Биология пәнін тереңдетіп оқытудың негізгі оқу- тәрбиелік міндеті



Дата08.07.2016
өлшемі58 Kb.
Түсінік хат

Оқу бағдарламасының мақсаты - орқушылардың адам организімінің қызметі, құрылысы туралы білімдерін қалыптастыру, адамның биологиялық және әлеуметтік мәнін түсінетін тұлға дайындау. 8 Сыныпта биология пәнін тереңдетіп оқытуға арналған бұл бағдарлама жалпы білім беретін мектептің негңзгі сатысында 6-9 сыныптарда оқытылатын, дамыта тәрбиелей отырып оқыту, жүйелік, сабақтастық ұстанымдарына негізделген.

Мемлекеттік базистік оқу жоспарынан ерекшелігі, биологиялық білім берудің негізгі идеясы « Гигиена және тазалық сақтау» саласы бойыша бағыттап оқытуға арналып жасалғандығында.

Оқушылардың денсаулық күйінің нашарлауының негізгі себептері әлеументтік- экологиялық жағдай, санитарлық мәдениеттің жеткіліксіздігі, қарапайым гигиеналық дағдылардың болмауынан, дұрыс тамақтанбау, өз денсаулығына жауапсыз қарауы т.б.

Бағдарламаның басты мақсаты: мектеп оқушыларын салауаттандыру, дербес гигиенаға дағдыландыру арқылы санитарлық- гигиеналық білімдерін арттыру, аурудың алдын алу, жарақаттанудан, тірек қимыл жүйесінің бұзылуынан, әртүрлі жұқпалы аурулардан сақтану.

Базалық білім негізінде оқыту үрдісінде ғылыми көзқарас қалыптасып, оқушылардың мәдени денгейі жоғарлап, жеке бастың жан- жақты дамуы тәрбиеленеді. Оқушыларға кәсіптік бағдар беріп, мамандық таңдауға мүмкіндік береді.

Бағдарламада әр тараудың мазмұны, көлемі көрсетілген. Базалық білім беру бағдарламасындағы 68 сағаттың орнына 136 сағат ,яғни аптасына 4 сағаттан оқытуға жоспарланған. Бұл бағдарламада зертханалық жұмыстарға 17 сағат, топсеруендеуге 1 сағат берілген.

Биология пәнін тереңдетіп оқытудың негізгі оқу- тәрбиелік міндеті:



  • Оқушылардың пәнге қызығушылығын және білім сапасын арттыру

  • Оқушының дүниетанымын кеңейту

  • Мектеп оқушыларын салауаттандыр және санитарлық гигиеналық білімдерін арттыру

  • Кәсіптік бағдар беру

  • Зертханалық, практикалық жұмыстарды орындау барысында теориялық білімдерін пайдалана білу.

Бағдарлама кешенді құрлымымен жасалған:

  1. Түсінік хат

  2. Базалық білім мазмұны

  3. Білім, дағдылар қойылатын талаптар, міндетті және мүмкіндік денгейлер.


8 сынып

Барлығы -136 сағат, аптасына 4 сағат

Кіріспе 2 сағат +2 сағат

Гигиена және тазалық сақтау. Гигиенаның шығу тарихы. Гигиена салалары. Жеке әлеументтік гигиена. Қазақстанда гигиенаның ғылым болып қалыптасуы және оның дамуына үлес қосқан ғалымдар.



Адам ағзасының құрылысы мен қызметіне жалпы шолу сағат 6 сағат +3 сағат = 9 сағат

Зертханалық жұмыс:

№1. Адам жасушасының құрылысы.

№2. Адам организіміндегі ұлпалардың микрорепараттарын микроскоппен қарап талдау.

№3. Адам денесінің өсуі мен даму денгейінің көрсеткіштерін антрополитрлік тәсілмен анықтау.

Көрсетілім: Кестелер, « Мүшелер және мүшелер жүйесі», адам жасушасының құрылысы, « ұлпалар түрлері», микроскоп, миропрепараттар.



Ішкі секреция бездері. Адам организміндегі жеке мүшелер жүйесі қызметінің үйлесімділігі 3 сағат +4=7сағат

Ішкі секреция бездерінің аурулары. Миксодема. Бақшаңкөз.Кретинизм. Алқым ісі. Қант диабті, оны алдын алу шаралары.



Жүйке жүйесі. 5 cағат +6 сағат

Жүйке жүйесінің дамуы. Миелинизация. Маңызы. Иррадиация мен индукция құбылысы. Стресс түрлері. Адаптация. Дезадаптация. Психикалық аурулар және олардан сақтану жолдары. Жүйке гигиенасы.

Зертханалық жұмыстар:

№1. Жұлынның құрылысы.

№2. Тізе рефлексін реттеу.

Көрсетілім: Кестелер. « Вегативті жүйке жүйесі» « Ми құрылысы», « Жұлынның құрылысы», Муляждар.



Сезім мүшелері 3 сағат +3=6 сағат

Көз гигиенасы. Компьютермен жұмыс істеу ережелері. Көз аурулары. Блефарит. Конъюктивит. Теріскен. Көздегі бөгде денелер.

Құлақ гигиенасы. Құлақ аурулары.Отит. Құлақ мүскісі. Құлақтың қабынуы.

Сарамандық жұмыстар .

№1. Көзге арналған Сауықтыру жаттығуларды орындау.

№2. Көру және есту өткірлігін анықтау.

Көрсетілім: Муляждар « Көз, құлақ, тіл». Кестелер «Көздің құрылыс», «Құлақтың құрылысы»

Тірек қимыл аппараты 6 сағат + 10с = 16 сағат

Қозғалыс белсенділігінің денсаулық сақтаудағы рөлі. Гиподинамия. Тірек- қимыл жүйесінің аурулары.Артрит. Ревматизм. Мешел. Олардың алдын алу шаралары. Сымбаттың қалыптасуы. Жалпақтабандылықтан сақтану. Қозғалыс белсенділігінің гигиеналық тәртібі. Ертеңгі сергіту жаттығулары, денешынықтыру сабағы, динамикалық үзіліс, спортпен шұғылдану. Ұлттық ойындардың тірек- қимыл жүйесін қалыптастырудағы рөлі.

Зертханалық жұмыстар:

№1. Сүйектің құрамын және қасиеттерін зерттеу.

№2. Сүйек сынғанда, буын шыққанда, сіңір созылғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем.

№3. Бұлшықеттің күшін анықтау. Жалпақтабандылықты анықтау.

Көрсетілім:адам қаңқасы, жарып кесілген сүйектер, кестелер, слайдтар, муляждар, Динамометр.

Ағзаның ішкі ортасы. Қан. Лимфа. Ұлпа сұйықтығы. Иммундық жүйе. 6 сағат +7 с= 13сағат

Қанайналым. Қаназдық стенокордия ауруларының алдын алу.

Иммунитет. Иммундық жүйеге әсерететін факторлар /тұқым қуалаушылық, қоршаған орта жағдайы, ағзадағы патологиялық өзгерістер, дәрі- дәрмек/

Жұқпалы аурылар. Таралуы. Инкубациялық кезең. Жұқпалы аурулардың алдын алу. Әлеуметтік тазалық және арнаулы іс-шаралар. Жұқпалы аурулардың белгілері. Инфекция көзін жою.

Аллергия, аллергендер. Адамның өзін-өзі қорғау мүмкіндігін көтеру жолдары /тынығу, дұрыс тамақтану, шынығу, күн тәртібін сақтау /

Зертханалық жұмыстар:

№1. Қан микропрепараттарн микоскоп арқылы қарап бақанынң қанындағы эритроциттерді салыстыру.

№2. Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы жәрдем.


Жүрек қан тамырлар жүйесі 5сағат +5сағат =10 сағат

Жүректің жұмысы. Шыныққан және шынықпаған адамның жүрегі.

Зерттханалық жұмыстар:

№1 Адамның физиологиялық жағдайының деңгейін регрессия әдісімен анықтау.

№2 тамыр соғуын, қысымын өлшеу.

Көрсетілім: Адам тұлғасы және жүрегінің моделі, кестелер, таратпа материалдар, Микропрепараттар. Тонометр. Бейнефильм. (СПИД- ғасыр дерті), Электронды оқулықтар.


Тынысалу жүйесі. 3 сағат +5c =8c

Тынысалу мүшелерінің гигиенасы. Дұрыс тыныс алу және тыныс шығару. Оттектік борыш. Дыбыс шығару аппаратының гигиенасы. Ауа гигиенасы. Бөлме температурасы және ылғалдылығы. Ауаның химиялық құрамы. Шаң тозаңмен күрес. Ауа арқылы таралатын жұқпалы аурулар. Туберкулез. Тұмау, өкпе қабынуы т.б..

Аллергиялық аурулар: қолқа демікпесі т.б.

Зертханалық жұмыс:

№1 Өкпенің тіршілік сиымдылығын спирометрмен өлшеу.

№2. Бөлменің санитарлық жағдайын тексеру. Тыныс гимнастикасын жасау.

Көрсетілім: тыныс мүшелері муляждары, кестелер. Спирометр. Тартпа материалдар т.б.

Ас қорыту жүйесі 7 сағат +10с =17 с

Ауыз қуысы гигиенасы. Жанұяда жиі кездесетін ішек аурулары. Гельминттер: аскарида, үшкірқұрт, эхинококк, таспа құрттар. Оларды тудыратын аурулар. Сақтану жолдары.

Инфекциялық аурулар: Дизентерия, Сальмонеллез, Гепотит.

Астан улану және көрсетілетін алғашқы жәрдем.

Этникалық ерекшелікке негізделген тамақтану мен рационалды тамақтану.

Тамақтану мезгілі: Азық түлік және тағамдық заттарды гигиеналық талаптарға сай сақтану тәртібі.

Зертханалық жұмыс:

№1.Сілекей ферментінің крахмалға әсерін зерттеу.

№2. Тамақтың мөлшерін анықтау, тәулікті тағам рационын анықтау.

Зат және энергия алмасуы 3 сағат +2с = 5с

Авитаминоз. Гипервитаминоз. Витамин жетіспеуінен болатын аурулар: Бери бери. Пеллагра. Цинга. Мешел. Метеоризм. Аурулардың алдын алу шаралары.

Сарамандық жұмыс

№1. Диета сақтайтын адамдарға тамақ нормасының көлемін құрастыру.

Көрсетілім: Асқорының мүшелері муляждары, кестелер, сландтар, гельминтердің ылғал препараттары, таратпа материалдар, электронды оқулық.
Зәршығару жүйесі. Тері. 4 сағат +3с =7 с

Дененің тазалығы. Жеке тазалық. Жеке гигиена дағдысы. Шаш, ауыз, тырнақ күту талаптары. Киім және аяқ киімге қойылатын талаптар.

Метеорологиялық факторлардың денсаулыққа әсері. Үсу. Жәрдем көрсету.

Урологиялық және гинекологиялық аурулар, олардың алдын алу.

Жыныстық жолмен жұғатын аурулар сифилис, гонорея, хламидия, СПИД т.б./ Олардың сақтану жолдары.

Зертханалық жұмыстар:

№1.Терінің типтерін анықтау. Сипап сезу, суықты сезу рецепторларын анықтау.

Көрсетілім: Бүйрек, тері құрылысы рельефті кестелері, видеофильм СПИД және наркомания, таратпа материалдар.



Адамның көбеюі және жеке дамуы. 3сағат +7 сағат

Ұрықтану. Жасөспірімдердің физиологиялық ерекшеліктері. Жыныс гигиенасы. Ұл бала мен жігіт гигиенасы, қыз бала мен бойжеткен гигиенасы.

Жыныстық жолмен таралатын инфекциялар. Белгілері. Жұғу жолдары. Сақтану шаралары.

Көрсетілім: «жыныс мүшелері» модельдері кестелері, таратпа материалдар.
Мінез-құлық және психика. Адам денсаулығы. 8 сағат + 4 12 сағат

Ұйқы гигиенасы. Гипноз. Невралгия. Неврастения. Ақыл-ой еңбегінің мәдениеті. Денсаулық жағдайына экологияның әсері. Экологиялық факторлар ықпалынан пайда болатын генетикалық мәселелер.



Көрсетілім: кестелер, слайдтар, бейнефильмдер.
Топсеруен. 1 сағат

  1. Өлкетану мұражайына саяхат.

Оқуылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.



Пайдаланған әдебиеттер.


  1. Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Биология: жалпы білім беретін мектептің 8 сыныына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2004 ж.

  2. Асқарова З.Ж. Биология: жалпы білім беретін мектептің 8 сыныына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2004 ж.

  3. Д.В. Колесов, Р.Д. Моли «Основа гигиены и санитарии» Факультативый курс. Москва Просвищение – 1989 г.

  4. Ягодинский В.Н. «Школьнику о вреде никотина и алкоголизма» Москва Просвищение – 1985 г.

  5. Биология в школею Научно-методический журнал 2003-2007 г. № 1-8

  6. Әділханов Ә.С., Жаңабердиева К.а. «Салауаттану» Алматы. Алматы кітап – 2003 ж.

  7. Биология және салауаттылық негізі. «Ғылыми педагогикалық журнал» 2003 ж. № 04, 05, 06, 07

  8. Журнал: Денсаулық, Валеология.



Каталог: biol
biol -> Рептилиялар немесе бауырымен жорғалаушылар класы
biol -> Сабақтың тақырыбы: Биология: Жыртқыш құстар. Оларды қолға үйрету Әдебиет: С. Мұқанов «Саятшы Ораз»әңгімесіндегі кейіпкерлер әлемі»
biol -> Сабақ «Астың ауыз қуысында қорытылуы»
biol -> Жердiң табиғи аймақтары. Арктика және тундра
biol -> 6-сынып. «Құстар біздің досымыз»
biol -> Тақырыбы: Құстар біздің досымыз Орындаған
biol -> Биоценоз бiрлесе тiршiлiк ететiн түрлердiң күрделi табиғи жиынтығы ("биос" өмiр, "ценос" бiрлестiк). Тоған биоценозы. Табиғатта биоценоздар әртүрлi масштабта болады
biol -> Сабақ тақырыбы Сағат Зертханалық сарамандық жұмыстар Кіріспе
biol -> Ауа райы. Климат


Достарыңызбен бөлісу:


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет