Диплом жұмысы тақырыбы: Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету Шымкент-2008 мазмұНЫ



жүктеу 0.7 Mb.
бет4/4
Дата20.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
1   2   3   4

Қорытынды

«Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету» тақырыбында жазылған диплом жұмысы бойынша мынадай қорытынды жасадық:

1. Бастауыш сыныпта жазу жұмыстарының мақсаты оқушыларды көркем, анық, дұрыс жазуға үйрету. Балалардың жазу қимылдары автоматтанғаннан кейін сауатты жазуға үйрету міндеті басталады.

2. Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді. Оқушы ереже бойынша, саналы түрде түсіне отырып, жазу арқылы алған білімдерін бірте-бірте заңға айналдырады.

3. Оқушыларды дұрыс жазуға үйрету барысында мұғалім жазуға берілетін материалды алдын-ала таңдайды. Дұрыс жазу үлгілерін тақтаға, дәптерге көрсетеді. Балалардың дәптерлерін күн сайын тексеріп, түзету жолдарын көрсетеді. Айына бір рет бақылау жұмысын жүргізеді.

4. Жазуға үйрету үшін мұғалім: сөздің мағынасын анықтайды; айтылуына, жазылуына, грамматикалық формасына көңіл аударады; жіберілген қатемен жұмыс жүргізеді; сөйлем мен сөзді талдау жұмысын жүйелі түрде жүргізеді; грамматикалық жаттығуларды сөздік – орфографиялық жаттығулармен алмастырып отырады.

5. Сауат ашу кезеңі орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский негізін қалаған дыбыстың талдау-жинақтау әдісімен жүргізеді. Бұл кезеңде талдау, жинақтау, бірінбірі ауыстырып, бірін-бірі толықтырып отырады. Тек осы екі әдісті ұштастыру арқылы ғана сауат ашу жұмысын ойдағыдай жүргізуге болады. Талдау-жинақтауда мынадай жұмыстар жүргізіледі: кез-келген дыбыстарды сөз ішінен бөліп алу; дыбыстың артикуляциясын байқату; сөздің аяғындағы не басындағы дыбысты түсіріп айтып, балаларға тапқызу; айтылуына қарай дыбыстарды, жазылуына қарай әріптерді салыстыру; т.б. үйретіліп отырған дыбыстың сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін түсіндіру; буынды немесе сөзді есте сақтау арқылы оқу; дыбыс алмастырып оқу.

6. Саут ашу кезеңі үшке бөлінеді: 1) әліппеге дейінгі дайындық кезеңі; 2) әліппе кезеңі; 3) әліппеден кейінгі кезең. Әр кезеңнің өз мақсаты бар: Дайындық кезеңінде оқушыларға ертегі, әңгіме оқып беріп, өлең жаттатып, сурет салдырып, қағаз, қалам ұстауға машықтандырады.

7. Сауат ашу кезеңі 4 кезеңге бөлінеді: Бірінші кезеңде - дауысты дыбыстардың жуан, жіңшке болып бөлінуі, дауыссыз дыбыстардың түрлері үйретіледі. Екінші кезеңде - қысаң дауысты дыбыстармен, буынның түрлерімен танысады, сюжетті суреттеумен, кестелермен жұмыс жүргізеді. Үшінші кезеңде - жіңішке дауысты дыбыстарды дауыссыз дыбыстардан ажыратып жазуды үйретеді. Төртінші кезеңде - орыс алфивитінен енген дыбыстармен, олардың әріп таңбаларымен жұмыс жүргізу. Әліппеден кейінгі кезеңде оқушылар «Әліппе» соңында берілген материалдармен жұмыс істеп «Әліппемен қоштасу» ертеңгілікке дайындалады.

8. Сауатты жазуға үйренуде мүғалім оқушылардың ережені түсінбей, құрғақ жаттауына жол бермеуі керек, сол ережені меңгертудің әдіс-тәсілдерін іздестіруі керек. Оқушылар өтілген ережелерге өз бетінше мысал келтіре алып, оны оған ұқсас басқа жағдайларда пайдалана алатындай дәрежеге жеткенде ғана ақыл-ой дағдысы қалыптасады. ¤йткені тіл дамыту – қашанда ой дамыту. Сауатты жазуға үйрену үшін оқушы аналогия, салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау сияқты ой операцияларын іске асыруы керек.

9. Сауатты жазуға үйретуде мұғалім мынадай жұмыстарды жүргізеді: сөздің не сөйлемнің мағынасын түсіндіріп барып оны оқушыларға жаздырады; сөзді дұрыс айтуға, ұқыпты жазуға машықтандырады; түбірлес сөздерді табу, сөз тіркестер арқылы сөйлем құрастыру, ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру; дыбыстық талдау жасау, сөздік жұмысын жүргізу; сауатты жазу дағдысын қалыптастыру т.б.

10. Жазуға байланысты жүргізілетін жаттығулар көруге, естуге және орфографиялық тапсырмалар бойынша жүргізіледі. Олардың негізгі түрлері: грамматикалық-орфографиялық талдау, көшіру түрлері: механикалық көшіру, есте ұстау арқылы көшіру, еркін көшіру; грамматикалық тапсырмаларға байланысты көшіру; бақылап көшіру; диктант жүргізу, оның түрлері: ескерту диктанты, іріктеу диктанты, түсіндіру диктанты, шығармашылық диктант, ерікті диктант, бақылау диктанты.

11. Оқушылардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру жұмысы 4 кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде материал мұғалімнің көмегімен тақтада талданады, ереже бойынша жазылған сөздер табылады, бұл дағдыны бекітудің алғашқы сатысы. Екінші кезеңде дайын мәтін беріліп, оқушылар ережеге сай келетіндерін табады. Бұл кезеңде көптеген жаттығулар жүргізіледі және бұл кезең – орфограмманы білу кезеңі деп аталады. Үшінші кезең – орфографиялық дағдының автоматтана бастау кезеңі. Мұнда оқушылармен грамматика – орфография тапсырмалар, түрлі көшіру, шығармашылық жұмыстар, диктанттар жүргізіледі. Келесі кезең – қалыптасқан дағдыларды жетілдіру кезеңі. Бұл кезеңде жазылуы бірыңғай сөздерді байланыстырып, оларға тән ортақ заңдылықты, жалпылықты анықтау; түбірлес сөздерді табу, сөздердің синонимін, антонимін табу, омоним сөздерді табу, диктанттар жазу жұмыстары жүргізіліп, өтілген ережелер бойынша дағдылар толық қалыптасады.

12. Оқушылардың орфографиялық не пунктуациялық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруда сезім анализаторларының барлығы да: есту де, көру де, қол қозғалысы да қатысуы керек және оқушылардың іздегенін ойы- есін, қиялын т.б. таным қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ олардың ауызша, жазбаша тілін дамытуға көп күш салу қажет.

13. Оқушылардың білімін бағалауда бақылау жұмыстары жүргізіледі. Бақылау жұмыстарына мынадай талаптар қойылады: бір тақырып аяқталғаннан кейін бақылау жұмысы жүргізіледі; тек соңғы ереже ғана емес, бұрыңғы өтілген ережелер де қамтылады; бақылауға мәтін не жеке сөйлемдер алынады.

14. Сабақта оқушылар қойылған сұраққа жауап қайтарып қана қоймай, өздері де дұрыс сұрақ қоюға үйренеді. Оқушылардың білімін, дағдысы мен икемділіктерін есепке алу жұмысы мұғалім мен оқушылар еңбегінің көрсеткіші болып табылады.

15. Оқушы мұғалімнің жетекшілігімен өздерінің қателерін жою үшін өз беттерінше жұмыс жүргізеді. Бақылау жұмысынан кейін мұғалім оқушылардың жіберген қателіктерінен толық талдау жасайды. Әр оқушыға тән қателер теріп жазылады, осының нәтижесінде әр оқушының және бүкіл сыныптың үлгерімі анықталады. Мұғалім қате себептерін анықтап, қосымша жұмыс ұйымдастырады.

16. Бастауыш мектептегі ана тілі пәні жоғары сыныптарда өтілетін қазақ тілі пәнінің дайындық сатысы, оның мақсаты – балаларға оқу, жаза білу дағдысын меңгерту, тілін дамыту, сауатты жазуға үйрету, ана тілін, әдебиетке деген сүйіспеншілігін, білімге деген құштарлығын қалыптастыру.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., 1982

  2. Тәжібаев Т.Жалпы психология. А., 1993

  3. Ысқақ Б. Тіл дамытудың ғылыми негіздері. А., 1997

  4. Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері А., 1962

  5. Әуелбаев Ш. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1987

  6. Қазыбаев С. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту. А., 1985

  7. Құлмағамбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1988

  8. Балақаев М., Әміров Р. Қазақ тілі 3 сынып (оқулық). А., 1990

  9. Молдабеков Қ. Бастауыш класта тіл дамыту. А., 1993

  10. Ысқақ Б. Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстар. Ш., 2003

  11. Жұмажанова Т. Кластан тыс оқу барысында тіл дамыту. А., 1992

  12. Жазыбаев М., Нағашыбаева Ә. Бастауыш кластар үшін грамматикалық ойындар. А., 1961

  13. Ысқақ Б. Сауаттылыққа үйрету әдістемесі. А., 1997

  14. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1991

  15. Ысқақ Б. Мазмұндама жаздыру әдістемесі. А., 1992

  16. Ысқақ Б. Бастауыш сыныпта шығарма жаздыру . Ш., 2002

  17. Ысқақ Б. Диктанттар жинағы. Ш., 2005

  18. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары, А., 2000

  19. Құрманова Н.Ж., Тойбазарова Н.А., Рахатова К. Бастауыш мектепте қазақ тілін дамыта оқыту, Ақтөбе, 2006

  20. Сарманов Е., Сапаров С. Оқытудың жаңа технологиялары, Ш., 2005

  21. Құрманова Н.Ж. Тойбазарова Н.А. Морфологияны дамыта оқытуға арналған жаттығулар жинағы. Ақтөбе, 2006

  22. Құрманова Н.Ж. Тойбазарова Н.А. Морфологияны дамыта оқыту сабақтарының жүйесі. Ақтөбе, 2006

  23. Құрманова Н.Ж. Тойбазарова Н.А. Диктанттар жинағы, Ақтөбе, 2006

  24. Уәйісова Г. Бастауыш кластарда морфологиялық ұғымдарды оқыту. А., 1994

  25. Ысқақ Б., Сманова Б. Қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары. 4 сынып. Ш., 2005




1   2   3   4


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет