Бөлімі: Сауат ашу. Тақырыбы: «И дыбысы мен әрпі». Мақсаты



жүктеу 19.96 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі19.96 Kb.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы.

Мерзімі:

Топ: «Ақбота»даярлық.

Білім беру саласы: «Қатынас».

Бөлімі: Сауат ашу.
Тақырыбы: «И дыбысы мен әрпі».
Мақсаты: 1. И дыбысы мен әрпімен таныстыру. И дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату. Балаларға и дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуға үйрету.
2. Балалардың сөздік қорларын байыту. И дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы балалардың тілін дамыту.
3 Балалардың өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Балаларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер, сөзжұмбақ, текшелер, кеспе әріптер, бейнесөз, ажырату ойыны, сергіту, жұмбақтар
Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қызығушылық.

Сабақтың барысы:


Шаттық шеңбері
Қайырлы таң досым!
Қайырлы күн болсын!
Жеті күннің әр кезі
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын! Өткен сабақты пысықтау
1. Қазір қандай сабақ?
2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
3. Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
4. Дауыссыз дыбыстарды ше?
5.. Біз сауат ашу сабағынан қандай әріптермен танысып едік? (Қане, есімізге түсіріп көрейікші)
Ұйымдастыру – іздестіру.

Жұмбақтар:

Үйді қорғайды,
Үйшікте тоңбайды,
Шешуі: Ит
Жылмаң-жылмаң етеді,
Жылмаңдап сайдан өтеді,
Із - міз тастап кетеді.
Шешуі: Ине
Өзі төрт қанатты,
Және алты аяқты
Сөйтсе де тік ұшаққа ұқсайды.
Шешуі: Инелік
«И» әрпі қай буында?
Инелік
Киік
Ки
Тіл ұстарту жаттығуы
Ие – ие – ие
Шөгіп жатыр түйе
Дәптермен жұмыс
1. Дәптердегі берілген сөздерді хормен оқыту.
2. Жеке балаларға оқыту
И – НЕ, И - НЕ – ЛІК, ШИЕ, ШИ, ШИ - ЕЛІ
Сөздік жұмыс
Ине – іс тігетін құрал
Инелік – жәндік
Шие – жеміс
Шиелі - Қызылорда облысындағы аудан аты
Сергіту жаттығуы
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық
Бір, екі, үш
Орнымызды табайық
Жазу жұмысы
И и И и
Д\о: «Кім зейінді?»
Исатайдай батыр болам,
Иса ағамдай ақын болам,
Игі іске батыл болам,
Игілікке жақын болам.
«Шие» тақырыбына мәтін құрастыру
Имаш пен Иса баққа шие екті. Оны суарды, баптады. Шие жақсы өсті.
Рефлексифті - түзетушілік.

Мадақтау
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап өту.


Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Күтілетін нәтиже: Ойлау қабілеті артады. Көркем жазуды үйренеді
Нені біледі: Өтілген әріптер мен дыбыстарды біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Үлкендерге көмектесу, оларды құрметтеу, әрқашан тапсырманы орындауға дайын болу.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өтілген сабаққа деген қызығушылығы басым.
: GU5IVX6YI3FH19N2
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Тақырыбы: «Мен және менің құқығым» Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: Хайуанаттар бағындағы қызықтар Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Сауат ашу. Тақырыбы: ы дыбысы және әрпі. Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> «Балдырған»тобы Өткізкен тәрбиеші: Наурызбаева Б. Н. 2015ж 26. 05. Топ
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Оқу іс әрекетін ұйымдастырылған технологиялық картасы Мерзімі: Топ: Білім беру саласы: Таным Бөлімі
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Оқу іс әрекетін ұйымдастырылған технологиялық картасы Мерзімі: 20. 10. 15ж
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Сауат ашу. Тақырыбы: ж дыбысы және әрпі. Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Билингвальный компонент: су, күн, ауа, табиғат, адамдар, жануарлар, өсімдіктер. Материал: цветные иллюстрации
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Балалармен сұхбат Тақырыбы: Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Астана-арман қала» Сабақтың мақсаты




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет