Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: Хайуанаттар бағындағы қызықтар Мақсаты



жүктеу 32.43 Kb.
Дата28.06.2016
өлшемі32.43 Kb.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы.

Мерзімі:

Топ: «Ақбота»даярлық.

Білім беру саласы: «Қатынас».

Бөлімі:   Тіл дамыту  

Тақырыбы:   Хайуанаттар бағындағы қызықтар

Мақсаты:Балаларға хайуанаттар бағы туралы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау.Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра айтуға үйрету арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.Жан – жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: аңдардың, тордың суреттері, ойыншықтар, суреттер.

Оқу іс – әрекетінің барысы:

Хрестоматияда берілген «Жануарлар әлемі» атты мәтінді оқып беру.



http://jili-bili.ru/files/ftk/medium/2584.jpg Осы мәтін арқылы әлемдегі ең үлкен жануар – көк китті таныту. Ол теңіздегі ең ірі сүтқоректі жануарлар болып табылады.

 http://bestfons.ru/_ph/9/2/718547167.jpg Әлемдегі ең ұзын жануар – керік.Ол  жануарлардың ішінде ең жүрегі үлкен аң. Керіктің тілі – қап-қара болады екен.

 Сұрақ – жауап әдісі арқылы мәтіннің мазмұнын айтқызу. Балаларға жануарлар әлемі туралы теледидардан, бейнетаспалардан көруге болатындығы және көптеген кітаптар бар екені айтылады. Астана қаласындағы «Мұхит аралы», Алматы қаласындағы хайуанаттар паркінен көптеген жануарлардың түрін көруге болатындығы айтылып, олардың суреттері көрсетіледі.
http://massaget.kz/userdata/users/user_54584/1379061405.jpghttp://massaget.kz/userdata/users/user_54584/1379054814.jpg

 

http://massaget.kz/userdata/users/user_54584/1379056140.jpghttp://massaget.kz/userdata/users/user_54584/1379054841.jpg

Хайуанаттар бағы-жабайы жануарларды қолда (торда, қоршауда) немесе жартылай қолда (табиғи мекендеу ортасына жақын көлемде қоршалған аумақ) ұстайтын ғылыми ағарту мекемесі.Онда біздің елде мекен етпейтін,теледидардан ғана көре алатын,жыртқыш,жабайы жануарларды адамдар өз көздерімен көруге мүмкіндік жасалған.Оларды хайуанаттар бағының қызметкерлері баптайды. Хайуанаттар бағындағы жануарларға кез-келген тамақты беруге тиым салынған.Өйткені олар ауырып қалуы мүмкін.

Сөздік жұмысын жүргізу.

Хайуанат – жан – жануарлардың жалпы атауы.

Хайуанаттар бағы – жан – жануарларды бір араға жиып, көпшілікке көрсету шараларымен шұғылданатын мекеме.

Сурет бойынша әңгіме жүргізу.

Дәптердегі хайуанаттар бағы бейнеленген суретті пайдаланып, әңгіме құрастырады. Балалар көмек арқылы торда тұрған қасқыр, аю, көжек туралы әңгімелейді.

 http://infa.kharkov.ua/wp-content/uploads/2013/01/07.jpg Қасқыр – ит тұқымдас жануар. Түсі – сұр. Оны жыртқыш дейді. Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды.

 заяц является грызуном, его... зайцы относятся к отряду зайцеобразные... Қоян – ұзын құлақ жабайы жануар.Қоянды үйде де асырайды. Оның түсі аппақ, сұр болады. Ол – өте қорқақ аң. Қоянның баласын көжек деп атайды.

 http://photo-kladovka.narod.ru/source/bears43_486x720.jpg Аю – ірі денелі, икемсіз жануар. Ол – жыртқыш аң. Ақ аю, қоңыр аю, қара аю болады. Аюдың баласын қонжық деп атайды

Сондай -, мүйізтұмсық, жолбарыс, т.б. аңдар және құстар, бауырымен жорғалаушылар (жылан, кесіртке, тасбақа, қолтырауын) туралы да қысқаша мағлұмат беріледі, суреттерін не солар туралы түсірілген фильм көрсетуге болады.

Қоян, аю, қасқыр сөздерін қатыстырып, бірнеше сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы, қорқақ қоян, сұр қоян, аппақ қоян, ақ аю, қорбаңдаған аю, сұр қасқыр, т.б.

Жұмбақтар шешу.

Тәтті көрсе бас салар,

Айнымайды баладан.

                                    (Аю)

Қаңғырамын,үйім жоқ,

Ауылдардың қойы көп.

Ұрлық,зорлық кәсібім,

Танамақтанар-нәсібім.

                                (Қасқыр)

https://lh4.googleusercontent.com/dfbsa9z-qz-yp_lakqnyimybvdm_wj83j4gsj5zllx_mutvgmnprci9rbtrkgp6h4hlngi0oul4bgyudvhxaxnsxzvtccodeet1jmwzm0avdxxox028c29zjndaatfhzh7jpdyswfoa

«Адасқан көжекті хайуанаттар бағына жеткіз» дидактикалық ойыны. Шытырман жолдардың ішінен баққа апаратын жолды сызып көрсетеді.

Оқу іс – әрекетін қорытындылау.

Сұрақ – жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдері пысықталады.



Сабақ балалардың жануарлар туралы білетін өлең – тақпақтар айтуымен аяқталады

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:  Хайуанаттар бағы туралы.
Қандай түсініктерді игерді: Хайуанаттар бағы – жан – жануарларды бір араға жиып, көпшілікке көрсету шараларымен шұғылданатын мекеме.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сөз тіркестерін құрастыруға дағдыланды.
: GU5IVX6YI3FH19N2
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Тақырыбы: «Мен және менің құқығым» Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Сауат ашу. Тақырыбы: ы дыбысы және әрпі. Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> «Балдырған»тобы Өткізкен тәрбиеші: Наурызбаева Б. Н. 2015ж 26. 05. Топ
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Сауат ашу. Тақырыбы: «И дыбысы мен әрпі». Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Оқу іс әрекетін ұйымдастырылған технологиялық картасы Мерзімі: Топ: Білім беру саласы: Таным Бөлімі
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Оқу іс әрекетін ұйымдастырылған технологиялық картасы Мерзімі: 20. 10. 15ж
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Сауат ашу. Тақырыбы: ж дыбысы және әрпі. Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Билингвальный компонент: су, күн, ауа, табиғат, адамдар, жануарлар, өсімдіктер. Материал: цветные иллюстрации
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Балалармен сұхбат Тақырыбы: Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Астана-арман қала» Сабақтың мақсаты




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет