Боранбаева Анар Ташеновна Көкшетау қаласы №7 «Айша» бала бақшасының тәрбиешісі КӨктемгі ормандағы туған күн тобы



жүктеу 74.4 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі74.4 Kb.
Боранбаева Анар Ташеновна

Көкшетау қаласы №7 «Айша» бала бақшасының тәрбиешісі
КӨКТЕМГІ ОРМАНДАҒЫ ТУҒАН КҮН

Тобы: 1

Білім беру саласы: таным, қатынас, әлеуметтік орта

Бөлімдері: қарапайым математика, тіл дамыту, айналамен танысу

Тақырыбы: «Көктемгі ормандағы туған күн»

Мақсаты: Мария Монтессоридің ойын жаттығуларын қолдана отырып, балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту. Моншақтарды сымға таға білуге, үлгі бойынша түстер таңдау мүмкіндіктерін арттыру.

Сөздік жұмыс: Ойлау қабілеттерін арттыру. Әдемілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік:Алма, қысқыштар, түрлі-түсті макарондар, жаңғақ, шыбықтар.

Тәрбиеші:


Әлемде нұр тыныштық,

Әрбір бейбіт күн ыстық.

Қайырлы таң, бақшамыз,

Қайырлы күн, достарым!

Сәлем бердік, туған елім,

Тал бесігім, туған жерім.

Сәлем бердік бәріңізге,
Өскен ортам,елімізге!
(Барлық іс-әрекеттермен шаттық шеңберді орындау)

Тәрбиеші:

Балалар, біздің топқа мынандай жеделхат келді. Мен сендерге оқып берейін!

«Қымбатты Бауырсақ тобының бүлдіршіндері, мен сендерді туған күнімді бірге тойлауға шақырамын. Бірақ қу түлкі менің туған күніме шақырылғандардың тізімінде болмағанын естіп, сендерге неше түрлі кедергі жасады! Абай болыңдар! Менің мекен-жайым: Көктемгі орман, Аюжанның үйіне шақырамын!

-Балалар, Машеньканың туған күніне барамыз ба? Түлкінің жасаған кедергілерінен біз қорықпаймыз!



Балалар:

-Иә, барамыз!

Біз түлкіден қорықпаймыз.

Тәрбиеші:

-Міне, балалар, біз көктемгі орманға келдік! Жан-жақтарыңа қараңдаршы, көктемгі орман қандай тамаша! Ауасы қандай таза! Қысқы орман мен көктемгі орманның айырмашылығы бар ма? Қандай?



Балалар:

-Иә,бар!


-Қысқы орман ақ қар жамылған, ауасы суық, ал көктемгі орман ағаштар бүршік жарып, құстардың әндері естіледі.

Тәрбиеші:

-Мінеки,түлкінің бізге жасаған 1-ші тапсырмасы. Мен сендерге оқып берейін!

«Бауырсақ тобының бүлдіршіндері, мына себеттегі алмаларды тура және кері санаңдар. Түсін, пішінін, дәмін және өсетін жерін айтып беріңдер!»

-Мына себетте не жатыр?



Балалар:

-Алмалар!



Тәрбиеші:

-Бұл жеміс па, әлде көкөніс пе?



Балалар:

-Жеміс!


Тәрбиеші:

-Алмалар қайда өседі?



Балалар:

-Ағашта!


Тәрбиеші:

-Түстері қандай?



Балалар:

-Қызыл!


Тәрбиеші:

-Тағы қандай түсті болады?



Балалар:

-Сары, жасыл!



Тәрбиеші:

-Пішіні қандай?



Балалар:

-Дөңгелек!



Тәрбиеші:

-Дөңгелек!



Балалар:

-Қышқыл,тәтті!



Тәрбиеші:

-Дөңгелек! Ал енді, тура және кері санайық!



Балалар:

-1-10...10-1



Тәрбиеші:

-Міне, балалар, екінші тапсырмаға да келдік. Оқимын!

«Балалар, мына фасольді түсіне қарай екіге бөліңдер!»

-Мында фасольдар араласып келген, маған түстерін айтып беріңдерші?!



Балалар:

-Мында екі түс бар...Олар-ақ және қара!



Тәрбиеші:

Қанеки, ақ түсті фасольді бір ыдысқа, ал қара түсті фасольді екінші ыдысқа бөлейік!


-Міне, тағы да тапсырма жатыр!

«Мына жаңғақтардан және ермексаздан үйректер құрастырыңдар!»

-Алмат ,айтшы, жаңғақ қандай ағашта өседі?

Алмат:

-Қарағайда, шыршада өседі!



Тәрбиеші:

Енді, ермексазды алып, екі алақанның ортасына салып, уқалап, таяқша жасаймыз, таяқшаны алып, жаңғаққа жапсырамыз да, екінші шетін үш саусақпен майыстырамыз! Ол үйректің тұмсығы болады! Және қара түсті ермексаздың шетінен кішкене үзіп, екі саусақтың ортасына салып, домалатамыз, бұл үйректің көзі болады! Содан соң екі қанатын жасап, жапсырамыз!

-Қараңдаршы, біздің үйректердің көңіл-күйлері жоқ екен! Біз оларға «Үйректер» биін билеп берейік. Өзіміз де бір дем алайық!

Би: «Билеп тұрған үйректер»

(Музыка әуенімен балалар «Билеп тұрған үйректер» биін билейді.)



Тәрбиеші:

-Сендер естідіңдер ме біреу жылап жатқан сияқты?! Мынау не?!



Балалар:

-Бұл құмырсқа!



Тәрбиеші:

-Бұл-жәндік!



Балалар:

-Ара, маса, қоңыз, көбелек,

өрмекші,сона..

Тәрбиеші:

-Құмырсқа құлағыма бірдеңе деп сыбырлап жатыр.

Ол маған қатты жел соққанда илеуінің бұзылғаны туралы айтты! Ол бізден көмек сұрап тұр! Балалар, біз құмырсқаға көмектесеміз бе?

Балалар:

-Иә,көмектесеміз!



Тәрбиеші:

Барлығымыз мына шашылып жатқан таяқшалардан құмырсқаға илеуін жасап берейік!

Құмырсқа сендерге рақмет айтып, қуанып жатыр. Құмырсқамен қоштасып,саяхатымызды ары қарай жалғастырайық!

Балалар:

-Сау бол, құмырсқа!

(Құмырсқамен қоштасу)

Тәрбиеші:

-Түлкінің келесі тапсырмасы: «Мына қысқыштарды күннің көзіне тағыңдар!»

-Мынау не?

Балалар:

-Бұл күннің көзі!



Тәрбиеші:

-Күннің көзі қашан шығады?



Балалар:

-Таңертең шығады.



Тәрбиеші:

-Ал күннің ағасы бар ма?



Балалар:

-Бар,ол ай!



Тәрбиеші:

-Күннің түсі қандай және пішіні қандай?



Балалар:

-Түсі сары, пішіні дөңгелек!



Тәрбиеші:

-Мына қысқыштарды алып күн көзіне тағайық!

(Балалар қысқыштарды алып, күн көзіне тағады!)

-Қараңдаршы, біздің күннің көңіл-күйі көтерілеп, сендерге жымиып тұр! Күннің көзін біз аспанға жіберейік. Ол бүкіл жерге шуағын шашып, барлығын қуантсын!


-Түлкінің келесі тапсырмасы: «Мына жаңғақтарды шыршаға іліңдер.»

-Мансұр, мынау қандай ағаш?



Мансұр:

-Шырша


Тәрбиеші:

-Тағы қандай ағаштарды білесіңдер?



Балалар:

-Аққайың,терек, қарағай, емен.



Тәрбиеші:

-Ал енді, барлығымыз мына жатқан

жаңғақтарды шыршаға ілеміз.

(Балалар жаңғақтарды шыршаға іледі.)



Тәрбиеші:

-Қараңдар, балалар, мында тағы бір тапсырма жатыр: «Мына түрлі-түсті макарондарды сымға іліңдер»

-Ал, қанеки балалар, мына түрлі-түсті макарондарды біз сымға тізейік!

(Балалар макарондарды сымға тізеді.)

-Балалар, қараңдаршы біз қандай тамаша моншақ жасадық! Мына моншақтарды біз Машеньканың туған күніне сыйлаймыз!
-Балалар,қараңдаршы біз Аюжанның үйіне де жеттік!

Мен есекті қағайын.Тук-тук-тук!


Аю:

-Бұл кім екен?



Балалар:

-Біз «Бауырсақ» тобының бүлдіршіндеріміз.



Аю:

-Сендер қай бақшадан келдіңдер?



Балалар:

-№7 «Айша» мектеп-бақшасынан келдік.

(Аю мен Машеньканың балалармен танысуы)

Аю:

-Сәлеметсіңдер ме?! Мен Аюжанмын.



Машенька:

-Ал мен Машенькамын! Менің туған күніме қош келдіңдер!



Аю:

-Біз сендерді күтіп отырмыз!


Тәрбиеші:

-Машенька, біз бос келген жоқпыз. Біз сенің туған күніңе сыйлық әкелдік!

(Сыйлықтарды сыйлау)

-Ал, Аюжан мынау саған! Қанекей,Алмат!



Алмат:

Қонжық-аю баласы,

Әрекетін қарашы,

Бал деген де есеп пе?

Салды қолды-кеспекке.

Әділет:

Аю отыр партада,

Екі қолы қалтада,

А деді,Б деді,

Р-ға тілі келмеді.

Тәрбиеші:

-Біз тағы сендерге ән, өлең және би сыйлаймыз!



(Ән: «Туған күн»)

(Би: «Көңілді би»)

Аю:

-Рахмет, балалар, көңіл-күйдерімізді көтердіңдер. Жақсы ән айтып, билейді екенсіңдер!



Машенька:

-Рахмет сендерге! Енді жазда бізге қонаққа келіңдер!Саңырауқұлақ тереміз!



Айзада:

-Машенька, сен саңырауқұлақтардың түрлерін білесің бе?



Машенька:

-Жоқ,білмеймін.



Мансұр:

-Саңырауқұлақтың екі түрі болады. Олар: жеуге жарамды және жарамсыз саңырауқұлақтар!



Алмат:

-Жеуге болатындарға жатады: түлкіжем ,ақ саңырауқұлақ, қозықұйрық. Ал жеуге жарамсыз олар:улы саңырауқұлақ және шыбынжұт.



Машенька:

-Қандай ақылдысыңдар сендер, балалар!



Аю:

-Келіңдер, балалар, дастарқанға жайғасыңдар!

Тәрбиеші:

-Жоқ, Аюжан мен Машенька, түскі уақыт та келді. Бізге бақшамызға тобымызға оралуымыз керек! Айтыңдаршы, қысқа жол бар ма екен?



Аю:

-Әрине бар, мен сендерге жол көрсетейін!

Балалардың Аюжан мен Машенькамен қоштасуы!

Машенька:

-Көріскенше күн жақсы болсын, сау болыңдар!



(Қоштасу)
: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Ныганова Айгуль Еламановна Степногорск қаласы №5 С. Сейфуллин атындағы мектеп – лицейінің биология пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем туралы өткен материалды қайталау Сабақтың мақсаты
Razrabotkaurokov -> Мухтар Ауэзов
Razrabotkaurokov -> Сабақ Тақырыбы: «Гг дыбысы мен әрпі»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: Пысықтау
Razrabotkaurokov -> Сабақтың мақсаты: Білімділік
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: Аңдар, балықтар, құстар. Қайталау.
Razrabotkaurokov -> Сабақтың атауы Хайуанаттар дүниесі Мақсаты Күтілетін нәтиже
Razrabotkaurokov -> Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Пайдаланған әдіс: Жұппен, топпен, ой қозғау, сұрақ-жауап, талдау, іздену, салыстыру




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет