Бөлімі. Тіл дамыту. Тақырыбы: «Ыдыстар». Мақсаты



жүктеу 35.68 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі35.68 Kb.
Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі. Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Ыдыстар».

Мақсаты: Сөйлеу кезінде «ыдыстар» деген жалпылауыш сөздерді қолдана білуге

үйрету,ыдыстар туралы түсінік беру, сөздік қорларын, тілдерін дамыту,

ойнай отырып, ойлауға үйрету.

Көрнекілік: қима суреттер, ойыншық ыдыстар, ойыншық қуыршақ.

Әдіс-тәсілі: слайд көрсету, табиғат дыбысын тыңдату, түсіндіру, көрсету, ойын

ойнату, мақал-мәтел айтқызу.



Билингвизм: ыдыс-посуда, қасық-ложка, шанышқы-вилка, шелек-ведро.

Әрекет кезеңдері:

Тәрбиешінің әрекеті:

Балалардың әрекеті.




Ертеңгілік шеңбер:

-Сәлем, сәлем, басым,

Сәлем, сәлем, көзім,

Сәлем, сәлем, қолым,

Сәлем, сәлем, досым!

-Балалар, бүгін тобымызға көп қонақтар келіп отыр, кәне, апайлармен амандасайық:




Балалар шаттық шеңберінде тұ рып, дене мүше лерімен, келген қонақтармен амандасады.





Үнтаспадан боранның дауысын тыңдату:

-Балалар, бұл ненің дауысы естіліп тұрған?

-Боран деген не?

-Терезеге қарайықшы, бүгін аспанда күн бар ма?

Ғажайып сәт: есік тарсылдап, бөлмеге қуыршақ келеді:

Сәлеметсіңдер ме, балалар? Менің атым Әйгерім, менің көп достарым бар, енді оларға шәй беріп, қонаққа шақырайын десем, не ыдыс атауларын, не қалай қолда-ну керектігін білмеймін, маған көмектетесіңдерші?

-Балалар, Әйгерімге көмектесеміз бе?

-Бүгінгі іс-әрекетімізде ыдыстар ту-ралы айтамыз.

Слайд көрсету:

-Ыдыс түрлері өте көп. Олар кесе, шәугім, қантсалғыш, тәрелке, нан-салғыш, құман т.б. Бұл ыдыстарды әрдайым жуып, таза ұстау керек.

-Енді ,балалар, қуыршаққа шәй әзірлеу үшін қандай ыдыс түрлері керектігін көрсетейік.

Балаларды кезек шақырып, ыдыс атауларын айтқызып, шәй әзірлету.

Тақтада ілулі тұрған ыдыстармен жұмыс: ыдыс атауларын үш тілде айтқызу:

-Dishes-посуда-ыдыстар.

-Plate-тарелка-тәрелке.

-Spoon-ложка-қасық.

-Fork-вилка-шанышқы.

-Cap-стакан-стақан.

-Kettle-чайник-шәйнек.

Ойын: «Не жасырылғанын ата»-тақтада ілулі тұрған ыдыстар сурет терін тәрбиеші белгісінен кейін көздерін жұмады, тез бір сурет алынады.

Сергіту сәті:

-Дол,дол,дол,

Тэн эроунд,

Дол,дол,дол,

Татч зэ граунд,

Дол,дол,дол,

Шоу ми ио шу,

Дол,дол,дол,

Зэт уил ду.

-Енді тамақ, ыдыс-аяқтар туралы қандай мақал, тыйым сөздер білесіңдер, айта қойыңдаршы?

-Өте жақсы, енді үстел басына жай ғасып, қима суреттерден ыдыс түр лерін құрастырамыз.

Қима суреттермен жұмыс.

Тапсырма соңынан кімнің қандай ыдыс құрастырғанын сұрап, ыдыс атауын айтқызу.


-Боранның дауысы.

-Қыста соғатын қатты жел.

-Аспанда күн жоқ.

Қуыршақпен амандасады:

-Сәлеметсің бе, қуыршақ!

-Иә, көмектесеміз.

Слайд көреді.

Балалар кезек шығып, қуыр-шаққа көмектеседі.

-дишез,

-плэт,


-спун,

-фук,


-кап,

-кэтл


Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Бір орында айналу

Еденді саусақ түртуі

Бәтеңкелеріне қарайды.



1.Айсана: ертеңгі асты таста-ма, кешкі асқа қарама.

2.Анель:ас иесімен тәтті, табағымен жақсы.

3.Перизат: қазанды төңкеріп қойса, ырыс-несібе кетеді.

Сүттен жасалған тағамдарды түкіріп тастауға болмайды.

Балалар үстел басына жайға сып, тапсырманы орындайды.

Құрастырған ыдыс түрлерін атап, айтып береді.






-Балалар, бүгін не туралы айттық?

-Қандай ыдыстармен таныстық?

-Кімге көмектестік?

-Балалар, қуыршақ сендерге риза болып, рахмет айтып жатыр және ол құр қол келмепті, сендерге арнап тәттілер ала келіпті.

Қуыршақ балалармен қоштасып, іс-әрекет аяқталады.


-Ыдыстар туралы айттық.

-Шәйнек,кесе, тәрелке, т.б.

-Қуыршақ Әйгерімге.

Балалар тәттілерге мәз болып, қуыршақпен қоштасады.





Күтілетін нәтиже:

Біледі: ыдыс атауларын, неге пайдаланатынын.

Игереді: қонақ күту, пайдаланатын ыдыс түрлерін үш тілде айта білу дағдысын.

Үйренеді: қима суреттерден ыдыс түрлерін құрастыра білуге.
: 2015
2015 -> Сабақтың тақырыбы : ХІХ ғасыр әдебиеті Сабақтың мақсаты
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Сыр сандық»
2015 -> Сабақтың тақырыбы: «Негізгі және туынды сын есім»
2015 -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
2015 -> 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік Атырау қаласы
2015 -> Абай және музыка Мақсаты
2015 -> Сабақ: «Атамекен аяулы. Мұзафар Әлімбаев. «Аңырықай. Алтынемел. Түркістан өлкесі»
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Шығармалар жинағы (оқу-әдістемелік құрал) Асимбетова Лиза Куанышовна Мустафина Алтынгул Агисовна
2015 -> Сабақтың мақсаты: романның мазмұнын меңгерту




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет