Білімді информатик



жүктеу 87.27 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі87.27 Kb.
Тақырыбы: "Білімді информатик”

Мақсаты:

Білімділік : Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін сарапқа салу

Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой –өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру.

Тәрбиелік: Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.

Түрі: Зияткерлік сайысы

Жоспары:

1. Таныстыру (Әр топ өзін таныстырады)

2. Бәйге жарысы

3. Жеті жұрттың тілін біл ( полиглот)

4. Кім жылдам

Барысы:


- Елбасының «Қазақстан – 2030» стратегиялық жолдауы – егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апарар үлкен сүрлеу. ХХІ ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары, осы жоспарды болашақта іске асырушы, еліміздің экономикасына үлес қосушы жастар деп білемін. Қазақстан болашағы – білімді ұрпағында.  Ендеше, болашаққа бүгін де өз үлестеріңді қосып, еңбек еткелі отырған, сол еңбектерін, осы уақытқа дейін информатика пәнінен алған білімдерін ұшқыр ойларымен, шешендік тілмен өрнектеп ортаға салғалы отыр. Сонымен сайысқа қатысушылар, бүгінгі "Білімді информатик"  атты сайысымызға  қош келдіңіздер! Сайыста әрбір айналымнан сүрінбей, ойланып, нақты жауап берген топ қана "Білімді информатик" атына ие болады.

- Сайысымыз 4 айналымнан тұрады:

1. Таныстыру (Әр топ өзің таныстырады)

2. Бәйге жарысы

3. Жеті жұрттың тілін біл ( полиглот)

4. Кім жылдам

Сайысымызды бастамас бұрын осы сайысымызға әділ төрелігін береді деген үмітпен шақырылған  әділ-қазыларды таныстырайын.

Маштиева Б.З және Жусупова К.С

Ал, келіңдер, келіңдер!

Біріңе-бірің еріңдер,

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып қөріңдер – дей отырып ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырайық!

1-ші топ Алғырлар тобы

2-ші топ Тапқырлар тобы

Ендеше сайысқа қатысушы топтар өздерін таныстырып өтсе:

1. Топтарды таныстыру:

1- топ  «Алғырлар»
Ұрандары:
Алғырлар алға
Қарсыластан қалма
Батылдыққа баста
Жарыстардан қашпа!

Топ мүшелері:

Отарбаев Аян

Темірболатов Ельдар

Хабибуллина Хадиша

Хамитова Томирис

Абылқасымов Ерсін



2- топ  Тапқырлар
Ұрандары: Біз тапқырлар тобымыз
Ойланамыз, табамыз
Жеңіске біз талпынамыз 

Топ мүшелері:

Амантай Нұртөре

Баяхметов Ильяс

Елеусіз Айша

Рахметолла Тілек

Мүбарак Мади



  • Бәйгеге түсіп  жарыспай

Жүйріктің бағы жана ма?

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда –дей отырып, Бәйге кезеңін бастаймыз.

Оқушылар берілген  сұрақтарға тез жауап беруі керек, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады. Жауап жоқ болса, «келесі» деп айтуы керек.



1)Лездік сұрақтары  «Алғырлар»» тобына:

1. Белгілі бір атпен сақталатын ақпараттар жиыны. (файл)

2. Windows-та өшірілген файлдар қайда жіберіледі? (себет)

3. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)

4. Компьютердің басты бөлігі, миы  (процессор)

5. Алгоритм атауы кімнің есімімен байланысты? / араб математигі Әл-Хорезми/

6. Монитор мен адамның арақашықтығы неше см?  (60-70)

7. 1М байтта қанша К байт бар? (1024).

8. Буып-түйілген файл (архив)

9. Енгізу пернесі? (enter)

10. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша (курсор)

11. Пернетақтада қанша функионалдық перне бар? (12)

12. Сол жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Backspace)

13. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)

14.Paintқандай редактор (графикалық)

15. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы? (CD-ROM)



2)  Лездік сұрақтары «Тапқырлар» тобына:

1. Файлдар жиыны. (папка)

2. Мәтінмен жұмыс істеуге арналған MicrosoftOffice-тің құрамына кіретін программа. (MS Word)

3. Вирустың кері әсерін жоятын программа. (антивирус)

4. Сандардың аталу және жазылу әдісін не деп атайды? (санау жүйесі)

5.Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)

6.  Қандай архиватор бағдарламалары бар? (WinRAR, WinZip)

7. Windows сөзінің аудармасы (терезе)

8. Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік (байт)

9. Компьютерлік алфавит символдарының кез келген тізбегі (мәтін)

10. Мазмұндық мәні бойынша топтасқан тізбектелген қатар. (абзац)

11. Оң жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Delete)

12. Дүниежүзілік ғаламдық тор. (интернет)

13. ЭЕМ-нің дамуы неше  буыннан тұрады? (5)

14. Word Pad қандай редактор? (мәтіндік редактор)

15. Әр түрлі амалдар бойынша мәтіндік құжаттардың көркемделуін қалай атайды? (пішімдеу)

- Келді кезек полиглотты шешуге

Жауаптарын үш тілде де беруге

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз

15 ұпай шәкірт саған несібе.



Жеті жұрттың тілін біл ( полиглот)

Келесі кезең «Полиглот». Бұл кезеңнің ерекшелігі оқушылар берілген сұрақтарға қазақша, орысша, ағылшынша жауап береді. Егер 3 тілде айтса,  15 ұпай алады. Егер бір тілде айтсаңыз онда бес ұпай болады, екі тілді он ұпай, үш тілде он бес ұпай беріледі.



«Алғырлар» тобына қойылатын сұрақтар:

1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз? ( ақпарат , информация, information)

2. Сақталған құжатты ашу командасы?/Файл – ашу, файл-открыть, file-open/

3. Windows – дегеніміз не? /ОЖ, операционная система, Operationsystem/

4. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы  / Тышқан, мышь, Mouse/

5.  Қажет емес символды алып тастау пернесі -  (өшіру, удалить, delete)                                                   



«Тапқырлар» тобына қойылатын сұрақтар:

1.Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған.      (себет-корзина - basket)

2.Экрандағы төрт бұрышты аймақ. Ол не? (терезе-окно-windows)

3. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор.(кітапша-блокнот-notebook)

4.Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі,

Бір күн бар да, бір күн жоқ   (пернетақта-клавиатура-keyboard)

5.Биологияда паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпаратты өлшер.  (бит-бит-bit)



Келесі айналым

4.  «Кім жылдам» бұл кезеңде  берілген сандарды кезек кезекпен дұрыстап айтып шығу керек. Екі топқа да бірдей уақыт беріледі ол бір минут женген топқа 20 ұпай қосылады.



Қорытыңды:

Әділ қазыларға сөз береміз. Бүгінгі сайысымызға қатысқандарыңыз үшін рахмет! Қош сауболыңыздар!



Зеренді ауданы, Ақкөл орта мектебі

Тақырыбы: "Білімді информатик"

Орындаған: Айткешева А.С

2015 – 2016 ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

2

8

1

14

4

12

7

10

15

5

9

11

13

3

6

1- топ  «Алғырлар»
Ұрандары:
Алғырлар алға
Қарсыластан қалма
Батылдыққа баста
Жарыстардан қашпа!

Топ мүшелері:

Отарбаев Аян

Темірболатов Ельдар

Хабибуллина Хадиша

Хамитова Томирис

Абылқасымов Ерсін


2- топ  Тапқырлар
Ұрандары: Біз тапқырлар тобымыз
Ойланамыз, табамыз
Жеңіске біз талпынамыз 

Топ мүшелері:

Амантай Нұртөре

Баяхметов Ильяс

Елеусіз Айша

Рахметолла Тілек

Мүбарак Мади



1)Лездік сұрақтары  «Алғырлар»» тобына:

1. Белгілі бір атпен сақталатын ақпараттар жиыны?

2. Windows-та өшірілген файлдар қайда жіберіледі?

3. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым?

4. Компьютердің басты бөлігі, миы?

5. Алгоритм атауы кімнің есімімен байланысты?

6. Монитор мен адамның арақашықтығы неше см? 

7. 1М байтта қанша К байт бар?

8. Буып-түйілген файл?

9. Енгізу пернесі?

10. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша?

11. Пернетақтада қанша функионалдық перне бар?

12. Сол жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады?

13. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші?

14.Paintқандай редактор?

15. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы?



2)  Лездік сұрақтары «Тапқырлар» тобына:

1. Файлдар жиыны?

2. Мәтінмен жұмыс істеуге арналған MicrosoftOffice-тің құрамына кіретін программа?

3. Вирустың кері әсерін жоятын программа?

4. Сандардың аталу және жазылу әдісін не деп атайды?

5.Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал?

6.  Қандай архиватор бағдарламалары бар?

7. Windows сөзінің аудармасы?

8. Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік?

9. Компьютерлік алфавит символдарының кез келген тізбегі?

10. Мазмұндық мәні бойынша топтасқан тізбектелген қатар?

11. Оң жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады?

12. Дүниежүзілік ғаламдық тор?

13. ЭЕМ-нің дамуы неше  буыннан тұрады?

14. Word Pad қандай редактор?

15. Әр түрлі амалдар бойынша мәтіндік құжаттардың көркемделуін қалай атайды?


«Алғырлар» тобына қойылатын сұрақтар:

1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз? 

2. Сақталған құжатты ашу командасы?

3. Windows – дегеніміз не?

4. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы? 

5.  Қажет емес символды алып тастау пернесі?



«Тапқырлар» тобына қойылатын сұрақтар:

1.Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған?

2.Экрандағы төрт бұрышты аймақ. Ол не?

3. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор?

4.Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі,

Бір күн бар да, бір күн жоқ?

5.Биологияда паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпаратты өлшер?








©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет