Бітімхан, С. Ғылымның әмбебап тілі [Текст] / С. Бітімхан, М. Айтенова // Орталық Қазақстан. 2014. №134-135



жүктеу 44.72 Kb.
Дата02.07.2016
өлшемі44.72 Kb.
Бітімхан, С.

Ғылымның әмбебап тілі [Текст] / С. Бітімхан, М. Айтенова // Орталық Қазақстан. - 2014. - №134-135. - 5 б.

XXI ғасырды математикалық тәсілдердің ғылымның барлық дерлік саласына, соның ішінде экономикаға, медицинаға, экологияға, логистикаға, басқару теориясы мен менеджментке де екпінді түрде кірген ғасыры десек, артық айтқандық болмас. Математика ерте кезден бері әртүрлі салалардағы ғылыми зерттеулердің негізі болып, тіптен, «ғылымдар патшасы» деп дәріптелгені бізге белгілі. Атақты суретші әрі жаратылыстанушы ғалым Леонардо да Винчи өзінің табиғатты зерттеу жұмыстарында математиканың рөлі мен маңызын былай деп атап көрсеткен екен: «Математикалық дәлелдеме сатысынан өтпейінше, адам баласының қандай да бір зерттеуін нағыз ғылым деп атауға болмайды».

Есептеу техникасы мен математикалық модельдеудің экономикаға және менедж­ментке енгізілуі жоғары оқу орындарындағы (ЖОО) математика курсының қолданбалылық бағытына деген талапты күшейтті. Аса көрнекті академик, экономист, экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының алғашқы иегерлерінің бірі – П.Самуэльсон айтқан екен: «Экономика өзіне математикалық тәсілдердің келуінен кейін ғана ғылым болып қалыптасты»  деп. Келесі жағынан, математиканың өзі экономикамен тығыз байланысы арқасында баий түсті өйткені, математиканың көптеген тармақтарының пайда болуына дәл осы экономика себеп болған еді. Қазіргі заманғы экономист және басқарушы мәліметтерді талдау мен өңдеудің, болжаудың математикалық тәсілдерін игер­мейінше, математикалық модельдерді және компьютерлік бағдар­ламаларды пайдалану машығы болмайынша толыққанды кәсіби маман деп есептелмейді.


ҚР Президенті Н.Назарбаев өзінің жыл сайынғы халыққа жолдауында оқыту процесіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды білімнің жастарға қолжетімділігін кеңейте отырып, енгізу қажеттігін баса айтып келеді. Бұл бізге сапалы білім алу және біліктілігі жоғары маман бола отырып, бүгінгі күннің талабына сай болу мүмкіндігін береді.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті (ҚҚЭУ) Қазақстандағы экономикалық бағыттағы жетекші ЖОО-ның бірі болып саналатындықтан, білім беру және ғылым саясатын Қазақстан экономикасы үшін кәсіби өсу мен өз дамуының негізі ретінде жүзеге асыратын инновациялық университет ұстанымын басшылыққа алады. Қаржылық операцияларды есептеу және жоспарлау, қаражатты жұмсауға бақылау жасау қажет болатын кез келген қызмет саласында және кәсіпорынның немесе мемлекеттің қаржылық іс-әрекетіне толықтай талдау жасау үшін сауатты экономист маман қажет.  Қазіргі заманғы экономист экономика заңдарын да, статистикалық мәліметтерді өңдеу және болжау тәсілдерін де жетік білуі, әрі алынған нәтижелерді түсіндіре білуі тиіс. Сондықтан да, ҚҚЭУ болашақ экономистер білімінің математикалық құрамына ерекше назар аударады. Бүгінгі күнгі еңбек нарығының талаптарына сәйкес біздің ЖОО дайындайтын нарықтық қатынастар, менедж­мент пен маркетинг, бизнес және кәсіпкерлік, бухгалтерлік есеп және аудит, халықаралық экономикалық қатынастар, құқықтық және кедендік реттеулер салаларындағы мамандар математиканың теориясын біліп, тәжірибесін игеріп қана қоймай, өз саласында математикалық ойлау машығын және математикалық талдауды қолдана білуі ауадай қажет. Дәл осындай мәселелермен аталмыш ЖОО-да оның негізі қаланғанынан бері қызмет көрсетіп келе жатқан жоғары математика кафедрасы айналысады.
ҚҚЭУ жоғары математика кафедрасының оқытушылары студенттердің  университетте оқу барысында білімнің берік іргетасын және қажетті математикалық мәдениетті өз бойына қалыптастырып қана қоймай, экономист үшін математика деген не екені және шынайы әлемді зерттеп түсінуге математикалық көзқарас деген қандай болатыны жөнінде дұрыс түсінік қалыптастыратынына толық сенеді, бұған осыған дейінгі еңбек тәжірибелері куә.   
Ұлт көшбасшысы, Елбасы өзінің халыққа Жолдауында: «Жоғары оқу орындары білім беру функциясымен ғана шектеліп қалмауы керек. Олар қолданбалы және ғылыми-зерттеу бөлімшелерін құрып, дамытуы тиіс»  деп атап көрсетіп, ЖОО алдына айқын міндет белгілеген болатын.  Елбасының осы тапсырмасын басшылыққа ала отырып ҚҚЭУ басшылығы бекіткен кафедраны дамытудың стратегиялық жоспарында негізгі басымдықтардың бірі: «Ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру» деп аталады.   Осы басым бағытты жүзеге асыру үшін кафедра оқытушылары төмендегідей ғылыми-зерттеу тақырыптары бойынша зерттеулер жүргізді: «Сауда кәсіпорнының тауар айналымдылығын және табысын талдау және болжау», «Сутегілік байланысы бар материалдардағы протондық релаксация процесін теориялық тұрғыдан зерттеу», «Апоневрозды тензиометриялық зерттеудің математикалық негіздері», «Әртүрлі ортогональ жүйелер бойынша еселі қатарлардың қосындылануы және интегралдануы». Бұл жобаларға университетіміздің ғылыми зерттеулер жүргізуге бейімдігі бар студенттерін де әр уақытта қатыстырып отырамыз. Жүргізіліп жатқан зерттеулердің нәтижелері еліміздегі, жақын және алыс шетелдердегі әртүрлі ғылыми журналдарда басылып шықты.  
Жоғары математика кафед­расы кафедраны дамытудың стратегиялық жоспарындағы «Білім берудің инновациялық құрамдас бөлігін нығайту, оқытудың қазіргі заманғы технологиялары мен тәсілдерін пайдалану»  міндетін шешу жолында сабақ үйрету кезінде оқытудың инновациялық тәсілдерін, қазіргі заман оқыту құралдарын (интерактивті тақта, интерактивті кафедра) пайдаланып, білім берудің жаңа технологиялары аясында өз қызметін жүзеге асырады. Мысалы, математикалық тәсілдерді біздің университетімізде орнатылған «EViews», «Stata» арнайы компьютерлік бағдарла­маларының көмегімен зерттеу студенттердің оқуға деген қызығу­шылығын тудырады, олардың ғылыми-зерттеушілік белсенділігін арттырады және инновациялық жобалар жасаған кезде көмек­теседі. Студенттердің біздің оқытушылар жүргізген тәжірибелік сабақтардан алған, қолданбалы бағдарламалармен жұмыс жасау машығы, олардың болашақ кәсіби қызметіндегі көп еңбектерін айтарлықтай жеңілдететіні сөзсіз.
Оқыту түрлерінің біріне жататын ойындық түрі студенттің өз бетінше ойлау ептілігін дамытуына, жаңа жағдайға икемделе білуіне, проблеманы шешудің өзіндік жолын таба білуіне үйретеді және болашақ маманның кәсіби қасиеті болып есептелетін аудиториямен іскерлік байланыс жасау машығын қалыптастырады. Сонымен бірге, оқытудың ойындық түрі студенттерді болашақ кәсіптік қызметіне даярлауда зор ықпалын тигізеді. Сондықтан да, кафедра оқытушылары тәжірибелік сабақтарда іскерлік ойындарды жиірек жүргізуге тырысады.
Математика қолданбалы мәселелерді шешудің қуатты құралы және ғылымның әмбебап тілі ғана емес, сонымен бірге, ол жалпы мәдениеттің бір элементі. Сондықтан, математикалық білім беруді қазіргі заман экономисін іргелі дайындау жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастыру қажет. Біздің университеттің түлегі жақсы теориялық білімге ие болып қана қоймай әртүрлі математикалық аппаратты игеріп шығатындықтан, бүгінгі күннің халықаралық стандартына толық сай маман болатындығы даусыз.
С.Бітімхан,
М.Айтенова,
физика-математика ғылымдарының кандидаттары, ҚҚЭУ жоғары математика кафедрасының доценттері.
: attachments -> article
article -> Семинар «Национальные рамки квалификаций: от методологии архитектуры до практики применения»
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы
article -> Элективті пәндердің каталогы Мамандық 5В011500 «Құқық және экономика негіздері»
article -> Зачетная работа по курсу «Введение фгос ООО в деятельность образовательного учреждения»
article -> СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік ұсыныстар
article -> Нұсқаулар 050510- мемлекеттік және жергілікті басқару «Экономикалық теория және халықаралық экономика» кафедрасы
article -> Абыз тұЛҒА, АҢыз тұЛҒа кетбұҚа жауапты редакторы
article -> Дипломная работа астрахань в контексте российско-казахских отношений на рубеже ХХ-ХХI вв. Исполнитель
article -> Рабочая программа по учебному предмету «Английский язык 3 класс»




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет