Д. Ш. Елжанов 2019 ж. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша сабақ



Дата04.10.2019
өлшемі40.01 Kb.
түріСабақ
БЕКІТЕМІН

Жалпы білім беру пәндері кафедрасының бастығы

з/полковник Д.Ш. Елжанов

2019 ж. «___» _____________

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша сабақ өткізу


ЖОСПАРЫ


3-тақырып: Software. Operating Systems / Бағдарламалық жасақтама. Операциялық жүйелер.

2-сабақ. Тақырыбы: Defining operating system properties / Операциялық жүйенің қасиеттерін анықтау.
Түрі: зертханалық сабақ

Білімділік және тәрбиелік мақсаты:


  1. Windows ХР ОЖ танысыу, практикалық тапсырмаларды орындау арқылы жұмыс атқару.

  2. ДК-де жұмыс істеуде практикалық дағдыларын дамыту.

  3. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа баулу.


Уақыты: 80 мин.

Орны: сабақ кестесіне сәйкес

Өткізу тобы: 351, 352, 362, 363, 364

Әдіс: ауызша-практикалық

Пайдаланған әдебиеттер мен оқу құралдары:

1. Шыныбеков Д.А., Ускенбаева Р.К., Сербин В.В., Дузбаев Н.Т., Молдагулова А.Н., Дуйсебекова К.С., Сатыбалдиева Р.З., Хасанова Г.И., Урмашев Б.А. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: оқу құралы. – Алматы: Бастау, 2008. – 239 б.

2. Ғабдуллаев Д., Медешова А. Дербес компьютердің бағдарламалық жасақтамасы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2010. – 176 б.

3. Интернет ресурстары.
Көрнекілік құралдары және әдебиеттер көрмесі:

Дәріс конспектісі жазылған дәптер, сынып тақтасы, бор, презентация, ЗЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқау.



Сабақ барысы



Оқыту сұрақтар

Уақыты


Әдістемелік нұсқау және оқытушының әрекеттері

1.

Кіріспе


5 мин


Топтaрдың сабаққа дайындығын қадағалау:

- кезекші курсанттан баянат тыңдау, курсанттарды түгендеу;

-курсанттардың сабаққа дайындығын тексеру;

-сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Сабақтың тақырыбы мен оқыту сұрақтарын жазып алу.

Сабақтың өту барысының ретін баяндау.



2.


Негізгі бөлім:

1 оқу сұрағы .

Familiarize yourself with OS types. (Операциялық жүйенің қасиеттерін анықтау).



70 мин


Өткен сабақта алған практикалық білімдерін еске түсіру мақсатында және бүгінгі тақырыппен байланысын ашу үшін ауызша қысқаша сұрақ-жауап өткізу:

1. Бағдарламалық жасақтама ұғымы?

2. Жүйелік БЖ, Аспаптық БЖ, Қолданбалы БЖ және түрлері.

3. Операциялық жүйелер және оның қызметі, интерфейсі.

4. Бағдарламалық жасақтаманың неше түрі бар?

5. Операциялық жүйе құрамы базалық модуль− қандай жүйелер мен программа жұмыстарын басқарады?

6. Қолданбалы программалық жасақтама түрлері?

7. Операциялық жүйелер жұмыс режимдері?

Операциялық жүйе (ОЖ) интерфейсі – бұл ОЖ пайдаланушының қатынасу құралы. Интерфейс көмегімен пайдаланушы ОЖ әртүрлі функцияларына қатынайды, олар файлдарды көшіру немесе бағдарламаны жүктеу және ОЖ хабарламаны алады.

Командалық жол – бұл келесі түрде жеке мәтіндік режимде жұмыс істейтін ОЖ интерфейсі:

- ОЖ экранға шақыру шығарады;

- пайдаланушы команда енгізеді және [Enter] басады;

- ОЖ экранға нәтижені шығарады.

Дербес компьютерді іске қосып, операциялық жүйені толық жүктеу.

Зертханалық жұмыстарды таратып, курсантардың дұрыс орындалуын қадағалау және жұмыс барысында туындаған сұрақтарға көмек беру.



3.

Қорытынды


5

Сабақта алған практикалық білімдері және ЗЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқау материалдарына қысқаша тезис түрінде қорытындылап шолу. Негізгі туындаған сұрақтарды бекіту. Өздік жұмысқа тапсырма беру.


ЖББП кафедрасының оқытушысы Г.У. Кушумбаева

Достарыңызбен бөлісу:


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет