Біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ азаматтардың құқықтарытары мен бостандықтарының сақталуына жете маңыз беріліп келеді



жүктеу 104.83 Kb.
Дата23.06.2016
өлшемі104.83 Kb.


Адам және құқық

Біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ азаматтардың құқықтарытары мен бостандықтарының сақталуына жете маңыз беріліп келеді. Соның айқын бір көрінісі Конституциямыздың 1-бабында адам құқықтарын сақтау нормасы бекітіліп, 30-бап түгелдей азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына, мүдделеріне арналды. Бұл демократиялық ашық қоғамда өмірдегі барлық құндылықтардың ішінде адам құқықтары мен бостандықтары ғана ең маңызды болып саналатындығын білдіреді. Демек, адам құқықтары мен бостандытарын сақтау тетіктерін іске асыруа, олардың орындалуына кепілдік беруді күшейтуге Елбасымыздың сара саясатының арқасында ерекше назар аударылды. Ал бұл мәселелердің шын мәнінде қалай жүзеге асып жатқандғын Президент жанындағы құқықтары жөніндегі комиссия жұмысынан байқауға болады. Ол еліміздегі адам құқықтары жөніндегі алғашқы мамандандырылған ұлттық мекеме болып табылады.

1994 жылғы 12 ақпанда Елбасы Адам құқықтары жөніндегі республикалық комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойды. Осы кезден бастап Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жаңа ережесі бекітілгеннен кейін ол Мемлекет басшысының жанында жұмыс істейтін болды. Бұл оның мәртебесінің маңыздылығын көрсетеді, сол себепті комиссияға іс-қимыл жасауға жеткілікті түрде құқықта берілген.

Комиссияның жоғары мәртебесі және оның уәкілетті органдар мен «үкіметтік емес сектор арасындағы «жалғастырушы тетік» рөлі тек адам құқықтары саласының түйткілді нүктелерін тез табуға ғана емес, олардың арасында конструктивтік диалог­тың дамуына да мүмкіндік туғы­за­ды. Комиссия қоғамдық пікірді, қолданыстағы заңнаманы зерттеп, Мемлекет басшысына адам құқықтары саласындағы жағдай, азаматтық қоғамның сұраныстары туралы мәлімет береді. Сонымен қатар, комиссия адам құқықтары саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге белсенді атсалысады, осы салада халық­аралық ынтымақтастықтың күшейтілуіне көмектеседі.

Адам құқықтары жөніндегі комиссия адам құқықтарын қорғаудың мемлекеттік тетігін жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды шешімдердің қабылдануына өз үлесін қосты деп нық сеніммен айта ала­мын. Бұл Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі халықаралық конвенцияларына және БҰҰ-ның Азаматтық және саяси құқықтар мен экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халық­ара­лық пактілеріне қосылуы, халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру, Білім жә­не ғылым министрлігінде Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитеттің құрылуы болып табылады. Бұған Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) институты­ның құрылуын, түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларын Ішкі істер министрлігінен Әділет министрлігінің қарамағына беруді, өлім жазасына мораторий енгізуді, Көші-қон полициясының жұмыстарын халықаралық стандарттарға сәйкес жақсартуды, «Қазақтелеком» АҚ ұсынатын байланыс қызметінің тарифін төмендету мен қол жетімдігін қамтамасыз етуді жатқызуға болады.

Қазіргі кезде Комиссия ратификацияланған халықаралық келісімдерді іске асыру өзекті мәселелерімен, қамауда ұстайтын орындарда қинаудың алдын алу, тәуелсіз ұлттық превентивтік тетіктерін құрумен, Омбудсмен институтының заңнамалық базасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және жетілдірумен, 2009-2012 жылдарға арнал­ған Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары са­ла­сындағы ұлттық іс-қимыл жоспарының ұсынымдарын іске асырудың мониторингімен, азаматтық қоғамның институт­тары­мен, халықара­лық ұйымдармен, шетелдік елшіліктерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдірумен, құқық қорғау қызметінде мемлекеттің оң имиджін құруына көмектесумен айналысады.

Жыл сайын Комиссия хатшылығына 1000-нан астам азаматтардан жазбаша шағым хаттар келіп түседі. Келіп түскен арыздар Комиссияның тиісті ұсынымдарымен не болмаса қорытындыларымен уәкілетті мемлекеттік органдарға: прокуратура, сот, орталық және жергілікті атқарушы билік органдарына қарауға жіберіледі. Конституция қағидаларына, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілер нормаларына сәйкес Қазақстан Республи­ка­сының азаматтары, шетел азаматтары, оралмандар, азаматтығы жоқ адамдар, ұйымдар өз құқықтарын қорғау үшін заңда белгіленген тәр­тіппен Комиссияға шағымдануға құқылы. Тек Адам құқықтары жөніндегі комиссия қарау тәртібі, негізінен, әкім­шілік құқық бұзушылық туралы заңнамамен, қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу заңнамаларымен шешілетін азаматтардың шағымдарын қарамайтынын атап өткім келеді.

2010-2011 жылдар бойы Комиссия мем­лекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және халықаралық сарапшылармен өзара іс-қимыл жасау арқылы елімізде адам құ­қық­тары мен бостандықтарының сақ­талуы­на мониторинг жүргізді, оның қоры­тын­дылары 2010 жылғы Қазақстан Рес­пуб­ликасында адам құқық­тары­ның ахуа­лы туралы баяндамада өзінің орнын тапты. Ал 2011 жылы Комиссия өзінің кеңейтілген отырысында мемлекеттік органдар, үкі­мет­тік емес ұйымдар, оның ішінде халық­аралық құқық қорғау ұйымдарының мәлі­меттеріне, сондай-ақ Комиссия және оның хатшылығының арнайы зерттеулерінің қорытындыларына негізделген «2010 жыл­ғы Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы» атты жыл сайынғы баяндама жобасының тұсауын кесті.

Онда, ең алдымен, елдегі адам құқықтары ахуалы көрсетілді. Баяндама құқық қорғау органдарының жұмысы туралы деректерге толы, осы саладағы ұлттық заңнаманы көрсетеді, оны халықаралық құқықтық актілермен салыстырады жә­не т.б. Алғашқы тергеу-тексеру барысында адам құқық­тарын сақтау, құқық қорғау ор­гандарының кейбір лауа­зым­ды тұлғалармен қинау­ды қолданудың алдын-алу жолдары бойынша, сондай-ақ ақпарат алуға азаматтардың консти­туци­я­лық құ­қық­тарын қамтамасыз ету мәсе­ле­леріне қатысты ұсыныстар берілді.

Адам өз құқықтары мен бостан­дық­та­рын, оларды қалай қорғап қалуды білуі керек, әйтпесе құқықтық тетіктердің тиімділігі туралы айтудың мағынасы болмай­ды. 2005 жылы комиссия адам құқық­тары­ның түйінді мәселелері бойынша 3 жинақ шы­ғар­ды. 2004-2006 жылдары жеке жинақ­пен Мемлекет басшысының аты­на «Қа­зақ­стан Республикасында адамның және азамат­тар­дың құқықтары мен бос­тан­дықтарын сақтау туралы» 2003, 2004, 2005 жылдардағы ко­ми­ссияның баянда­ма­лары жарияланды.

ЮНЕСКО-нің кластерлік бюросының және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдар­лама­сының (БҰҰДБ) көмегімен құрылған адам құқықтары жөніндегі цифрлы кітапхана ха­лықты құқықтық ағартуда ең көр­некті құ­рал­дардың бірі болып табы­лады. Оған ұқсас кітапхана ТМД және Балтика елдерінде жоқ. Нормативтік құқықтық актілерді Ин­тернеттегі http://hrc.nabrk.kz мекен-жай бо­йынша алуға болады. Құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жарияланған. Интернетке қосылмай цифрлы кітапха­на­ға тікелей кіру үшін офф-лайн режимі қолданылады, бұл аз қамтылған азаматтар үшін өте маңызды.

2006 жылғы қыркүйек айынан бастап Комиссияның веб-сайты, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде адам құқықтары жө­ніндегі нормативтік құқықтық актілер­дің, құқық қорғау тақырыбында ақпа­рат­тық-анықтамалық материалдардың электрон­дық кітапханасы қызмет етеді. ЮНЕСКО-нің кластерлік бюросының және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының көмегімен Ал­маты қаласының, Оңтүстік Қазақстан, Шы­ғыс Қазақстан облыстарының әкімдік­те­рін­де ұқсас цифрлік кітапханалар құрылған.

Бүгінде ұлттық заңнамаға, құқық қол­дану практикасына адам құқықтары жө­нін­дегі халықаралық стандарттарды енгізу мәселесі бүкіл барлық деңгейлерде жә­не құқық қорғау форумдарында талқы­лану­да. Оның үстіне бұл мәселе Қазақ­стан­ның ЕЫҚҰ-да төрағалық етуіне бай­ланысты өзекті мәселеге айналды. Ұлттық жоспар­дың кейбір қағидалары Қазақстан Респуб­ликасындағы құқықтық саясат жөніндегі тұжырымдамасында өз орнын тапты. Осы­ған орай Ұлттық жоспардың кей­бір ұсы­ным­дарын іске асыру мақса­тында мемлекеттік органдар бірқатар нормативтік актілерді қабылдады. Мәселен, заңдарды жетілдіруге, қоғамды ақпарат­тан­дыруға, құқық қорғау органдарының кәсіптілігін жоғары­лату­ға бағытталған 2010-2020 жылдарға ар­налған БҰҰ Азап­тауға қарсы комитетінің ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-ша­ралар жоспары, азаптау және қатыгездікке байланысты т.б. арыздарды тексеру туралы нұсқаулық бекіді.

Әрине, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметінде адам құқық­тары әлі де сөзсіз басымдыққа ие болған жоқ, мемлекеттік органдар және басқа ұйым­дар қыз­метінде көбінесе тар ве­домство­­лық және кор­поративтік мүдде­лер­ді алға қояды. Адам құқықтарын сақ­тау жөнін­дегі түйінді мәсе­лелерді шешу – бұл қо­ры­тындысы барлы­ғы­ның және әр қай­сы­сының күш салуына байланысты кешенді, көп еңбекті қажет ететін, мақсатты міндет. Адам құқық­та­рын қамтамасыз ету және қорғау сала­сын­дағы мемлекеттік инс­ти­тут­тардың және үкімет­тік емес құ­қық қорғау органдары­ның жұ­мы­сы әр­қашанда жүйелі емес. Өкі­нішке орай, адам мен аза­маттың құқық­тары мен бос­тан­дықтарын бұзу жағдай­лары әлі де кең таралған, олар Комис­сияның баян­да­ма­сын­да жіті баян­да­ла­ды. Бұқаралық ақпарат құралдарында да азаматтардың құқықтары мен бостан­дық­тарын бұзу фактілері ту­ралы ақ­парат көп.

Негізгі себептердің ішінде – патернализм және құқықтық нигилизм дәс­түр­лері арқылы көрсетілетін қоғамдық сана-сезім­нің инерциясы, азаматтарға өз құқық­тарын және бостандықтарын жү­зе­ге асы­руға кедергі жасайтын заңна­ма­дағы және құқық қолдану прак­ти­ка­сын­дағы кемшіліктер дей­­міз. Өйткені, адам құқықтарын және бос­­тандықтарын жү­зе­ге асыру үшін құ­қық­тық тетіктер мен процедуралардың бір­ыңғай, дәл үйлес­ті­ріл­ген жүйесі керек. Осы­ған байла­ныс­ты, бірыңғай стратегия ендіру, Қазақ­стан­дағы адам құқықтары сала­­сындағы жағдайды жақсарту жөнін­дегі мемлекеттік құрылымдар мен үкімет­тік емес ұйымдардың күштерін біріктіру ар­қылы Адам құқықтары мен бостан­дық­тарын қамтамасыз ету және қорғау бо­йын­ша тұжырымдаманы әзірлеу негізгі мақсат.

Құқық қорғау саласында ҮЕҰ-мен жә­не халықаралық ұйымдармен ынты­мақтас­­тық мәселелерін жетілдіру қажет, мемлекеттің құқықтық саясатын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды іске асыру бо­йын­ша алдымен адам құқықтарының сақ­талуына мониторингке, талдамалық зерттеулерге, білім беру бағдарлама­лары­на қа­тысу керек. Мемлекет басшы­сы 2008 жыл­ғы 26 қаңтарда өткен Бас про­ку­ра­ту­ра­ның кеңейтілген алқа мәжілі­сін­де Қа­зақ­стан халықаралық қоғамдас­тық­тың толық құқықты мүшесі деп айтты. Біз барлық халықаралық құқық жөніндегі көпшілікке танылған актілерге қосылдық. Осыған байланысты, біз еш­кімге Конституциямен және заңдар­мен бекітілген адам құқықтарын бұзуға және елдің имиджін төмендетуге жол бермеуіміз керек.

Түскен өтініштерді талдау бойынша елі­мізде азаматтардың конституциялық құ­қықтарының бұзылуы жалғасып жатыр. Олардың ішінде: негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тарту және соттау, сондай-ақ кінәлі тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартпау, лаузымды тұлғалардың қыз­мет бабын теріс пайдалануы, бостан­дық­тан айыру орындарда ұстау режімін бұзу, дәлелсіз тұтқынға алу, қылмыстық істер бойынша дәлелдерді фальсифика­ция­­лау, тергеу жүргізудің және қыл­мыс­тық және аза­маттық істерді соттарда қарау мерзім­дердің ұзақтығы, заңсыз жұмыстан босату, тұрғын үй, зейнеткерлік құқық­тарын және медициналық қамтамасыз ету құқығын бұзу және т.б. Комиссия алғаш­қы тергеу ор­ган­дардың заңдылығын сақ­тау­ды бақы­лау жүргізетін орган емес екенін және түс­кен өтініштер бойынша шешім қабылдауға құқығы жоқ екенін есепке алып, осы өті­ніштер зерттеліп және қоры­тынды жасал­ған соң прокуратура орган­дары­на қарау үшін жолданады.

Адам құқықтары жөніндегі комиссия үкіметтік емес ұйымдарды өзінің тең дә­режедегі әріптесі ретінде танитынын баса айтқым келеді. Елбасының Жарлы­ғы­мен бекітілген «Қазақстан Респуб­ли­касында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжы­рым­дамасын» Комиссия күнделікті қыз­метінде кеңінен қолданады.

Біз үкіметтік емес ұйымдармен өз ын­ты­мақтастығымызды одан әрі жан­дан­дыра түспекпіз. Конференциялар, дөңге­лек үстелдер, семинар-тренингтер, оты­рыстар өткізу, тергеу изоля­тор­лары мен түзеу мекемелеріне, құрылыс объекті­лері­не және әлеуметтік саланың басқа да мекемелеріне бірге бару шең­беріндегі кездесулер кеңінен тараған.

Комиссия өкілдерінің өзі де үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдары өткі­зе­тін іс-шараларға түрлі әдістемелік және ақ­па­рат­тық көмек көрсете отырып, белсене қаты­са­ды. Өзара екі жақты тиімді келісім бо­йын­ша үкіметтік емес құқық қорғау ұйым­дарына келіп түскен аза­мат­тардың күрделі шағымдарын қарау тәжі­рибеге енгізілген. Үкіметтік емес ұйым­дар өкілдері Адам құқықтары жөніндегі комиссияның және оның сараптамалық кеңесінің құра­мы­на кіреді. Азаматтық қоғам институт­та­ры­мен адам құқық­тары саласындағы әріп­тестік қатынас­тар­ды дамыту үшін Адам құқық­тары жөніндегі комиссияның құра­мы­на аза­мат­тық қоғамның барынша таны­мал жә­не беделді өкілдерін енгізе оты­рып, са­палы түрде өзгерту ұйғарылды.

Адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесінің құрамдас бір бөлігі болып табы­ла­тын үкіметтік емес құқық қорғау ұйым­дар да өз тараптарынан Комиссия­ның жұ­мы­сына оң бағаларын беріп, әр­дайым өзара іс-қимыл жасауға дайын екен­дерін білдіріп отырады. Комиссия өз тарапынан үкі­мет­тік емес ұйымдар тура­лы заңнаманы жә­не құқық қолдану прак­тикасын жетілдіру туралы ұсыным­дарын Мемлекет бас­шы­­сына, Парламентке жә­не Үкіметке жібереді.

Қазіргі замандағы адам құқықтары – жал­пыадамзаттық мәдениеттің қуатты бө­лігі. Ал дипломатия мемлекетаралық қа­тынастарды қалыптастыруда ғана емес, адам құқықтары саласындағы ха­лық­ара­лық ынтымақтастықты дамыту мен ны­ғайтуда да шешуші рөл ат­қарады. Сон­дық­тан бүгінгі қолданы­лып жүрген адам құқықтарын қор­ғаудың халықара­лық әмбебап және өңірлік тетіктері нақ осы дипло­матиялық өнердің арқасында сәтті әзірленген. Демек, сөзімді қо­ры­тын­ды­лай келе, адам құқық­тарының мә­ні­­сін мен мынандай формуламен анық­таған болар едім: «Адам құқық­тары – жоғары құн­ды­лық, оны құр­меттеу, сақ­тау және қорғау – мем­лекеттің міндеті».




: images
images -> Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті дамыту мәселелері
images -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
images -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың шығармашылық портреті. Білімділік мақсаты
images -> Сабақтың мақсаты: Білімділік
images -> Сабақтың тақырыбы: алғашқы адамдардың пайда болуы Сабақтың мақсаты
images -> Абылай хандығы Сабақтың мақсаты
images -> Сабақтың тақырыбы: § 31. Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару сясаты. § 32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы
images -> Қазақстан республикасы экономикалық Қылмысқа және сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы күрес агенттігі
images -> Павлодар мемлекеттік педагогикалық институы «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша «Мемлекет және құқық теориясы» пәнінен дәріс курстары
images -> Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет