Д дәрмен е бауырмал Дұрыс тасымалданған сөзді тап: а та-быс



жүктеу 447.46 Kb.
бет1/3
Дата29.06.2016
өлшемі447.46 Kb.
  1   2   3


Қазақ тілінен тест сұрақтары

1. Бірыңғай ашық дауыстылардан құралған сөзді анықта:

А) Көлік

В) Қарлығаш

С) Жалғыз

Д) Дәрмен

Е) Бауырмал

2. Дұрыс тасымалданған сөзді тап:

А) Та-быс

В) Сар-ым-сақ

С) Ар-а

Д) Ау-ыс


Е) Тан-ыс

3. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді белгіле:

А) Жазушы

В) Аурушаң

С) Білгіш

Д) Емхана

Е) Бақытты

4. Қай сөйлемде шылау бар?

А) Алда сансыз белестер жатыр.

В) Сырттан күбір-күбір дауыс келді.

С) Абай селк етіп жалт қарады.

Д) Аққасқа көлденең келіп қалды.

Е) Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.

5. Баяндауыштың бастауышпен жақ-жағынан үйлесе байланысқан түрін анықта:

А) Матасу

В) Меңгеру

С) Жанасу

Д) Қиысу

Е) Қабысу

6. Қыстырма сөзді белгіле:

А) Алақай

В) Қап

С) Кінәлі



Д) Жолдас

Е) Әрине
7. Омонимдес сөздері бар сөйлемді табыңыз.

А) Мына орамалдың түсі көк екен. Көк орамалды жеңгем.



В) Адамды қолмен санама. Санасы сергек адам.

С) Жапқыштың түрі көк. Столға көк жапқыш жабылды.

Д) Кеш түсті. Бүгінгі кеш салқын болды.

Е) Таудан су ақты. Бақшадағы су салқын.

8. Антонимдік қатарды табыңыз.
А) Зәру - мұқтаж.

В) Жебеу - демеу.

С) Ыждағат - зейін.

Д) Дауа - шипа.



Е) Жасық - өткір.

9. Кәсіби сөздерді анықтаңыз.


А) Киіз, орақ.

В) Балға, жапырақ.

С) Асқабақ, өнім.

Д) Кеуірт, кесе.



Е) Атауыз, пышқы.

10. Түбірлес сөздерді көрсетіңіз.


А) Асқабақ, асқазан.

В) Жаз, жазба, жазғытұры.



С) Ой, ойлан, ойлы.

Д) Білім, бел, бөлме.

Е) Балқарағай, балдырған.

11. Біріккен сөзді табыңыз.

А) Тілегім күннен-күнге артылады.

В) Алдағы қыздардың қақ ортасында ақ сұр ат мінген бір қыз келеді.

С) Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.

Д) Сылдыр-сылдыр сылдырлады, сай күлді.



Е) Меймандос жандар бір-бірімен қайта қауышты.

12. Бірыңғай сын есімді қатарды көрсетіңіз.


А) Жазғы, күлкішіл, биік.

В) Білгіш, ақыл, таулы.

С) Тарихи, кітап, орман.

Д) Сирек, бітік, орман.

Е) Ақшыл, аспан, күзгі.

13.Үстеу мәнінде жұмсалатын белгісіздік есімдігін табыңыз.


А) Біреу, кейбіреу.

В) Әр, кейбір.

С) Әрбір, бірнеше.

Д) Әрқашан, әлдеқайдан.

Е) Әркім, әлдене.

14.Үстеу қатысқан сөйлемді белгілеңіз.
А) Анасын сүйгеннің баласын сүй.

В) Ертеден қара кешке дейін доп қуып, сабақ оқудан қалды.

С) Жомарт бергенін айтпас.

Д) Жолаушыны сусындатпай тұрып, бұйымтайын сұрама.

Е) Тәуекелдің кемесі суға батпас.

15. Еліктеуден жасалған туынды зат есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Сағаттың тырсылы ғана естіледі.

А) Пысықтауыш.

В) Баяндауыш.

С) Толықтауыш.

Д) Анықтауыш.

Е) Бастауыш.

16. Лепті сөйлемді табыңыз.


А) Әдептілік деген не

В) - Түу, ұшу деген қандай жақсы еді

С) Бақыт деген немене

Д) Досым, маған көмектесіп жібер

Е) Тіл - сарқылмас ғылым

17. Төл сөзі бар сөйлемді белгілеңіз.

А) Астана - Мәди. Естай, Біржан сал, Иманжүсіп, Ақан серілердің өмір сүрген жері.

В) Ықпалды қайраткерге айналған азамат.

С) Ханда қырық кісінің ақылы бар.

Д) Жаз да жайнап, жарқырап келе жатыр,

Аққу ұшқан аспанға қара, батыр.



Е) «Сүйінбай айтқан дүниені Сүйінбай ғана түзетеді», - деді сол кездесуде.

18. Көрсетілген сөздің жақшаға алынатынын белгілеңіз.


Ербол. Қуанып тұрып. Жолдастар, біз жеңеміз.

А) Ербол.

В) Жолдастар.

С) Біз.


Д) Қуанып тұрып.

Е) Жеңеміз.

19. Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктерді анықтаңыз.
А) Қатынас қағаздары қалыптасқан үлгіде жазылады.
В) Сөз өте жинақы, тұжырымды болып келеді.

С) Жазуда мемлекет дайындаған арнаулы нұсқау болады.



Д) Сөйлемдердің ырғақ, интонациясы мәтінге әсерлілік беру үшін құрылады.

Е) Сөйлемдегі сөздер базистік тәртіпке сай орналасады, баяндау ретінде болады.

20. Көмекші есімді ажыратыңыз.

А) Көлеңкелі бақ іші жібермейді барғанды.

В) Сыртқы сымбат ішкі тереңдікке сай болуы керек.

С) Анам күліп күтіп алардай, ауылға бара бергім кеп тұрады.

Д) Ілтипатты азаматты қай адам құшақ жайып қадірлемес.

Е) Көлді жағалай біткен қамысы айналаны жайнатып тұр.

21. Араб цифрымен берілген сан есімдерден кейін дефис қандай қосымшалардың орнына қойылатынын анықтаңыз.

А) -ған, -ген, -қан, -кен.

В)-ыншы, -інші,-ншы,-нші.

С)-деп,-дап.

Д) -лық, -лік, -дық, -дік.

Е) -ып, -іп, -п.

22. Тұрлаулы мүшелері есімшенің түрленуінен жасалған сөйлемді анықтаңыз.

А) Еңбек ет те, терді төк, қатардан кейін қалдырмас.



В) Тауықтың шақырғаны - оянғаны.

С) Болғаннан болмаған қызықты, білгеннен білмеген қызықты.

Д) Тыңдар құлақ болса, айтар сөз бар.

Е) Ақылды адам тәнді арытып, ой бағар, жан семіртер, ой семіртер, ойланар...

23. Анықтауыштың қай сөз табынан жасалғандығын анықтаңыз.
Жалбыраған бұтақтары жерге тиіп тұрады.

А) Зат есім.

В) Сын есім.

С) Есімше.

Д) Есімдік.

Е) Сан есім.

24. Жақты сөйлемді белгілеңіз.

А) Оның ақ патшаға жағына түскісі келді.

В) Өзі өмір кешкен ғасыр үшін Абай жұмбақ болды.

С) Біздің елге келгені жөн.

Д) Бұл іске жүгінуге тура келді.

Е) Бес жасар балаға Абайдың көзі түсті.

25. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз.

А) Сол күн жаныңды жадыратып, барлық тіршілігіңнің құны мен қуатын танытады.

В) Қасымда көмекшілікке сен болсаң, бәрін де кайта жасаймыз.

С) Екеуінің әу бастан тең еместігін, табиғи тұлғаларының, ақыры, өз қалыптарына енгендігін көңілі көншіп түйсінген.



Д) Бұл жаққа келгелі, қарттың кәсібі аңшылық болатын.

Е) Беске келгенінше әкесіне баласын танытпай, әкені балаға зар қылып қойған уақытқа не шара?!

26. Жаңа сөздерді табыңыз.
А) Сәуір, маусым.

В) Дарбаза, леген.

С) Сіріңке, тұрба.

Д) Жылыжай, саяжай.

Е) Баралы, келулі.

27. Еріндік, езулік араласып келген тіркесті сөзді көрсетіңіз.
А) Қиял-ғажайып.

В) Теңіз балығы.

С) Жігерлі жан.

Д) Туған тіл.

Е) Тәлім-тәрбие.

28. Бір буынды сөзді табыңыз.

А) Серік.



В) Серт.

С) Сену.

Д) Серке.

Е) Сезім.

29. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз.
А) Қалалық.

В) Дұрыс.

С) Білімді.

Д) Кілтті.



Е) Әсемпаз

30. Септеулік шылау қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.

А) Кешегі мақаласы мені, мені ғана емес-ау, бүкіл достарымды қуантты.

В) Қазақ еліне біз де барамыз.



С) Бұл - сегізге жаңа толған мен үшін жаңалық еді.

Д) Әйтсе де іштей қысылып келем.

Е) Әрине, жақындық пен достық та оңайлыққа түсе бермейді.

31. Есімді тіркеске жататын мысалды көрсетіңіз.


А) Үзілісті күту.

В) Балалармен әңгімелесу.

С) Техникамен жабдықтап алды.

Д) Сөзге сараң.

Е) Ойланып сөйлеу.

32. Синонимдік қатарды анықтаңыз.
А) Ана сүті, ана тілі.

В) Қолы босады, жадырады.



С) Қорғаныш, сүйеніш.

Д) Ала арқан, ат кекілі.

Е) Ақ босаға, алып күш.

33. Фразеологизмді табыңыз.

А) Кенесары бір қиын мәселені шешерде көп ойланатын.

В) Батырдың шекпенінің бір түймесі үзілді, ол бұдан сескеніп қалды.

С) Шын батыр сын үстінде танылар.

Д) Кеше Сыр бойынан хабар алды.



Е) Ит арқасы қиянда жатқан елдің тіршілігінен бейхабар адам.

34. Түбірлес сөз жасауға болатын сөзді табыңыз.


А) Салт.

В) Қандай.

С) Қалай.

Д) Өн.

Е) Сегіз.

35. Қайталама қос сөздер қатарын табыңыз.
А) Жып-жылы, әке-шеше.

В) Өз-өзінен, жүзбе-жүз.

С) Үгіт-насихат, жап-жаңа.

Д) Бақытты-бақытсыз, некен-саяқ.

Е) Мәдени-ағарту, ат-мат.

36. Анықтауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз.

А) Ащы мен тұщыны татқан білер.

В) Толқыннан толқын туады.

С) Кірпігін де сирек қағады.

Д) Ол танк қалқасымен жетіп үлгерген Әлияны байқамай да қалады.

Е) Жомарттың сөзі есіне түсті.

37. Белгісіздік есімдігінің қай сөз табының орнына қолданылғанын анықтаңыз.



Ел шырт ұйқыда жатқанда, әлдеқайдан арқыраған саяқ жылқының даусы естілді.

А) Үстеу.

В) Есімше.

С) Сын есім.

Д) Сан есім.

Е) Етістік.

38. Мекен үстеуін табыңыз.


А) Жоғары.

В) Былтыр.

С) Жедел.

Д) Сонша.

Е) Ертең.

39. Еліктеуіш сөздің сөйлемдегі қызметін көрсетіңіз.

- Сен не деп отырсың өзі?!- деп даусы дала қыранындай шаңқ етті.

А) Анықтауыш.

В) Толықтауыш.

С) Баяндауыш.

Д) Пысықтауыш.

Е) Бастауыш.

40. Қалай, қайсы есімдіктерінің қатысуымен жасалатын сөйлемді анықтаңыз.


А) Хабарлы сөйлем.

В) Бұйрықты сөйлем.



С) Сұраулы сөйлем.

Д) Жай сөйлем.

Е) Лепті сөйлем.

41. Қаратпа сөзді көрсетіңіз.



А) Сіз жайлы да, жан апа, өлеңнен де тақпақ көп.

В) Енді қайтсін-ау, отыратын уақыт па?

С) Е, көгім қане жайқалған?

Д) Сендерше, нағыз ақылды мен екен ғой.

Е) Күміс күлкі, күн қабағыңды сағындым.

42. Бір төл сөздің ішінде екінші төл сөз келгенде қойылатын тыныс белгілерін көрсетіңіз.



А) Алғашқысының алдынан сызықша қойылып, соңғысы тырнақшаға алынады.

В) Соңғы төл сөздің алдынан сызықша қойылады.

С) Алғашкы төл сөз де, соңғы төл сөз де тырнақшаға алынады.

Д) Соңғысының алдынан қос нүкте қойылады.

Е) Алғашқысының алдынан сызықша қойылады.

43. Қандай тыныс белгілері қойылмағанын көрсетіңіз.


Елге мойнымды созам көрінбейді.

А) Үтір, көп нүкте.

В) Нүктелі үтір.

С) Үтір, сызықша.

Д) Көп нүкте, үтір.

Е) Сызықша, қос нүкте.

44. Стиль түрін анықтаңыз.



Түзуші ұлпалар сабақтың тамыр ұясында болады.

А) Ресми іс-қағаздар.

В) Публицистикалық.

С) Көркем әдебиет.



Д) Ғылыми.

Е) Ауызекі сөйлеу.

45. Баяндауыш қызметін атқарып тұрған қатыстық сын есімі бар қатарды табыңыз.

А) Шығарма тілінің өрнегін өрген сөз шеберлерінің стильдік ерекшеліктерге негізделген ойларынан өрбіді.

В) Бұлар жақындай түскен сайын мұнара тым биік.

С) Кестелі бұйымдарды базарға сатып, балаларын асырады.



Д) Осының бәрі бір-біріне үйлесімді, жарасымды.

Е) Аула ішінде бақ, гүл, жемісті ағаштар.

46. Сан есімдер ережесіне сай жазылмаған қатарды көрсетіңіз.
А) Сөздікте 29 түркі тайпасының аты аталыпты.

В) Қарашаның 5-і күні қар аралас жаңбыр жауды.



С) 260 тан астам мақалдың 60 ы қазіргі күнде де қолданылады.

Д) Ол 1905-1906 жылдары қажылық сапармен Меккеге барады.

Е) Ол 1070 жылдары үш кітаптан тұратын жинағын жазды.

47. Тура толықтауыш қызметіндегі тұйық етістікті көрсетіңіз.


А) Талантты болу - табиғат сыйы.

В) Біреудің жақсы ісін көрсең, оны ардақтай біл.

С) Жаңа дәуірдің бастапқы кезеңінде қазақ қоғамында араб жазуы қолданыла бастады.

Д) Азамат болу - парызың.



Е) Арман асқарына жетуді әрбір жан аңсайды.

48. Қосарлы айқындауышы бар сөйлемді ажыратыңыз.

А) Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды.

В) Шойын кеуделі, аю жоталы Игілік би паң да, тәкаппар да емес.

С) Ән-күйімді тыңдашы,

Батырлардың үніндей.

Д) Талап қыл, азды-көпті жұмса ойды,

Әр істің ақырын ойла, көңіл бөліп.

Е) Шоқан жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз «Европаға ашқан терезе сықылды» болды.

49. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

А) Арада сүт пісірімдей уақыт өтеді.

В) Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады.

С) Үскірік. Аяз. Бұлтты күн.



Д) Енді сізге айтуға тура келді.

Е) Ол дос жүрегіне сенеді.

50. Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемді ажыратыңыз.
А) Суылдай төгілгенде, айдаһар оған от шашты.

В) Кең даланы сұлу сағым басты.

С) Ер Төстік жалмауыздың қолында қалды деп, елі мүлде күдер үзіп қояды.

Д) Машина жолда бөгелмесе, тура үш сағатта барып қаламыз.

Е) Жұрт сені қандай жақсы көрсе, оны да сондай көреді.

51. Үнтаспа, отбасы сөздері қайсысына тән екенін анықтаңыз.


А) Архаизм.

В) Диалект.



С) Неологизм.

Д) Кәсіби сөз.

Е) Көп мағыналы сөз.

52. Еріндік дауысты дыбыстан басталатын сөздер қатарын белгілеңіз.


А) Амал, үкі.

В) Ине, ілгіш.

С) Әкім, елік.

Д) Өмір, ошақ.

Е) Ыдыс, өрік.

5З. Дұрыс тасымалданбаған сөзді табыңыз.

А) Жыр-ау-лар.

В) Лек-си-ка.

С) Ай-на-гүл.

Д) Жа-сан-ды.

Е) Си-но-ним.

54. Негізгі түбір сөзді белгілеңіз.


А) Жеңімпаз.

В) Теңге.

С) Омарташы.

Д) Ғибратты.

Е) Жауын.

55. Есептік сан есімді көрсетіңіз.
А) Отыз бес бүтін.

В) Отыз бесінші.



С) Отыз бес.

Д) Отыз бес шамалы.

Е) Отыз бес-отыз бестен.

56. Жекіру одағайын анықтаңыз.


А) Пай-пай.

В) Құрау-кұрау.

С) Әрі-бері.

Д) Ой.


Е) Жә.

57. Көп мағынаға ие болатын сөзді анықтаңыз.


А) Ертегі.

В) Бет.

С) Аламан.

Д) Кемпір.

Е) Отағасы.

58. Антонимдік қолданыстағы сөздерді белгілеңіз.
А) Көктем, көктен нұрын төккен.

В) Қолдағы бар алтынның қадірін біл.

С) Ойнаса да, ойындағысын айтады.

Д) Ас иесімен тәтті, көңілімен жақсы.



Е) Тәтті жанға ащы дәрі ем болар.

59. Айтылуда өзгеріске түсетін сөзді көрсетіңіз.


А) Синоним.

В) Дыбыс.

С) Бақ қону.

Д) Ала көз.

Е) Терең ой.

60. Бірігіп жазылуы дәстүрге айналған сын есімдер қатарын белгілеңіз.
А) Шым(кент), Темірғали(ұлы).

В) Пән(аралық), бүкіл(одақтық).

С) Жан(күйер), жан(сауға).

Д) Ала(тау), Талды(қорған).

Е) Жөн(жоба), ұзынды(қысқалы).

61. Баяндауышы сын есімнен болған сөйлемді көрсетіңіз.
А) Шақырған жерден қалма, шақырмаған жерге барма.
В) Күлме досыңа, келер басыңа.

С) Бірінің астыңдағы аты тортөбел де, екіншісінің аты күрең.

Д) Досың дос болғанға шаттан, дұшпанмен дос болудан сақтан.

Е) Жақсы дос пайдасын тигізбесе де, зиянын тигізбейді.

62. Шығыс септікпен тіркескен шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Құнанбай жалғыз көзімен қадала қарап, төрден босағаға шейін бір шолып шықты.

В) Отан үшін отқа түс, күймейсің.



С) Үйге апамнан бұрын баруым керек.

Д) Жиында Жұмабай туралы сөз болды.

Е) Әлжан әкесімен бірге кетті.

63. Қабыса байланысқан есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.


А) Оюды ою.

В) Күміс сырға.

С) Қаладан қашық.

Д) Ән салды.

Е) Біздің үйіміз.

64. Сөйлемге тән тыныс белгілерін табыңыз.
Пау шіркін қандай ғажап өлкем едің

А) Үтір, үтір, леп белгісі.

В) Нүктелі үтір, леп белгісі, үтір.

С) Көп нүкте, үтір, нүкте.

Д) Сұрақ белгісі, леп белгісі, үтір.

Е) Нүкте, үтір, сұрақ белгісі.

65. Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді белгілеңіз.


А) Бүгін сабақта Әмір жоқ.

В) Оның өзі шеткерірек тұр екен.



С) Атың әдемі екен.

Д) Өңі алабұрта күрең тартқан.

Е) Көп ұзамай жауын басылды.

66. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді белгілеңіз.


А) Айналайын келінжан, өркенің өссін!

В) Айналайын келінжан- өркенің өссін!



С) Айналайын, келінжан, өркенің өссін!

Д) Айналайын келінжан... өркенің өссін!

Е) Айналайын келінжан! өркенің өссін!

67. Төлеу сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

А) Сұрмергенге төсін ашып: «Мені де ат!» - деп жалынды.

В) Тасболат оның соңынан ұзақ қарап тұрды.

С) Жастық шақ - ерлік жасар кезең.

Д) Шұға аттан түсіп жатқан адамның кім екенін сұрады.

Е) Бұқар бір қонып, ертеңінде еліне аттанды.

68. Тырнақшаның дұрыс қойылған орнын көрсетіңіз.
А) М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі.

В) «Әл Фараби» атындағы университет.

С) «Мемлекеттік банкінің бөлімшесі».

Д) «Ғ.Мұстафин», Өмір белестері. Алматы-84.

Е) «Алматыдағы кондитер фабрикасы».

69. Көркем әдебиет стилінде жазылған қатарды табыңыз.

А) Сөз тіркесін дұрыс-қолдана білмеуден грамматикалық норма бұзылады.

В) Хаттама қысқа да, толық түрде де жазылады.

С) Ақ күміс ер-тоқымдар жарқ-жұрқ етеді.

Д) Магмалық кендер - жанартау атқылауынан түзілген кен орындары.

Е) Гипербола - бір нәрсені екі есе әсірелеп айту.

70. Анықтауыш қызметінде жұмсалған зат есімді табыңыз.


А) Сен үшін ол - жалпақ дүниеден де үлкен.

В) Бекболат шаршап отыр.

С) Есімбектің үлкен үйі лық толған адам.

Д) Ботадай боздап көрісті.

Е) Қарашада аяз қаусыра қысып кетті.

71. Белгісіздік есімдігі қатысқан қатарды анықтаңыз.


А) Бар, біреу.

В) Әрбір, қайсыбір.

С) Әрне, осы.

Д) Бір, дәнеңе.

Е) Ол, қайбір.

72. Тұрлаулы мүшелері есімшенің түрленуінен жасалған сөйлемді анықтаңыз.

А) Жүректі жарып шыға қоймаған соң,

Ешкімді таңырқатпас таңдайдағы ән.

В) Тәуелсіздігіміздің тасы өрге домалай бермек.



С) Баланың жақсы азамат болғаны - ата-ана алдындағы парызын өтегені.

Д) Қалса да артта сан асу, қаһарлы өткелдер,

Сала алмаған далама жат өрнектер.

Е) Кітап оқуды қойған адам ойлауды да тоқтатады.

73. Мөлшер үстеуді белгілеңіз.

А) Өзіңмен-өзің болу, өзіңнен-өзің озып жүру, өзіңнен-өзің қысылып жүру - ар-ожданның шаруасы.

В) Ежелден ел аузынан түспей келе жатқан қазақ аңыздарының бірі -Қорқыт ата туралы аңыз.

С) Біз жұмысқа елден бұрын келетінбіз.



Д) Омбы вокзалы соншалық үлкен де салтанатты көрінді.

Е) Ерте-кеш, күндіз-түні әр сағатта,

Сендерсің — бар тілегім, бар іңкәрім.

74. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

А) Ана тілімізді қадірлеу - бәрімізге міндет.

В) Толқыны тулаған көк теңіз.

С) Кеше жайлауға көшіп келді.

Д) Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым!

Е) Мейіріммен сүйеді ол бар адамды.

75. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаласты көрсетіңіз.

А) Жаман істегенше, істің шағын бөлігін келістіріп орындаған артық.

В) Пікір күшті болмайынша, іс күшті болмақ емес.

С) Сыртына қызыққанша, ішіне көңіл бөлсеңші.

Д) Бір сөзді қайталай бергенше, негізгі мәселені шешейік.



Е) Қайықтан Сейіл түсіп болғанша, бұлар да су жағасына жетті.

76. Көнерген сөзді белгілеңіз.


А) Ермексаз.

В) Тамақ.

С) Тәрбие.

Д) Шербек.



Е) Дүрия.

77. Бірыңғай ашық дауыстылардан құралған сөзді көрсетіңіз.


А) Көрік.

В) Қарлығаш.

С) Жалғыз.

Д) Бауырмал.



Е) Қонақ.

78. Бір буынды сөзді табыңыз.


А) Серік.

В) Сезім.

С) Сену.

Д) Серке.



Е) Селт.

79. Қате жазылған сөзді көрсетіңіз.



А) Әлсін әлсін.

В) Балп-балп.

С) Белбеу.

Д) Бас көтеру.

Е) Өзара.

80. Шылау қатысқан қатарды табыңыз.



А) Қайрат(пен) ақыл жол табар.

В) Шексіз құрмет(пен) қарасады.

С) Астана(мен) мақтанамыз.

Д) Мұғалім(мен) кеңес.

Е) Досың(мен) сырлас.

81. Есімді сөз тіркесін табыңыз.


А) Айнаға қарады.

В) Кітап окыды.

С) Көлге барды.

Д) Қымбат дүние.

Е) Хат жазды.

82. Сын есімдерден болған синонимдерді көрсетіңіз.
А) Кескін, келбет.

В) Салмақты, сабырлы.

С) Амандасу, сәлемдесу.

Д) Жылдам, шапшаң.

Е) Ажар, көрік.

83. Тұрақты сөз тіркесін анықтаңыз.
А) Бөз матадан тікті.

В) Жүгін әдемілеп жинады.

С) Аузы үлкен екен.

Д) Аузына құм құйылды.

Е) Киім тігісін сөкті.

84. Сөйлемде қанша туынды түбір тұлғалы сөз бар екенін табыңыз.
Жастарға білім, ғылым, ұғым, отты жүрек керек.

А) Бір.



В) Үш.

С) Бес.

Д) Төрт.

Е) Екі.


85. Көсемшеден болған қос сөзді табыңыз.
А) Көре-көре.

В) Қолма-қол.

С) Көзбе-көз.

Д) Қараң-қараң.

Е) Көрер-көрмес.

86. Көптік жалғау жалғанбайтын сөзі бар қатарды табыңыз.


А) Кітап шығарылды.

В) Ән айтылды.

С) Кірпіш үйілді.

Д) Ой айтылды.



Е) Үн жеткізілді.

87. Күшейтпелі шырайлы сын есімнен жасалған анықтауышты көрсетіңіз.


А) Қашаған жылқыны жалғыз ұстаймын.

В) Алыстан көрінетін қызыл қоңыр мұнара ханымның көзіне оттай басылды.



С) Көкпеңбек мұнара көк аспанның өзімен астасып кеткендей.

Д) Ауыл үстінде шаңқай түсте, бұлтсыз аспанға шаншылып шырқалған әсем үн.

Е) Тегіс алаңдап, солай жүргілері келеді де тұрады.

88. Үстеудің қандай сөйлем мүшесі екенін белгілеңіз.



Қазір жер-жерден мектеп бітірген балалар шұбырып келіп жатыр.

А) Бастауыш.

В) Баяндауыш.

С) Пысықтауыш.

Д) Анықтауыш.

Е) Толықтауыш.

89. Еліктеуіш сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтаңыз.



Бір уақытта сырттан машинаның гүр еткен дауысы естілді.

А) Анықтауыш.

В) Баяндауыш.

С) Пысықтауыш.

Д) Толықтауыш.

Е) Бастауыш.

90. Бұйрықты сөйлемді табыңыз.



А) Жылай-жырлай өлгенде, арттағыға сөз қалсын

В) Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім

С) Айналам тым-тырыс тына қалыпты

Д) Сүйемін бабам тілін, анам тілін

Е) Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған

91. Жалпылауыш сөзді табыңыз.

А) Бұл топтың ортасындағылар — Абай мен Асылбек.

В) Көкшіл түсті көздері әрі салқын, әрі сыр берместей сабырлы.

С) Алдағы осылар да, артында ентелеп тұрған - ақсақал, қарасақал.


: userdata -> user-68 -> files
userdata -> Абайдың Евгений Онегиннен аудармасы
userdata -> УӘли нұргелді қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері
userdata -> А. Абсаттарова Ы. Алтынсарин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернаты, Павлодар қ
userdata -> 5 Қоғамның қалыптасу кезеңдері
userdata -> Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәні мен қызметі
userdata -> Әулиеата қаласын тұрғызған Абылай хан еді Ш. Уәлиханов пен өзбек тарихшысы Махмудқа сенсек, шындық осындай Бақтияр Әбілдаұлы
userdata -> «Қазақ» газетіндегі көтерілген оқу –тәрбие мәселелері
userdata -> Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісі
files -> Беташардың қандай жыр екендігін көрсетіңіз. A тойдағы көңіл көтеру жыры
files -> 1. Cағақты жапырақ болады


  1   2   3


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет