Деңгейлік тапсырмалар жинағы



жүктеу 1.14 Mb.
бет1/8
Дата02.07.2016
өлшемі1.14 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8
Бақылау- өлшемдік материалдар

Биология

(деңгейлік тапсырмалар жинағы)

9 сынып



  • Барлық тақырыптар бойынша аттестация

  • ҰБТ мен мемлекеттік емтиханға дайындық

  • Оқушылардың білімін бағалау

  • Бағдарламаға сәйкес

Құрастырушы -автор

ЖББОМ №66 биология пәнінің мұғалімі

Кантарбаева Г.А.

Қарағанды -2013
Түсінік хат
Әдістемелік құралда жалпы білім беретін орта мектептердің 9 сыныбына арналған бақылау- өлшемік материалдар ұсынылған. Барлық тапсырмалар мектеп бағдарламасына және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес. Тапсырмаларды тек қана сабақта ғана емес, ҰБТ ға, мемлекттік емтиханға, олимпиадаларға дайындық кезінде де қолдануға болады. Әдістемелік құрал мұғалімдерге, оқушыларға арналған.

Тапсырмалар құрастырылған кезде оқушылардың оқуға қабілеті, қызығушылығы ескерілген. Құралдағы тақырыптық тапсырмалар үш бөлімнен тұрады. (А,В ж/е С).

Бірінші бөлімнің тапсырмалары А деңгейі базалық. Әрбір тесте төрт жауап беріледі,оның біреуі ғана дұрыс.

Екінші бөлімнің тапсырмалары В деңгейі мүмкіндік деңгей. Бұл деңгейдің тапсырмалары:



  • қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар (В1);

  • сәйкестікті анықтайтын тапсырмалар (В2);

  • ашық тестер (В3);

  • биологиялық үрдістерің, құбылыстардың және объектілердің ретін анықтауға арналған тапсырмалар (В4).

  • терминдерге анықтама беру (В5)

  • мәтіндегі жіберілген сөздерді толтыру (В6)

  • суретпен жұмыс, кестелер, сызбаларды толтыру (В7)

Үшінші бөлімнің тапсырмалары С деңгейі толық жауапты қажет етеді:

  • биологиялық білімдерін практикада қолдана алуға бағытталған қиын тапсырмалар (С1);

  • мәтінде қателерді тауып, түзету (С2);

  • мәтінмен жұмыс істеп,ондағы мағлұматтарды курсты оқыған кезде алған білімдерімен салыстыру (С3).

  • шығармашылық тапсырмалар (С4)

Ұсынылған тапсырмалар оқушылардың білім деңгейін, дағдыларын әрбір сабақта тексеруге мүмкіндік береді.




1-тақырып. Кіріспе. Биология ғылым ретінде. Биологиялық зерттеу әдістері. Қазақстандық биолог- ғалымдардың биологияның дамуына қосқан үлестері.

1-нұсқа

Бірінші бөлім А деңгейі.

  1. Жалпы биология зерттейді: а) өсімдіктер мен жануарлардың жалпы құрылысын; в) тірі және өлі табиғаттың біртұтастығын; с) тірі организмдердің жалпы даму заңдылықтарын; д) түрлердің шығу тегін.

  2. Тірі организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен байланысын зерттейді: а) генетика в) экология; с) гигиена д) физиология

  3. Тірі организмдердің туыстығын ескеріп,топтарға бөліп оқытатын ғылым: а)экология; в) морфология; с) селекция; д) систематика.

  4. Қандай әдістің көмегімен тірі организмдердің өміріндегі маусымдық ауысымдарды зерттейді:

а)эксперименттік; в) бақылау; с) тәжірибе әдісі; д) палеонтологиялық.

  1. Эксперимент әдісін не үшін қолданады: а) өсімдіктердің қоректік заттарға қажеттілігін анықтау үшін; в) фотосинтездің табиғаттағы ролін анықтау үшін; с)құстардың ұшып кетуі мен келуін анықтау үшін; д) тірі организмдердің жүйеде алатын орнын анықтау үшін.

  2. Қазіргі биологиядағы жаңа әдістер:

а) салыстыру в) бақылау с) масс-спектрометрия д) тәжірибе.

  1. Биологияның дамуына XV- XVII ғасырда үлес қосқан ғалымдар:

а) Р. Гук, М. Мальпиги, А. Левенгук в) Ж.Б. Ламарк, Ж. Кювье

с) Л. Да Винчи, А. Везалий, У. Гарвей д) Т. Шванн, М. Шлейден.



Екінші бөлім В деңгейі.

  1. Биология терминің алғаш қай жылы кім ұсынды?....

  2. Өндірісте тірі организмдер мен биологиялық құбылыстарды қолданатын ғылым қалай аталады?....

  3. ҚР Қызыл кітабын жасаудың бастамашысы ....

  4. Геоботаниканың негізін салушы ғалым ...

  5. «Қазақстан құстары» 5 томдық еңбегінің серіктес авторы ...

  6. ҚР молекулалық биологиясының негізін қалаушы ғалым ...

  7. Мына терминдерге анықтама бер: эмбриология, палеонтология, селекция

Үшінші бөлім С деңгейі:

  1. Биология пәнінің қазіргі таңдағы маңызы

  2. И.И.Мечниковтің иммунитет теориясын ашуына көмектескен әдістер

2-нұсқа

Бірінші бөлім А деңгейі.

  1. Тірі организмдердің тіршілік әрекеттерін зерттейді:

а) генетика в) экология; с) гигиена д) физиология.

  1. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым:

а) генетика в) экология; с) гигиена д) физиология

  1. Биология ғылымы неліктен фундаментальді болып саналады

а) биология ғылымы бар адамдарға маңызды;

в) өйткені биология барлық тірі ағзаларды зерттейді;

с) адамдар тірі табиғатта ертеден зерттеп келеді;

д) өйткені бұл ғылымның қорытындылары практикалық және теориялық маңызы бар.



  1. Мына әдістердің қайсысын биология пәнінде қолданбайды:

а) тәжірибе; в) өлшеу; с) сұрау: д) мониторинг.

  1. Құстардың ұшу және көбею кезіндегі мінез- құлығын зерттейтін әдіс:

а) тәжірибе; в) бақылау; с) өлшеу д) салыстыру.

  1. Қазақстандағы алғаш молекулалық биологияның негізін қалаушы:

а) Н.Л.Удольская в) Р.А.Уразалиев с) М.А. Айтхожин д) А.Д. Джангалиев.

  1. Қазақстанның флорасын зерттеген ғалым:

а) Н.Л.Удольская в) Р.А.Уразалиев с) Н.В. Павлов; д) Т.Б. Дарканбаев.

Екінші бөлім В деңгейі.

  1. Қандай ғылым өзгергіштікті молекулалық деңгейде зерттейді?...

  2. Тірі организмдердің шығу тегін зерттейтін ғылым қалай аталады?...

  3. ҚР вирусологиясының негізін салушы ғалым ....

  4. ҚР биотехнологияны дамытушы ...

  5. Жоғарғы өнімді мал қолтұқымдарын шығару бойынша атқарылған жұмыстар осы ғалымның есімімен байланысты ...

  6. Қазақстанда саңырауқұлақтарды бірінші болып зерттеген ғалым ...

  7. Мына терминдерге анықтама бер: анатомия, экология, эволюция.

Үшінші бөлім С деңгейі:

  1. Тәжірибе әдісін алғаш қолданған ғалым...

  2. Тірі организм күрделі құрылысты екеніне дәлелдемелер келтір.


2-тақырып. Тірі организмдердің негізгі қасиеттері

1-нұсқа

Бірінші бөлім А деңгейі.

  1. Зат, энергия, ақпарат алмасу ең алғаш байқалатын деңгей:

а) биосфералық; в) молекулалық; с) ағзалық; д) жасушалық.

  1. Ең жоғарғы деңгей:

а) биосфералық; в) молекулалық; с) организмдік; д) жасушалық.

  1. Барлық деңгейлерге ортақ белгі:

а) күрделі құрылыс; в) әрбір деңгейде орындалатын заңдылықтар;

с) жүйелерді құрайтын элементтер; д) системалардың қасиеттері.



  1. Осы процестерің қайсысы зат алмасуға жатады: а) қоректену және тыныс алу; в) қоректену және зәр шығару; с) тыныс алу және өсу; д) даму және көбею.

  2. Сыртқы ортаның әсеріне жауап беру:

а) тітіркендіргіштік; в) қозғалғыштық ; с) бейімдеушілік; д) зәр шығару.

Екінші бөлім В деңгейі.

  1. Организмдердің дамуы қандай процеске байланысты?

  2. Сөйлемдегі бос орынға сөздерді толтыр: Организмнің қоршаған ортамен байланысы ... және ..... алмасуы арқылы жүзеге асады.

  3. Сәйкестікті анықта:

Құбылыстар мен объектілер

Тіршілік деңгейлері

  1. Нәруыз биосинтезі

  2. Бунақденелілердің денесінде импульстың өтуі.

  3. Қорек тізбегі

А) Биогеоценоздық

Б) Молекулалық

В) Организмдік


Үшінші бөлім С деңгейі.

  1. «Жүйе» ұғымына анықтама бер. Организм мен мүшені екі жүйе ретінде салыстыр

  2. Тірі организмерді неліктен ашық жүйе деп санайды?

2-нұсқа

Бірінші бөлім А деңгейі.

  1. Алғашқы эволюциялық өзгерістер байқалатын деңгей:

а) биосфералық; в) молекулалық; с) организмдік; д) популяциялық.

  1. Ең қарапайым деңгей:

а) биосфералық; в) молекулалық; с)организмдік; д) жасушалық.

  1. Организмдердің маусымдық өзгерістерге жауабы:

а) тітіркендіргіштік; в) қозғалғыштық; с) бейімдеушілік; д) ырғақтылық

  1. Құрылысы және атқаратын қызметтері ұқсас жасушалар тобы:

а) мүше; в) ұлпа; с) ағза; д) жүйе.

  1. Ішкі ортаның тұрақтылығы қандай жүйелер арқылы жүзеге асады?

а) жүйке және қан айналым жүйелері арқылы;

в) эндокриндік және жүйке жүйесі арқылы;

с) қан айналым және эндокриндік жүйесі арқылы;

д) зәр шығару және тыныс алу жүйелері арқылы.



Екінші бөлім В деңгейі.

  1. Дискреттілік және ырғақтылық ұғымына анықтама бер

  2. Сөйлемдегі нүктенің орнының толтыр: Молекулалар .... тұрады, молекулалардан .... түзіледі, олар жасуша түзеді, жасушалардан .... түзіледі, ал олардан мүшелер түзіледі.

  3. Сәйкестікті анықта: (В2)

Құбылыстар мен объектілер

Тіршілік деңгейлері

  1. Қасқырлар тобы

  2. Митохондрия

  3. Қасқыр мен қоянның ара- қатынасы

  4. Адамның қан тобы

А) Биогеоценоздық

Б) Жасушалық

В) Организмдік

Г) Популяциялық



Үшінші бөлім С деңгейі.

  1. Өзін өзі реттеу қасиетін мысал келтіріп, түсіндір

  2. Гемоглобинді мысалға алып, деңгейлерге сипаттама бер.


3-тақырып. Жердегі тіршіліктіктің пайда болуы

1-нұсқа

Бірінші бөлім А деңгейі.

  1. Абиогенезді жақтаушылар тіршілік:

а) басқа планеталардан келді деген; в) өмір бойы болды;

с) құдай жаратты д) өлі табиғаттан пайда болды.



  1. «Тіршілік күші» ұғымын жақтаушылар:

а) виталистер; в) этернистер; с) оппортунитстер; д) креацеонистер.

  1. Тіршіліктің биохимиялық жолмен пайда болу гипотезасын ұсынғандар:

а) С.Аррениус пен Дж. Оро; в) А.И. Опарин мен Дж. Холдейн;

с) Дж.Бернал мен С.Миллер; д) Ф.Реди мен Л.Пастер



  1. Л. Пастер тәжірибесі нені дәлелдеді:

а) қазіргі жағдайда тіршіліктің өздігінен пайда болуын;

в) тіршіліктің мәңгілік екенін;

с) қазіргі жағдайда тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын;

д) бактериялардың қолайлы жағдайда көбейетінін.



  1. Опарин мен Холдейн теориясына байланысты Жердегі тіршіліктің пайда болуының үшінші сатысы:

а) биополимерлердің түзілуі; в) мембранасы бар структуралардың түзілуі;

с) коацерваттардың құрамына нуклеин қышқылдарының кіруі.



Екінші бөлім В деңгейі.

  1. В1. А) А.И.Опариннің теориясы бойынша тіршілік қандай сатыда пайда болды?... Ә) Жер бетіндегі алғашқы ағзалар.... Б) Тіршіліктің белгілерін көрсететін органикалық қоймалжың тамшылар ...

  2. В5. Панспермия теориясына анықтама бер.

  3. Сәйкестікті анықта: (В2)

    Теориялар

    Авторлар

    1. Панспермия

    2. Биохимиялық эволюция гипотезасы

    3. «Тіршілік жер бетінде мәңгілік» теориясы

    4. Абиогенез

    5. Биогенез

    А) А.И.Опарин

    Ә) Аристотель

    Б) Л.Пастер

    В) Г.Рихтер

    Г) Ж.В.Прейер


  4. 4 )Тіршіліктің пайда болу кезеңдерін дұрыс ретімен қой. 1)коацерваттардың түзілуі; 2) алғашқы мұхиттің түзілуі; 3) биополимерлердің түзілуі; 4) қарапайым органикалық мономерлердің түзілуі; 5) нуклеин қышқылы мен нәруыз комплексінің түзілуі; 6) биологиялық мембрананың түзілуі.
















5. Сөйлемдегі жіберілген сөздерді орнына қой. (В6)

А) XVII ғасырдың ортасында италияндық дәрігер .... тәжірибе жасап,тіршілік өздігінен пайда болады деген теорияға қарсы шықты.

Ә)»Панспермия теориясын» …. жылы алғаш неміс ғалымы .... ұсынған

Б) «Тіршілік жер бетінде мәңгілік теориясын ... жылы неміс ғалымы ... ұсынды.



Үшінші бөлім С деңгейі.

  1. Тіршілік ұғымына анықтама бер.

  2. Алғаш тіршіліктің қалай пайда болғаны туралы өз көзқарасынды жаз.

  3. И.С Миллер мен Г.Юри өз тәжірибелері арқылы нені дәлелдеді?

2-нұсқа

Бірінші бөлім А деңгейі.

  1. Қандай ғалым XVII ғасырда биогенез теориясын тәжірибе жүзінде дәледеді:

а) Парацельс; в) Ж.Б.Ламарк; с) Ф.Реди; д) А.Ван Левенгук.

  1. Қандай ғалымдар абиогендік жолмен органикалық заттар синтездеді:

а) С.Миллер, Г.Юри; в)Х.Оро, С.Фокс;

с)Дж.Холдейн, А.И.Опарин; д) Дж.Бернал, С.Миллер.



  1. Коацерваттар дегеніміз не?

а) нуклеин қышқылдарының жиынтығы; в) нәруыздардың жиынтығы;

с) майлардың жиынтығы; д) судағы алғашқы шоғырланған нәруыздар.



  1. Опарин мен Холдейн теориясына байланысты Жердегі тіршіліктің пайда болуының екіншіі сатысы:

а) биополимерлердің түзілуі в) мембранасы бар структуралардың түзілуі

с) жасуша ядросының түзілуі.



  1. Креационизм жақтаушылар тіршілік:

а) құдай жаратты дейді в) өлі денелерден пайда болды дейді

с) басқа планеталардан әкелінді д) мәңгі.



Екінші бөлім В деңгейі.

  1. В1.А) Алғаш экспериментті түрде аминқышқылдарын синтезген ғалым..... Ә) Тіршіліктің алғышарттары...., ..., .... Б) Жердің алғашқы атмосферасында қандай бейорганикалық қосылыстар көптеп таралды?....

  2. В5.Биогенез теориясына анықтама бер.

  3. Сәйкестікті анықта: (В2)

    Теориялар

    Анықтамалары

    1. Панспермия

    2. Этернизм

    3. Витализм

    4. Абиогенез

    А) Тіршілік мәңгі

    Ә) Тіршілік бір «Тіршілік күші» әсерінен пайда болды

    Б) Тіршілік өлі денеден пайда болды

    В) Тіршілік космостан споралар арқылы келді.



  4. 4 ) Тіршіліктің пайда болу кезеңдерін дұрыс ретімен қой. 1) көпжасушалы аэробтар; 2) прокариоттар, анаэробтар, гетеротрофтар; 3)протобионттар; 4) фотосинтездеуші автотрофтар, прокариоттар; 5) эукариоттар, протистер, аэробтар.
















5. Сөйлемдегі жіберілген сөздерді орнына қой. (В6)

А) 1862 жылы .... ...... тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеді.

Ә) Ғаламшарға .... ағысы бір қалыпты түспесе, тіршіліктің пайда болуы мүмкін емес.

Б) Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы, органикалық қосылыстардың абиогендік жолмен түзілуін дәлелдеуде ..... жылы орыс ғалымы .... гипотезасының ғылыми мәні зор.

В) 1928 жылы ағылшын биологі ... жер бетінде органикалық қосылыстардың түзілуіне қажетті энергия Күннің .... сәулелері деп қорытынды жасады.

Үшінші бөлім С деңгейі.


  1. Тіршілік ұғымына анықтама бер.

  2. Алғаш тіршіліктің қалай пайда болғаны туралы өз көзқарасынды жаз.

  3. Ағылшын ғалымы Дж.Бернал ұсынған биогенездің үш сатысын ата.


4-тақырып. Тірі организмдердің химиялық құрамы.

1-нұсқа

Бірінші бөлім А деңгейі.

  1. Организмдердің жасушаларында ең аз кездесетін элемент:

а)азот; в)оттек; с)көміртек, д) сутек.

  1. Нуклеин қышқылдары мен сүйектің құрамына кіреді:

а) калий; в)фосфор; с) кальций; д) цинк.

  1. Гемоглобиннің құрамын кіретін элемент: а)кальций; в)натрий; с) темір; д)мыс.

  2. Жануарлар жасушасында қор көмірсу:

а)целлюлоза; в)крахмал; с) глюкоза; д) гликоген.

  1. Дұрыс тұжырымды тап:

а) барлық көмірсулар мен липидтер суда ериді;

в) барлық көмірсулар мен липидтер суда ерімейді;

с) кейбір көмірсулар суда ериді, ал липидтер суда ерімейді;

д) барлық липидтер мен көмірсулар полярлы қосылыстар.



  1. Ең көп энергия 1 грамм ыдырағанда бөлінеді:

а) май, в) глюкоза; с) нәруыз; д) целлюлоза.

  1. Ең көп тараған көмірсу:

а)целлюлоза; в)крахмал; с) глюкоза; д) гликоген

  1. Биологиялық мембраналардың негізін құрайды.

а) полисахаридтер в)олигосахаридтер, с)фосфолипидтер; д) стероидтар.

  1. Аминқышқылының өзгеретін бөлігі.

а) амин тобы және карбоксил тобы; в) радикал; с)карбокил тобы; д) радикал мен карбоксил тобы.

  1. Коллаген, эластин, кератин қандай нәруыздарға жатады.

а) тасымалдаушы; в)структуралық с) қорғаныш; д) жиырылғыш.

Екінші бөлім В деңгейі.

В2 Сәйкестікті анықта



Химиялық элементтер

қызметі

  1. Кобальт

  2. Бор

  3. Иод

  4. Кальций

  5. фтор

А) қанның ұюына қатысады.

Ә) тироксиннің құрамына кіреді

Б) В12 витаминінің құрамына кіреді.

В) тіс кіреукесінің құрамына кіреді.

Г) өсімдіктің өсуіне қажет.


3)

  1. Күрделі нәруыздар қалай аталады....

  2. Хлорофилл мен көптеген ферменттердің құрамына кіреді...

  3. Нәруыздың бірінші реттік құрылымындағы аминқышқылдары арасындағы байланыс...

  4. Сүйектің, сіңірдің құрамына кіретін күрделі көмірсулар...

  5. Өсімдік липидтерінің құрамына кіретін май қышқылдары...

  6. ДНҚ молекуласының диаметрі...

  7. Аденин мен тиминнің арасында қандай байланыс...

  8. 1 молекула АТФ ыдырағанда түзілетін энергия мөлшері ...

  9. Жасушаның осмостық қысымын реттейтін қосылыс...

  10. РНҚ-ның түрлері..., ... ,...

В5. Терминдерге анықтама бер: фермент, ренатурация, буферлік қасиет, полимер, гормон.

В6. Мәтіндегі жіберілген сөздерді толтыр.



....... тұратын химиялық қосылыстарды полимерлер деп атайды. Биополимерлерге ......, ....., ...., .... .... жатады. Нәруыздардың мономерлері ...., көмірсулардың - .....ДНҚ мен РНҚ мономері ......
Үшінші бөлім С деңгейі.

С1.



  1. Нәруыздар адам ағзасында неліктен энергия көзі ретінде көмірсулар мен липидтер таусылған кезде ғана қолданылады?

  2. Кесте толтыр

    Нәруыздың атауы

    Қызметі

    1.

    2.

    3.



    4.

    Транспорттық

    Жиырылғыштық

    Структуралық

    Қорғаныштық




  3. ДНҚ мен РНҚ молекуласын салыстыр (кесте түрінде)

С2 .Мәтіндегі қателерді тауып, түзе.

Су жер бетінде ең көп тараған органикалық заттардың бірі. Медузаның жасушасында 95%, ал адамның миында 50% су бар. Судың қасиеті оның құрылысына байланысты.Сутек пен оттек арасындағы иондық байланыстар судың полярлы қасиетін анықтап, судың полярсыз қосылыстарды ерітуге мүмкіндік береді.



2-нұсқа

Бірінші бөлім А деңгейі.

  1. Жасушалық теорияның авторлары:

а) Р.Вирхов,К.Бэр; в)А.ван Левенгук, Р.Гук;

с) Т.Шванн, М.Шлейден. д) Т.Шванн, Броун.



  1. ДНҚ ның құрамына кірмейді: а )тимин; в) урацил; с) гуанин; д) цитозин.

  2. Домалақ нәруыздар аталады:

а) альбуминдар; в) глобулиндер; с) фироиндер д) протеиндер

  1. Мыс: а) макроэлемент; в) микроэлемент; с) ультрамикрэлемент;д) мезоэлемент.

  2. Инсулиннің құрамын кіретін элемент: а) мыс; в) мырыш; с)темір; д) магний.

  3. Былқылдақденелілер мен шаянтәріздестердің тыныс пигменттерінің құрамын кіреді: а) цинк; в) күкірт; с) темір; д) мыс.

  4. ДНҚ молекуласының екі орамдық құрылысын анықтаған:

а) М.Шлейден ж\е Т.Шванн; в) Дж.Уотсон ж\е Ф.Крик;

с)Г.Мендель ж\е Т.Морган; д) Дж.Уотсон ж/е Т.Шванн.



  1. В12 витаминінің құрамына кіреді: а) цинк; в) кобальт; с) мыс; д) кальций.

  2. Липидтер тұрады: а) глицерин мен крахмалдан; в) май қышқылы мен амин қышқылынан; с) глицерин мен май қышқылынан; д) май қышқылы мен судан.

  3. Нәруыздың мономері:

а) нуклеотид; в) глюкоза; с) аминқышқылы; д) глицерин.

Екінші бөлім В деңгейі.

В2 Сәйкестікті анықта



Химиялық элементтер

қызметі

  1. Көміртек

  2. Магний

  3. Темір

  4. Кальций

  5. Сутек

А) бұлшықеттерді жиырады

Ә) гемоглобиннің құрамына кіреді

Б) осы элементтің иондарының концентрациясы ортаның рН анықтайды

В) хлорофиллдің құрамына кіреді

Г) органикалық заттардың негізгі элементі


В3

  1. Нәруыздың құрылысының бұзылуы ....

  2. Мына нәруыздар альбуминдер, гемоглобин ..... қызмет атқарады?

  3. Крахмал, гликоген, целлюлоза қандай көмірсулар...

  4. Суда еритін қосылыстар ...

  5. Цитозинге сәйкес...

  6. Жасуша мембранасының өткізгіштігін және импульстарды өткізеді ...

  7. Нуклетидтің құрамына ..., ..., ... ... ... кіреді

  8. ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтер арасындағы арақашықтық ...

  9. Пептидтік байланысты ашқан ғалым ...

  10. 1гр май ыдырағанда түзілетін энергия ....

В5. Терминдерге анықтама бер: катализатор, денатурация, редупликация, мономер, пептидтік байланыс.

В6. Мәтіндегі жіберілген сөздерді толтыр.

Су молекуласында оттектің ..... атомы, сутектің .... атомымымен байланысқан.Су молекуласы ...., өйткені оттек атомы сутек атомына қарағанда электртерістілігі жоғары. Судың бір молекуласындағы оттегімен және басқа су молекуласының .... атомы арасында ..... ...... Судың полярлы қасиеті басқа қосылыстарды ..... байланысты. Суға байланысты барлық қосылыстар ..... ж\е ... болып бөлінеді. Гидрофобты заттарға ...., ..., ...., ал гидрофильді заттарға ..., ... жатады.

Үшінші бөлім С деңгейі.

С1. 1. Нәруыздар адам организмінде неліктен энергия көзі ретінде көмірсулар мен липидтер таусылған кезде ғана қолданылады?



  1. Кесте толтыр

    Нәруыздың құрылымы

    Байланыстар

    1.

    2.

    3.



    4.




  2. С2 .Мәтіндегі қателерді тауып,түзе. Нәруыздар моносахаридтер және полисахаридтер болып бөлінеді. Монасахаридтерге хитин, целлюлоза, гликоген жатады.Сүт қанты фруктоза деп аталады.Нуклеин қышқылдарының құрамына эритроза және пирожүзім қышқылы кіреді.

4. «Органикалық қосылыстар» тақырыбын оқып шығып, C3- C4 тапсырмасын орында. Нәруыздар мен майлар жоғарғы молекулалы қосылыстар. Нәруыз молекуласы көптеген аминқышқылдарынан түзілген.Олардың құрамына көміртек, сутек, оттек, азот және күкірт кіреді. Майлар үш атомды спирт глицериннен және май қышқылдарынан тұрады. Олар суда ерімейді, бірақ органикалық еріткіштерде ериді. Майлардың құрамына көміртек, сутек, оттек бар. Майлар мен май тәріздес заттарды липидтер деп атайды. Майлар көмірсулар сияқты энергия көзі болады.

Әртүрлі жасушалардың нәруыздары әртүрлі. Бірақ олардың қасиеттері бірдей: қыздырғанда н\е УК сәулелердің әсерінен ұйиды. Нәруыздар кез келген организмнің құрылыс материалы болып табылады: жасуша мембранасы, цитоплазма мен ядроның құрамына кіреді. Көптеген нәруыздар ферменттер болып табылады. Жануарлардың қозғалысын жиырылғыш нәруыздар жүзеге асырады. Қорғаныш нәруыздарын қарсыденелер деп атайды. Кейбір нәруыздар тасымалдау қызметін атқарады. Майларда нәруыздар сияқты қызметтер атқарады. Олар жасуша мембранасының құрамына кіреді, сондықтан құрылыс қызметін атқарады. Майлар жасушада қорға жиналып, қоректік қызмет атқарады. Кейбір май тәріздес заттар гормондар болып табылады, олар физиологиялық процесстерді реттеуге қатысады.



С3. Осы мәтін бойынша салыстырма кестесін толтыр.

Салыстыратын белгілер

Нәруызар

Майлар

Органикалық молекулалардың құрылысы













Олар суда ерімейді, бірақ органикалық еріткіштерде ериді.

Ұқсас қызметері







С4. Мәтіннен майлар мен нәруыздар бірдей қатысатын жасуша бөлігін жаз. Ол структура қандай қызмет атқарады?
  1   2   3   4   5   6   7   8


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет