Бұлақ негізгі мектебі 2015-2016 оқу жылы



жүктеу 14.8 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі14.8 Kb.
Бұлақ негізгі мектебі

2015-2016 оқу жылы,

Бастауыш сынып арасында «Алтын күз» мерекесіне орай -

«Берекелі күз» атты ертеңгіліктің өтілуінің есебі
Қазанның 16-шы жұлдызында Бұлақ негізгі мектебінде бастауыш сынып арасында «Алтын күз» мерекесіне орай «Берекелі күз» атты ертеңгілік өтті.

Мектеп бойынша бекілген жоспармен өтілді.

Жоспары:


  1. Әр сыныптан күз ханшайымын шығару, жемістер ханшайымы, жапырақтар ханшайымы.

  2. Дақылдар (бидай, арпа, тары, сұлы, күнбағыс, жүгері)

Көкеністер (қарбыз, қауын, картоп, сәбіз)

  1. Ертегі

  2. Мақал-мәтелді жалғастыру, жаңылтпаш, жұмбақ шешу (көрермендермен)

  3. Үстел қорғау

  4. Тәтті дастархан (даярлық топ пен 1-4 сыныптар).

Күз мезгілінде біздің достарымыз құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Сондықтан «Берекелі күз» атты ертеңгілікті бастауыш сынып қыздарының орындауындағы «Құстар» биімен ашты.

Оқушылар өздері күзгі өнімдерінің кейіпкерлері ретінде дайындаған өлең жырларын айтты. Әр сыныптың қыздары күз ханшайымы, жемістер ханшайымы, жапырақтар ханшайымы болса, қалған кейіпкерлер бірі қарбыз, бірі бидай, бірі жүгері, бірі сәбіз, бірі күнбағыс болды.

Бастауыш сынып оқушыларының ертеңгілігі ертегілер елімен жалғасты.

1-сынып оқушылары «Қайдан келдің, бауырсақ?» , 2-3 сынып оқушылары «Жемістер мен көкеністер айтысы» атты қойылымды қойды. Ал 4-сынып оқушылары «Жалқау немере» ертегісін қойды.



Келесі кезекте сынып оқушылары өздерінің дайындаған жұмбақтары мен мақал-мәтелдерін көрермендерге жасырды. Көрермендер де ат салысып жасырған жұмбақтарын мүдірмей жауап берді. Мақалдардың жалғасында тауып жатты.

Үстелді қорғауда, әр сынып оқушылары өздерінің дайындап әкелген тамақтарын таныстырып өтті. Туған жер әнін орындап, қара жорға биімен ертеңгілік аяқталды. Ары қарай тәтті дастарханмен жалғасып, жақсы көңіл күйде үйге қайтты.




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет