Дауыссыз дыбыстар қазақ тіліне тән дауысыз дыбыстар жүйесі



жүктеу 27.77 Kb.
Дата04.07.2016
өлшемі27.77 Kb.

www.testent.ru

ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР
Қазақ тіліне тән дауысыз дыбыстар жүйесі

Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.

Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:

- дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары;

- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда – үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде - бәсең үн болады;

- дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы – таза салдырдан тұрады деуге болады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды;

- дауыссыз қатаң және ұяңдарды - көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше – көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады;

- дауыссыздардың үн сапасында - жаңғырық болмайды;



- дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.

Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар жүйесін мына дыбыстар құрайды: б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш.
Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі

Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына және жасалуына қарай өзара бірнеше топтарға бөлініп, жүйеленеді. Олар:

- үн мен салдырдың қатысына қарай: қатаң, ұяң және үнді дауыссыз дыбыстары;

- айтылу жолына қарай: шұғыл, ызың және діріл дауыссыз дыбыстары;

- жасалу орнына қарай: ерін және тіл дауыссыз дыбыстары.

1. Қатаң дауыссыздар

Тек салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз.

Қатаң дауыссыздарға мыналар жатады: к, қ, п, с, т, ш

2. Ұяң дауыссыздар

Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздарда үннен гөрі салдыры басым болады.

Ұяң дауыссыздарға мына дыбыстар жатады: б, г, ғ, д, ж, з.

3. Үнді дауыссыздар

Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан гөрі үн басым болатын дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз.

Үнді дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай екіге бөлінеді:

- ауыз жолды: й, л, р, у;

- мұрын жолды: м, н, ң.

4. Ерін дауыссыздары

Сөйлеу мүшелері: қос еріннің түрліше қызмет атқаруы нәтижесінде жасалған дауыссыз дыбыстарды ерін дауыссыздары деп атаймыз.

Ерін дауыссыздарына мыналар жатады: б, м, п, у.

5. Тіл дауыссыздары

Сөйлеу мүшесі болып табылатын тілдің түрліше қызметі арқылы пайда болатын дауыссыз дыбыстарды тіл дауыссыздары деп атаймыз.

Тіл дауыссыздары тілдің қатысына қарай үшке бөлінеді:

- тіл алды: д, ж, з, й, л, н, р, с, т, ш;

- тіл ортасы: г, к;

- тіл арты: ғ, қ, ң.



6. Шұғыл дауыссыздар

Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында толық тосқауылға ұшырауынан пайда болатын дауыссыз дыбыстарды шұғыл (тоғысыңқы) дауыссыздар деп атаймыз

Шұғыл дауыссыздарға мыналар жатады: б, г, ғ, д, к, қ, м, н, ң, п, т.

7. Ызың дауыссыздар

Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында саңылау өткелі арқылы өтуінен пайда болатын дауыссыз дыбыстарды ызың (жуысыңқы) дауыссыздар деп атаймыз

Ызың дауыссыздарға мыналар жатады: ж, з, й, л, с, у, ш.

8. Діріл дауыссыз

Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында дыбыстау үзілісі мен тосқауылға ұшырауынан пайда болатын дауыссыз дыбысты діріл дауыссыз деп атаймыз.



Ол р дыбысы болып табылады.
: ld
ld -> Сабақ тақырыбы, мақсаты Сабақ үрдісінде қолданылатын модульдер, әдіс-тәсілдер Сабақтың нәтижесі
ld -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға қарсы мәндес сын есімдердің жасалу
ld -> Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев.
ld -> Қазақ мемлекеттік қыздар
ld -> 1. Отбасын таныстыру. Қай істеде өнер қолдан өнерлі адам жеңер болған
ld -> Мұқағали Мақатаев поэзиясының көркемдік жүйесі Опечатка
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ана өмір гүлі




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет