдіру мақсатында БҰ әдіскерлері үшін семинар-практикумдар өткізу, ШЖМ басшылары мен мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету.

Диагностикалық-болжау бағытындағы жұмыс Қызылжар, Тимирязев, Жамбыл, Ақжар, ШЖМ мектептеріне бару, Айыртау, Тайынша, Уәлиханов, Аққайың, Мамлют, Есіл аудандары, тірек мектептері-ресурстік орталықтарының білім беру сапасын арттыру бойынша тиімді жұмыс сараптамасын өткізу.

Тексеру қорытындылары бойынша білім беру бөлімі әдіскерлеріне және білім беру ұйымдарының басшыларына білім беру қызметін жетілдіру бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.

2013 жылғы қараша ҚР БҒМ және Ы.Алтынсарин атындағы ҰББА жұмыс тобының құрамында облыстың ШЖМ қызметін зерттеуге қатысу. (облыстың 8 ауданның 43 мектебі зерттелді)

Білім беру мазмұнының бағыты, инновациялық қызметтер семинарлар, конференциялар, шығармашылық кездесулер түрінде жүзеге асырылды.

Әдістемелік қызметтің инновациялық жұмыстары педагог кадрлардың әдістемелік жаңашылдықтарды қолдану және таратуға, және олардың оқу-тәрбиелік үдерісін тиімді өзгертуге бағытталған.

Әдістемелік орталық қызмектерлері ұйымдастырылған семинарлар педагогтардың қажеттіліктерін теориялық - іс-тәжірибелік жағынан қамтамасыз етті.Семинарлардың негізгі қатысушылары ШЖМ жұмысын қадағалайтын әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, тірек мектептер-ресурстік орталықтарының директорлары мен олардың орынбасарлары және магниттік мектептері. Семинарлар БСӘЖжАТО және аудандарға немесе жеке мектептерге шығу арқылы жүргізілді. Сонымен, «БСӘЖжАТ» КММ базасында өткізілді:


  1. Тамыз конференциясындағы шағын жинақты мектептер мұғалімдерінің және ТМ-РО (тамыз);

  2. Тірек мектептер қызметін жетілдіру мақсатымен білім бөлімдерінің әдіскерлеріне «12-жылдық оқытуға өту жағдайында тірек мектеп – ресурстік орталықтың жұмысын ұйымдастыру» атты семинар-практикум;

  3. Аға ғылыми қызметкер (қазан) Ы.Алтынсарин Академиясының өкілі Х.Т.Төлеубаева қатысуымен, «Шағын жинақты мектептердегі біріккен сыныптарда оқыту ерекшелігі» атты облыстық семинар.

  4. «ШЖМ – оқу-тәрбиелік үдерісін жаңғырту – ұлттық білім беру үдерісін жетістікті жаңарту факторы ретінде» («ҚР тәуелсіздігі жағдайында білім беру жүйесін жаңғырту» ғылыми-практикалық конференция шеңберінде, желтоқсан)

  5. «Ауыл мектептері жағдайында сапалы білім берудің қол жетімділігі» республикалық семинар шеңберінде, «Шағын жинақты мектептердегі білім беру үдерісін жаңғырту» практикалық семинар. (сәуір) Мектеп жетекшілеріне және мұғалімдеріне ауданға шығумен оқыту семинарлары өткізілді.

  6. «Жаңа технологиялар ШЖМ оқыту әдістемесін жетілдірудің факторы» (ақпан, М.Жұмабаев ауданы)

  7. «Шағын жинақты мектептері жағдайында оқыту және тәрбиелеудің актуалды мәселелері» (наурыз, Қызылжар ауданы)

Ғылыми-әдістемелік және зерттеу қызметінің бағытында

2014 жылғы маусым-шілдеде «Жыл мұғалімі» республикалық байқау өткізілген, осы байқауда бөлімнің аға әдіскері Семидоцких И.В. республикалық байқау кезеңіне конкурстық құжаттаманы дайындауға қатысқан. Бөлім қызметкерлерімен тірек мектептер – ресурстік орталықтар жұмысы бойынша жеке және топтық , шағын жинақты мектептерде жұмысты жоспарлау бойынша, ішкі мектептегі құжаттамасын жүргізу, біріккен сыныптарда жұмыс бойынша, шағын жинақты мектептерде оқу жылын ұйымдастырып бастау бойынша (2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысымен бекітілген) ББМС орындау бойынша кеңестер, (2012 жылғы 8 қарашадан ҚР БҒМ және 2013 жылғы 25 шіледеден ҚР БҒМ бұйрығымен бекітілген) өзгертулер енгізілген типтік оқу жоспарларын жүзеге асыру.



Байқаулар өткізілген:

  1. «Шағын жинақты мектептегі үздік сабақ»

  2. «Шағын жинақты мектептердегі біріккен сыныптарда панорамалық сабақтар байқауы»

Ұйымдастыру-әдістемелік қызмет бағытында

Жыл бойы шағын жинақты мектептер жұмыстары бойынша, тірек мектептер-ресурстік орталықтар 12-жылдық оқытуға ауысу жағдайында жұмысы бойынша, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша әдістемелік қамтамасыз ету өткізілді:

Тірек мектептер-ресурстік орталықтар педагогтарының оқыту семинарларға қатысу бойынша үйлестіру жұмыстары;

Деңгейлік бағдарламалар бойынша мұғалімдерді қысқа мерзімді және үш айлық курстары арқылы курстық қайта даярлауды қамтамасыз ету бойынша консалтингтік қызмет. «Өрлеу» «Біліктілігін арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалында жетекшілер және ҚР білім беру ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Республикалық институтында (ПКДИ), Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Педагогикалық шығармашылық орталығы» филиалында (ПШО) деңгейлік бағдарламалар бойынша қысқа мерзімді және үш айлық қайта даярлау курстары жоспардың орындалуын бақылау. Мұғалімдерді біліктілігін арттыру курстарына жіберу бойынша білім бөлімдерімен жұмыс.

Тірек мектептер және магниттік мектептер мұғалімдеріне жыл бойы он-лайн режиміндегі сабақтарын дайындау және өткізу бойынша үйлестіру және кеңес беру жұмыстары.

Ақпараттық-әдістемелік және баспа қызметі бағытында:

Жыл бойы бөлім қызметкерлерімен



  • Бөліммен өткізілген шараларды жариялау үшін сайт қолдану.

  • Білім бөлімдерін тексеру қорытындылары бойынша аналитикалық анықтамалар дайындау

  • Шағын жинақты мектептер, тірек мектептер (ресурстік орталықтар) қызметіне арналған тірек мектептер – ресурстік орталықтар қызметін ұйымдастыру бойынша жергілікті құжаттамаларды дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдар жасалды.

Бұдан басқа «12-жылдық оқытуға ауысу жағдайында шағын жинақты мектептегі жас мұғалімге көмек» әдістемелік ұсынымдар жинағын шығаруына материалдарды дайындау бойынша жұмыс басталды. (Аяқталуы 2014 ж.)

Барлық қамтылған педагогтар:

Конкурстармен – 249

Семинарлармен – 189

Дарынды балалармен жұмыс жүргізуде эксперименттік, инновациялық-зерттеу жұмыстары бөлімінің жоспарына сәйкес.

2013-2014 оқу жылы оқу-әдістемелік қызмет келесі бағыттары бойынша ұйымдастырылды:



  • СҚО дарынды балалар мәліметтер банкін құру және жаңарту;

  • СҚО дарынды балалардың олимпиадалар, конкурстар, әр түрлі деңгейдегі сайыстарына қатысу және қорытындылар мониторингі;

  • Нормативтік-құқытық базаны, қызметтің бақылауын және анализін қамтамасыз ету;

  • Әр түрлі деңгейдегі олимпиадалар, конкурстар ұйымдастыру және өткізу;

  • Дарынды балалармен жұмыс істейтін педагогикалық кадрларға ақпараттық және әдістемелік көмек ұйымдастыру;

  • Халықаралық мониторингтік зерттеулер өткізуіне көмек ұйымдастыру;

Бөлім әдіскерлерімен білім беру ұйымдары дарынды балалармен жұмыс жүйесін зерттеу бойынша жұмыс, мұғалімдерге білім берудің мазмұнын жаңарту бойынша мұғалімдерге көмек, әдістемелік қызметін ұймдастыру жұмысы өткізілді. Жұмыс жүйесінде – қызметін жетілдіру мақсатымен пән мұғалімдеріне арналған семинар-практикумдар өткізу, дарынды балалармен жұмыс істейтін педагогтарға әдістемелік көмек көрсету.

  1. Семинарлар:

  1. «Дарынды балалар – заманауи білім берудің басым бағыты» (М.Жұмабаев ауданы №2 Булаев ОМ)

Қатысушылар саны: 32

  1. «Дарынды оқушыларды психологиялық қостау» («Ә.Досмұхамбетов атындағы ДБ мамандандырылған ГИ»)

  2. «Тәуелсіздік жағдайында СҚО білім беруді жаңғырту» облыстық конференцияда «Дарынды балалармен жұмысындағы ерекшеліктер» модулі.

Қатысушылар саны: 40

Өткізу түрі: тренинг, коучинг, әдістемелік мінбе, рефлексия, топтағы жұмыс



  1. Дөңгелек үстел «Сыныптан тыс қызмет – оқушының дарындылығын дамыту негізі»

II. Республикалық зияткерлік ойындардың облыстық кезеңдерін ұйымдастыру және өткізу:

  1. «Ақ бота» - 356 мектеп, СҚО 6636 қатысушы

  2. «Русский медвежонок», 282 мектеп, СҚО 3386 қатысушы

  3. «Кенгуру-математика» -2611 қатысушы

  4. «Британский бульдог» - 1407

  5. «Золотое руно» - 6 жеңімпаз

  6. «Кенгуру-лингвист» -587, 73 жеңімпаз

  7. «Человек и природа» - 3753 қатысушы

III. Ғылыми жобалар конкурсын, олимпиадалар ұйымдастыру және өткізу.

  1. Республикалық пәндік олимпиаданың III (облыстық) кезеңі (2014 ж.8-9 қаңтар). Қатысушылар саны – 472 (аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары, әрбір пән мен сынып бойынша 2 қатысушы)

  2. Пәндік олимпиаданың IV (республикалық) кезеңі.

  • Жаратылыс-математикалық бағыт – 29 қатысушы, 8- жеңімпаз, 5 грамота

  • Қоғамдық-гуманитарлық -31 қатысушы, 14 – жеңімпаз, республикада 3 жалпықұрамалық орын.

  1. Республикалық Президенттік олимпиада (4-7 12, Теміртау қ.) Қатысушы – 10, жүлдегер – 4, 1 алтын медаль, 1 күміс медаль, 2 қола медаль.

  2. Ғылыми жобалардың Республикалық конкурсы (18-21 ақпан, Алматы қ.), 29 қатысушы, 21 жоба, 14 жеңімпаз 1 алтын медаль, 6 күміс медаль, 4 қола медаль.

  3. «Живая классика» - 2 қатысушы

  4. Астротурнир (Алматы, 2013 жылғы 6-12 қазан) – 5 қатысушы (ҚТЛ)

IV. Оқушылардың Халықаралық олимпиадалар, турнирлер, ғылыми жобалар конкурстарына қатысуын ұйымдастыру.

  1. «Компьютерная физика» Халықаралық турнирі (Мәскеу ауданы, Протвино қ. 2014 ж. 27 қаңтар-3 ақпан), 10 қатысушы, 8 жүлдегер: 2 алтын медаль, 2 күміс медаль, 4 қола медаль, 2 сертификат

  2. Х Жәутіков олимпиадасы (2014 ж. 13-18 қаңтар), 7 қатысушы-сертификаттар

  3. О.Жолдасбеков атындағы IV механика және математика бойынша оқушылар зерттеу жұмыстарының Халықаралық байқауы (28 ақпан-1 наурыз), 13 қатысушы.

  4. «AMITY-2014» Халықаралық пәндік олимпиада (18-25 мамыр, Индия, Нью-Дели), 4 қатысушы

  5. «EUROMAT-2014» Халықаралық ғылыми байқауы (24-28 сәуір, Кипр, Никосия қ.), 2 қатысушы, сертификаттар.

  6. В.И.Вернадский атындағы жасөспірімдер зерттеу жұмыстарының бүкілресейлік байқауы (8-12 сәуір, Мәскеу қаласы) 2 қатысушы, екі 1 орын.

  7. «Математика және жобалау» VIII Халықаралық ғылыми байқауы (30 сәуір-5 мамыр Мәскеу қ.), 5 қатысушы, 3 жүлделі орын, сертификаттар.

  8. «Адам, Жер, Ғарыш» («Созвездие» олимпиадасы), СҚО 21 қатысушы.

  9. «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыш зерттеулері бойынша Халықаралық ғылыми сайыстар. 9 жеңімпаз: 1 орын біреу, екі 2 орын, бес 3 орын, ҚР БҒМ құрмет грамотасы, «Үздік ауыл оқушысы» грамотасы.

V. Бақылау зерттеулерін ұйымдастыру және өткізу.

Демалыс уақытта оқушылардың мәдени-танымдық кезектерге қатысуын ұйымдастыру.



  1. 2014 жылғы 14 сәуірден, 22 сәуірге дейін Солтүстік Қазақстан облысында «Жалпы білім беретін мектептердегі 9-сынып оқушыларының білімділік жетістіктерін бағалау» атты мониторингтік зерттеулер өткізілді».

Осы мониторингтік зерттеудің мақсаты – тоғызыншы сынып оқушыларының оқу сауаттылығын және математикалық дайындығын, оқушылармен алған дағдыларын жүзеге асыру дайындығының деңгейін, 2015-2016 жылдарда Қазақстанда өткізілетін TIMSS және PISA халықаралық зерттеулерге қатысуға дайындығын тексеру.

Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектебі 9 сыныптың 190 оқушысы, Петропавл қ. Ғ.Мүсірепов атындағы №43 мектеп, Есіл ауданының Т.Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебі, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданының № 2 Новоишимка орта мектебі, Тайынша ауданының Келлеровка ОМ, Ақжар ауданының Талшық ОМ 90 минут бойы 6 пән бойынша компьютерлік тестілеуден өткен: қазақ (орыс) тілі мен әдебиеті, математика, физика, химия, биология, география.

Пән мұғалімдері және мектеп әкімшілігімен домалақ сауалнама өткізілген.


  1. Ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында ҚР БҒМ ҰО Қазақстанның PISA- 2015, PIRLS-2016, TIMSS-2015 халықаралық зерттеулерге қатысуға үлгілік нысандар толтырылып, жолданды.

VI. Ұйымдастыру-басқару қызметі

Демалыс уақытта оқушылардың мәдени-танымдық ауысымға қатысуын ұйымдастыру.



  1. 2014 жылғы 27-31 мамыр кезеңінде Алматы қаласындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытумен Абай атындағы Республикалық арнайы дарынды балаларға мамандандырылған орта мектеп-интернат базасында Солтүстік Қазақстан облысының ауыл мектептері «Кенгуру-математика для всех» атты зияткерлік байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арналған мәдени-танымдық ауысымға қатысуы ұйымдастырылды. (құрама – 7-8 сыныптын 7 оқушысы)

  2. «Кенгуру-математика для всех» зияткерлік жеңімпаздарына Франция, Румыния, және Ресейдегі Халықаралық жазғы кезектерге қатысуы ұйымдастырылды. (шілде-тамыз). (3 оқушы)

  3. 2014-2015 оқу жылына оқушылардың ғылыми жобалар базасын қалыптастыру (Барлығы 643 ғылыми жоба өтінім берген).

  4. Халықаралық олимпиадалардың түлек-жеңімпаздары туралы ақпарат.

12-жылдық оқытуға ауысу жағдайында білім беру салаларының жаңа тұжырымдамасын іске асыру және оған жаңа білімдерін біріктіру, ғылыми ашулар мен жаңа технологиялар арқылы білім беру мазмұнын жаңғыртудың әдістемелік қолдау.

12-жылдық оқытудың бөлім жұмысы жоспарына сәйкес әдістемелік қызметіне мақсаттары қойылған:

- Солтүстік Қазақстан облысында 12-жылдық білім беру жағдайында оқу қызметіне мониторинг жасау;

- СҚО 12-жылдық оқытуды енгізу бойынша эксперименталды алаңдардың ғылыми-әдістемелік қолдауды ұйымдастыру;

- Облыстың эксперименталды және пилоттағы мектептеріне жасалымдар, апробация және инновациялық үдерістерді енгізуін ұйымдастыру;

- Ішкі уәждеме механизмдерін ашу және өздігінен даму қабілеттіктерін дамыту арқылы оқу және психологиялық жүктемесін азайтуды қамтамасыз ететін оқытудың биосәйкестік кағидатын жүзеге асыру;

- Курстар, семинарлар, практикумдар, жеке кеңес беру арқылы басшы қызметкерлер мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру;

- Жас педагогтарға оқу-тәрбиелік қызметіндегі қиыншылықтарды еңсеруде әдістемелік көмек көрсету;

- 12-жылдық оқытуды енгізу бойынша эксперименталды мектептердің нәтижелі педагогикалық тәжірибесін айқындау, оқу және тарату.

Көрсетілген мақсаттарына қарағанда, әдістемелік бөлім жұмысының мазмұны кешендік түрін көрсетеді және өзіне төрт бағыт қосады:

Әдістемелік қызметтің негізгі бағыттары:


  • 12- жылдық оқытуға ауысуды нормативті-құқықтық қамтамасыз ету;

  • Ақпараттық-талдамалық қызмет;

  • Эксперттік-талдамалық қызмет.

Барлық 6 эксперименталды мектептер базасында (оқытатын, практикалық-бағдарлау, әдістемелік және т.б) семинарлар өткізілген. Барлығы – 6.

Облыстық семинарларға қатысқан – 218 мұғалім.

Астана, Қарағанды қ. Республикалық семинарларға қатысқан – 31 мұғалім.

Солтүстік Қазақстан облысында республикалық дөңгелек үстел жұмысына қатысқан – 160 педагог және онлайн режимде-340 мұғалім. Оқу пәндері бойынша 9 дескрипторлы жасалым кіретін критериалды бағалау бойынша электронды әдістемелік құралдар дайындалды.

6 эксперименталды және 2 пилотты мектептердің мәліметтер банкі дайындалды.

Тәрбие жұмысы, қосымша білім беру және әлеуметтік-психологиялық қызмет бөлімдерінің жоспарларына сәйкес 2013-2014 оқу жылы оқу-әдістемелік қызметі келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды:



  • Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениетті тәрбие

  • Рухани-өнегелі тәрбие

  • Отбасылық тәрбие

  • Тұлғаның өзін-өзі тану мен өздігінен даму қажеттілігін қалыптастыру

  • Эстетикалық тәрбие

  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру

  • Еңбек және профильді тәрбие

  • Мектеп және отбасы арасында өзара әрекеттестік ұйымдастыру

  • Тұлғанының әлеуметтенуі

Бөлім әдіскерлері тәрбие жұмысының бағыттарына сүйеніп шаралар жоспарын дайындаған. Білім беру мазмұнының, инновациялық қызметтің бағыты келесі түрлері арқылы жүзеге асырылды: семинарлар, конференциялар, шығармашылық кездесулер.

Семинарлар «БСӘЖжАТ» КММ-нің базасында сонымен қатар жекелеген мектептерге бару арқылы жүргізілді.



  1. Әдіскерлер және ТЖ жөніндегі меңгерушілерге, қосымша білім беру ұйымдастырушыларына, әлеуметтік педгогтар және психологтарға тамыз секциялары;

  2. «Балалардың функционалдық сауаттылығына бағытталған, қосымша білім беру мазмұнын жаңартудың әдістемелік негіздері» атты тақырыбына семинар-практикум;

  3. «Келешек» психологиялық орталығы өкілдерінің қатысуымен «Діни экстремизм: психологиялық аспектілер» (қазан) және «Эмоционалды оңға басу синдромын алдын-алу дағдыларын дамыту және сабырлығын қалыптастыру» (мамыр) атты облыстық семинар;

  4. ҚР Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу шеңберінде «Елбасым мақтанышым» (22 қараша) атты тақырыбына мәтінді мәнерлеп оқушылар байқауы және Тұңғыш Президенті мұражайына виртуалды саяхаттар өткізілген;

  5. «Адам және құқық» декадасы. Өз жұмысында Азаматтық Кодекс, Қылмыстық Кодекс, Қазақстан Республикасының Конституциясын қолданып, 9-10-11 сынып оқуышыларына дебаттік турнирлер, диспуттар, дөңгелек үстелдер өткізілген.

Барлық қамтылған педагогтар:

Конкурстармен – 126

Семинарлармен – 3500


  • Осы жұмыстан күтілетін нәтиже:

  • Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысының жағдайын анықтау;

  • Педагогикалық құралдардың тәрбие жұмысының қорытындыларына әсер ету;

  • Тәрбие жұмысын ары қарай жетілдіру құралдарын, әлеуетті мүмкіншіліктерін анықтау;

  • ТЖ жөніндегі меңгерушілерімен әдістемелік жұмыстың нәтижелігін бақылау;

  • Біріккен мәдени-бос уақыт шараларын ұйымдастыру;

Қосымша білім беру.

Облыста 74 қосымша білім беру ұйымы қызмет етеді, соның ішінде білім басқармасының 48 мекеме (оның ішінде 10 жеке меншік), дене шынықтыру және спорт басқармасына 26- балалар-жасөспірімдер спорт мектептері. Барлығы қосымша білім берумен 45,5 % оқушы қамтылған (республика 23 %).

Облыстың білім беру мекемелерінде балаларға қосымша білім беруді және дамыту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Оқушыларға шығармашылық қабілеттіктерін дамыту бағыттары бойынша әлеуметтік-педагогикалық мүмкіншіліктер жасалған: туристік-өлкетану, азаматтық-патриоттық, көркем-эстетикалық, спорттық-білім беру және ғылыми-техникалық бағыт бойынша үйірмелер жүргізіледі.

Арнайы байқаулар, фестивальдар, көрмелер, облыс балаларының шығармашылық мүмкіншіліктерін дамытуға және жүзеге асыруға, тұлға қалыптастыруға, баланың жеке және шығармашылық дағдыларын қалыптастыруына жағдай жасайды.

Қосымша білім беру ұйымдарының материалды-техникалық базасын дамытуға, заманауи жабдықтармен қамтуға, «Робот техникасы» кешені шығармашылығы орталығы, үйлерін дамытуға міндет қойылды. Бүгінгі күні облыста «Жас техниктер» стансасы жоқ.

Экологиялық білім беру мен тәрбиені дамыту үшін, дамыту желісі – жас натуралист стансасы керек. Петропавл қ. Шал ақын ауданында осындай мекемелер ашылды.

Әр ауданда алаңдық клубтарды ашу есебінен 2014-2015 ж.ж. қосымша білім беру мекемелері желісін кеңейту жоспарланды. Бұл шаралар балалардың бос уақытын 50 % ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Талдаулар көрсеткендей қосымша білім беру жүйесі оқу-тәрбие беру үдерісінің ажырамас бөлігі, сабақтар тематикалық жоспарлау негізінде өтеді. Білім беру мекемелері әкімшілігі, сонымен қатар білім беру бөлімдері тарапынан сабақтардың өткізілуін қадағалау жүзеге асырылады.





  1   2   3


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет