Бөлім: Тіл дамыту Тақырыбы: «Үй жануарлары» Мақсаты



жүктеу 34.41 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі34.41 Kb.
Күні: 03.12.15ж

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлім:Тіл дамыту

Тақырыбы: «Үй жануарлары»

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары және төлдері туралы білімдерін кеңейту. Төрт түліктің аттарын дұрыс атай білуге үйрету. Төрт түліктің пайдасы туралы әңгімелеу арқылы түсініктерін дамыту. Төрт түлікті күтіп баптауға, қорғап қамқорлық жасауға, төлдерге деген сүйіспеншілік сезімдері арқылы тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: түлік, төлдер.

Көрнекілігі: Төрт түліктің суретті, ғажайып сәт

Оқу іс әрекетінің кезеңдері

Тәрбиеші іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті



Мотивациялық қозғаушылық

Жылулық шеңбер:

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық бәріміз,

Арайлап атқан күнге.

Бүгінгі күнге жақсы тілек айтыңдар. Мен де сендерге бүгінгі күндерің сәтті болсын деймін.



Балалар шеңбер бойымен тұрып, өлеңді жатқа қайталайды

Ұйымдастырушылық ізденістік

Балалар, бүгін біздер тіл дамытудан ұйымдастырыған оқу іс-әрекетімізде «Үй жануарлары» немесе «төрт түлік мал» деген тақырып өтеміз.

  • Ал, балалар, үй жануарлар дегенде көз алдарыңа нелер елестейді? Төрт түліктің аттарын атандаршы?

  • Балалар, төрт түліктің аттарын біледі екенсіңдер, енді әрқайсына тоқталып өтейік. Әр төлге тоқталып, оның пайдасымен, қорегін айту.

  • Осы төрт түліктің төлдерін білесіңдерме?

  • Түйенің төлі қалай аталады?

  • Жылқының төлі қалай аталады?

  • Сиырдың төлі қалай аталады?

  • Қойдың төлі қалай аталады?

  • Ешкінің төлі қалай аталады?

Жарайсыңдар балалар ендеше енді серігіп алайық.

Сергіту сәті:

«Көңілді күн»



Жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі.
Балалар өз ойларын айту.

Балалар жауап береді

Бота

Құлын


Бұзау

Қозы


Лақ

Қимылмен жасау








Ойын: «Төлдерді тап»

Енелерінің қасына дайын суреттерді топтастырып жапсыру.

Балалар төрт түлік малдар қалай дыбыстайды білесіңдерме?

Түйе – Бө – бө боздайды

Жылқы – ина – ина кісінейді

Сиыр – мө – мө мөңірейді

Қой –мә –мә маңырайды

Ешкі – бә – бә бақырады.

Ал, балалар төлдер туралы кім тақпақ біледі?

Тақпақ:

Жұмбақтар:

Кішкене ғана бойы бар,

Айландырып киген тоны бар. (Қой)

Маң – маң басқан, маң басқан,

Шудаларын шаң басқан. (Түйе)

Жарайсыңдар, балалар , енді төрт түлікті қалай шақырамыз?

Түйені «көс – көс»

Жылқыны «құрау – құрау»

Сиырды «ауқау – ауқау»

Қойды «пұшайт – пұшайт»

Ешкіні «шөре – шөре»
Дидактикалық ойын: «Қай мал қалай дыбыстайды?»
Ән: «Қошақаным»


Суреттерді орына қойып жапсыру.

Балалар қайталалап айтады.

Балалар тақпақ айтады.

Балалар жұмбақтың шешуін айтады.

.

Балалар апайдың айтқаның қайталап айтады


Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Балалар ертегіні тыңдайды.



Өлеңді айту

Рефлексивті коррекция

лаушы

Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз осымен аяқталды. Жақсы қатыстыңдар. Бәріңе рахмет. Сау болыңдар.

Балалар апаймен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Төрт түлікті және төлдерін ажырата білу.

Түсінеді: Төрт түлікті қалай шақыратынын меңгереді.

Қолданады: Малға деген сүйіспеншілік, аяушылық қасиеттер болу керек.


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет