Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Астана-арман қала» Сабақтың мақсаты



жүктеу 42.58 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі42.58 Kb.
Білім беру салалары: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Астана-арман қала»

Сабақтың мақсаты: еліміздің елордасы Астана қаласы туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Астананың көрікті жерлерімен, әсем ғимараттарымен таныстыру. Тілдік қорларын дамыту.
Көрнекіліктер: ҚР картасы, Астана ғимараттары бойынша слайд-шоу, түрлі суреттер.

Билингвалдық компоненті: елорда-столица, қала-город,


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды жылулық шеңберге шақырады.



Күлім қағып жанары,

Бір.екі,үш деп соғайық

Қарап тұрған көршіме

Қолымды мен былғайын

Ыстық алақаныммен

Қолымды бер, қысайын.

Амандасып өзіңмен,

Құшақтасып алайын,

Осы отырған бәріңе

Иіліп сәлем берейін



Ұйымдастыру-іздестіру

  • Балалар біз қай республикада тұрамыз?

  • Елбасымыз кім?

  • Біздің еліміздің бас қаласы қай қала?

Астана қаласы-жас қала және жылдан-жылға көркейіп келеді.

Балалар, мен сендерге кең байтақ қазақ елінің картасын көрсетейін.



  • Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?

  • Астана қаласы картада қандай белгімен белгіленген?

Астана қаласы Қазақстанның дәл ортасында орналасқан. Астана –отанымыздың бас қаласы, жүрегі. Астананы көркейту үшін көптеген адамдар еңбек етті.

(тәрбиеші құрылыс алаңынан суреттер көрсетеді)

  • Зәулім ғимараттарды кім салды?

  • Балалар олай болса, слайд-шоу бойынша Астана ғимараттарын тамашалайық!

(тәрбиеші балаларға: бұл слайд бойынша мәлімет берейік)

  • Астана қаласының әсем де көрікті жерлеріне саяхат жасағыларың келе ме?

Олай болса, жолға дайындалайық!

  • Құрметті жолаушылар!нөмірі бірінші Астрахан-Астана автобусына отырғызу басталды. Жолдарың болсын!

  • Міне, Астана қаласының «Қазақ елі» алаңына да келіп жеттік!

  • Бұл Ақорда. Елбасы резиденциясы. Ол осы жерде қабылдаулар жасап, саяси жағдайлар туралы келіс сөздер жүргізеді.

  • Бәйтерек Астананың биік те зәулім ғимараты. Бұл бірліктің, еркіндіктің белгісі. Бәйтерек халқымыздың еркіндігі мен батылдығының көрінісі ретінде салынған.

  • Балалар сендер бәйтеректе болдыңдар ма?

(жарайсыңдар балалар)

  • Келесі аялдамамыз –цирк. Цирк алаңында сайқымазақтар мен түрлі жануарлар өнерлерін көрсетеді. Ал балалар ата-аналарымен көңіл-күйлерін көтеріп,демалады.

  • Ғимарат неге ұқсайды?

  • Ал енді «Думан» ойын-сауық орталылығына да келіп қалдық.

  • Думан орталығында не бар?


(қалаға қайтады, ж)

- Балалар, Астана қаласының бүлдіршіндеріне әдемі балабақша керек екен. Құрылыс алаңына барып жаңа балабақша салуға ат салысайық.



(тәрбиеші балалармен балабақша құрастырады!)

Астана қаласының бүлдіршіндеріне әсем балабақша құрып, үлкен көмек көрсеттік. жарайсыңдар балалар!




Қазақстан Республикасында

Н.Ә. Назарбаев
Астана қаласы

Балалар картаны тамашалайды.


Орал, Алматы, Астана, Тараз, Шымкент, Ақтөбе т.б
Астана қаласы ту белгісімен белгіленген

Балалар тәрбиешіні зер қойып тыңдайды.


Құрылысшылар, сәулетшілер, нұсқаушылар, тас қалаушылар.

Балалар , слайд-шоу бойынша Астана ғимараттарын тамашалайды

Иә


Балалар өз ата-аналарынан естіген әңгімелерін айтып береді.

Тәрелкеге


Үлкен балықтар, акула, балаларға арналған ойын алаңы
Сергіту сәті:

қане балалар, тұрамыз

бойымызды жазамыз

балықтарға ұқсап біз

жүзіп-жүзіп аламыз.
Балалар қуана келіседі.


Рефлексивті – түзетушілік

-балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Астана қаласының қандай ғимараттары ұнады?



Бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды, сендер бүгінгі сабаққа белсене қатыстыңдар. Сендерге үлкен рахмет!

Ұнады
Ақорда, Бәйтерек


Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек: балалар бас қаламыз Астана қаласындағы ғимараттарды танып біледі.

Қандай түсініктерді игерді: құрылысшы қызметі туралы түсінігі болады

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Елорда Астана қаласы туралы әңгімелеуді,құрылыс құралдарын пайдалануға меңгереді
: GU5IVX6YI3FH19N2
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Тақырыбы: «Мен және менің құқығым» Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: Хайуанаттар бағындағы қызықтар Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Сауат ашу. Тақырыбы: ы дыбысы және әрпі. Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> «Балдырған»тобы Өткізкен тәрбиеші: Наурызбаева Б. Н. 2015ж 26. 05. Топ
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Сауат ашу. Тақырыбы: «И дыбысы мен әрпі». Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Оқу іс әрекетін ұйымдастырылған технологиялық картасы Мерзімі: Топ: Білім беру саласы: Таным Бөлімі
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Оқу іс әрекетін ұйымдастырылған технологиялық картасы Мерзімі: 20. 10. 15ж
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Сауат ашу. Тақырыбы: ж дыбысы және әрпі. Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Билингвальный компонент: су, күн, ауа, табиғат, адамдар, жануарлар, өсімдіктер. Материал: цветные иллюстрации
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Балалармен сұхбат Тақырыбы: Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет