Д. З. Айгужинова- э.ғ. к., С. Торайгыров атындағы пму доценті


тақырып Сақтандыру мәселерінің заңнамалық регламенттеу



жүктеу 1.17 Mb.
бет4/5
Дата09.07.2016
өлшемі1.17 Mb.
1   2   3   4   5

4 тақырып Сақтандыру мәселерінің заңнамалық регламенттеу
Сақтандыру нарықтық шараушылықтың экономикалық санаты ретінде Қазақстанның шаруашылық қатынастарында және байланыстар жүйесінде маңызды рөл атқарады.

Сақтандыру қызметін орындау үдерісінде сақтандыру ісін ұйымдастырумен және қоғамның өндіргіш күштерін сақтандырудың жүзеге асырылумен, жеке және заңды тұлғалардың мүліктік құқықтарын көптеген мүдделі тұлғалармен қалыптастырылатын арнайы қор негізінде әр түрлі жағымсыз жағдайлардан қорғаумен байланысты қоғамдық қатынастардың белгілі бір тобы пайда болады. Бұл қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы сақтандыру құқығы деп аталады.

Сақтандырудың құқықтық қарым-қатынастар жиынтығы осы қарым-қатынастардың түрлі жақтарына әсер ететін құқықтың бірнеше салалардың нормаларымен реттеледі. Құқықтың барлық салалары маңызы бар қағидалар мен нормалар тобын ҚР-ның негізгі заңнамасы ретінде Мемлекеттік құқық тіркейді. Әлеуметтік және қаржылық құқықтың нормалары сақтандыру мекемелерінің қарым-қатынастарына сақтандыру қадағалау органдарымен және салық қызметімен таралады. Олармен сақтандыру іс-әрекетін лицензиялау, сақтандыру қорларын ұйымдастыру мен қолдану тәртібі, сақтандыру тарифтерінің негізделуін және сақтандырушылардың төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуін бақылау, сақтандыру операцияларын есепке алу нысандары және сақтандыру іс-әрекеттің есептілігі, сақтандыру іс-әрекетінен түскен табыстарға салық салу және т.б. сұрақтар реттеледі. Сақтандыруда сақтандыру құрылымындағы жұмыскерлердің еңбегін ұйымдастыру, жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығару т.б. сұрақтарға байланысты еңбек құқығының нормалары да маңызды болады.

Сақтандыру сферасындағы қатынастардың айтарлықтай бөлігі, атап айтқанда сақтандыру ұйымдары мен сақтандырылушылар арасында пайда болатын мүліктік міндеттемелер азаматтық құқықпен реттеледі.

Сақтандыру қатынастарын реттеуші нормативті актілердің жиынтығы (жүйесі) сақтандыру заңнамасы болып табылады.

Нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдерде сақтандырудың жалпы нормалары кодификацияланады. Мұнда нормаларды заңды түрде тіркеудің 2 тәсілі бар: азаматтық және саудалық заңнаманы кодификацияланатын жалпы органикалық актке оның қосымша бөлігі ретінде қою немесе сақтандыруға ерекше заңдарды арнау. Бірінші тәсілді Италияда қолданады. Кешендік консолидацияланған актілерді қабылдау үлкен даму үрдісінде. Осылай, Жапонияда Ұлттық сақтандыру кодексі деген акты қабылданды. АҚШ-тың барлық штаттарында Ұлттық сақтандыру комиссиялардың ассоциациясы іс-әрекетімен жоғары біртектілік дәрежесі бар сақтандыру кодекстері шығарылды. Англияда сақтандырушылардың іс-әрекетін және сақтандырудың басқа түрлерінің қарым-қатынастарын реттейтін нормалары бар «Сақтандыру компаниялары туралы» Заңы бар.

Сақтандырудың дамуы, тиімділігі және жұмыс істеуі сәйкес құқықтық база және жаңа тарихи шарттарда сақтандыру қатынастарын бекіту мен реттеуге арналған заңи актілер жүйесін жасаусыз мүмкін емес. Қазіргі кезде ҚР-ның сақтандыру заңнамасы құрылу деңгейінде ғана тұр.

Біздің республикамызда сақтандыру заңнамасын 3 үлкен топқа бөлуге болады: жалпы заңнама, арнаулы заңнама және сақтандырушылармен құрылған және тіркелген нормативті іс-қағаздар.

Жалпы заңнамаға кәсіпкерлік түріне, қызмет түріне қарамастан барлық құқық субъектілерінің қызметін реттейтін құқықтық актілерді жатқызуға болады, соның ішінде ҚР МК, «Шаруашылық серіктестік туралы» Заң, Салық кодексі және т.б.

Жалпы заңнама кәсіпорындарды құрудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарын, соның ішінде сақтандырушылық, келісім-шарттарды жасау, олар бойынша жауапкершілік пен міндеттемелерді жүктеу шарттарын, кәсіпорын табысына салық салу облысында аса маңызды кәсіпорындардың өзара және мемлекетпен әрекеттесу тәртібін, ҚР территориясында кәсіпорындар есеп-айырысуларды, соның ішінде шетел валютасын пайдалану арқылы жүргізу тәртібін анықтайды.

Арнаулы заңнамаға «Сақтандыру іс-әрекеті туралы» заңи күші бар ҚР-ң президентінің жарлығы сияқты заңнамалық актілер кіреді. «ҚР сақтандыру туралы» бірінші Заңы 1992 жылы шілдеде қабылданды және ол тек осы сфераны реттеудің ең жалпы бастамаларын анықтады, өйткені онда сақтандыру ісінің қалыпты және реттелетін дамуына қажетті, сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін шарттар мен олардың төлем қабілетінің кепілдері, сақтандыру қызметін мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру және оны лицензиялаудың бірқатар негізгі ережелері болған жоқ.

Сақтандыру заңнамасының жүйесінің соңғы буыны болып сақтандырушылармен жасалатын және бекітілетін жергілікті сипаттағы актілері табылады.


5 тақырып Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының институционалдық құрылымы
Сақтандыру сыйлықақылары. 2011 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылдаған сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемі өткен жылдың ұқсас мерзімінде жиналған көлемінен 22,6 %-ға көп болып, 154619,71 млн. теңге болды.

1 сомасы қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары шегеріліп көрсетілген

Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі өткен жылдың осындай көрсеткішінен 20,7%-ға асты, ерікті жеке сақтандыру бойынша ұлғаю 51,3%, ерікті мүліктік сақтандыру бойынша ұлғаю 9,1% болды.

2011 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша сақтандыру сыныптары бойынша келіп түскен сақтандыру сыйлықақыларының құрылымына қатысты мынаны айта кетуге болады:

– міндетті сақтандыруда – сақтандыру сыйлықақылары түсімдерінің 57,9% (23 358,9 млн. теңге) – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша түскен, 34,8% (14 042,8 млн. теңге) – қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан сақтандыру бойынша түскен, 2,6% (1 038,1 млн. теңге) – тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру және басқалар бойынша – 4,7% түскен.
Кесте 1 – Сақтандыру сыйлықақыларының келіп түсуі

млн. теңге



Сақтандыру сыйлықақыларының келіп түсуі

1.12.2010ж.

1.12.2011ж.

1.12.2010ж. салыстырғандағы өзгерістер, %-бен

Сомасы

үлесі, %-бен

Сомасы

үлесі, %-бен

үлесі, %-бен

Барлығы, оның ішінде мыналар бойынша:

26090,6

100,0

154619,7

100,0

22,6

Міндетті сақтандыру

33437,2

26,5

40360,4

26,1

20,7

Ерікті жеке сақтандыру

31430,2

24,9

47555,6

30,8

51,3

Ерікті мүліктік сақтандыру

61223,3

48,6

66703,7

43,1

9,0

– ерікті жеке сақтандыруда – сақтандыру сыйлықақылары түсімдерінің 21,0% (9 967,3 млн. теңге) – жазатайым жағдайлардан сақтандыру бойынша түскен, аурулардан сақтандыру бойынша – 24,4% (11 607,6 млн. теңге), өмірді сақтандыру бойынша – 11,1% (5 278,6 млн. теңге), аннуитеттік сақтандыру бойынша – 43,5% (20 702,1 млн. теңге) болып келеді.

– ерікті мүліктік сақтандыруда – 5,4% (3 601,3 млн. теңге) – автомобиль көлігін сақтандыру бойынша, 49,1% (32 749,5 млн. теңге) – мүлікті сақтандыру бойынша (автокөлікті, әуе, теміржол, су көліктерін және жүктерді сақтандыруды қоспағанда, 16,8% (11 194,8 млн. теңге) – азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша (автомобиль көлігі, әуе көлігі және су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қоспағанда), 14,9% (9 912,5 млн.теңге) – басқа қаржы шығындарынан сақтандыру бойынша және басқалар бойынша – 13,8 % болды.

«Өмірді сақтандыру» саласы. 2011 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «өмірді сақтандыру» саласында жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 25 980,7 млн. теңге болды, бұл өткен жылдың осындай күніне қарағанда 61,1%-ға көп. Жиынтық сыйлықақылардағы «өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының үлесі есептік кезеңде 2010 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 16,8%-ға қарсы 12,8% болды.


Кесте 2 - Сақтандыру салалары бойынша (life, non-life) жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі былайша көрініс алды

млн. теңге



Сақтандыру салалары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының түсуі

1.12.2010ж.

1.12.2011ж.

1.12.2010ж. салыстырғандағы өзгерістер, %-бен

Сомасы

үлесі, %-бен

Сомасы

үлесі, %-бен

үлесі, %-бен

Сақтандыру салалары бойынша барлығы

126090,6

100,0

154619,7

100,0

22,6

Өмірді сақтандыру

16127,7

12,8

25980,7

16,8

61,1

Жалпы сақтандыру

109962,9

87,2

128639,0

83,2

17,0

«Жалпы сақтандыру» саласы. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша 2011 жылдың 11 айында жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 128 639,0 млн. теңге болды, бұл 2010 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда17,0%-ға көп. 0 20 40 60 80 100 120 1.12.2010ж. 1.11.2011ж. "

Қайта сақтандыру. Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 55 332,9 млн. теңге немесе сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемінің 35,7%-ы болды. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қайта сақтандыруға сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемінің 28,2%-ы берілді.

Қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қабылдаған сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасы 19 865,7 млн.теңге болды. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының резиденті еместерден қайта сақтандыруға сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 7 420,1 млн. теңге болды.

Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасында негізгі үлесті ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сыйлықақылар – 82,4%, міндетті сақтандыру бойынша – 15,9%, жеке ерікті сақтандыру бойынша – 1,7% болды.

Сақтандыру төлемдері. 2011 жылдың 11 айында жасалған сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі өткен жылдағы осындай кезеңмен салыстырғанда 67%-ға ұлғайып, 38 552,42 теңге болды. Бұл ретте, қайта сақтандыру ұйымдарынан қайта сақтандыру жөнінде өтемақы есебінен сақтандыру төлемдерінің үлесі 21,4% (8 239,9 млн. теңге) болып отыр.


Кесте 4 - Қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымдары қабылдаған сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасы

млн. теңге



Сақтандыру салалары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының түсуі

1.12.2010ж.

1.12.2011ж.

Сомасы

жиынтық сыйлықақылард ағы үлесі, %-бен

Сомасы

жиынтық сыйлықақылард ағы үлесі, %-бен

Қайта сақтандыруға берілген барлығы, оның ішінде

53335,3

42,3

55332,9

35,7

резидент еместерге

48012,0

38,1

43678,8

28,2

резиденттерге

5323,3

4,2

11654,1

7,5

Резидент еместерден қайта сақтандыруға барлығы қабылданған

6297,1

5,0

7420,1

4,8

Кесте 5 - Сомасы қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері шегеріліп көрсетілген


млн. теңге

Сақтандыру төлемдері

1.12.2010ж.

1.12.2011ж.

1.12.2010ж. салыстырғандағы өзгерістер, %-бен

Сомасы

үлесі, %-бен

Сомасы

үлесі, %-бен

үлесі, %-бен

Барлығы, оның ішінде мыналар бойынша:

23080,8

100,0

38552,4

100,0

67,0

Міндетті сақтандыру

8845,0

38,3

10523,7

27,3

19,0

Ерікті жеке сақтандыру

11818,2

51,2

19848,8

51,5

67,9

Ерікті мүліктік сақтандыру

2 417,7

10,5

8179,9

21,2

3,4 есеге

2011 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша сақтандыру сыныптары бойынша жасалған сақтандыру төлемдерін қарастырған кезде мынаны айта кетуге болады:



- міндетті сақтандыруда – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша – 56,6% (5 961,1 млн. теңге), қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан сақтандыру бойынша төлемдер 40,7% (4 283,4 млн. теңге), өсімдік шаруашылығын сақтандыру бойынша – 2,0% (212,6 млн. теңге) және басқалар бойынша – 0,7% болды;

- ерікті жеке сақтандыруда – сақтандыру төлемдерінің 38,1% (7556,4 млн. теңге) аурулардан сақтандыру бойынша, жазатайым жағдайлардан сақтандыру бойынша – 1,9% (376,2 млн. теңге), аннуитеттік сақтандыру бойынша – 58,9% (11 692,4 млн. теңге), өмірді сақтандыру бойынша – 1,1% (223,7 млн. теңге) болды;



- ерікті мүліктік сақтандыруда – 52,1% (4 260,4) – басқа қаржы шығындарынан сақтандыру бойынша, 14,5% (1 183,1 млн. теңге) – мүлікті сақтандыру (автокөлікті, әуе, теміржол, су көлігін және жүкті сақтандыруды қоспағанда) бойынша, 14,3% (1 172,8 млн.теңге) – автомобиль көлігін сақтандыру бойынша, 5,3% (435,4 млн. теңге) – азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша (автомобиль көлігі, әуе көлігі және су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қоспағанда) және басқалар – 13,8% болды.

2011 жылғы 11 айда жасалған сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасында сақтандыру төлемдерінің мейлінше көп көлеміне төлемдердің жиынтық сомасының 30,3%-ы болатын аннуитеттік сақтандыру ие болды. 2011 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығында 38 cақтандыру ұйымы (оның ішінде: 7 – өмірді сақтандыру бойынша), 14 сақтандыру брокері және 84 актуарий лицензияланған қызметін жүзеге асыруда.


Кесте 6 - Сақтандыру нарығы бойынша жалпы мәліметтер


Сақтандыру секторының институционалды құрылымы

1.12.2010ж.

1.12.2011ж.

Сақтандыру ұйымдарының саны, оның ішінде:

40

38

өмірді сақтандыру бойынша

7

7

Сақтандыру брокерлерінің саны

13

14

Актуарийлер саны

69

84

Есепті күнге қарай 27 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-ның қатысушылары болып табылады.

Капитал. 2011 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарының меншікті капиталының жиынтық мөлшері 230211,3 млн. теңге болды.
Кесте 7 - Қаржы көрсеткіштерінің мөлшері

млн. теңге



Қаржы көрсеткіштері

1.12.2010ж.

1.12.2011ж.

1.12.2010ж. салыстырғандағы өзгерістер, %-бен

Жиынтық активтер

333426,3

366596,0

9,9

Міндеттемелер

127897,6

136384,7

6,6

оның ішінде сақтандыру резервтері

112489,4

120247,2

6,9

басқа да міндеттемелер

15408,2

16137,5

4,7

Меншікті капитал (баланс бойынша)

205528,7

230211,3

12,0

Активтер. Сақтандыру ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 2011 жылғы 1 желтоқсанда 366 596,0 млн. теңге болды, бұл 2010 жылғы 1 желтоқсандағы осындай көрсеткіштен 9,9%-ға көп, оның ішінде:


Кесте 8 - Сақтандыру ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі

млн. теңге



Активтер

1.12.2010ж.

1.12.2011ж.

1.12.2010ж. салыстырғандағы өзгерістер, %-бен

Сомасы

үлесі, %

Сомасы

үлесі, %

үлесі, %

Ақша

26378,4

7,9

19986,3

5,5

-24,2

Орналастырылған салымдар

71735,2

21,5

91806,9

25,0

28,0

Бағалы қағаздар

148944,4

44,7

174300,5

47,5

17,0

«Кері РЕПО» операциясы

6586,3

2,0

6762,5

1,8

2,7

Сақтанушылардан және делдалдардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары

13 351,7

4,0

17033,9

4,6

27,6

Негізгі қаражат

5094,7

1,5

6785,5

1,9

33,2

Қайта сақтандыру активтері

43316,9

13,0

27339,9

7,5

-36,9

Басқа дебиторлық берешек

13298,1

4,0

16017,4

4,4

20,4

Басқа активтер

4720,6

1,4

6563,1

1,8

39,0

Активтер жиынтығы

333426,3

100,0

366596,0

100,0

9,9

Міндеттемелер. 2011 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарының міндеттемелер сомасы 136 384,7 млн. теңге болды, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңіне қарағанда 6,6%-ға көп.

Есепті күнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қолданыстағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін қалыптастырған сақтандыру резервтерінің көлемі 120 247,2 млн. теңге болды, бұл 2010 жылғы 1 желтоқсанда қалыптасқан резервтердің көлемінен 6,9%-ға көп.

Сақтандыру нарығының шоғырлануы. Қаралған кезеңде сақтандыру нарығының сақтандыру сыйлықақылары бойынша және сақтандыру төлемдері бойынша шоғырлану деңгейінің азайғаны байқалады. 5 ірі сақтандыру компанияларының үлесіне жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының 36,8%-ы және сақтандыру төлемдерінің 25,9%-ы келеді. Сақтандыру нарығының жиынтық активтерінің ішінде бес ірі сақтандыру компаниясының үлесі 52,3%-ды құрайды.


Кесте 9 - Сақтандыру нарығының жиынтық активтерінің ішінде бес ірі сақтандыру компаниясының үлесі


Жиынтық көрсеткіштерінен сақтандыру нарығының жиынтық көрсеткіштерінен үлесі, %

1.12.2010ж.

1.12.2011ж.

Бес ірі сақтандыру компаниясының сақтандыру сыйлықақылары

39,0

36,8

Он ірі сақтандыру компаниясының сақтандыру сыйлықақылары

51,5

50,2

Бес ірі сақтандыру компаниясының сақтандыру төлемдері

33,0

25,9

Он ірі сақтандыру компаниясының сақтандыру төлемдері

40,0

40,6

Бес ірі сақтандыру компаниясының активтері

52,7

52,3

Бес ірі сақтандыру компаниясының меншіктік капиталы

62,7

61,8

Сақтандыру секторының құрылымы. Қазақстанның сақтандыру нарығында 01.10.2010ж. кезеңіне 40 сақтандыру ұйымдары (соның ішінде 7 - өмірді сақтандыру, 27 ұйым көлiк құралдарының иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілікті бойынша сақтандыру, 13 сақтандыру брокерлері және 65 актуарийлер) лицензияланған қызмет көрсетеді.

Қазақстан аймағында 3 Кроме того, на территории Казахстана действуют 3 ресейлiк сақтандырушылардың өкiлдiктерi– ОСАҚ

Кесте 11 – Сақтандыру секторынның институционалдық құрылымы




Сақтандыру секторынның институционалдық құрылымы

01.10.2009г.

01.01.2010г.

01.10.2010г

Сақтандыру ұйымдарының саны, соның ішінде

43

41

40

Өмірді сақтандыру бойынша

7

7

7

Сақтандыру брокерлер саны

12

13

13

Актуарийлер саны

63

63

65

Қайнар көз: Қаржы нарығының реттеуге және қадағалауы бойынша ҚРдың агенттiгi және қаржы ұйымдары

«Ингострах», ОАҚ «Российское страховое народное общество «Росно» және ОАҚ «Страховое общество газовой промышленности». Аоn Казахстан, Марш и TOS RISQ Kazakhstan сақтандыру брокерлерлердің арасынан халықаралық сақтандыру брокерлерінің құрылымына кіреді.

105 өзара сақтандырудың қоғамдары 01.10.2010ж. кезеніңе тіркелген. Сақтандыру ұйымдары 278 филиалдары бар, сонын ішінде 222 филиал – өмірді жалпы сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары, 14 филиалдар – өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары. 28 сақтандыру ұйымдары есеп кезеніне АҚ «Сақтандыру төлемдерінің кепілдік» қатысушылары болады.

01.10.2010ж. кезен жағдайына ҚҚА мәлімет бойынша 3 сақтандыру ұйымдар (АҚ «СК «Алтын Полис», АҚ «НСК «НАСКО-Казахстан» және АҚ «Premier Страхование») ықтиярсыз жоюды процесстерде болады, 1 сақтандыру компания АҚ СК «Темiр Ат») ықтиярсыз жоюды процесстерде болады.


: fulltext -> transactions
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті
transactions -> К. С. Ислям латын тілі мемлекеттік тілде оқитын студенттерге арналған оқулық
transactions -> МӘШҺҮр жүсіп қолжазбаларындағы ислам мәдениеті
transactions -> Оқулық Павлодар єож 372. 881. 151. 212. 2(075) бкк 81. 2 Ќаз т 87
transactions -> Аудармадағы аударылмайтын сөздер 050207 «Аударма ісі»
transactions -> МӘШҺҮР –ЖҮсіп көпеев шығармаларындағы төрт түлік малғА Қатысты заттық МӘдениет
transactions -> Мұса мырза (халық ауызында сақталған деректер бойынша)
transactions -> А. Х. Жакиянова Өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері


1   2   3   4   5


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет