Д. З. Айгужинова- э.ғ. к., С. Торайгыров атындағы пму доценті


тақырып Сақтандырудың актуарлық қызметі



жүктеу 1.17 Mb.
бет5/5
Дата09.07.2016
өлшемі1.17 Mb.
1   2   3   4   5

6 тақырып Сақтандырудың актуарлық қызметі
Актуарийлер – көпжақты мамандар – олар математика, статистика, экономика, демография, ықтималдылық теориясы мен қаржы сияқты ғылымдардан жақсы теориялық дайындығы мен қолданбалы шеберлігі бар аналитиктер. Осы аналитикалық және тәжірибелік білім кездейсоқ әлеуметтік факторларды есепке алып қаржылық үлгілеу кезінде қолданылады, бұл ұжымдық қаржылық институтардың экономикалық және әлеуметтік мәселелерін ескертуге және шешуге мүмкіндік береді. Жиналған статистикаға негізделіп, компьютерде бағдарламаланған математиқалық модельдер арқылы актуарийлер тәуекелді басқару әдістері қолдана отырып, жақын және ұзақ мерзімге қаржылық болжамдар жасайды. Басқаша айтқанда, актуарийлер топменеджерлерге мүмкін болатын шешімдердің салдарына аналитикалық негіздемелер мен баға береді. Жобаның сәтсіздікке ұшыраған жағдайында, дәл осы актуарийлердің өзі, орын алған жағдайдан ең төменгі шығындармен шығудың тәжірибелік шешімдерімен қамтамассыз етеді.

«Актуарий» сөзі латын «actuarius» - есепші, жазушы – сөзінен шыққан. Ежелгі Римде осы мансапты атқарған адам, Сенатта мәжіліс хаттамасын жүргізген. Алайда, бұл сөз хатшылық мәнінен айырылып, 18 ғасырдың соңынан бастап сақтандыру ісіменен тығыз байланысты болып отыр. «Актуарий» мамандығының қазіргі замандағы түсініктемесінің шығу тегі алғашқы өмірді сақтандыру ұйымдарының пайда болуымен, сыйлықақыларды нақты ғылыми негізде есептеу қажеттіліктерінен пайда болды. Қазіргі заман тілімен айтқанда, бірінші актуарлық фирма 1762 жылы Ұлыбританияда ашылды. Кейінгі жылдары мұндай фирмалардың ұдайы көлемінің өсуі, нарық қажеттілігімен анықталды. Кәсіпқой актуарлық ұйымдар құру қажеттілігін ұғыну осы процестің қисынды қортындысы болып табылды. Осылай (1848 ж.) Лондонда актуарийлер институты мен (1856 ж.) Эдинбургте актуарийлер факультеті жарық көрді. Олардың негізгі міндеттері актуариялық істің теориясы мен практикасының дамуына жәрдем беру, біліктілік есептеулерге қажет статистикалық мәліметтерді қоса, актуарийлердің ақпараттық қамтамассыздануын жетілдіру болды. Сол кезден бастап, сақтандыру мен зейнеткерлік қамтамассыз ету туралы, қоғамдық қатынастардың осы саласын реттейтін мемлекеттік кесімдердің маңыздылығы түсініле басталды.

Біздің елімізге қарағанда, актуарий мамандығы шетелде жоғары ықпалға ие. Мысалы АҚШ-та бұл мамандық беделді және қадірлі болып табылады, және мамандықтардың ең жорғары бағанасына (рейтинг) ие болып отыр. Бірақ, біздің қазақсандық институттарда бұндай мамандыққа қызығушылығын жоғарлатуда. Бізде актуарийлер сақтандыру компаниялары, банктер мен зейнеткерлік қорлар сияқты құрылымдарда сұранысқа ие.

2001 жылы қаңтардың 1 жұлдызында күшіне енген сақтандыру ұйымдарын тіркеу мен қаржылық есеп беруінің жаңа стандарттары, халықаралық үлгілерге сәйкес сақтандыру нарығын ұйымдастырудың стандарттары мен принциптері енгізілген «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы арқылы Қазақстанда актуарий мамандығы құрылды. Жаңа заңнама бойынша, әрбір сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында лицензияланған актуариймен есептелген сақтандыру резервтері, барлық сақтандыру түрлері бойынша шығындылық коэффициентті болуы міндетті. Заңға сәйкес, актуарий ретінде ҚР-ң Ұлттық Банкімен берілген актуарлық қызметті жүзеге асыру үшін лицензиясы бар жеке тұлға болуға құқылы.

Актуарлық қызметтің міндеті – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының төлем қабылеттілігі мен қаржылық тұрақтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында, сақтандыру мен қайта сақтандыру келісімдері бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономико-математикалық есептеулерін жүзеге асыру болып табылады.

Актуарийлер сақтандыру компанияларының кеңсе қызметкерлерінің әдеттегі сұрақтарына жауап береді. Мысалы, франшиза – сақтандыру компаниясы төлемейтін залал мөлшерінің - болатын болса, тәекелден құтылу үшін төленетін сақтандыру сыйақысының қаншалықты төмендеуі қажет? Үлкен тәуекел болған жағдайда, қайта сақтандыру шығындарын есепке ала отырып, сақтандырушының қайта сақтандырушыға тапсыратын тәуекелдің үйлесулі деңгейі қандай болмақ? Осы және көптеген басқа сұрақтардың жауабын актуарийлер біледі. Актуарийлер сақтандыру үйымдары мен мемлекеттік емес зейнеткерлік қорлардың тарифтік саясатын анықтауда елеулі роль атқарып, қаржылық келісім міндеттемелеріне, бағалы қағаздар жиынтығының құнын бағалайды. Актуарийлер кәсіпорындағы қаржы менеджерлеріне, жалақыдан басқа, қызметкерлерге қатысты әр түрлі шығындарды бағалауға көмектеседі. Актуарлық болжамдар өтімділік дағдарыстарын, басқаша сөзбен айтқанда, төлемдерді жүзеге асыруға қажет бос ақша қаражаттарының жетіспеушілігін, болдырмауға мүмкіндік береді. Актуарийлер негізгі қаржылық дайындықтарының болу есебінен, кез-келген қаржылық жобалардың инфляция сияқты негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді есепке ала отырып, шығындардың өтелу мерзімі мен нәтижелелігін, болжамалы кіріс мөлшерін есептеу мәселесін орындай алады. Актуарлық қызмет қаржылық есептеулер мен бухгалтерлік еспке алу, қызметкерлер құрамын басқару аясында жүрген адамдарға қызықты, сонымен қатар актуарийлер өз жұмысы барысында осы аралас мамандықтардың мамандарымен тығыз байланыста болады.

Қазір актуарийлерге қажетті университет, не басқа да дайындықтан өткен, емтихан тапсырған және формальды түрде актуарийлердің ұлттық кәсіптік ұйымдарға (мысалы, Ұлыбританиядағы акруарийлер Институты; АҚШ пен Канададағы актуарийлер Қоғамы; Финляндиядағы актуарийлер Ассоциациясы) кіретін кісілер жатады.

1895 жылы Белгия, Франция, Германия, Ұлыбритания мен Америка Құрама Штаттарының ұлттық кәсіптік қоғамдары Брюсселде тіректенген, әрбір төрт жыл сайын өз Конгрестерін өткізіп отыратын (кезекті, 28-ші Халықаралық Актуарийлердің Конгрессі Парижде 2006 жылдың мамыр- маусым айларында өтті), Халықаралық Актуарийлердің Ассосациясын (International Actuarial Association – IAA) ұйымдастарды. Халықаралық актуарийлер конгрестерінің бірден-бір дәстүрі барлық ұлттық қоғамдардың актуарлық бірлестіктерге өздерінің құрылымы, қызметі, ғылым мен тәжірибидегі талғақты мәселелері, қызықты статистиқалық шамалары туралы ақпарат таратуына мүмкіндік беру болып табылады. Конгресстер таза және қосымша ғылымдардың өкілдерін қызықтыратын үлкен ғылыми бағдарламаны қамтиды.

IAA – ның толық құқылы мүшесі болуы үшін, ұлттық актуарийлер ассосациясы мына шарттарды қанағаттандыруы қажет:

1. Осы елде кәсіптік қоғам ретінде заңды түрде рәсімделуі;

2. Европалық Актуарлық кеңес топтарының (европалық актуарийлер ассоциацияларын біріктіретін ұйым) талаптарына сәйкес этика кодексін енгізу;

3. Тәртіп – тәлім кодексін сақтау және шағым арыздарын қарастырудың теңбе-тең механизмінің болуы;

4. IAA – ның негізгі пән тізімдеріне сәйкес және 2005 жылдан бастап IAA толық құқылы мүше ретінде усынылатындарға қойылатын талаптарға сәйкес актуарийлерді дайындау;

5. Жыл сайынғы мүшелік жарнаны төлеу (қазіргі кезде ассосацияның бір мүшесіне – 6,5 канадтық доллар)

IAA www.acturies.orq вебсайтында IAA толық мүшелері болып саналатын ұйымдардың тізімі бар.
7 тақырып Жеке сақтандыру
Өзіндік сақтандыру - өте ежелгі институт. Оның бастауларын ежелгі римдіктер де білген. Онда Диана мен Антониоға табынушылардың діни ұйымы болды. Бұл ұйым айтарлықтай демократияланған еді, оған тек ерікті адамдар ғана емес, сонымен қатар құлдар да кірді. Олар бастапқы салымдарды төледі және ұйым мүшелерінің бірі қайтыс болса, оны өз ақшаларына жерледі және ақшаның белгілі бір бөлігін мұрагерлеріне берді. Ежелгі Римде легионерлер кассалары да болды. Оларды мемлекет сақтандырды. Легионерлер олар қайтыс болған жағдайда туыстарының сақтандырушылық өтемді алу мүмкіндігі болатындай белгілі бір жарналарды төледі.

Италияда орта ғасырларда кедей халыққа өз қыздарын күйеуге қалыммен беруге көмектесетін мекемелер болды. XVII ғасырда тегі Тотти болатын венециандық дәрігердің мемлекеттік қарыз беру идеясы іске асырылды. Сақтандыру мүшелері анықталған сомаға қол қойып, 10 топқа бөлінді. Өз тобында басқаларынан ұзақ өмір сүретін адам қайтқан мүшелердің мұрагеріне айналады. Тотти өзіндік сақтандырудың әкесі болып саналады, өйткені ол сақтандыруға жастық градацияны енгізген.

Англияда 1699 ж. бірінші болып жесір мен жетімдерді, содан кейін барлық халықты өзіндік сақтандырумен айналысатын мамандандырылған мекеме пайда болды, оның аты «Эквитебль». Бұл мекеме бірінші болып мүмкіндік теориясын қолданды, өмірді сақтандыруға математиканы енгізді, қайтыс болу кестелерін есептеді.

Қазір біздің елімізде өзіндік сақтандыру – бұл отбасы кірісін немесе әл-ауқаттың қол жеткізілген деңгейін қорғайтын сақтандырудың саласы болы табылады. Өзіндік сақтандырудың объектілері адам өмірі, денсаулығы және еңбек қабілеттілігі болып табылады, ал бұл сақтандыру қолданылатын нақты сақтандыру жағдайлары:



  • келісілген жас немесе жағдаймен шарттасылған сақтандыру мерзімінің соңына дейін өмір сүру;

  • сақтандырылушының немесе сақтандырылған адамның қайтыс болуы;

  • келісімде көрсетілген жағдайлар, негізінен сәтсіз оқиғалардың салдарынан сақтандыру мерзімі кезінде денсаулықты жоғалту.

Бұл өзіндік сақтандыруды тән немесе жанды сақтандыру болып қарастыруға болмайтынын көрсетеді. Бұл тек мүліктік жағын қорғауды білдіреді.

Мысалы, сақтандырылушы (жеке тұлға) сәтсіз жағдайдан немесе аурудан сақтандыру келісім-шартын жасағанда, осы жағдайлар әсерінен тереңдетілетін мүліктік мүдденің сақтандырушылық қорғауын қамтамасыз етеді.

Сақтандырылушылар ретінде жеке және заңды тұлғалар бола алады, ал сақтандырылғандар – бұл 16 - 80 жасқа дейінгі жеке тұлғалар. Әр жағдайда өзіндік сақтандыру тұлғамен (жеке тұлғамен) байланысты болады. Мысалы, жұмыс беруші заңды тұлға (фирма, кәсіпорын, АҚ т.б.) мейірман, еңбекқор және дұрыс ұжымды қалыптастыру үшін өз қаражаттары есебінен жұмыскерлердің өзіндік сақтандырылуын (медициналық қамтамасыз ету, спорттық-денсаулық турларға бару және т.б.) жүзеге асыра алады.

Өзіндік сақтандыруға өмірді, қауіпті жағдайлардан және медициналық сақтандыру кіреді.

Өмірді сақтандыру – сақтандырылғанның қайтыс болуына немесе оның сақтандыру мерзімінің аяқталуына дейін өмір сүруіне немесе белгілі бір анықталған жасқа дейін өмір сүруіне байланысты төлемдердің төленуін көздейтін сақтандыру келісім-шарттарының түрлері. Бұл келісімдердің барлығы айтылған сақтандыру сомасы жиналғанға дейін сақтандыру төлемдерін төлеуін қарастырады.

Өмірді сақтандыру ұзақ мерзімді сипатта болады, келісімдер бірнеше жылға немесе өмір соңына дейін болады; онда жинау және ақша-қаражаттарын сақтау элементтері бар. Осының салдарынан өмірді және зейнетақыны сақтандыру сақтандырудың жинақтаушы (ұзақ мерзімді) санатына жатады.

Сақтандыру төлемі келесі факторларға байланысты болады:


  • сақтандырушының жасы;

  • сақтандыру мерзімі;

  • сақтандырушының жасы елдегі орташа өмір ұзақтығымен шектеледі.

Сақтандырушылық қамсызданудың төлемі келесі жағдайларда болады:

  • айтылған мерзімге немесе жағдайға дейін жету немесе зейнеткер жасына дейін жету, сол кезде айтылған мөлшерінде өмір бойы зейнет ақы беріледі;

  • сақтандырылған тұлға қайтыс болса;

  • сақтандыру мерзімі ішінде болған сәтсіз оқиға нәтижесінде алған түрлі жарақаттар болғанда.

Өзіндік сақтандырудың келесі түрлері болады: өмірдің аралас сақтандырылуы, балаларды сақтандыру, неке қиюны сақтандыру, қосымша зейнет ақыны сақтандыру, отбасылық өмірді сақтандыру.

Аралас сақтандыру кезінде бір келісімде сақтандырудың бірнеше түрлерінің біріктірілуі болады. Оған сақтандыру мерзімінің аяқталуына дейін жету, сақтандырылғанның қайтыс болу кезін сақтандыру, қауіпті жағдайлардан сақтандыру жатады.

Сақтандыру сомасы сақтандырушы тілегімен, оның материалдық жағдайына байланысты анықталады. Сақтандыру төлемдері ай сайын төленеді. Сақтандыру оқиғаларға жататындар:


  • сақтандыру мерзімінің аяқталуына дейін өмір сүру. Бұл кезде сақтандыру кезінде қауіпті жағдайлар үшін төлемдер төленсе де, сақтандыру сомасы толығымен төленеді;

  • жалпы еңбек қабілеттілігін жоғалту. Бұл кезеңде келесі нұсқалардың бірі бойынша анықталатын сақтандыру өтеледі:

1) сақтандырушы өз еңбек қабілеттілігін қандай пайызға жоғалтса, сол пайызға сақтандыру сомасы төленеді. Еңбек қабілеттігін жоғалту пайызы арнаулы құрастырылған кестелер бойынша анықталады;

2) сақтандырудың сомасының белгілі пайызы сақтандырылғанның еңбекке қабілетсіз болған әрбір күнін өтейді. Бұл пайыз келісім жасалғанда анықталады.

- сақтандырылғанның қайтыс болуы, егер ол келесі жағдайлар әсерінен болмаса, сақтандыру оқиғасы болып табылады:

1) егер келісім күшіне енген алғашқы 6 ай ішінде (сақтандыру компаниясы бұл мерзімді өзі бекітеді) сақтандырылушы онкологиялық немесе жүрек ауруынан қайтыс болса;

2) сақтандырылушы өзін-өзі өлтіргенде;

3) ол автокөлікті маскүнем, нашақорлық, токсикологиялық масығу кезінде жүргізгенде;

4) егер тергеуші органдар немесе сотпен оның іс-әрекетінде әдейі жасалған қылмыс деп білінсе.

Осы айтылған жағдайларда сақтандыру сомасының орнына сатып алу сомасы төленеді – бұл сақтандырылғанның қайтыс болу күнге дейін төленген сақтандыру төлемдерінен сақтандырушы істеріне кеткен белгілі бір пайызды алып тастағаннан кейін сома. Сонымен бұл сақтандыруда кез келген себептер бойынша қайтыс болғанда сақтандыру міндеттілігі әрекет етеді және шектеу тек сақтандыру немесе сатып алу сома мөлшерімен байланысты болады.

Өмірді сақтандырудың аралас келісімдері 16 – 77 жастағы азаматтармен 3, 5, 10, 15 және 20 жыл мерзімге жасалады. Сақтандыру сомасы сақтандырылушымен анықталады.

Балаларды сақтандыруда сақтандырылушы ретінде баланың ата-анасы, басқа туыстары шығады, ал сақтандырылған болып өмірдің бірінші күннен бастап 15 жасқа дейін бала табылады. Сақтандыру мерзімдері 18 жас пен сақтандырылғанның қазіргі толық жасының айырмасы арқылы анықталады.

Қауіпті жағдайлардан және аурулардан сақтандыру. Сақтандыру компаниялары сәтсіз оқиғалардан сақтандырудың алуан түрлерін ұсынады, олар жеке және ұжымдық болуы мүмкін.

Сәтсіз жағдай болып келісім-шарттың әрекет ету кезеңінде сақтандырылушы немесе сақтандырылғанмен болған және денсаулықтан жартылай айырылу, ауру немесе өлімге әкелетін кенетті, күтпеген, әдейі болмаған жағдайлар саналады.

Сақтандыру ережелерінде сақтандыруға жататын сәтсіз оқиғалар және аурулар және қауіпті жағдайлар мен аурулар санатына жатпайтын оқиғалар анықталады.

«Қауіпті жағдайлардан және аурулардан» болатын сақтандырушылық оқиғалардың кең таралған белгілері болып олардың қысқа мерзімділігі және зиянның мөлшерін болжау қабілетсіздігі болып табылады. Сондықтан «қауіпті жағдайлардан сақтандыру» классының барлық түрлері сақтандырудың тәуекелді санатына жатады.

Мұндай сақтандырудың керектігі жиі өзгеретін нақты өмір жағдайларымен, адам өз өмірінде жиі кездесетін объективті негативті заңнамалармен түсіндіріледі.

Мысалы, іс-сапар, әсіресе шет елге барғанда, күрделі және қауіпті жұмыстарды орындау, таулы жерлерде, баруы қиын жерлерде демалу, спорттық жарыстарға қатысу мерзімінде сәтсіз оқиға мен аурулардан сақтандыру.

Сақтандырылғанның денсаулық жағдайы ескерілмейді (1 топтағы жұмыс істемеген мүгедектен басқа). Сақтандыру сомасы сақтандырушы тілегімен анықталады. Сақтандыру төлемі келісім жасаған кезінде сақтандыру тарифі бойынша бір рет төленеді. Сақтандыру тарифтері сақтандырылушы мамандығының қауіп деңгейіне немесе оның нақты істеген жұмысына байланысты дифференциаланады.

Сақтандыру жағдайлары:



  • қауіпті жағдайдың нәтижесінде жалпы еңбек қабілеттілігін жоғалту. Төлемнің мөлшері өмірді сақтандыруда сияқты анықталады;

  • қауіпті жағдайдан сақтандырылушының қайтыс болуы (аурудан қайтыс болу – сақтандыру жағдайы емес): сақтандырудың сомасы толығымен төленеді.

Медициналық сақтандыру. Дүниежүзілік тәжірибеде денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың келесі модельдері бар:

  • бюджеттік;

  • жеке медициналық тәжірибе;

  • сақтандыру немесе әлеуметтік сақтандыру.

ҚР-да 1995 жылдан 1997 жылға дейін міндетті медициналық сақтандыру моделі енгізіліп көрінді, содан кейін мемлекет тапсырыстары негізінде денсаулық сақтау саласын бюджеттен қаржыландыру болды. Медициналық сақтандыру - әр себептен денсаулықты жоғалту кезінде халықтың мүдделерін қорғайтын әлеуметтік қорғау нысаны. Ол медициналық көмекті алумен, сонымен қатар денсаулықты сақтаумен байланысты басқа да шығындармен шарттасылған азаматтардың шығындарын компенсациялаумен байланысты.

Медициналық сақтандырудың 2 деңгейі анықталған:



  • мақсаты жеке тұлғалық сақтандыру салымдарына байланыссыз барлық азаматтарға кепілденген емдеу-профилактикалық деңгейді қамтамасыз ету болатын міндетті медициналық сақтандыру.

  • ерікті медициналық сақтандыру кәсіпорындардың, ұйымдардың, кәсіподақтар мен азаматтардың ынтасы бойынша жүзеге асырылады және міндетті медициналық сақтандырудың кепілді қызмет көрсетулердің үстіне қосымша қызметтерді алуды қамтамасыз етеді.

Медициналық сақтандырудың мүшелері – бұл сақтандырушы; жұмыс істемеген халықтың сақтандырылушысы (жергілікті атқару органдары, сақтандыру төлемдері жергілікті бюджеттен төленеді); жұмыс істеген халықтың сақтандырылушысы болып жұмыс беруші табылады. Басқа санаттағы тұлғалар сақтандыру төлемдерін өздері төлейді.
8 Тақырып Мүлікті сақтандыру
Кәсіпорындардың мүліктік мүдделерін сақтандырудың экономикалық мәні және оның экономикадағы рөлі. Сақтандыру құны және сақтандыру сомасы. Қазіргі заманғы жағдайларда табиғи, техногенді апаттардан, өрттерден және басқа да төтенше оқиғалардан шығындар пайда болған жағдайда кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесі аса үлкен маңызға ие болуда. Кәсіпорындардағы шығындар сыртқы немесе ішкі факторлардың салдарынан туындайды. Көптеген кәсіпорындарда құрал-жабдықтың тозуының жоғары дәрежесі, ескірген технологияларды қолдану, сақтық шараларды өткізуге қаражаттардың болмауы орын алғандықтан, мұнымен жағдай одан да күшейе түсуде.

Сонымен, әрбір кәсіпорынды барлық мүмкіндікті тәукелдерді (апаттар, жарылыстар, өрттер және т.б.) тасушы ретінде қарастыру қажет. Ал олардың нәтижесінде кәсіпорын ірі шығынды қаржылық түрде өзі жеке өтей алмаған жағдайлар пайда болады.Осының салдарынан мүлік көп уақыт бойы қайта қалпына келмейді, бұзу нәтижесінде ұзақ қарапайым өндіріс орын алады, адамдар жұмыс орындарынсыз қалады.

Өндірістің белгілі бір саласындағы шығындарды және қандай да бір оқиғалардың нәтижесінде пайда болатын сәйкессіздіктерді шұғыл жою үшін әрбір кәсіпорында қаржылық қорлар құрылады. Алайда олардың көлемдері шектелген, олар пайда болатын шығындардың тек шамалы ғана бөлігін толықтыруға мүмкіндік береді. Осы қорлардың ұлғаюы айналымнан қаражаттардың экономикалық ақталмаған аударуына әкеліп соғар еді. Сонымен қатар, кәсіпорын жеке қаржаттарын пайдаланған кезінде зиянды ешқандай өтеуі болмайды.

Зиянның ірі ауқымдары кезінде оны өтеу үшін соңғы уақытқа дейін бюджеттік қаржылар бөлінеді. Қазіргі жағдайларды мұндай қаржыландыру қолайсыз болып табылады. Ол тек ерекше жағдайларда ғана мүмкін бола алады.

Кәсіпорындардың мүлкін сақтандыру кезінде сақтандырудың объектілері болып келесілер табылады:


  • ғимараттар мен құрылыстар;

  • өндірістік, технологиялық және басқа да құрал-жабдықтар;

  • шикізат пен материалдар;

  • қоймалардағы тауарлар, көрме үлгілері.

Сақтандыруға мүлік қабылданады, егер ол:

  • меншік құқығы негізінде қамсызданушыға тиісті болса;

  • қамсызданушының толық шаруашылық қарауында болса;

  • қамсызданушының оперативті басқаруында болса;

  • жалға алу немесе жалға беру келісім-шартының құқықтарының негізінде қамсызданушының пайдалануында болса;

  • өзінің түрі бойынша қауіпсіздендірілген мүлікке жатуы және қандай да бір мақсаттар үшін сақтау не болмаса басқару үшін қамсызданушыға берілуі мүмкін басқа да мүлік. Бұл кезде мүлік егер ол оның иесімен қауіпсіздендірілмеген болса, онда сақтандыруға қабылданады.

Ғимараттар мен құрылыстардың, өндірістік, технологиялық және кеңселік пен басқа да мүліктің сақтандыру құны болып сақтандыру келісім-шартын жасау кезеңіндегі (нақты құн) жағдайы бойынша берілген аймақта қауіпсіздендірілген объектінің түрі мен сапасы бойынша ұқсас жаңа объектінің құрылысының немесе оны иемденудің құны табылады.

Сақтандыру сомасы сақтандырушы мен қамсызданушының арасындағы жақтардың келісімі бойынша анықталады, бұл кезде сақтандыру құнын дұрыс анықтау үшін болатын жауапкершілік қамсызданушыға жүктеледі.

Сақтандыру кезеңінде сақтандыру сомасын алдын ала анықтау мүмкіндігі болмайтын мүліктің жеке санаттарын сақтандыру кезінде қамсызданушы жақтар арасында белгілі бір келісілген және сақтандыру полисінде көрсетілген датаға тауар қорлары немесе басқа бір қауіпсіздендірілген мүлік туралы ағымдағы есепті сақтандырушыға мәлімдеуге міндетті. Бұл кезде белгілі бір датаға құн егер ол сақтандыру сомасынан асып түскен жағдайда да толық көлемде қамсызданушымен мәлімделуі керек.

Егер сақтандыру келісім-шартының әрекет ету кезеңінде қауіпсіздендірілген мүліктің сақтандыру сомасы жақтар арасында келісілген құнға қарағанда өзгерсе, онда қамсызданушы көрсетілген құнның ұлғаюына сәйкес келетін қосымша сыйды төлей отырып, қауіпсіздендірілген мүліктің нақты құнын қайта қарау туралы жазбаша түрде үнемі мәлімдеуі керек.

Мүлік сақтандыруға тек қамсызданушымен мәлімделген құнда қабылданады, бірақ оның нақты құнынан аспауы қажет. Егер мүлік қамсызданушымен сақтандыруға нақты құннан аз болатын мөлшерде мәлімделсе, онда шығын көлемін анықтау пропорционалды жүйе бойынша жасалады.

Сақтандыру сомасы мен сақтандыру құны әрбір сақтандырылатын объект бойынша немесе сақтандыру полисінде көрсетілген объектілер не болмаса заттар жиынтығы бойынша жеке-жеке белгіленеді.

Нарықтық қатынастар жағдайларында азаматтар мүлкін сақтандырудың қажеттілігі. Нарық жағдайларында халық заттай, сондай-ақ құнды түрде мүліктік құндылықтарының көлемін ұлғайтуға аса кең мүмкіндіктерге ие болады, бұл кезде оны сақтауда, ал зақымдану немесе жойылу жағдайында – шығындарды өтеу қажеттігі туындайды.

Ойда болмаған оқиғаның нәтижесінде мүліктен айырылу және осыған байланысты материалдық шығынға ұшырау тәуекелі азаматтарда сақтандыру қажеттігін туындатады.

Азаматтар мүлкін сақтандырушылық қорғау мәселесі нарықтық жағдайларда халықтың жинақтарының есебінен, сондай-ақ сақтандырудың көмегімен шешіледі. Бұл кезде сақтандыру халықтың материалдық мүдделерін сақтандырушылық қорғау нысаны ретінде апаттардың, өрттердің және басқа да оқиғалардың қиратқыштық саладарынан шығынды өтеудің қолайлы тәсілі болып табылады.

Үй мүлігі, сонымен қатар құрылыстар қамсызданушының мүддесі бойынша келесі төрт нұсқалардың біреуі бойынша қауіпсіздендірілуі мүмкін:



  • нәтижесінде мүлікке зиян келтіруі мүмкін барлық сақтандыру жағдайларынан шығындарды өтеу;

  • жануды тудыртқан себептен байланыссыз мүлікті отпен зақымдағанда немесе жойған кезде;

  • апат не болмаса сәтсіз оқиғаның нәтижесінде мүлікті сумен зақымдау немесе жойған кезде;

  • басқа тұлғалардың құқыққа қарсы іс-әрекеттерінің салдарынан ұрлау, жою немесе зиян келтіру нәтижесінде мүліктен айырылу.

Мұндай тәртіп аса үлкен дәрежеде қамсызданушылардың мүдделерін қанағаттандырады, себебі жеке тәуекелдер бойынша сақтандыру жауапкершіліктің бүкіл кешеніне қарағанда әлдеқайда арзан болады. Қамсызданушы келісім-шартты жасау кезінде оның көзқарасы бойынша аса үлкен ықтималдықпен болуы мүмкін тәуекелді таңдайды.

Әскери әрекеттердің, ланкестік әрекеттердің, азаматтық наразылықтардың, ереуілдердің, қамаулардың және т.б. кез келген түрінің нәтижесінде туындайтын үй мүлігінің заттарын, сонымен бірге құрылыстарды (пәтерлерді) зақымдаған, жойған кездегі шығындар өтелмейді.

Қамсызданушылар үшін экономикалық жағдайлардың көрсеткіші болып қауіпсіздендірілген мүлікті сақтандырушылық қамтамасыз етудің көлемі табылады. Осыдан шыға отыра, азаматтардың мүлкін сақтандырудың әрекеттегі түрлері бойынша, қамсызданушы сақтандырудан пайда таппау керек деген қағидадан шыға отырып, оның нақты құнының мөлшерінде сақтандырушылық қамтамасыз етудің шекті деңгейі белгіленген.

Меншікті қорғау үшін өткізілетін шаралардың кең ауқымына қарамастан, апатты құбылыстар мен қолайсыз оқиғалар халықтың материалдық әл-ауқатының деңгейіне кері ықпалын тигізуде. Сақтандыруда азаматтар апаттардан болатын олардың мүліктерінің жойылуының нәтижесінде шығындарды өтеу тәсілін табады. Сөйтіп, сақтандыру азаматтарды олардың мүліктерінің зақымдануымен немесе жойылуымен байланысты пайда болатын қиындықтардан құтқарады.


9 тақырып Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру
Жауапкершілікті сақтандыруда объект ретінде үшінші жақ алдында қамсызданушының іс-әрекетімен не болмаса әрекетсіздігімен әдейі істелмеген зиянды келтіргені үшін қамсызданушының жауапкершілігі танылады.

Жауапкершілікті сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні 2 жағдайдан тұрады:



  • заңнама бойынша үшінші жаққа (зардап шеккенге) келтірілген зиянын өтеуге міндетті қамсызданушының мүліктік мүддесін қорғайды;

  • үшінші жақтың мүдделерін қорғайды және оған заңнама бойынша зиян келтірген адамның, яғни қамсызданушының материалдық жағдайынан байланыссыз зиянды толық өтеуін қамтамасыз етеді.

Жауапкершілікті сақтандырудың ерекшеліктері:

  • сақтандырушы және қамсызданушымен қатар осы келісім-шарт бойынша қатынастардың үшінші жағы қауіпсіздендірілген (3-ші жақ) табылады, ол келісім-шартты жасау кезде белгісіз болып қалады;

  • зиянды өтеу қауіпсіздендірілгеннің мүлкі бойынша, сонымен бірге жеке басы бойынша жасалады;

  • жауапкершілікті сақтандырудың келісім-шарты бойынша сақтандыру сомасы белгіленбейді, тек қана жауапкершілік шектері (қағида бойынша, заңды түрде) белгіленеді, ал олардың шектерінде сақтандыру компаниясы зардап шеккенге зиянын өтейді. Егер зиян мөлшері белгіленген шектен жоғары болса, онда сақтандырушы шек мөлшерінде зиянды өтейді, ал артып түскен сомадағы залал зиян келтірушіге жүктеледі.

Шет елдерде жауапкершілікті сақтандырусаласы келесі түрлерге бөлінеді:

  • жалпы азаматтық жауапкершілікті сақтандыру: жалдамалы жұмысшылардың алдында жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру; кеме иелерінің, жүргізушілердің ауапкершілігін сақтандыру;

  • кәсіби жауапкершілікті сақтандыру. Оны қорғаушылар, аудиторлар және т.б. қолданады. Теріс кәсіби әрекеттердің нәтижесіндегі зиян келтіру мүмкіндігін сақтандырады;

  • шығарылатын өнімнің сапасы үшін жауапкершілікті сақтандыру.Объект - өнім өндірушінің өз тұтынушыларының алдындағы жауапкершілігі.

Ресейлік әдебиетте жауапкершілікті сақтандыру азаматтық жауапкершілікті сақтандыру және борышты (несиені өтеу үшін борышқордың жауакершілігін) сақтандыру.

Азаматтық жауапкершілікті сақтандырумен өтеуге деген наразылықтар жабылады, олар азаматтық жауапкершілік туралы заңмен бекітілген жағдайлардың негізінде кәсіпорынға қарсы мәлімделінуі мүмкін. Алайда заң бойынша жауапкершілік пен келісім-щарт бойынша жауапкершілікті айыру қажет. Келісім-шарт бойынша жауапкершілік жауапкершілікті сақтандыру болып табылмайды. Сөйтіп, жауапкершілікті сақтандыру объектісі болып заңнан шығатын зардап шеккеннің алдындағы зиян келтірушінің жауапкершілігі табылады.

Жауапкершілікті сақтандыру бойынша зиянды өтеуге міндетті тұлға, егер шығынға ұшыратқан оқиға пайда болмаған жағдайдағы мүлкі бойынша қайта қалпына келтіруі қажет. Егер тәжірибеде қайта қалпына келтіру мүмкін болмаса, онда ақшалай өтем туралы сөз болуы керек.

Материалдық зиян мөлшерін бағалау әдістемесін көлік құралына келтірілген зиян негізіндегі нақтылы мысал ретінде көрсетуге болады. Осыған ұқсас қағидаларды басқа мүлікке зиян қатынасында да қолдануға болады. Мүліктік зиян кезінде автомобильді қайта қалпына келтіру үшін қажетті жөндеу құны туралы сөз болып отыр. Егер техниканы жөндеу мүмкін болмаса немесе ол машинаның құнынанартып кетсе, онда толық опат болу орын алады. Тек автомобильге келтірілген зиян үшін жауапкершілік ғана емес, сонымен бірге басқа да шығындар, мысалы, қорғаушыны жалдау бойынша, несиені алу, зақымдалған автомобильді тасымалдау бойынша шығындар ескерілуі қажет. Автомашинаны коммерциялық мақсаттарда пайдаланатын автокөлік құралдарының иелері үшін егер автомобильге зақым келтірілмеген жағдайда алынуы мүмкін пайданың шығындарын өтеуді ескеру қажет.

Автокөлік құралдар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін (АҚЖ) міндетті сақтандыру. ҚР-да автокөлік құралдар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру заңды тұлғалар үшін 1992 ж. енгізілген, ал 1997 ж. жеке тұлғалар үшін міндетті болды.

Сақтандыру төлемі келесідей есептеледі:


(5)
мұндағы М – төлем мөлшерлемесі, ол көлік құралының түрінен байланысты заңды бекітіледі және дифференциаланады;

К – түзету коэффициенті, ол республика аймақтары бойынша оларда қалыптасқан апаттылық деңгейінен байланысты 0,75-тен 0,90 дейін дифференциаланады.

Автокөлік құралдар иелерінің АҚЖ міндетті сақтандырудың мақсаты жол-көлік оқиғасының нәтижесінде зиян келтірілген үшінші жақтардың мүліктік мүдделерін қорғау.

Көлік құралының иесі оның барлық пайдаланатын автокөлік құралдары бойынша өз АҚЖ сақтандыруға міндетті.

Иесі өз АҚЖ сақтандырмаған автокөлік құралдарын пайдалануға болмайды.

Міндетті сақтандыруға жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зияны мен залалы үшін автокөлік құралдар иелерінің – ҚР аумағында орналасқан шетелдік тұлғалар, шетелдік ұйымдармен бірлескен тұлғаларды қоса алғанда меншік нысаны мен ведомстволық бағыныштылығынан тәуелсіз заңды тұлғалардың және автокөлік құралдар иелерінің – жеке тұлғалар: азаматтардың, сонымен бірге шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың АҚЖ тиісті болады.

ҚР аумағына автокөлік құралдарын 1 айдан аса мерзімге уақытша кіргізгенде ҚР аумағында танылатын АҚЖ сақтандыру келісім-шартын иеленбеген шетелдік иелері бекітілген заң тәртібі бойынша ҚР аумағында автокөлік құралдар болуының бүкіл кезеңіне сақтандырудың келісім-шартын жасауға міндетті.

Көлік құралын апатсыз пайдалану кезінде қамсызданушыға автокөлік құралдар иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру туралы Заңда белгіленген мөлшерде сақтандыру төлемінен жеңілдік берілуі мүмкін.

Жылдық сақтандыру төлемінің мөлшерлері автокөлік құралдар иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру туралы Заңға сәйкес анықталады.

Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы АҚЖ міндетті сақтандыру. Тасымалдаушының міндетті АҚЖ келісім-шарты үшінші жақтың (жолаушының) пайдасына жасалған келісім-шарт болып табылады.

Сақтандырудың бұл түрі бойынша сақтандырудың белгіленген бағасының мөлшері ҚР Үкіметімен бекітіледі. Сақтандыру төлемі сақтандырушыға өткен ай ішінде жолаушыларды тасымалдаудан (0,5 %) түсетін табыстардың сомасынан байланысты ай сайынғы жарналар түрінде көлік ұйымымен төленіледі.

Сақтандырудың осы түрі бойынша сақтандыру оқиғасы ретінде қамсызданушының мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу туралы заңмен бекітілген тәртіпте оның зардап шеккенге немесе оның мұрагеріне мүліктік наразылықтарын қою фактісі танылады.

Тасымалдаушының жауапкершілігі келесі жағдайларда пайда болады:


  • өмір мен денсаулыққа қатынасында – жолаушының әуе, теңіз немесе өзен кемесіне, пойызға, автобусқа не болмаса басқа бір көлік құралына мінгені туралы хабарланған уақытынан бастап вокзал, порт, станция, белгіленген айлақ аумағынан шығу кезеңіне дейін;

  • жүкке қатынасында – оны жүк бөліміне (көлік құралына енгізу) тапсырған кезеңінен бастап жолаушымен жүкті алу кезеңіне дейін.


10 тақырып Сақтандырушының қаржылық тұрақтылықтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету
Ағымдағы сақтандыру қызметі. Ағымдағы сақтандыру қызметінің нәтижесіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы сақтандыру сыйақылары (төлемдер) түрінде түсетін табысты алудан басталады. Бұл табыс сақтандыру резервтерін қалыптастыру, шығындарды өтеу және пайданы қалыптастырудың көзі болып табылады. Ағымдағы сақтандыру қызметінің нәтижесіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы келесідей көрінуі мүмкін:

Ақша қаражаттарының көздері:



  • таза табыс;

  • сақтандыру сыйақысы (төлемдер);

  • қайта сақтандыру операциялары бойынша түсімдер;

  • мәулетті шығындар;

  • бюджеттік қаржы бөлулер және мақсатты қаржыландыру;

  • сақтандыру қызметінің басқа да көздері.

Ақша қаражаттарын пайдалану:

  • сақтандыру төлемдеріне;

  • сақтандыру резервтерін қалыптастыруға;

  • қайта сақтандыру бойынша операцияларға;

  • алдын алу шараларын қаржыландыруға;

  • материалды құндылықтарды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға;

  • басқа да бағыттар.

Ағымдағы сақтандыру қызметінің талдауы ақша қаражаттар ағымының өзіне жүктеген міндеттемелерге сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді. Сақтандырудың жеке түрлерінің даму қарқындарын бағалауға және бұл негізде сақтандыру ұйымының дамуының стратегиялық бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.

Сақтандырушының инвестициялық қызметінің түсінігі. Ақша қаражаттарының ағымдары табысты немесе басқа қандай да бір эффектіні алу үшін жылжымалы мүлікті, бағалы қағаздарды және басқа да өтімділікті емес активтерді сатып алуға бағытталады. Инвестициялық қызмет негізінен капиталдың ұзақ мерзімді салулармен байланысты. Нарықтық экономика шарттарында инвестициялардың мәнін инвестициялық қызметтің екі жағының үйлесу құрайды: ресурс шығындары және нәтижені алу.

Сақтандыру ұйымдарының инвестициялық әлеуеті өзіндік капиталдар сомасымен және жинақталған сақтандыру резервтерінің сомасымен анықталады, компаниялар нарықта неғұрлым ұзақ уақыт бойы болса, инвестициялар құрылымында резервтер соғұрлым үлкен үлесті иемденеді. Шамалы ақша ағымдарын жинақтау қабілеті және оларды біріккен көлемде экономиканың дамуына бағыттау мүмкіндігі сақтандыру компанияларын қуатты институтционалды инвесторға айналдырады.

Инвестициялаудан түскен түсімдердің ағымы басқа компаниялардың акционерлік капиталында қатысуын куәландыратын бағалы қағаздарды және қарыздық міндеттеме болып табылатын басқа компаниялардың бағалы қағаздарын, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түскен сомалардан тұрады. Инвестициялық қызмет нәтижесінде ақша қаражаттарының қайтуы бағалы қағаздарды және негізгі капиталды сатып алуға кеткен төлемдерден тұрады.

Қаржылық қызмет түсінігі. Қаржылық қызмет – сақтандыру компанияларының қызметтерінің ажыратылмас бөлігі. Оның мәні болып акцияларды шығару, бұрын шығарылған акцияларды қайта сатып алу, сондай-ақ акционерлерге дивидендтерді төлеу табылады. Соның ішіне, сонымен қатар, қарыздар есебінен қаржыландыру және міндеттемелерді өтеу кіреді. Қаржылық қызметтен түскен түсімдердің ағымы акциялады сатудан және өзіне қарыздық міндеттемелерді алудан түскен ақша қаражаттарынан тұрады. Оның жылыстауы қаржылық қызмет негізінде жүреді, яғни қарыздарды өтеу, соның ішінде салықтық төлемдер, бұрын шығарылған акцияларды сатып алу және дивидендтік төлемдерді жүзеге асыруы кезінде жүреді.

Сақтандыру компаниялардағы қаржылық қатынастардың ерекшелігі ақша айналымының ұйымдастырылу ерекшеліктерімен шарттасылған. Егер кез келген кәсіпорын алдымен шығындарды жасап, кейін өнімді өткізсе, сақтандырушы компаниялары алдымен ақша қаражаттарын тартады, ал содан кейін сақтандырылушылардың алдындағы міндеттемелерін өтейді. Бірақ кез келген кәсіпорын сияқты сақтандырушының қызметі тек сақтандырушылық көмекті көрсетуге ғана емес, пайданы табуға бағытталған.

«Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдармен сақтандыру резервтерін қалыптастырудың тәртібі мен мөлшері туралы» Ұлттық Банктің қаулысына сәйкес сақтандыру резервтеріне жіберілетін аударымдардың келесі нормативтері бекітілген:


  • сақтандырудың ерікті түрлері бойынша, өмірді сақтандырудан басқасы – нақты түскен сақтандыру төлемдерінің сомасының 75 пайызынан кем емес;

  • тарифтері заңнамамен бекітілген сақтандырудың міндетті түрлері бойынша, өмірді сақтандырудан басқасы – міндетті сақтандырудың бұл түрі үшін заңмен бекітілген сақтандыру төлемдерінің сомасының 75 пайызынан кем емес;

  • тарифтері заңмен бекітілмеген сақтандырудың міндетті түрлері бойынша, өмірді сақтандырудан басқасы – нақты түскен сақтандыру төлемдерінің сомасының 75 пайызынан кем емес;

  • өмірді сақтандыру – нақты түскен сақтандыру төлемдерінің сомасының 100 пайызы.

Сақтандыру резервтері сақтандыру компаниясы жүзеге асыратын сақтандырудың әрбір түрі бойынша жеке қалыптасады.

Сақтандыру резервтерінің қажетті мөлшері сақтандыру ұйымымен бір айда бір реттен кем емес, әрбір айдың соңғы жұмыс күніне есептеледі және түзетіледі.

Өз міндеттемелерінің бір бөлігін қайта сақтандыру кезінде сақтандыру ұйымы сақтандыру резервтерін тек жоғарыда бекітілген мөлшердегі міндеттемелердің қалған мөлшері бойынша қалыптастырады.

ҚР-да сақтандыру резервтерін орналастыру тәртібі туралы Ұлттық Банкпен жасалған арнайы нұсқау бар. Бұл нұсқау сақтандыру және қайта сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығын және сақтандыру төлемдерінің мерзімінде төленуін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.


11 Тақырып Қайта сақтандыру – сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығының құрамдас бөлігі
Қайта сақтандыру «екінші қайтара» сақтандыру, сақтандырушылардың өздерін белгілі бір тәуекелдерден өзгеше сақтандыруы болып табылады. Мысалы, шығындылықтың белгілі бір деңгейінен артып түскен тәуекелден сияқты. Қайта сақтандыру тікелей сақтандырушымен өткізілетін операциялардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін арналған. Ол бірнеше функцияларды атқарады:

  • есептік мөлшерден шығындар бойынша төлемдердің нақты мөлшерлерінен туындайтын ауытқуларды кәмпескелеу арқылы сақтандырушының тәуекелін қысқарту;

  • сақтандырушының өз капиталын басқа біреудікімен ауыстыру;

  • ірі және қауіпті тәуекелдерді сақтандыруға ыңғайлар бойынша сақтандырушының мүмкіндіктерінің кеңеюі.

Қайта сақтандыруда қолданылатын негізгі терминдер:

  • цедент – қайта сақтандыруға тәуекелдің бір бөлігін берген компания;

  • ретроцессия – тәуекелді кейін беру үдерісі;

  • цессионарий – қайта сақтандырушы, қайта сақтандыруға тәуекелді қабылдаған компания;

  • жеке шегерілген сома – экономикалық айқындалған сома деңгейі, оның шегінде сақтандыру компаниясы өз жауапкершілігіне сақтандыратын тәуекелдердің белгілі бір үлесін қалдырады;

  • эксцедент (артықшылық) – жеке шегерілген сомадан аса қайта сақтандыруға тиісті тәуекел сомасы.

ҚР заңнамасы сақтандырушының жеке капиталы мен сақтандыру қорларының 10% асып түсетін тәуекелді сақтандыруға қабылдаған кезде ол бұл асып түскен сомада қайта сақтандыруға қайтарылуы керектігін ескереді.

Қайта сақтандыру – бұл сақтандыру нарығының қаржылық тұрақтылығы мен сақтандыру операцияларының табыстылығын қамтамасыз ету мақсаттарында сәйкес төлем үшін тікелей сақтандырушылардың тәуекелінің бір бөлігін беру мен оны сақтандыру нарығының басқа қатысушыларына үлестіру бойынша экономикалық қатынастар.

Қазақстанда сақтандыру нарығының қалыптасуының бастапқы кезеңдерінде қайта сақтандырушылық операциялар жүргізілмеді. Бұл республикада бірде бір кәсіби қайта сақтандыру компаниясының болмауымен және қайта сақтандыруды жүзеге асырудың дағдыларының толық болмауымен түсіндіріледі. Сақтандыру компаниялары жылдам «капиталды өсіру» мақсатында және істің табысты өтуінің сенімімен өздеріне шамадан тыс тәуекелдерді қабылдады. Және мемлекет жағынан қандай да бір бақылау болмағандықтан, оларға бұл өте тамаша сәтті болды.

Қазақстанда қайта сақтандыру нарығы 1995 жылы пайда болды. Бұл сақтандыру ұйымдарының сақтандыру қоржынында сақтандырудың жауапкершілігі өте жоғары болатын (әуе және жер көлігін, жүктерді, құрал-жабдықтарды және т.б. сақтандыру) түрлерінің үлесі айтарлықтай үлкен болды. Қазіргі уақытта Қазақстанда кәсіби қайта сақтандыру компаниялары жоқ, ал қайта сақтандыру бойынша өз қызметтерін сақтандыру және қайта сақтандыру компаниялары, сақтандыру брокерлері (шетелдік) ұсынады.

Қайта сақтандыру операциялары тәуекелді беру әдістері бойынша жіктедледі. Сақтық және келісімді (облигаторды) қайта сақтандыруды ажыратады.

Сақтық (факультативті) қайта сақтандыру әрбір жеке тәуекел бойынша қайта сақтандырушы мен қайта қамсызданушының қарым-қатынасы болып табылады. Қайта қамсызданушы өзі бере ме әлде бермей ме деген мәселені жеке шешеді, ал қайта сақтандырушы – қайта сақтандыруға тәуекелді қабылдай ма әлде жоқ па. Көбінесе жақтар бір бірінің алдында басқа келісім-шарттар мен полистер бойынша міндеттемелері болмайды.

Сақтық қайта сақтандырудың кемшіліктері сақтандыру келісім-шартына қол қою қайта сақтандыру келісімін жасау кезеңіне дейін кешіктіріледі және бұл клиент үшін шығын болуы мүмкін; тікелей сақтандыру компаниясына тәуекел, өз сақтандыру қоржыны туралы толық ақпарат беріледі, ал бұл бәскелестерімен қолданылуы мүмкін; жоғары үстеме шығындар.

Артықшылығы – сақтандыру компаниясы оған сақтандыру қоржынында ірі және қауіпті тәуекелдер болған жағдайда сүйенеді.

Келісімді қайта сақтандыру – сақтандырушымен сақтандыруға қабылданатын барлық тәуекелдерді міндетті қайта сақтандыру. Бұл қайта сақтандырудың аса кең тараған әдісі, ол қайта сақтандырушы мен қайта қамсызданушының арасындағы ұзақ мерзімді қатынастарын білдіреді.

Келісім-шартты қайта сақтандыру факультативті қайта сақтандырудың барлық кемшіліктерін жояды, бірақ қайта сақтандырудың бұл түрінің өзінде де бір кемшілік бар: қайта сақтандыруға жауапкершілікті беру керек, ал бұл сақтандырушың өзі алып жүре алатын шамалы тәуекелдер бойынша сақтандыру төлемінің белгілі бір бөлігін беруді білдіреді.

Тәуекел қайта сақтандыруға берілу нысаны бойынша пропорционалды және пропорционалды емес болады.

Пропорционалды сақтандыру сомасының, сақтандыру төлемінің және сақтандыру залалының алдын ала белгілі бір пропорцияларда жақтар арасында бөлінуін көздейді.

Пропорционалды қайта сақтандыру келісім-шарттарының негізгі түрлері болып квоталық және эксцедентті табылады.

Квоталық – бұл ең қарапайым келісім-шарт. Ол жақтар арасында квотаның немесе көрсетілген көрсеткіштерді үлестіру үлесін анықтайды.

Қайта сақтандырушының тілегі бойынша қабылданатын тәуекелдің жоғарғы шекаралары – тәуекелдің берілген классы бойынша жауапкершіліктің шегі – анықталуы мүмкін.

Бірақ қайта сақтандырудың бұл нысаны қайта сақтандырылушы үшін бірқатар кемшіліктерге ие:



  • қайта сақтандырудың барлық келісім-шарттары бойынша тәуекелдерді азайту цеденттің жауапкершілігінде қалатын сомалардың теңдесуін қамтамасыз етпейді;

  • цеденттің жауапкершілігінде қалтыруға болатын шамалы және қауіпті емес тәуекелдердің қайта сақтандыруға берілуі цедентті сыйақының айтарлықтай бөлігінен айырады.

Қайта сақтандырудың квоталық нысан мәселесі пропорционалды қайта сақтандырудың басқа түрінің дамуына және кең таралуына түрткі болды. Бұл сомалардың эксцедентін қайта сақтандыру. Ол қайта сақтандырушының өзінің шегерімінен жоғары тәуекелдің келісілген бөлігін беруін көздейді.

Цедент компанияда бар статистика және сәйкес операцияларды өткізу нәтижелері негізінде өзіндік шегерімді – тікелей сақтандырушы қалыптастыратын резервтермен қамтамасыз етілген жеке тәуекел немесе тәуекелдер тобы, жеке келісім-шарт бойынша экономикалық негізделген жауапкершіліктің көлемін - есептейді. Цеденттің өзіндік шегерімінен асатын сақтандыру сомалары бір немесе бірнеше қайта сақтандырушыларға беріледі.

Қайта сақтандыруға берілетін сақтандыру сомаларының өзіндік шегерімдерден асуы – эксцедент дәулеті немесе жай эксцедент деп аталады. Эксцедент – бұл қайта сақтандырушының өзіндік шегеріміне еселі сома.

Қайта сақтандырудың квоталы-эксцедентті нысаны – бұл пропорционалды қайта сақтандырудың алғашқы нысандарының үйлесуі. Ол сақтандырушы портфелі біртектес болмаған жағдайда қолданылады. Бұл кезде портфель квоталы түрде қайта сақтандырылады, ал бірқатар тәуекелдер бойынша жауапкершіліктің асуы соманың эксцеденті негізінде берілуге тиіс.

Қайта сақтандырудың екінші әдісі – пропорционалды емес қайта сақтандыру. Ол пропорционалдымен салыстырғанда жауапкершілікті шығындар бойынша бекітілген деңгейден жоғары бөлуге негізделеді.

Пропорционалды емес сақтандырудың мәні - қайта сақтандырылушы қайта сақтандырушымен келісілген көлемге дейінгі барлық шығындарды өзі өтейді; бұл мөлшерден асатын шығындарды қайта сақтандырушы төлейді. Цедент жауапкершілігінің шектері әр түрлі аталуы мүмкін: алғашқы шығын, шығындағы шегерім, цеденттің басымдығы немесе франшиза.



«Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған

сабақтарға дайындалу тапсырмалары
Тақырып 1 Сақтандырудың экономикалық мәні және айналымы

Сақтандыру түсінігі; қазіргі қоғамдағы оның қажеттілігі, мәні, функциялары, принциптері.



Тақырыптың мақсаты мен міндеттері:

  • сақтандыру мәнін, функцияларын қарастыру;

  • сақтандыру принциптерін қарастыру.

Сұрақтардың мазмұны:

Сақтандыру түсінігі; қазіргі қоғамдағы оның қажеттілігі, мәні, функциялары, принциптері. Сақтандырудын экономикалық табиғаты. Жеке тұлғалардын мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін сақтандыруды пайдаланудың объективтіқажеттілігі. Сақтандыруды қаржы және несиемен өзара байланысы. Сақтандыру қатынастарының жүйесі.


Тақырып 2 Сақтандырудың сыныпталуы

  1. Сақтандыру сыныпталуының қажеттілігі.

  2. Сақтандыру сыныпталуының негізі.

  3. Қауіп түрі және сақтандыру объектісі бойынша сыныптау.

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері:

    • сақтандыру сыныпталуының қажеттілігін және негізін анықтау.

    • сақтандыруды жүргізудің нысандарын және әдістерін анықтап білу.

Сұрақтардың мазмұны:

Сақтандыру сыныпталуының қажеттілігі. Сақтандыру сыныпталуының негізі. Қауіп түрі және сақтандыру объектісі бойынша сыныптау. ҚР сақтандырудын сыныптамасы: жүргізу жағдайлары. Әлеуметтік сақтандыру мен жеке сақтандырудың жалпы және өзгеше белгілері. Сақтандыруды жүргізудің нысандары және әдістері.



Тақырып 3 Тәуекел ұғымы және оның экономикалық зардаптары

  1. Тәуекел: түсінігі, функциялары, қайнар көздері, сыныптамасы.

  2. Тәуекелді бағалау.

  3. Тәуекелді басқару негізі.

  4. Тәуекел-менеджмент.

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері:

    • тәуекелдің мәнін ашу;

    • тәуекелдің топтамасын қарастыру;

    • тәуекел-менеджментінің сипаттамасын беру.

Сұрақтардың мазмұны:

Тәуекел: түсінігі, функциялары, қайнар көздері, сыныптамасы. Тәуекелді бағалау. Тәуекелді басқару негізі. Тәуекел-менеджмент.

Залалды өтеу үшін қорлар мен резервтердің құрылымының экономикалық қажеттілігі. Сақтандыру қорын ұйымдастыру нысандары.

Сақтандыру қорларының мемлекеттік резевтік қорларынан айрықша ерекшіліктері. Сақтандыру тәуекел-менеджменттінің негізгі тәсілі.


Тақырып 4 Сақтандыру мәселерінің заңнамалық регламенттеу

1 ҚР сақтандыру заңнамаларының құрылу және даму кезендері.

2 18.12.00г.ҚР «Сақтандыру кызметі туралы» заңының негізгі мәселелері.

3 Қазіргі нарық жағдайында заңды пайдаланудың әдістері мен тәсілдері.

4 Сақтандыру қызметтерін реттейтін заңнамалық және нормативтік келісімдер.

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері:


    • сақтандыру заңнамасына анықтама беру;

    • Қазақстан Республикасының заңнамасын сипаттау;

    • сақтандыру қызметтерін реттейтін заңнамалық және нормативтік келісімдерді оқып білу.

Сұрақтардың мазмұны:

ҚР сақтандыру заңнамаларының құрылу және даму кезендері.

18.12.00г.ҚР «Сақтандыру кызметі туралы» заңының негізгі мәселелері.

Қазіргі нарық жағдайында заңды пайдаланудың әдістері мен тәсілдері. Сақтандыру қызметтерін реттейтін заңнамалық және нормативтік кесімдер.

Сақтандыру шарты: түсінігі, негізгі элементтері, негізгі жағдайлары және ерекшеліктері.

Сақтандыру бойынша заң базасын жетілдірудің негізгі бағыттары.

Сақтандыру ісін мемлекеттік реттеу. Сақтандыру компанияларының қызметін мемлекеттік қадағалау. Сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқығын қорғау.
Тақырып 5 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының институционалдық құрылымы


  1. Сақтандыру нарығының құрылымы.

  2. Сақтандыру міндеттемесі, оның мазмұны.

  3. Сақтандыру қызметі ерекше тауар ретінде.

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері:

    • «сақтандыру нарығы» түсінігіне анықтама беру;

    • сақтандыру нарығының қатысушыларына сипаттама беру;

    • сақтандыру нарығының жіктелімін қарастыру.

Сұрақтардың мазмұны:

Сақтандыру нарығының құрылымы. Сақтандыру міндеттемесі, оның мазмұны. Сақтандыру қызметі ерекше тауар ретінде. Сақтандыру қызметінің бағасы. Сақтандыру қызметінің бағасына әсер етуші факторлар. Сақтандыру брокерлері мен агенттерінің қызметі.

Қазақстанның Сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы. ҚР Сақтандыру нарығын дамыту проблемалары. ҚР-да сақтандыруды дамытудың перспективалары.
Тақырып 6 Актуарлық қызмет


  1. Сақтандыру тарифінің құрылу міндеттері және мәні.

  2. Тарифтік ставканың құрамы мен құрылымы.

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері:

    • сақтандыру тарифінің құрылу міндеттері және мәнін қарастыру;

    • тарифтік ставканың құрамы мен құрылымын зерттеп анықтау

Сұрақтардың мазмұны:

Сақтандыру тарифінің құрылу міндеттері және мәні. Тарифтік ставканың құрамы мен құрылымы. Сақтандыру статистиканың көрсеткіштері. Сақтандыру жарнасының мәні. Сақтандыру компаниясының қызметің қаржыландыру көзі ретіндегі сақтандыру сыйақысы


Тақырып 7 Жеке сақтандыру

  1. Жеке сақтандырудың пайда болу тарихы (Ежелгі Рим, Франция, Англия).

  2. Экономикалық зерттеудің объектісі ретіндегі жеке сақтандыру, оның сипаттамасы.

  3. Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру қызметтерін ұйымдастыру және оның нормативтік - құқықтық базасы.

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері:

    • өзіндік сақтандыруға анықтама беру;

    • өзіндік сақтандырудың түрлерін қарастыру;

    • өзіндік сақтандыру кезіндегі сақтандыру жағдайларын қарастыру.

Сұрақтардың мазмұны:

Жеке сақтандырудың пайда болу тарихы (Ежелгі Рим, Франция, Англия). Экономикалық зерттеудің объектісі ретіндегі жеке сақтандыру, оның сипаттамасы. Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру қызметтерін ұйымдастыру және оның нормативтік - құқықтық базасы.

Жеке сақтандырудың негізгі категориялары: сақтандыру қатынастарының субъектілері, сақтандыру тәуекелі, түрлері. Ұзақ мерзімді жеке сақтандырудың түрлері. Жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сомаларын төлеу және анықтау.

Медициналық сақтандыру. АҚ «Династия ӨСҚ» - ның қызметі.


Тақырып 8 Мүлікті сақтандыру

  1. Мүлікті сақтандырудың экономикалық және қаржылық арналымы.

  2. Мүлікті сақтандырудың негізгі түрлері, тарифтері.

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері:

    • мүлікті сақтандырудың экономикалық және қаржылық арналымын анықтау;

    • мүлікті сақтандырудың негізгі түрлері, тарифтерін зерттеу.

    • кәсіпорындардың мүліктік мүдделерін сақтандырудың экономикалық мәнін және экономикадағы оның рөлін зерттеп білу;

    • нарықтық қатынастар жағдайларында азаматтардың мүлкін сақтандырудың қажеттілігін қарастыру.

Сұрақтардың мазмұны:

Мүлікті сақтандырудың экономикалық және қаржылық арналымы. Мүлікті сақтандырудың негізгі түрлері, тарифтері. Мүлікті сақтандыру бойынша негізгі шарттары және төлемді ұйымдастыру. Регрессивтік талап.

Заңды және жеке тұлғалардың мүліктерің сақтандырудынң ерекшелігі. Андеррайтинг стратегиясы. Сюрвейер. «Барлық тәуекелден сақтандыру»
Тақырып 9 Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру


  1. «Жалпы сақтандыру» саласына жататын жауапкершілікті сақтандырудың мәні мен мағынасы.

  2. Жауапкершілікті сақтандырудың ерікті және міндетті негізгі түрлері.

  3. Көлік құралдары иелерінің АҚЖС-ның сыныпталу белгілері және өзгеше ерекшеліктері.

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері:

    • «жалпы сақтандыру» саласына жататын жауапкершілікті сақтандырудың мәні мен мағынасына түсініктеме беру;

    • жауапкершілікті сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәнін және ерекшеліктерін қарастыру;

    • жауапкершілікті сақтандырудың ерікті және міндетті негізгі түрлеріне анықтама беру;

    • көлік құралдары иелерінің ақжс-ның сыныпталу белгілері және өзгеше ерекшеліктерін анықтау;

    • автокөлік құралдар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың ерекшеліктерін зерттеп білу.

    • жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың ерекшеліктерін зерттеп білу;

Сұрақтардың мазмұны:

«Жалпы сақтандыру» саласына жататын жауапкершілікті сақтандырудың мәні мен мағынасы.

Жауапкершілікті сақтандырудың ерікті және міндетті негізгі түрлері. Көлік құралдары иелерінің АҚЖС-ның сыныпталу белгілері және өзгеше ерекшеліктері.

Шаруашылық және кәсіпкерлік процесінде зақым келген жағдайда жауапкершілікті сақтандыру.

ҚР-ғы АҚЖС дамуының перспективасы.
Тақырып 10 Сақтандырушының қаржылық тұрақтылықтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету


  1. Сақтандырушылылардың қаржаларын ұйымдастырудың жалпы принциптері.

  2. Сақтық қорғауда қамтамасыз ететің, ақша қаражаттарының айналымының ерекшеліктері.

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері:

  • сақтандыру қызметінің алуан түрлеріндегі ақша қаражаттарының қозғалысын зерттеу;

    • сақтандырушылылардың қаржаларын ұйымдастырудың жалпы принциптерін анықтау;

    • сақтық қорғауда қамтамасыз ететің, ақша қаражаттарының айналымының ерекшеліктерін анықтау.

Сұрақтардың мазмұны:

Сақтандырушылылардың қаржаларын ұйымдастырудың жалпы принциптері. Сақтық қорғауда қамтамасыз ететің, ақша қаражаттарының айналымының ерекшеліктері. Сақтандыру қорын қалыптастыру. Сақтандыру резервтерінің түрлері және оларды қалыптастыру.

Сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығы қамтамасыз ету шарттары. Активтер және қабылданған сақтандыру міндеттемелерінің нормативтік ара қатынасы.

Сақтандырушылрдың төлем қабілеттілігін проблемасы. Сақтандыру ұйымдарының инвестициялық қызметі.

Сақтандырушыларының қаржылық жағдайын бағалау.

Сақтандыру операцияларының салық салу ерекшеліктері.


Тақырып 11 Қайта сақтандыру – сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығының құрамдас бөлігі

  1. Ортақ сақтандыру және қайта сақұтандырудың мәні және теоретикалық негіздері.

  2. Қайта сақтандыру операцияларының қаржылық тұрақтылығын нығайту әдісі ретінде.

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері:

    • қайта сақтандырудың экономикалық мәнін, функцияларын зерттеп білу;

    • қайта сақтандырудың түрлерін қарастыру;

    • ортақ сақтандыру және қайта сақұтандырудың мәні және теоретикалық негіздерін оқып білу;

    • қайта сақтандыру операцияларының қаржылық тұрақтылығын нығайту әдісі ретінде анықтау.

Сұрақтардың мазмұны:

Ортақ сақтандыру және қайта сақұтандырудың мәні және теоретикалық негіздері.

Қайта сақтандыру операцияларының қаржылық тұрақтылығын нығайту әдісі ретінде.

Активті және пассивті қайта сақтандыру. Қайта сақтандыруға тәуекелді көшіру әдісі бойынша қайта сақтандыру операциялары. Қайта сақтандыру шарты - пропорционалды және пропорционалды емес.

Қайта сақтандыру облсындағы негізгі терминдер.
«Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған

өздік жұмыстарына дайындалу тапсырмалары
1 тақырып Сақтандырудың экономикалық мәні Сақтандыруда қолданатын негізгі терминдармен глоссарийді құрастыру.

Сақтандыруды қаржы және несиемен өзара байланысы.


2 тықырып Сақтандырудың сыныпталуы

Әлеуметтік сақтандыру мен жеке сақтандырудың жалпы және өзгеше белгілері.


3 тақырып Тәуекел ұғымы және оның экономикалық зардаптары.

Сақтандыру қорларының мемлекеттік резевтік қорларынан айрықша ерекшіліктері.


4 тақырып Сақтандыру мәселелерінің заңнамалық регламенттеу

Сақтандыру компанияларының қызметін мемлекеттік қадағалау.


5 тақырып ҚР сақтандыру нарығының институционалдық құрылымы

Қазақстанның Сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы.


6 тақырып Актуарлық қызмет

Сақтандыру сыйақының түрлері. Сақтандыру сыйақының төлеу тәртібі.



7 тақырып Жеке сақтандыру

Медициналық сақтандыру: манызы, ҚР-да медициналық сақтандырутәжірибесін оқып білу.


8 тақырып Мүліктік сақтандыру

Андеррайтингтің стратегиясі. Сюрвей. Сақтандыру «барлық тәуекелден».


9 тақырып Азаматты-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру (АҚЖС)

Несиені өтемеген үшін қарыз алушының сақтандыру жауапкершілігі.


10 тақырып Сақтандырушының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету

Сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығы қамтамасыз ету шарттары. Активтер және қабылданған сақтандыру міндеттемелерінің нормативтік ара қатынасы.


11 тақырып Қайта сақтандыру - сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығының құрамдас бөлігі

Активті және пассивті қайта сақтандыру. Қайта сақтандыруға тәуекелді көшіру әдісі бойынша қайта сақтандыру операциялары. Қайта сақтандыру шарты - пропорционалды және пропорционалды емес.



«Қаржы» мамандығының студенттерінің

қорытынды бақылауға арналған сұрақтары
1 Сақтандыру қаржы нарығы дамуының ажырамас бөлігі ретінде. Сақтандыру қатынастарының объектілері мен субъектілері

2 Сақтандыру түсінігі. Оның қажеттілігі, мәні, қызметтері, қазіргі қоғамдағы принциптері.

3 ҚР сақтандырудың жіктемесі. Салалары, түрлері, сыныптамасы.

4 Міндетті әлеуметтік сақтандыру. Оны жүргізу шарттары.

5 Тәуекел: түсінігі, қызметтері, қайнар көздері, жіктемесі.

6 Тәуекелді басқару теориясы. (тәуекел - менеджментінің негізгі әдістері) Тәуекелді бағалау әдістері.

7 Мемлекеттің резервтік қорлар жүйесіндегі сақтандыру қоры.

8 ҚР-да сақтандыру заңнамасының пайда болу кезеңдері, оның дамуы.

9 Сақтандыру келісім шарты: түсінігі, негізгі элементтері, ерекшеліктері мен пайда болу шарттары.

10 ҚР-ның сақтандыру нарығы: қазіргі жағдайы, негізгі мәселелері, ҚР-да сақтандыру нарығын дамыту жолдары.

11 ҚР сақтандыру нарығының институционалдық құрылымы.

12 Сақтандыру компанияларының қызметін ұйымдастыру.

13 Сақтандыру тарифтерінің түзілуі, оның мәні және негізгі міндеті. Тарифтік мөлшерлердің құрамы мен құрылымы.

14 Сақтандыру сыйақысы сақтандыру компанияларын қаржыландырудың қайнар көздері ретінде.

15 ҚР сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын құрудың қажеттілігі.

16 Жеке сақтандыру экономикалық зерттеулердің объектісі ретінде. Оның жіктемесі.

17 Медициналық сақтандыру.

18 Рентаны сақтандырудың түсінігі. Рентаны сақтандырудың шарттарындағы варианттары – жылдам аннуитет, өмір бақилық аннуитет, мерзімі ұзартылған аннуитет , уақытша аннуитет.

19 Зейнетақыны сақтандыру – жеке сақтандыру түрі. Зейнетақыны сақтандырудың негізгі келісім шарттарының түзілуі, зейнетақы мөлшері және оны төлеуге әсер ететін жағдайлар.

20 Зейнетақыны сақтандырудың варианттары: отбасылық сақтандыру, өсіп отыратын рента, өмір бақилыққа кепілдемелік рента, полистің редукциясы, полистің редукциясын қайта қалпына келтіру.

21 Мүлікті сақтандырудың экономикалық және қаржылық белгілері.

22 «Жалпы сақтандыру» саласына кіретін жауапкершілікті сақтандырудың мәні мен мағынасы.

23 Жауапкершілікті сақтандырудың міндетті және ерікті түрлері: негізгі ерекшеліктері мен жіктеліну белгілері.

24 Транспорт құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру

25 Шаруашылық және кәсіпкерлік қызметтерде орын алған жағдайларға байланысты жауапкершілікті сақтандыру.

26 Несиені төлемегені үшін қарыз алушының жауапкершілігін сақтандыру.

27 Кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру.

28 Биржалық және валюталық тәуекелдерді сақтандыру. Биржалық және валюталық тәуекелдерді сақтандыруда хеджирлеудің алатын орны.

29 Сақтандыру қорын құру. Сақтандыру резервтерінің түрлері және оларды қалыптастыру қағидалары.

30 Сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары.

31 Сақтандыру ұйымдарының инвестициялық қызметі.

32 Сақтандырушының қаржылық жағдайын бағалау.

33 Қайта сақтандыру мен сақтандырудың теориялық негіздері мен мәні.

34 Қайта сақтандыру сақтандыру операцияларының қаржылық тұрақтылығын нығайтудың әдісі ретінде.

35 Қайта сақтандырудағы тәуекелді беру әдісі бойынша қайта сақтандыру операциялары.

36 Пропорционалды және пропорционалды емес қайта сақтандыру келісім шарттары



37 Қайта сақтандырушылықтың пул қызметі: мәні және мағынасы.

Әдебиеттер
Негізгі әдебиет

  1. Закон Республики Казахстан от 18 декабря 2000 г. № 126-11 «О страховой деятельности» с изменениям и дополнениями 2010г.

  2. Гражданский кодекс Республики Казахстан: особенная часть: комментарии / Отв. ред. Сулейменов М.К., Басин Ю.Г. – 2-е, Испр. и доп. – Алматы: Жеты жаргы, 2007. – 832 с.

  3. Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Страхование. – Спб.: Питер, 2008. – 256 с.

  4. Гвозденко А.А. Страхование: учебник/А.А. Гвозденко. – М.: Проспект, 2008. – 462 с.

  5. Ермасов С.В. Страхование: учебное пособие для студ. Вузов по специальности «Финансы», «Бухгалтерский учет, анализ и аудит»/ С.В. Ермасов, Н.Б. Ермасов. – М.: ЮНИТИ, 2009. – 462 с.

  6. Маренков Н.Л. Страховое дело: учебно-методическое пособие для студентов экономического факультета/ Н.Л. Маренков, Н.Н. Косаренко. – М.: Национальный институт бизнеса: Ростов-на-Дону: Феникс, 2007. – 604 с.

  7. Страхование [Видеозапись] – 1 вк.

  8. Страхование: принципы и практика/ сост. Д. Бланд: пер. изд. – М.: Финансы и статистика, 2007. – 416 с.

  9. Теория и практика страхования: учебное пособие/ Под ред. К.Е. Турбиной. – М.: Анкил, 2007. – 704 с.

  10. Филин С.А. Страхование инвестиционных рисков: учебное пособие для студентов по специальности «Национальная экономика»/ С.А. Филин. – М.: Благовест, 2008. – 216 с.


Қосымша әдебиет

  1. «Вопросы экономики» журналы

  2. «Финансы Казахстана» журналы

  3. «Финансы» журналы

  4. «Экономика и жизнь» журналы

  5. Волгин Н.А. Японский опыт решения экономических и социально-трудовых проблем. – М.: Экономика, 2008.- 255с.

  6. Ефимов С.Л. Организация управления страховой компанией – М.: Российский юридический издательский дом, 2009г.

  7. Интернеттегі сайт: www. aup. ru

  8. Катасонов В.Ю., Морозов Д.С. Проектное финансирование: организация, управление риском, страхование. – М.: Анкил, 2008. – 272 с.

  9. Общая теория финансов – учебник / Под ред. проф Дробозиной Л.А. –М.: ЮНИТИ, 2009 г.

  10. Финансы: учебник для экономических специальностей / Под ред. Ильясова К.К., Мельникова В.Д. - Алматы: Каржы-Каражат, 2009 г.

    1. Банки Казахстана

    2. Вестник Евразийского гуманитарного института

    3. Вестник Инженерной академии Республики Казахстан

    4. Вестник Казахского национального университета

им. Аль-Фараби. Серия экономическая

    1. Вестник Казахского экономического университета им. Т. Рьтскулова

    2. Вестник Карагандинского государственного университета им. Е.А. Букетова. Серия экономика и право

    3. Вестник науки Казахского аграрного университета им. С.Сейфуллина

    4. Вестник университета «Туран»

    5. Каржы-Каражат - Финансы Казахстана

    6. Финансовый менеджмент.

    7. Транзитная экономика.

    8. Труд в Казахстане: проблемы, факты, комментарии.

    9. Экономика и статистика

    10. www.cfa.org

    11. www.fma.org

    12. web.worldbank.org

    13. www.cfainstitute.org

    14. www.damodaran.com


Мазмұны



Кіріспе.........................................................................................

3

«Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған «Сақтандыру» пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus).....................................................................................

5

Дәрістер конспекті.....................................................................

18

«Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған сабақтарға дайындалу тапсырмалары......................................

63

«Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған өздік жұмыстарына дайындалу тапсырмалары.............................

69

«Қаржы» мамандығының студенттерінің қорытынды бақылауға арналған сұрақтары...........................................

71

Әдебиеттер ………………………………………………….....

73


























БЕКІТЕМІН


С. Торайғыров атындағы

ПМУ-дың оқу ісі

жөніндегі проректоры

_________Н. Э. Пфейфер

2012 ж.«____» __________

Құрастырушылар: оқытушы Н. М. Закриянова

аға оқытушы А. Н. Ксембаева
Қаржы кафедрасы
Сақтандыру

«Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған

пәнінің оқу-әдістемелік кешені

Кафедра мәжілісінде бекітілді 2012 ж. «_____» _____№____ хаттама

Кафедра меңгерушісі _________________ Н. С. Кафтункина
Қаржы–экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған

2012 ж. «_______» _____№_____ хаттама


ОӘК төрайымы _______________ А. Б. Темірғалиева

КЕЛІСІЛДІ


Қаржы–экономика факультетінің деканы __________ Т. Я. Эрназаров

2012 ж. «____»_______


СМжСЖ бөлімінің н/б ______________ Г. С. Баяхметова

2012 ж. «___»________


Аудармаға жауапты _________________ Н. М. Закриянова

МАҚҰЛДАНДЫ

ОҮЖ ж ӘҚБ бастығы _____________ А. А. Варакута



2012 ж. «____»____



: fulltext -> transactions
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті
transactions -> К. С. Ислям латын тілі мемлекеттік тілде оқитын студенттерге арналған оқулық
transactions -> МӘШҺҮр жүсіп қолжазбаларындағы ислам мәдениеті
transactions -> Оқулық Павлодар єож 372. 881. 151. 212. 2(075) бкк 81. 2 Ќаз т 87
transactions -> Аудармадағы аударылмайтын сөздер 050207 «Аударма ісі»
transactions -> МӘШҺҮР –ЖҮсіп көпеев шығармаларындағы төрт түлік малғА Қатысты заттық МӘдениет
transactions -> Мұса мырза (халық ауызында сақталған деректер бойынша)
transactions -> А. Х. Жакиянова Өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері


1   2   3   4   5


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет