Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: Ерке төлдер(жануарлардың суреттері бойынша әңгіме құрастыру) Мақсаты



Дата29.06.2016
өлшемі59.11 Kb.
Білім беру саласы:Қатынас

Бөлімі:Тіл дамыту

Тақырыбы:Ерке төлдер(жануарлардың суреттері бойынша әңгіме құрастыру)

Мақсаты:Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру,олардың пайдасы, туралы түсінік беру және үй жануарлары деген сүйіспеншілігін арттыру,олардың төлдерін дұрыс атай білуге үйрету. тіл байлықтарын, ой өрістерін дамыту,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Жайлау макеті,үй жануарлары мен төлдерінің суреттеріі,

Алдын ала жүргізілетін жұмыс:әңгімелесу,төлдердің батылдығын әңгімелейтін «Ақымақ қасқыр»ертегісін сахналау.

Сөздік жұмыс:Түйе,бота,жылқы,құлыншақ,сиыр,бұзау,қой,қозы,ешкі,лақ.

Билингвальді компонент:Үй жануарлары-домашние животные,түйе-верблюд,бота-верблюжонок,жылқы-лощадь,құлыншақ-жеребенок,сиыр-корова,бұзау-теленок,қой-овец,қозы-ягненок,ешкі-коза,лақ-козленок.

Оқу іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивацииялық қозғаушы

Жылулық шеңбері

Аспанымыз ашық болсын!

Деніміз сау болсын!

Ата анамыз аман болсыын!

Балабақшамыз жайнай түссін!


Бір- бірімен қол ұстасып тұрып,жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық -ізденістік

Ғажайып сәт.

Топқа секіре ойнақтап лақ кіреді,арлы берлі секіріп жүргенде,кенеттен жартас түбінен шыға келген қасқыр лақты ұстап алады

-Әп бәлем,қолыма түстің бе?Менің қарным ашып тұр еді,сені жеп алайын.

-Тұра тұрыңыз,мен сізге бір әдемі би билеп берейін,сіз менің аяғыма қарап тұрыңыз.

-Жарайды деп қасқыр келісе кетеді.

(қасқыр лақтың аяғына қарап тұрғанда,лақ секіріп ойнақтап ұзап кетеді.)

-Ойбой жаңағы лақ қайда кетті,енді не істедім?

(осы кезде жүгіре басып қозы келеді,қасқыр шап беріп оны ұстай алады)

-Қандай әдемі қозы едің,мен сені жеп тойып алайын.

-Мен кішкентаймын,маған тоймайсың ғой,менің отардан семіз қой ертіп келейін.

-Жарайды,бірақ алдап кетпейсің бе?

-Жо жоқ,тез келемін,сізге семіз қой әкелемін деп қозы да тайып тұрады.

Қасқыр әрі күтіп,бері күтіп қозы келмеген соң ақыры орманға қайтады.

-Көрдіңдер ме балалар,ақымақ қасқыр ақылды қозы мен лақтан алданып қалды.

-Қозы мен лақ,бүгін біздің топтың құрметті қонағы болыңыздар.

Бүгін біз «Тіл дамыту»ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде «Ерке төлдер»туралы жан жақты мағлұмат аламыз.

-Балалар,ерке төлдер туралы көбірек білу үшін жайлауға саяхатқа барайық.

Автобуспен тез жету үшін«Қошақан»әнін айтайық.

-Рахмет балалар жайлауға жеттік,мұнда не көріп тұрсыңдар?

-Олар не істеп жүр?

-Олардың қандай пайдасы бар?

-Дұрыс балалар,төрт түлік малдың пайдасы көп.Олардың сүтін ішеміз,жүндерінен киім тоқып киеміз,терілерінен аяқ киімдер жасайды.

Түйе малдың үлкені,

Жылқы малдың үркегі.

Сиыр малдың сүттісі,

Қой түліктің құттысы деп оларды құрметтеген,төлдерін еркелеткен.Қозыны қошақан,ботаны ботақан,құлынды құлыншақ деп атаған.өз балаларын да; қошақаным,ботақаным,құлыншағым деп еркелеткен.



Билингвальді компонент:Үй жануарлары-домашние животные,түйе-верблюд,бота-верблюжонок,жылқы-лощадь,құлыншақ-жеребенок,сиыр-корова,бұзау-теленок,қой-овец,қозы-ягненок,ешкі-коза,лақ-козленок

Дыбыстық жаттығу.

-Қошақан мен лақ маңырайды,бұзау мөңірейді,бота боздайды,құлын кісінейді

Қошақан м-ә- м-ә-ә

Бұзау м-ө-ө-ө

Лақ м-е-е м-е-е

Бота б-ө-ө-ө

Құлын и-и-о-о-о

-Балалар біз енді балабақшамызға оралайық. Лақ пен қозы жайлауда қаламыз дейді, лақ пен қозымен қоштасайық.

-Балалар балабақшаға жеткенше үй жануарлары туралы тақпақтар,жұмбақтар,тиым сөздер айтайық.

-Міне балабақшамызға да келіп жеттік.

-Ерке төлдер туралы алған білімдеріңді ары қарай белсендірілген орталықтарда жалғастырамыз.

Әдебиет орталығы:

Төрт түліктердің төлдерін жайлау суретіне орналастыра отырып әңгімелеу.



Үстел үсті ойын орталығы:

Дайын сүзбеден құрт жасап,ол туралы әңгімелеу.



Құрылыс орталығы:

Лақ пен қозыға шетен,құлын мен ботаға қоршау істеу.



Өнер орталығы:

Бастырма арқылы лақ пен қозыны, ,құлын мен ботаны дайын жайлау суретіне бастыру және әңгімелеу.

Шылдырмақпен белгі беру арқылы балаларды ортаға жинау

Сергіту жаттығуы:

Секең,секең, ей лақ,

Жүрмін саған кейіп ақ.

Тыным тапсаң болмай ма?

Секеңдемей бейуақ.

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың.

Бұлтиып тұр,бүйрегің,

Қай өрістен тойдың.

Ботақаны нардың,

Жарға неге,бардың.

Тілерсегің дірілдеп,

Секіре алмай қалдың.

Орталықтарда алған білімдерімізді ортаға саламыз.

-Балалар,төрт түлік малды және олардың төлдерін қалай атайды?


Балалар тыңдайды.

.

Лақ пен қозы келісті.



-Жайлауда түйе,бота,жылқы,құлын,сиыр,бұзау,қой,қозы,ешкі,лақ.

-Олар жайылып жүр.

- Олардың сүтін ішеміз,жүндерінен киім тоқып киеміз,терілерінен аяқ киімдер жасайды.

-Үй жануарлары-домашние животные,түйе-верблюд,бота-верблюжонок,жылқы-лощадь,құлыншақ-жеребенок,сиыр-корова,бұзау-теленок,қой-овец,қозы-ягненок,ешкі-коза,лақ-козленок.

Дыбыстық жаттығу жасайды.

Балалар бірге қайталайды.

Балалар лақ пен қозымен қоштасып жайлаудан қайтады.

Малды теппе,ақты төкпе.

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

Мә мә деген әні бар,

Жібек тоны,сәні бар.

Қошақаным,момақан,

Сүйкімді бір жануар.

Балалар орталықтарға орналасты,

Орталықтарда жұмыстар жасайды.

Өлең әуендеріне сәйкес ырғақты жаттығулар жасайды

Ортаға жиналады және әңгімелейді.



-Түйенің төлі бота,сиырдың төлі бұзау,жылқының төлі құлын,қойдың төлі қозы,ешкінің төлі лақ


Рефлекциялық түзетушілік

Дидактикалық ойын: «Төлдерге аналарын табуға көмектесейік.»


Төлдерге аналарын табуға көмектеседі.


Күтілетін нәтиже:

Біледі::үй жануарлары және олардың төлдері туралы мәліметті;

Түсінеді:Төрт түліктің пайдасы, төлдерге күтім жасауды.

Қолданады:Төлдердің дыбыстарын айта білуді, суреттерін салып, бояуды, төлдер туралы әңгімелеуді.
Каталог: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама


Достарыңызбен бөлісу:


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет