«Бір шаңырақ астында» атты тәрбие сағаты 2 «б» сынып Дайындаған: Акишова Ш. Б. 2013-2014 1-жүргізуші



жүктеу 285.12 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі285.12 Kb.
Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№3орта мектебі»ММ

Тіл мерекесіне арналған

«Бір шаңырақ астында» атты тәрбие сағаты

2 «б» сынып

Дайындаған: Акишова Ш.Б.

2013-2014

1-жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты қонақтар. Ұлағатты ұстаздар мен    оқушылар!

Басымды иіп,

Тіземді бүгіп тұрып,

Ажарымды айдындай шуақ тұнып.

Отанымды сүйемін күліп тұрып,

Отанымды сүйемін жылап тұрып.



2-жүргізуші: 22-қыркүйек –Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі.

1-жүргізуші: Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы – туған тілі болып саналады.

2-жүргізуші: Ендеше құрметті қонақтар, оқушылар «Тіл мерекесіне арналған» «Бір шаңырақ астында» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Сіздердің алдарыңызда мектебімізде оқитын әртүрлі ұлт өкілдері өз өнерлерін көрсетеді.

1-жүргізуші

Қазақстанда тұратын барлық ұлттар ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. «Ынтымақ елдікке жеткізеді, Береке бірлікке жеткізеді».

Бүгінгі кещіміз сайыс түрінде өткізіледі. Сайысқа қатысатын ұлттар

Әрбір ұлттың гимні: Қазақ. орыс, кәріс, азербайджан



2-жүргізуші

Әділдікпен баға берер ұлттарға

Әділдікпен қара қылды жаруға

Әділ қазы алқаларын сайлайық

Өнерліні таңдап бүгін алуға

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ақылжан Қарақойшыұлы.



  1. 1.Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Райхан Нүриденқызы

  2. 2.Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшісі: Марияш Қайроллақызы

1-жүргізуші:

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін,

Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп.

Таныстырып өздерін өтсе деймін, -дей келе кезекті таныстыруға берсек.

2-жүргізуші

Бүгін бізде дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.

Бүгінгі күн таныды әлем

Қазағымның кім екенін.

Мақтанышпен мен өзіңді

Ән етемін жыр етемін.- деп ортаға қазақ ұлтын шақырамыз (өздерін таныстырады)

1-жүргізуші

Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші

Біздің елде тұрады деп жүрейікші

Құрметті көрерменді тәнті еткен

Кәріс ұлтын қарсы алып көрейікші (өздерін таныстырады)

2-жүргізуші

Армян біздің ұлтымыз

Биікке ұшу - мақсатпенен ойымыз

Біз бақытты тау елінің өрені

Бейбіт елде өмір сүрген халықпыз (өздерін таныстырады)

1-жүргізуші

Барша халық таныған

Біздің үміт, тілекті

Ән бастайды өнермен

Орыс ұлты көрермен (өздерін таныстырады)

Күй «» Өнербаева Еңлік 8 «А»сынып оқушысы

2-жүргізуші

Біз балдырған баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туған жердің төрінде,

Алау болып жанамыз (Ән сайысы) кәріс, армян, орыс, қазақ ұлттары



Би: «Қамажай» 8 «А» сынып оқушылары

1-жүргізуші

Жүр барайық, ашайық ән арансын,

Жырау толғап домбырасын қолға алсын,

Дастархандар көзді тартып жайнасын,

Қыпша белді қыздар биден таймасын. (би сайысы)

Ән: «Ақ көгершін» 8 «А» сынып оқушысы Таштанбек Гүлсезім

2-жүргізуші

Кейінгіге мирас болды салт-дәстүрің

Ақтарылдың, ақ жарылдың, ашылдың.

Салт-дәстүрін дәріптеп өз ұлтымның

Көрсетемін, қастерлеп бүгінгі күн. (салт-дәстүр)

Ән: «Қазақ елі» барлық оқушылар сахнаға шығады. Шар лақтырады

Мереке соңында оқушылар мен мұғалімдерге алғыс білдірілді.

Іс-шараға белсенділікпен қатысқан ұлттарға:

8 «А» сынып оқушыларына

Оқушыларды дайындаған қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдері:

Жамағанова Мадина Қалибекқызы

Бидайбекова Маржан Нызкенқызы

Тілдер мерекесіне арналған онкүндік салтанатты сапатүзеумен аяқталды.

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№3орта мектебі»ММ

1 қыркүйек – Білім күні



Тақырыбы: «Менің Қазақстаным – менің болашағым»

2 «б» сынып

Дайындаған: Акишова Ш.Б.

2013-2014

Тәрбие сағаты: Менің Қазақстаным – менің болашағым


Тақырыбы: Менің Қазақстаным – менің болашағым

 

Мақасат:          Еліміздің тәуелсіздік алғанына 22 жыл толу мерекесіне байланысты елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге баулу

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ екенін, білім туралы ойларын кеңейту, білімнің қоғамдығы маңыздылығымен пайдасы туралы түсіндіру.

 

Көрнекіліктер: Ту, Елтаңба, шарлар, гүлдер, 1 қыркүйек – Білім күні.

 

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

1) Қазақстан – туымен тұғырлы.                       

Елтаңбасымен еңселі  

Әнұранымен айбатты.

Әнұран орындалады

 

Мұғалім:  Құрметті аналар-әкелер, оқушылар!   Бүгін Білім күні құтты болсын!   Барлық мектептердің есігі айқара ашылды.  Жаз бойы демалып, оқушыларым мектепке оралдыңдар

Сөйтіп білім үйренудің жаңа жолы басталады.   Биылғы жаңа оқу жылы Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 22 жыл толу мерекесімен байланысты.    

 

Бүгінгі біздің тәрбие сабағымыздың тақырыбы: «Менің Қазақстаным – менің болашағым»

 

Мұғалім: Ал қане, балалар,

30 тамыз күні қандай мереке?

30 тамыз күні 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституция – Ата Заңымыз қабылданған күн.Ата Заңымыз 98 баптан тұрады. Әр баланың, адамдардың құқығы қорғалады.

Ата Заңым – бабалардың лебізі.

Ата Заңым – барлық заңның негізі.

Арқа сүйер Ата заңда адамды.

Артық санау кемсітудің жоқ ізі.

Ата Заңым мемлекет айбыны

Ата Заңым асыл ойдың айдыны

Туған жердің-Қазақстан елінің

Ата Заңмен қорғалады байлығы.

 

Мұғалім: Отан деген не? Оны қалай түсінесіңдер?

«Отан отбасынан басталады»

Демекше


Отан - өз үйім, ата – анам, достарым, бауырым, тау, тас, өзен-көл, туған жер, бәрі Отаным болады.

- Дұрыс айтасыңдар. Ендеше Отан туралы балалар не дейді?

 

Қазақ елінде тұратын адамдардың



Отаны – Қазақстан Республикасы.

Отан туралы өлеңдер оқимыз.

 

2. Туған жер – алтын таң.



    Кең далам, таулы орман.                              

    Ұл мен қыз қорғаймыз,

    Бақытты ұлы Отан. 

 

3. Отан дейміз от жаққан жерімізді



    Отан дейміз өсірген елімізді

    Отан дейміз туған туған жер, атамекен.            

    Биік тау, орман, тоғай, көлімізді

 

4. Отан дейміз кең-байтақ астананы          



    Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы             

    Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ

    Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

 

Өлең



Мұғалім: Бүгінгі қазақстанымыз – қашан да мақтанышымыз. Өткен 20 жылда мемлекетіміз көркейіп, гүлденді. Өзге елдерімен терезесі тең болып; болашаққа жол ашты.

 

Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып қай кезде жарияланып еді?



1991 жылы 16 желтоқсанда. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықтарды бастан кешірді, қасіреті қаншама!

Қазақстанның рәміздері: Ту,Елтаңба, Әнұран қабылданды. 

 

5. Қазақстан Республикасының



    болашағы елім, жерім, ата-бабам

    күрескен, кіндік қаным тамған туған жерім.                

 

6. 20 жыл тәуелсіз еліміз!



    Өзің үшін болашаққа жол ашу.

    Өзге елдермен терезең тең болмаққа                              

    Тар кезеңде, тәуекел деп таласу                             

 

7. 20 жыл тәуелсіз еліміз! Бұл жиырма асу



    Алыс жақын елдермен жарасу.

    Халқымызға жаббар ием жар болса                                

    Ұлы тарихкөшіменен әрі асу

 

8. Жарқырап нұрын төгіп көгінде күн.



    Жұлдызың жарқырайды бүгін сенің

    Тәуелсіздік мерекең құтты болсын.                            

    Қазақстан Республикам – елім менің!

 

9. Егеменді ерікті ел екенбіз



    Жылдан – жылға дамыған берекеміз.

    Бостандықтың таңы ашқалы 20 жыл болды.            

    Халайық, құтты болсын мерекеміз. 

 

10. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев



      Атамыздың тәуелсіздігіміздің                                    

      Келешегі жолында жүзеге асырып

      Жатқан жұмыстарын толық қолдаймыз

 

 



Мұғалім: Нұрсұлтан ата  

      Елімізде бірде – бір бала оқымай

      Қалмауы керектігін басты назарға алды

Біздің Қазақстан Республикасында барлық балалар 1 қыркүйектен бастап тегің білім алуға метептерге келеді.Оның бәріне Елбасымыздың басшылығының арқасында жетіп отырмыз.

 

11. Жарқырап нұрын төгіп көгінде күн



      Жұлдызың  жарқырайды  бүгін сенің                         

       Тәуелсіздік мерекең   құтты болсын

       Қазақстан Республикам менің.

 

Мұғалім: Біздің  Республикам  қалай  аталады?

-         Қазақстан Республикасы

-         Қазақ жері қандай?

-         Қазақ жері өте бай, әрі кең.

-         Отанымыздың астанасы?

-         Астана қаласы

-         Ал сең білісің бе, осыған дейін қандай астаналар болған?

-         Бұған дейін Орынбор, Қызылорда, Алматы қалалары астанамыз болған

-         Астана қаласы бұл 13-ші астанамыз екен.

-         Астана қаласы  күннен-күнге жаңарып, гүлденіп, көркейіп келеді.

-         Аз ғана уақыт ішінде жаңа тұрғын үйлер, зәулім ғимараттар, гүлзарлар мен фонтандар, әсем ескерткіштер бой көтеріп қалған    

 

Қорытынды:

- Міне балалар, «Менің Қазақстаным – менің болашағым»

Деген тақырыптың мәнін терең түсіне алдыңдар деп ойлаймын. Ел алдындағы, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім алыңыздар, ел болашағы сіздердің қолдарыңызда.

 

 

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№3орта мектебі»ММ



Тәуелсіздік күні қарсаңында

Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің білімді отбасы»

2 «б» сынып

Дайындаған: Акишова Ш.Б.

2013-2014

Тәуелсіз елдің білімді отбасы


Тәуелсіз елдің білімді отбасы
(танымдық отбасылық сайыс)
Балаға сіңірген ата – ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды,
ол өле - өлгенше сусындайтын махаббат. (Ғабиден Мұстафин)
Мақсаты:
• Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.
• Ата – аналардың мектеппен тұрақты қарым – қатынасын қалыптастыру.
• Мектеппен қарым – қатынасты ана тілінде жүргізу.
• Отбасы тарихын және отбасы дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту.
Көрнекілігі: отбасылық салынған сурет, киіз үй жабдығы, ән таспалар.
1. Әке – алтын діңгек.
2. Ата – ананың міндеті – тәрбиелеу және жақсылықты үйрету.
3. Ата – ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең.
4. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.
Әдісі: Сайыс түрінде

Тәуелсіздік – қасиетті ұғым, сәулелі құбылыс. Сандаған ғасырлар мен замандар


бойы бабаларымыздың асыл арманы болған. Бүгінде Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай мектебімізде «Тәуелсіз елдің білімді отбасы» атты отбасылық сайыс өткізгелі отырмыз.

Мұғалім: Жақсыдан жаман туады,


Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады,
Адам айтса нанғысыз.

Отбасы - адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы - Ата – ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ат немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата - ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.


Сондықтан қай ата - ана болмасын баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қай халық болса да, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Ал тәрбиенің көзі - ата бабамыздан қалған ақылда, дана сөздерде.
Ән: «Су тасушы қыз» ---------------------------
1 - жүргізуші: Жанұямыз – сәніміз
Отбасымыз – әніміз.
Біз бастадық сайысты,
Қош келіпсіз бәріңіз!

2 - жүргізуші. Қадірлі көрермендер, қонақтар, ата - аналар!


Текті білу ұрпаққа, біздерге сын,
Құрметтеп ата - баба салт дәстүрін.
Тыңдайық кезекпенен жан ұяны,
Құлшынып ортамызға келген бүгін - дей отырып, ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы жанұяларды шақырамыз.(ән ойнап, ортаға қатысушы отбасылар шығады, өз кезектерін анықтайтын нөмірлер алады)
-------------------------
1 - жүргізуші: Армысыздар, әділқазы әз жандар,
Өнерлерін әділ ғып бағалаңдар.
Болмасын алыс – жақын деп алалау,
Туған - туыс, дос деп те қарамаңдар, - дей келе сайысымызды қадағалап, әділ баға беріп отыратын әділқазылар алқасын сайлап алғанымыз жөн болар.
---------------------
«Тәуелсіз елдің білімді отбасы» атты отбасылық сайысымызға Астана қаласының халықаралық мектептің бірнеше ұлыс өкілдерінен құрылған шәкірттер өз ұстаздарымен қатысып отыр.

2 - жүргізуші: Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,


Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал енді, халқым, рұқсат етсеңіздер.
Отбасылық сайысын бастайық біз.

«№3 орта мектебі» ММ

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы: Тәуелсіздік пен жасампаздықтың 22 жылдығы

2 «Б» сыныП

Сынып жетекшісі: Акишова Ш.Б.

Лисаков қаласы

2013 – 2014 оқу жылы

Тақырыбы: Тәуелсіздік пен жасампаздықтың 20жылдығы

Мақсаты:

  • Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру білімдерін кеңейту.

  • Отанды сүюге, байлығын қорғауға болашақта

  • Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.

  • Туған жерін,елін, әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу

Ұраны: Тәуелсіздіктің тура жолы-білімде

Барысы: І. Сәлемдесу

Сәлем бердік Алтын күн

Сәлем бердік көк аспа

Сәлем бердік жер-ана

Сәлем бердік достары

Құрметті қонақтар, «Тәуелсіздік пен жасампаздықтың 20 жылдығы» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер!



Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсан да өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды.Ол бүгін де дүние жүзінің көптеген елдерімен байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.Біз өзіміздің Әнұранымызды, Туымызды, Төл теңгемізді басқа елдерге мақтаныш етеміз. Қазақстан Туымен -тұғырлы, Елтаңбасымен -еңселі, Әнұранымен- айбатты. Әнұран шырқалады.









1-мамыр Бүкілхалықтық ынтымақ күні

Топтастыру әдісі:

1-бастаушы: 1986жылы 16-желтоқсан да қазақтың санасын дүр сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.Тәуелсіздік елімізге оңай келген жоқ, осы жолда талай боздақтар жанын қиды.

2-бастаушы. Өз ана тілін,ұлтын ,салт-дәстүрін,мәдениетін дамытам деген қазақтарға орыстың саясаты мүмкіндік бермеді. Сол үшін тәуелсіздіктің туын аңсаған қазақтың ұлтшыл ұлдары мен қыздары 1986жылы 16-желтоқсан да Алматыдағы алаңға бейбіт шеруге шықты. Қазақ жастары жеңіске жетіп,егеменді ел болдық.

1бастауышы: Өзіңдікі еліңде,

Өзіңдікі Жерің де,

Өзіңдікі өзің еткен бақ,

Тәуелсіздік төрінде.

Өзіңдікі Туың да,

От пен ауа,суың да

Жаса Қазақстаным

Белді бекем буын да.

2-бастаушы: XXI ғасыр –білім ғасыры.

Біздің алға қойған мақсатымыз: өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.

1-бастаушы: Енді ең басты бақытымыз тәуелсіздік жылдарының шежіресіне ой жіберелік.

1-оқушы 1991жыл

Қазақстан жоғарғы кеңесі 1991жылы 16-желтоқсан да Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады.

Дала да думан,қала да думан жыр бүгін

Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл күнім

Жасай бер,Жаса, асқардан аса әрқашан

Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұл бұлым

Тәуелсіз Қазақстаным


  1. 1991 жылы 10-қазан қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

  2. 1992жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын,Елтаңбасын қабылдады.

  3. 1993 жыл қарашаның 15күні Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.

  4. 1994жыл Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.

Екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.

  1. 1995жыл тамыздың 30да Референдунда ұсынылған жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.

  2. 1996жыл 30қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы болды.

  3. 1997жыл қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.

  4. 1997жыл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып жарияланды, осы жылы Білім Заңы қабылданды.

  5. 1997жылы Тіл туралы Заң қабылданды.

  6. 1998жыл Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның 2030 даму стратегиясы жарияланды. 6-мамырда ел Астанасы Ақмола қаласына көшті. Осал жерге

Ортаймас бақ қона ма?

Ер көңілі толмаса тақ қона ма?

Атар таңдар бере гөр құт-береке

Елдің төрі-Қасиетті Астанаға



  1. 1999жыл 10қаңтар Президент сайлау нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев 7-жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

  2. 2000жыл Мәдениетті қолдау жылы. Шежірелі Түркістанның 1500жылдығы тойланды.

  3. 2001жыл Тәуелсіз Қазақстан халқы ғаламат ғасыр 21-ғасырды зор сеніммен қарсы алды.

Аман бол, жаңа ғасыр-жарқын заман,

Аман ба?жаңаша күн жарқыраған.

Азат күн арман ғасыр мәңгі паш ет,

Қазақстан қасиетті ел екенін.

Ақпан айының алғашқы жетісінде Тәуелсіз Қазақстан мұғалімдерінің ІІсъезі өтті.

Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев 2001жылды Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10жылдығы жылы деп жариялады. «Туған өлкем» өлеңін оқиды.



  1. 2006жыл! Желтоқсан оқиғасының 20жылдығы аталып

өтті.2006-2011жылдарға арналған Білім беру

тұжырымдамасы қабылданды.



  1. 2007жыл Әнұранның мәтіні өзгертілді..

  2. 2008жыл Халық санағы болды.Қазақстан халқының саны 1600000 –ға жуықтады.Бұл жыл біз үшін ардақты да, қымбат. Себебі Алтын Ұя мектебіміздің табалдырығын аттадық.Қателігімізді кешіріп,білімімізді өсірген екінші анамыз Әсемкүл апайымызбен кездестік.

Ән. « Білімнің кілтіндей»

  1. 2009жыл Туған облысымыз Қызылорданың 190 жылдығы,ауданымыз

Жаңақорғанның 80жылдығын тойладық.

Тыңдасаң шежіресі құнықтырған

Тарих қой Жаңақорған тұнып тұрған.

Қорғандар құм астында шөгіп жатса,

Кез болды жеті атаңды ұмыттырған.

19. 2010жылы желтоқсан айында Астана қаласында Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастық ұйымы шақырылды

20. 2011жылы 3сәуірде кезектен тыс Президенттік сайлау болып өтті. Халық қалауы Елбасы Н.Ә.Назарбаев болды.

1-бастаушы: Еліміздің Президенті Назарбаев атамыздың Тәуелсіздігіміздің келешегі жолында жүзеге асырып жатқан жұмыстарын толық қолдаймыз.

2-бастаушы: Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ Нұрсұлтан ата елімізде бірде-бір бала оқымай қалмауы керектігін басты назарға алды.

Өлең. «Отан»

1-бастаушы: Үш кемеңгер дүлділім

Сақтаған ел бірлігін

Қазақта қара қылды қақ бөлген

Төле би,Қазыбек би,Әйтеке билердің сөз үлгілеріне зер салайық.

Өлең. «Қазақстан» Сая

Мұғалім: Біз отанның ұланы

Жер қайысқан қалың қол

Жас ұрпақтың ұланы. Ант беруге дайын бол!

Салтанатты тәрбие сағатының құрметті сәті Ант беру рәсімі.

Жас ұрпақ! Галстук тағуға дайын бол!

Галстук тағу рәсіміне құрметті қонақтар сіздерді шақырамыз.

Жас ұрпақ ! Мойындарыңда тағылған галстук құтты болсын! Біздіің ұран: Дайын бол!

Оқушылар: Әрқашанда дайынбыз

Уақыт босқа кетпесін

Бірде бір күн мейірімсіз өтпесін

Хор: «Егеменді Қазақстан»

Қорытынды:

«Жүректен-жүрекке шеңбері»

Жақсыдан үйренейік

Жаманнан жиренейік

Қазақстанның

Ең бақытты, ең ақылды,ең білімді азаматы болайық!



Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№3орта мектебі»ММ

Жаңа жылға арналған ертеңгілік

Тақырыбы: «Сүйкімді қоян»

2 «б» сынып

Дайындаған: Акишова Ш.Б.

2013-2014

Сүйкімді қоян

.

2 «б» сынып

Білім саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті: Айналамен таныстыру және экология

Аталған сабақтың білімділік мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы білімдерін толықтыру. Табиғат туралы көзқарастарын қалыптастыру, қоршаған ортаға қызушылық туғызу.

Балалардың аңдар туралы білімдерін пысықтау (түр- түсі, қоршаған ортаға биімділігі) т.б.



Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Балаларды табиғатты сүюге, қорғауға, жабайы жануарларға камқорлық жасауға тәрбиелеу.

( Мысалы: табиғат бұрышындағы көжек, кірпіні күту, тамақтандыру.)



Сабақтың дамытушылық мақсаты: Қоршаған орта туралы көзқарастарын дамыту, ой- өрісін кеңейту.

Жабайы жануарлар туралы өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегілер оқу арқылы баланың сөздік қорын дамытуға көңіл бөлінеді.

Сабақта жабайы жануарлардың суреттері, «Жабайы жануарлар әлемі» альбомы, мультфильмдер, орман суреттері, дидактикалық ойынға арналған түрлі- түсті суреттер, бет перделер, саусақтықуыршақтар көрнекілік ретінде қолданылады. Баяндау, көрнекілік, сұрақ- жауап, жұмбақ, ребустар шешу, сөздік ойындар сияқты әдіс-ттәсілдер пайдаланады.

«Көжектер мен түлкі» деген қимыл- сынды ойын ойналады.

Ойынның шарты: Бір бала түлкі болып сайланады, қалған балалар көжек бет перделерін киіп, дөңгелене отырады.
Ойынды жүргізуші: ( қоян пердесін киеді)

Көжектерім, тұршы

Беттеріңді жушы.

Ну орманға барайық,

Тамақтанып алайық.

Қоян: Жалмаңдаған қу түлкі

Келіп қапты орманнан.

Көжектерің, қайда?- деп

Қуып келді соңымнан

Көжектер ән ырғағымен секіріп, қаша жөнеледі, түлкі қуады.

Ойынды жүргізуші: ( қоян пердесін киеді)

Көжектерім, тұршы

Беттеріңді жушы.

Ну орманға барайық,

Тамақтанып алайық.

Қоян: Жалмаңдаған қу түлкі

Келіп қапты орманнан.

Көжектерің, қайда?- деп

Қуып келді соңымнан

Көжектер ән ырғағымен секіріп, қаша жөнеледі, түлкі қуады.

Мұғалім: Балалар, біздер бүгін орманда мекендейтін жабайы жануарлармен танысамыз- деп сабақтың мақсатын түсіндірген соң: балалар, сендер өздерің білетін жабайы жануарларды атаңдар, сонан соң жұмбақ шешейік- дейді.

Қыста ақ,

Жазда сұр.

Бұл қай аң?

Балалардың жауабы: Қоян.


  • Өте дұрыс. Қоян маусымға байланысты өз түсін өзгертіп отырады. ( тәрбиеші үшін мәтін).

Қоян шөл- шөлейтте, орманды далада менкендейді. Өсімдіктермен қоректенеді. Қоянның құлағы ұзын, құйрығы үлпілдеген қысқа. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарына қарағанда ұзын. Сондықтанда биіктеу жерлерге тез көтеріледі, ал биіктен түсерде қоян қиналады, кейде домалап та кетеді.

Кей ертегілерде қоянды «қыли» деп атайды. Неліктен?

Қоянның көзі басының ортасында емес, екі жағында орналасқан. Ол артынан, не жанынан кездесіп қалған аңды тез байқап қалады. Тісі өткір.

Қояндар өзіне үйшік дайындамайды, қысқа азық жинамайды. Бұта түбінде, орман жиегінде тіршілік етеді. Түнге қарай азық іздеуге шығады.

Көктем, жаз айларында жасыл шөп, өсімдік тамырларымен қоректенеді. Ал қыста қалың қар астында тығылады.

Жаздағы сұр қоян күзде өз терісін ақ түске өзгертеді. Кейде ақ қоянды аңшыларға байқамай қалады. Қыс мезгілінде орманда азық өте аз болғандықтан қояндар кейде бақша дақылдары егілген жерлердегі қырыққабат, сәбіз қалдықтарын жейді. Қыркүйек айында адамдар егісте күздік егістерді ( бидай, қара бидай) себеді. Күз мезгілінің аяғында күздік егіс көктеп, қар астында басылып қалады. Кейде қояндар осындай егіске тап болса, қар астынан шұңқыр қазып күздік егіспен қоректенеді. Қыс мезгілінде қояндар жас теректердің қабығын кеміріп жейді. Орманды мекендейтін кейбір жыртқыш аңдар мен құстар: қасқыр, түлкі, сусар, бүркіт, қаршыға, жапалақ т.б. қоянды аңдиды. Бұл сәттерде қоян өзінің жүйріктілігіне байланысты кейде құтылып кетеді.

Тәрбиеші балаларға қоян туралы осылай баяндап берген соң, оны қалай түсінгендерін мына сұрақтар арқылы пысықтайды.


  1. Қоянның түр- түсі қандай?

  2. Қоян немен қоректенеді?

  3. Қандай аң түрлері қоянға шабуыл жасауы мүмкін?

  4. Қоян қысқа азық жинай ма?

  5. Қандай жерлерде тіршілік етеді?

  6. Қоян өзіне үйшік жасай ма?

Бұдан кейін «Қояндар» деген тақпақ арқылы сергіту сәті жасалады.

Ерінбе, қояным,

Ертеңмен оянғың.

Секеңде сен енді,

Шынықтыр денеңді.

Балалар, мына жұмбақты шешеді.

Дыбыстан қашып,

Қаққан безек.

Қорқақ, жасық,

Бұл не….. ?

(көжек)

Әрине, бұл қоянның көжегі. Ол да қоян секілді сыбдыр ести қалса, қаша жөнеледі. Көктемде қоянның көжектері пайда болады. Олар бірден жүріп кетеді. Қоянның көжегі көзі ашық, ширақ болып туады, кішкентай, терісі мамық секілді.Қоян көжегін сүтімен асырайды. Бірнеше күн өткен соң көжектер жасыл шөпті жеп үйренеді.



«Ақ қоян» деген қимылды ойын ойналады. Мұнда сөйлемді жалғастыру қажет.

Қоян қыста ақ, жазда ……

Қоянның құйрығы қысқа, құлағы…..

Қоянның артқы аяғы ұзын, алдыңғы аяғы……..

Қоянның құлағы неге ұзын?- ертегісін мәнерлепоқып береді.

Ерте, ерте, ертеде Қоян орман патшалығында тұратын достарын туған күніне шақырады. Үйін ағаш жапырақтары және әдемі гүлдермен безендіреді.

Қоян туған күніне арнап әдемі көйлегін киді. Ол туған күніне Кірпіні, Түлкіні, Қасқырды, Аюды шақырады.


  • Туған күнің, құтты болсын, ақ қоян! – деп, Кірпі бірінші келді. Ол қоянға шырша жаңғақтарын әкелді.

  • Үйің қандай жылы, көйлегің қандай әдемі,- деп Түлкі келді. Ол қоянға шырша жаңғақтарын әкелді.

  • Үйің қандай жылы, көйлегің қандай әдемі,- деп Түлкі келді.

  • Бауырым қоян, туған күнің құтты болсын!- деп, Қасқыр бір шоқ қалампыр гүлін ұсынды.

  • Аю неге кешікті?- деп төртеуі бір-біріне қарады.

Біраздан соң есік сыртынан тықыр естілді. Аю кешіккеніне кешірім сұрап, Қоянға арнап бал әкелді.

  • Туған күнің құтты болсын! – деп Қоянның құлағынан тартты. Қоянның құлағы лезде қамыстай қалқиып, ұзарып кетті. Содан бері Қоянның құлағы ұзын екен.

Мына сұрақтар қойылып, ертегіні балалар қалай түсінгені тексеріледі.

  1. Қоян достарын неге шақырды?

  2. Қоян үйін қалай безендірді?

  3. Ол туған күніне қандай аңдарды шақырды?

  4. Кірпі қоянға не сыйлады?

  5. Түлкі ше?

  6. Қасқыр не әкелді?

  7. Аю қандай сыйлық әкелді?

  8. Құянның құлағы не себептен ұзын?

Бұдан кейін «Жануарлар нені ұнатады?» деген дидактикалық ойын ойналады.

Қызықты арифметика.

Қоян көжегі мен бақшаға барып, қырыққабат, сәбіз жинады?


  1. Қоян ше қырыққабат жинады? Сана.

  2. Көжек неше сәбіз жинады? Сана.

Қосымша сұрақтар.

Қоян отырып сабақты пысықтау, белсене араласқан балаларды мадақтау, ынталандыру сыйлығын беру.

 

 

 



Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№3орта мектебі»ММ

«Өзін – өзі тану» пәніне арналған

ашық сабақ

Тақырыбы: «Еңбекқорлық пен еріншектік»

2 «б» сынып

Дайындаған: Акишова Ш.Б.

2013-2014

Сабақтың тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

  • еңбекқор мен еріншек туралы түсінік беру;

  • еңбекке қызығушылықтарын арттыру;

  • еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

  • еңбексүйгіштікке, табандылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, плакат, гүл, ленталар, жүректер.

Техникалық құралдар: үнтаспа, магнитафон, теледидар.



Сабақтың мақсатына тоқталу

Қазір , бізде өзін-өзі тану сабағы. Негізгі сабақтың мақсаты оқушыларды еңбексүйгіштікке, табандылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.Теріс қылықтардан алшақ болуға тәрбиелеу.Сонымен бірге, бүгінгі сабақта «Шаттық шеңбері», «Тыныштық сәті», «Шығармашылық жұмыс», «Сергіту сәті», «Сахналау», «Оқулықпен жұмыс» бағыттарымен жұмыс жүргіземіз.

Шаттық шеңбері

-Балалар , бәріміз ортаға шығып «жылылық шеңберін» құрайық. Менің қолымда сендер сияқты әдемі , түрлі-түсті көздің жауын алатын ленталар бар. Сендер осы ленталарды кезекпен алып, бүгінгі сабағымызға келген қонақтарға жақсы тілектер тілеумен бастайық.

- Мен қонақтарға бақытты өмір тілеймін.

-Мен қонақтардың денсаулығы мықты болып, ұзақ өмір сүруіне тілектеспін.

- Мен қонақтарға әлемдегі бар жақсылықты тілеймін.

Балалар, біз не құрастырдық?



  • Шаңырақ.

  • Бұл біздің еліміздің шаңырағы.

  • Ендеше, балалар, менде сендердің тілектеріне қосыламын.

  • Осы шаңырақтың астында бәрімізде бақытты өмір сүрейік.

Тыныштық сәті

Ақырын музыка ойналады.



  • Балалар, денелерінді түзу ұстап, бастарынды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.Көздерінді жұмып, терең дем алып, демдеріңді шығарындар. Енді бар назарларынды бүгінгі болатын сабаққа аударыңдар.Сабаққа деген көңіл-күйлерінді дұрыстап, бүгінгі сабақтың жақсы өтуіне көңіл қойып, қойылған сұрақтарға дұрыс , нақты жауап беруге тырысайық.

Енді көзімізді ашайық. Қолымызды жоғары көтеріп, екі жаққа еркін қозғайық. Міне, тамаша!

Әңгімелесу

Кәнекей, балалар, тақтадағы суреттерге назар аударайық.

-Бұл суретте кімдерді көріп отырсыңдар?

-Балаларды көріп отырмыз.

- Балалар не істеп жатыр?

- Балалар ағаш егіп жатыр.

- Гүл егіп жатыр.

- Ендеше осы суреттен қандай жақсы қасиеттерді көріп отырмыз?

- Еңбекқорлық.

Келесі суреттен нені байқауға болады?



  • Еңбек етуге жалқауланып отырған балаларды байқадық.

  • Оның жұмыс істегісі келмей ерініп , отырғаның байқадық.

  • Ендеше осы суреттен қандай теріс қылықтарды көріп отырмыз?

  • Еріншектік.

Сонымен балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Еңбекқорлық пен еріншектік».

Оқулықпен жұмыс

Кәнекей балалар , оқулықтан «Екі соқа» мәтінін тізбектеп оқиық

1.Енді осы мәтіндегі екі соқаның әрекетін салыстырып айтыңдар?

2. Екі соқа мәтінімен тақтадағы екі суреттің қандай бір-бірімен байланысы бар?



Балалардың жауаптары тыңдалады.

Кәнекей балалар, сол жоқта отырған бес оқушы «Еңбекқор балаға» мінездеме беріңдер, келесі оң жақта отырған бес оқушы «Еріншек балаға» мінездеме беріңдер. Екі минут уақыт беремін , ойланыңдар.


Еңбекқор бала


Ақылды шыдамды төзімді еңбексүйгіш табанды жақсы

Еріншек бала


Шыдамсыз жалқау жаман ақымақ төзімсіз салақ

Сергіту сәті


Бұл әдіс еңбектің мәнін түсіндіру және балалардың денесін сергіту мақсатында ұйымдастырылады.

Балалар, манадан бері қаншама еңбек жасадық, енді денемізді сергітейік.



Еңбек

Қырға шықсаң, өрлеп,

(Қолдарын кезек-кезек

жоғары көтереді.)

Мұның аты- Еңбек . (Екі қолдарын жаяды.)

Кесте тіксең, зерлеп, (Оң қолымен ине ұстап,

тіккен қимылды көрсетеді.)

Мұның аты- Еңбек. (Екі қолын жаяды.)

Сабағыңа жөндеп (Жанындағы көршісіне

қарап сол қолын жаяды.)

Әзірлеңсең – Еңбек. (Құшағын ашады.)

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек. (Екі қолын жаяды.)

Сахналау

Балалар, бізге қуыршақ театрынан қонақ балалар келді. Сол балалардың көрінісін тамашалайық. Қандай адам бақытты бола алады? деген сұраққа жауап іздейік.



Байлық , бақыт, ақыл.

Автор:

  • Ерте заманда Байлық, Бақыт, Ақыл үшеуі бас қосады. Олар өзара өткен- кеткен әңгімелерді айтысады. Сөз кезегінде үшеуі адам баласына тигізетін пайдасы жайында таласып қалады. Алдымен Байлық сөз алады.

Байлық:

  • Менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай, үйі дүние – мүлікке бай, болады. Сондықтан маған тең келер ештеңе жоқ, - деп кеудесін қағады.

Автор:

  • Сонда Бақыт былай дейді:

Бақыт:

  • Мен бақпын. Кімнің басына қонсам, соның атақ – даңқын шығарамын, мансабын аспанға көтеремін. Дөкей етемін. Қарсы келген дұшпанды жер етемін.

Ақыл:

  • О, достарым, мен сендердің таластарыңа қосылмаймын. Үшеуіміз тең тудық. Бірақ мен бірер ит жейдені сендерден бұрын тоздырдым.

  • Айтыстарың көңіліме қонбайды. Мен – Ақылмын. Сондықтан бекер даурығып, менменсініп сөйлегенді жақтырмаймын. Үшеуіміз де адам баласына қажетпіз. Көңілдеріңе келсе де , айтайын, екеуің де маған бағыныштысыңдар. Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Келіспесеңдер Данышпанға жүгінейік. Төрелігін сол айтсын.

Автор:

-Дейді сонда Ақыл сабырлы түрде . Сөйтіп үшеуі Данышпанға келеді. Үшеуінің таласын тыңдап алған Данышпан былай дейді:



Данышпан:

  • Өмірдің өзі сабақ: «Байлық –бір жұттық». «Бақыт баянсыз». Ақыл бар жерде ғана байлық та, бақыт та, ынтымақ та түгел. Ақылмен бәрін ойдағыдай басқаруға , атқаруға, тындыруға болады. Ақылдың еңбек деген сүйеніші, тіреуі, тұтқасы бар. Оның алмайтын қамалы, қолы жетпейтін ырзығы жоқ. Сондықтан ақылды болып еңбек ете білген адам баласы байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де сәнді өмір сүре алады.

Мұғалім сахналау бойынша оқушылардың түсініктерін байқау мақсатында сұрақтар қояды.

1. Данышпанның Ақылға, Бақытқа, Байлыққа қайтарған жауабы сендерге қандай ой қалдырды?

2.Не үшін еңбек ақылға да, бақытқа да, байлыққа да ортақ, деп ойлайсыңдар?

3. Қандай адам бақытты бола алады?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Балалар, тақтаға «Мен бақыттымын ...............» деген аяқталмаған сөйлемді ілемін. Сендер осы сөйлемді аяқтаңдар. Кәнекей, бәріміз ой қозғап, ойымызды бір арнаға тоғыстырайық.



Мен бақыттымын

Мектебіммен, ұстазыммен, әке- шешеммен ,бауырларыммен ,туған еліммен, сыныптастарыммен, достарыммен, еңбекқорлығыммен, біліміммен, бейбіт өміріммен ,сұлу табиғатыммен, сұлулығыммен.



Бейне үзінді

Теледидардан жағдайатты көрсетіп, сол жөнінде ой қозғау.



  1. Осындай жағдайдан қалай шығар едің?

Сабақты қорытындылау:

Сонымен балалар, біз бүгін «Еңбекқорлық пен еріншектік» туралы бірнеше ой қозғадық. Енді алдағы уақытта сендер осы екі бағыттың қайсың таңдар едіңдер?



  • Еңбекқорлықты.

  • Еңбекқор баланың күні жарқырап тұр.

  • Ал , еріншек баланың бұлтынан жаңбыр жауып тұр.

  • Алдағы уақытта еріншек болмай, еңбекқор болсақ, аспанымызды бұлт баспай , күніміз жарқырап, күліп тұрады.

  • Сондықтанда осы тура жолдан таймай, еріншек болмай, еңбекқор болуға тырысайық.

Жүректен жүрекке

Кәнекей, балалар, бәріміз жүректен жүрекке тұрайық. Балалар, менің қолымда шын жүректен тілеген тілектерді қабылдайтын , сиқырлы құмыра бар. Қолдарыңдағы гүлдеріңмен бәрімізге жақсы тілектер тілей отырып, менің қолымдағы құмыраны толтырыңдар.

Балалар тілек тілеп , гүлді салып тұрады.

Балалар, сендердің тілеген тілектерін қабыл болсын !- дей отырып , қонақтарға сиқырлы құмырадан гүл сыйлаймыз.



Осымен ,бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!



©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет