Бірегей жоспар баянды болашаққа бастайды



жүктеу 41.27 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі41.27 Kb.
Бірегей жоспар баянды болашаққа бастайды

Мықты саясаткер, өзінің көрегенділігімен, соңынан ерген қалың халқын жарқын болашаққа жетелеген Елбасының қандай да болсын бастамасы елінің қызу қолдауына ие болып отырады. Ұйқысыз түндер мен күлкісіз күндерді, елбасына күн туып, ер етікпен су кешкен зұлмат кезеңдерді бастан өткерген ата-бабаларымыздың сан ғасыр бойы аңсаған арманынының жүзеге асуына зор еңбек сіңірген Мемлекет басшысы тәуелсіздік жылдарында кездескен кедергілерде сүрінбей, асқар асуларды аса отырып, биік белестерді бағындырды. Алдына қойған нақты мақсаты бар, межесі анық, бағдары айқын Мемлекетті әлемдегі дамушы елдермен терезесін тең ету жолында ауқымды бағдарламаларды қабылдап, орасан зор шаруаларды жүзеге асырды. Тынбай атқарған еңбек, маңдай тердің өтеуіндей болған-бүгінгі жарқын кезіміз. Еліміз еңсесін тіктеді. Өзі үшін, өскелең ұрпағы үшін, елі үшін, сайып келгенде Отаны үшін батыл қимылдады. Оқыды. Қызмет қылды. Ұрпақ өсірді. Керегесі кең,шаңырағы биік, уығы нық қасиетті қарашаңырақ астында бірлігі бекем, берекесі тасыған ел болды. Міне осының барлығы айбынды ата-бабаларымыздың ақ арманының орындалғаны, Елбасының қажыр-қайраты, халықтың бірлігінің бекемдігі, мұрат-мүддесінің, ынта-ықыласының біртұстастығы. Ел экономикасының өркендеуімен халықтың әлеуеттенуі түрткі болып отырған маңызды алғышарттардың бірі бұл Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары, қабылдаған ауқымды бағдарламалары. Елбасының «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты тағы бір арнауы біздің бүгінгі қоғамдағы сан-саланы қамтыған, түбегейлі бір жүйеге бағытталған, әр сала нық-нық бөлімдермен екшеленген ,100 нақты қадам да қамтылған, 5 институттық реформаны жүзеге асыратын - Ұлт жоспарының іс жүзінде орындалуына, кепіл болатын үлкен қадам. Осының негізінде ел экономикасы мен халық арасындағы тұрақтылықты сақтау мақсатында 59 заңның күшіне енуінің өзі халық пен билік арасындағы тепе-теңдікті сақтайды. Еркіндігіміздің нышаны Ата Заңымызға құрметпен қарау, жерімізде тату-тәтті өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдеріне сыйластық сезіммен қарау, олардың талап-тілегіне түсіністік таныту, туған еліміздің көркеюі мен кең байтақ жеріміздің гүлденуі жолында бар күш-жігерін жұмсау Елбасы нақтылаған бағдарламалардың ел игілігіне қызмет жасауына оң ықпалын тигізеді. Осының нәтижесінде, Елбасы айтқандай «...өз жеріміз бен оның байлығының ұқыпты иесі болуға...» үйретеді. «Біз Тәуелсіздіктің 25-ші жылдығына жаңа қазақстандық арманмен аяқ бастық, оның басты мақсаты жүзеге асырылып жатқан «2050» Стратегиясымен бара-бар» деп Елбасы айтқандай, алғаш егемендік алған тұста өмірге келген осы бір айнытпас бағдарламаның негізінде көптеген іргелі істер атқарылды. Мемлекетіміздің жандауына ықпал етті. Ендігі кезең «жаңа қазақстандық арманды» жүзеге асыра отырып,«Біздің Қазақстанымыз серпіндірек, лайықтырақ, сенімдірек және дәулеттірек болады» деген оймен алға қарышты қадам басу. Егемен еліміздің сеніммен алға ұмтылуына жағдай жасау, оны жүзеге асыратын «Мемлекетті кәсібилендіру», еліміздің жарқын болашағы жолында қызмет жасайтын азаматтардың бес қаруын сайлау, білім-біліктілігін арттыру мәселесі де тілге тиек етілген.«Құқық тәртібі және заңдылық», «Бюрократтық шығынсыз экономикаға қадам басу», «Сыртқы инвестициялардың жаңа көздері», «Инновациялық индустрияландыру көкжиектері», «Әлеуметтік жаңғырту ынталандырушылары», «Реформалар табысы – ұлт бірлігіне бастар жол», «Қоғамға есеп беретін ашық мемлекет», «Мемлекет функцияларын бәсекелесті ортаға және жергілікті өзін-өзі басқаруға беру», «Ұлт жоспары – қазақстанды кең ауқымды Жаңғырту жобасы» секілді тараулар еліміздің әлеуметтік-экономикалық жандауына басымдық бермек. Осыларды негізге ала отырып, біз алға жылжи береміз. Біздің атқарар жұмыстарымызға жауапкершілікпен қарауымызға, әр ісі міздің салмақты болуына қазақстандық әрбір тұрғын өз үлестерін қосатындығына кәміл сенеміз. Ел тілегі – бейбітшілік. Осы қастерлі де қасиетті ұғым адамзат тіршілігінің басты өлшемі. Түрлі ұлттар мен ұлыстардың бір атаның балаларындай өзара түсіністікпен тату-тәтті ғұмыр кешіп, бір мақсат, бір мүдде жолында жұдырықтай жұмылып іс-қимыл танытқаны қандай ғанибет! Біздің ауданның халқы да елбасы бекіткен басымдықтарды зор қуанышпен қабылдап, оның орындалуына аянбай тер төгеді деп сендіремін. Әрдайым Ел-

басы Жолдауын, бағдарламаларын үнемі негізге ала отырып, жұмыс істейтін



біздің ауданның көрсеткіштері де жаман емес. Мәселен, өткен жылы қол жеткізген табыстарымыз осындай іргелі бағдарламалардың негізінде деп білеміз.Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленгенэкономикалық саясатты жүзеге асыру, индустрияландырудың жаңа мемлекеттік бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы өзге де шаралардың іске асырылуы –

аудан экономикасының дамуында біршама оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Мәселен, он бір айдың қорытындысымен өнеркәсіп өнімінің көлемі 4,5 млрд.теңгені, ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 14 млрд.теңгені құрады. 1605 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, аталмыш салада тұрақты жұмыс істейтін адамдардың саны – 3302-ге жеткен. Мемлекеттік бюджетке жалпы 1019,8 млн.теңге түсті, яғни жоспар 110,5%-ға орындалды. Аудан бойынша 2015 жылдың 11 айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 14,3 млрд. теңгені құрап, 2014 жылдың тиісті уақытымен салыстырғанда 172,9%-ға орындалды. Жалпы Елбасының сындарлы саясатын жүзеге асыра отырып, әр жыл сайынғы Жолдаудағы бағыттарды орындауда аудан көрсеткішінде осындай басымдықтар бар. Қандай да болсын шаралардың орындалуына түрткі болып отыратын Елбасының бастамалары ел экономикасы ғана емес, адамдардың әлеуметтік әлеуетінің артуына да зор ықпалын тигізуде.
: files -> chinovnik
chinovnik -> БАҒдарламасы қарағанды қ., 2015 бағдарламаның паспорты 4
chinovnik -> Есэдо го (версия 13. 2) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
chinovnik -> Хит парад новинок за ivквартал 2015 год Мінез-құлық әліппесі
chinovnik -> Жұмыс жоспары Қарағанды облысы білім басқармасы жүйесінің құрылысы
chinovnik -> Ұлттық салт-дәстүр, ата бабамыздың сара жолы жобасы бойынша «Жаса, наурыз дәстүрі !»
chinovnik -> Абай ауылдық округінің әкімі Ә. Нүркенованың 2015 жылғы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы есебі Өздеріңізге белгілі Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім
chinovnik -> Құрметті жерлестер, ардақты ағайын! Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
chinovnik -> Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Қарағанды облысының Статистика департаменті
chinovnik -> Правила проведения Республиканского слета туристско-краеведческих экспедиционных отрядов «Менің Отаным Казахстан» ( «Ұлы Дала Елі»), посвященного 25-летию Независимости Казахстана




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет