Бөлімі: Сауат ашу. Тақырыбы: ы дыбысы және әрпі. Мақсаты



жүктеу 32.96 Kb.
Дата28.06.2016
өлшемі32.96 Kb.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің картасы

Тобы:»Ақбота» (даярлық)

Білім беру саласы:»Қатынас»

Бөлімі: Сауат ашу.

Тақырыбы: Ы дыбысы және әрпі.

Мақсаты: : жаңа ы дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; балалардың сөздік қорларын толықтыру. Жазу дағдысын қалыптастыру.

Көрнекілік: кеспе әліппе, текшелер, сюжетті суреттер, үлестірмелі суреттер 

Билингвалды компонент: әріп-буква,дыбыс-звук.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбер құрайық,

жақсы тілектер айтайық. 


2.    Өткен дыбыстарды қайталау. 
«Кім білгіш?» ойыны арқылы өтілген дыбыстарды қайталау. 
Ойын шарты: тәрбиеші дауысты дыбысты атаса, балалар екі қолдарын жоғары көтеріп шапалақтайды, ал дауыссыз дыбысты атаса, еңкейіп тізелерін шапалақтайды. 


Балалар дөңгелене тұрып, жақсы тілектер айтады. 

Ойнайды.



Үйымдастырушылық-ізденістік.

Тәрбиеші балаларға сюжет

ті суретке қарап әңгіме құра

тады. Бұл – ас бөлмесі.

Айжан үстелдің үстін жина

ды. Ол шын, қасық, тәрелке

лер жуды.


- Балалар, енді шыны, қасық

тәрелке, шәйнектерді бір сөзбен қалай айтуға болады 


- Сөздің басында қандай дыбыс естіледі? 
Ы дыбысының бас және кіші әріптері көрсетіледі. 
- Айтылуына қарай қандай дыбыс деп ойлайсыңдар? Жуан айтыла ма, жіңішке айтылама?
- Демек, ы дыбысы – жуан дауысты дыбыс. 
Ыдыс сөзіне дыбыстық тал

дау жасатады. Ы дыбысы

қызыл текшемен, д дыбы

сын көк, ы дыбысын қызыл, с дауыссыз дыбысы көк тек

шемен белгіленеді. Қызыл, көк текшелер бойынша ыдыс сөзінде неше дауысты неше дауыссыз дыбыс бар екені анықталады. 
Кеспе әріптермен ыдыс сөзін буынға бөліп жазу, оны оқу. 

Тіл ұстарту жаттығуы. 


Ыс-ыс-ыс
Келіп қалды қыс. 
Дәптермен жұмыс. 
Ыдыс, мысық, қозы сөзде

ріне дыбыстық талдау жаса

тып, ондағы ы дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ы дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді, сөйлемдерді құратып оқытады
Үлгі бойынша ы дыбысы

ның кіші және бас әрпін бастырып жазады. Сөзжұмбақ шешкізеді. 


5.    Сергіту сәтін өткізу. 

Тәрбеледі ағаштар, 


Алдымнан жел еседі. 
Кіп – кішкентай бөбектер
Үп – үлкен боп өседі. 

    Үлестірмелі суреттермен жұмыс жүргізу. 


    Балаларға балық, қайық, мысық, қайшы суреттері таратылады. Балалар әр суреттегі заттың атын атап, сөйлем құрастыруы керек. Тақтаға сөйлем сызба бойынша жазғызылады. Мысалы: Балық суда жузіп жүр.

-   Әр сөйлемде неше сөз бар?

 Қол жаттықтыру жұмысы. 

Ауада жазу. 


Дәптерге жазу. 

Тапсырмаларды орындайды.

Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

Барлығы хормен қайталап оқиды. 

Торкөздегі ы дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады.
Сергіту сәтін орындайды

Тапсырмаларды орындайды.



Рефлексиялық-түзетушілік

Сұрақ-жауап

Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны. Балаларды екі топқа бөлу. Ы дыбысына қай топ көп сөз ойласа, сол топ жеңіске жетеді.



Сұрақтарға жауап

береді.



Ойнайды.  

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ы дыбысы және әріп таңбасын

Игерді:сөйлем,сөз туралы ұғымдарын

Меңгереді: жазуға көлдарын жаттықтырады.
: GU5IVX6YI3FH19N2
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Тақырыбы: «Мен және менің құқығым» Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: Хайуанаттар бағындағы қызықтар Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> «Балдырған»тобы Өткізкен тәрбиеші: Наурызбаева Б. Н. 2015ж 26. 05. Топ
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Сауат ашу. Тақырыбы: «И дыбысы мен әрпі». Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Оқу іс әрекетін ұйымдастырылған технологиялық картасы Мерзімі: Топ: Білім беру саласы: Таным Бөлімі
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Оқу іс әрекетін ұйымдастырылған технологиялық картасы Мерзімі: 20. 10. 15ж
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Сауат ашу. Тақырыбы: ж дыбысы және әрпі. Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Билингвальный компонент: су, күн, ауа, табиғат, адамдар, жануарлар, өсімдіктер. Материал: цветные иллюстрации
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Балалармен сұхбат Тақырыбы: Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Астана-арман қала» Сабақтың мақсаты




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет