Диплом жұмысы тақырыбы: Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі



жүктеу 0.8 Mb.
бет1/4
Дата20.06.2016
өлшемі0.8 Mb.
түріДиплом
  1   2   3   4


Ф-ОБ-001/033
Ф-ОБ-001/033

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Шымкент институты

Заң факультеті


Педагогика және психология кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі.

Кафедра меңгерушісі,




Орындаған: 31043 тобының студенті Лаханова Н.

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., профессор Еркебаева Г.Ғ.

Шымкент-2008

Мазмұны

Кіріспе............................................................................................................3

І тарау. Оқыту технологияларының түрлері мен мазмұны............5

1.1. Деңгейлеп оқыту технологиясы............................................................9

1.2. Жобалап оқыту технологиясы............................................................12

1.3. Модульдік оқыту технологиясы.........................................................15

1.4. Дамыта оқыту технологиясы..............................................................22
ІІ тарау. Бастауыш сыныптарда жаңа технологиялық әдістерді пайдалану

2.1. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың әдіс – тәсілдері.......28

2.2. Қазақ тілінен дамыта оқыту сабағының үлгісі.................................44

2.3. Қазақ тіліннен жай сөйлемдерді оқытуда тест тапсырмаларын пайдалану үлгісі.....................................................................................................46


Қорытынды................................................................................................57
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................59


Кіріспе
«Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру», - делінген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында.

Қазіргі таңда елімізде болып жатқан жаңартулар оқу-тәрбие жұмыстарының бағыт-бағдарының заман талабына сай жасалуын міндеттейді.



Жұмыстың көкейкестілігі: ХХІ ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Олай болса, мұғалімдердің алдында тұрған бірден-бір мақсат оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, өз бетінше әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, өмірге өзіндік көзқарасы бар азамат болып жетілуіне көмектесу.

Мұғалімнің шеберлігінің негізі көрсеткіштерінің бірі - әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгеру, игеру. Оларды өзінің күнделікті қызметіне пайдалана білу, мұғалімнің шығармашылық еңбегі ең алдымен сабақпен байланысты.



Тақырыпты таңдау себебі: Бүгінгі күні мемелекеттік тілді оқытудың әдіс-тәсілдеріне аса зор көңіл бөлінуде екені бәрімізге белгілі. Оның үстіне келешек маман ретінде ұстаздық жұмысты бастамас бұрын өз мамандығымды жете білу мақсатында жаңа технологиялық әдістерді зерттеп білу қажет деген талап «Мемлекеттік тілді меңгертуде оқытудың жаңа технологияларын пайдалану жолдары» деген тақырыпты таңдауыма себеп болды.

Жұмыстың мақсаты: Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасуда, білім алушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиялар пайда болуда. Диплом жұмысының мақсаты жаңа технологиялардың түрлері мен мазмұнын сипаттап, жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді меңгертудің жаңа технологиялық әдістерін көрсету болып табылады.

Зерттеу объектісі ретінде жаңа технологиялық әдістерге байланысты теориялық және практикалық материалдар, В.Давыдовтың, А.Зайцевтың, Ф.Оразбаеваның, Е.Сармановтың, Б.Тұрғынбаева, т.б. еңбектері, «Қазақ тілі және әдебиеті», «Қазақ тілі және әдебиеті орыс мектебінде» журналдары алынды.

Диплом жұмысында мынадай ғылыми зерттеу әдістері пайдаланылды: сипаттама әдісі, талдау-жинақтау әдісі.



Диплом жұмысының құрылысы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. Оқыту технологияларының түрлері мен мазмұны
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі - білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру.

Осыған орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, іс-тәжірибеге енуде. Жаңа технологияларды қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына жан-жақты білім алуына белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасалады. Педагогикалық технологиялардың атқаратын қызметіне қарай келесі кесте ұсынылады.

Кесте -1


Ынтымақтастық педагогикасы. Талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасын көші. Бұл балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі:

- мұғалім – оқушы, оқушы – мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы да субъект, мұғалім де субъект;

- оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас;

- оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас.



Білім беруді ізгілендіру технологиясы. Оқушыны азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.

Проблемалық оқыту технологиясы. Оқушыны өз бетімен іздеуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Атап айтқанда;

- оқушының белсенділігін арттыру;

- оқу материалында баланы қызықтыратындай мәселе;

- оқушы материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерту;

- оқытудың бала өмірімен, еңбегімен байланыстыру.

Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы мынаны көздейді:


  • білім, білік, дағдыны қалыптастыруды;

  • барлық баланы оқытуды;

  • оқытуды жеделдету, үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тірек сигналдарын қолдануды;

  • тек бағдарды қарым-қатынас, ықпал; ізгілік еркімен оқытуды;

  • әр оқушының жобасының жариялығын түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасауды;

  • оқыту мен тәрбиенің бірлігін.

Түсіндіре оза оқыту технологиясы. Оқу материалының бірізділігі, жүйелілік саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы; бағдарламаның кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңуге, тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану. Сабақты пысықтауға әуелі озатты, сосын орташаны, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады. Бірте-бірте толық дербестікке жету, сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру, түсіністік өзара көмек ынтымақтастық қарым-қатынас; оқушының қателігін ескерту, бірақ жазғырмау; тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі; білім, білік дағдыны дамытып меңгерту; түсіндіруді қабылдау.

Міндетті нәтижелерге негізделген деңгей саралап оқыту технологиясы. Білім, білік, дағдыны меңгерту, мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру. Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкін деңгейіне орай оқыту, оқытуды оқушыларды әр түрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау. Білімінің базалық деңгейі барлық оқушылар үшін міндеттілік оқушыларға берілген тапсырманың сараланып, тапсырма оқушының күші жететіндей жайлы қолайлы болуы шарт.



Бағдарламалық оқыту технологиясы. Ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізі оқытушылық тиімділігін арттыру, баланың жақсы қасиеттерін ескере отырып оқыту. Оқыту құралдарының көмегімен бағдарламаның оқу материалдарын кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы логикалық бірізділікпен берілген.

Оқытудың компьютерлік технологиясы. Ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастырып және қатынас қабілетін дамыту, жеке баланы «ақпараттық қоғамға» даярлау. Мұнда оқушының тікелей компьютермен қатынасу арқылы орындалады. Яғни баланың жақын қасиетттеріне қарай компьютерге бейім информатикамен есептеу технологиясының негізгі ұғымдарын білу, т.б.

Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту. Аталмыш бағдарламның ерекшелігі ішкі құрылымында. Құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғанысы кезеңдерінен түзіледі. Бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Осы сабақ кезінде үйрену не үйренгенін саралап салмақтап, оны қандай жағдайда, қаншалықты керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім жолына қайта қарап өзгерістер енгізді.



Өздігінен дамыту технологиясы. Баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала саласында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи (жасанды емес) болуы керек, сонда бала өзін-өзі дамытады. Монтессори педагогикасының ұраны баланың мұғалімге «мына менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер» деуіне жету. Баланың туғанынан азамат болғанға дейінгі барлық өмірі – оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады. Онда оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды, әркім табиғат берген даму жолымен жүреді. Мектепте сабақ болмайды, әр күн жалпы жиыннан басталады. Жиыннан кейін әркім өз еркімен қалаған жұмысымен айналысады.

1.1. Деңгейлеп оқыту технологиясы
Білім алушылардың даму деңгейінің біркелкі болмауынан, олардың жеке қабілеттерінің әртүрлі болуынан топта үлгермеушілер мен оқу үздіктері пайда болады.1 Сондықтан мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде: жаңа материалды беру, бекіту, қайталау, тексеру, бағалау кезінде деңгейлеп, саралап оқытуды ұйымдастыруы тиіс.

Деңгейлеп оқыту идеясының авторы Н.П.Гузик сыныптағы оқушыларды да, соған сәйкес оқу бағдарламаларын да А, В, С – үш деңгейге бөлуді ұсынады.

«А» - бағдарламасындағы тапсырмалар базалық стандарт түрінде белгіленеді. Оларды орындай отырып оқушы пән бойынша қайталау деңгейінде нақты материалды меңгереді. Материалды алғаш меңгеру жұмыстарының бұл деңгейінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол материалдың сан рет қайталануын, мағыналық топтарды бөлу, негізгі ойды табу дағдысын, есте сақтау тәсілдерін білуді, т.с.с. талап етеді.

«В» - бағдарламасын орындамас бұрын «А» бағдарламасындағы тапсырмаларды әрбір оқушы орындауға міндетті. «В» - бағдарламасы қолдануға арналған есептерді орындау үшін қажет, ол оқушылардың оқу, ой әрекетінің арнайы тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл бағдарламаға бірінші деңгейдегі материалды кеңейтетін, негізгі білімді дәлелдейтін, суреттейтін, нақтылайтын ұғымның қолданылуы мен жұмыс істеуін көрсететін қосымша мәліметтер енгізіледі. Бұл деңгей мәліметтер көлемін кеңейтіп, негізгі материалды терең түсінуге көмектеседі.

«С» - бағдарламасының орындалуы оқушыларды алған білімді шығармашылықпен қолданылатын деңгейге көтереді. Бұл бағдарлама оқу жұмысы мен ой әрекетінің тәсілдерін және деректі оқу материалын еркін игеруді көздейді. Өз білімімен мәселелер шешуде оқушыға оның логикалық
1. Сарманов Е., Сапаров С. Оқытудың жаңа технологиялары. Шымкент, 2005.

ойлауын дамытатын мәліметтер беріп оны шығармашылықпен қолдану перспективасын ашады. Оқушыға өзін қосымша жұмыста көрсетуге мүмкіндік береді.

«А» - бағдарламасы оқытудың міндетті нәтижесіне сәйкес келеді.

«В» - бағдарламасы оқулықтан қосымша есептер мен жаттығулардың енгізілуін көздейді.

«С» - бағдарламасы қосымша оқу-әдістемелік әдебиеттерден алынған тапсырмалардан тұрады.

Әр пәндегі оқу бағдарламасын таңдау оқушының өзімен ойласа отырып жүргізіледі. Әрбір тақырып бойынша өткізілетін сабақтар кезектесіп келетін бес типтен құралады.

Бірінші – тақырыпты жалпы талдау сабақтары (оларды лекциялар деп атайды).

Екінші – қиыстырылған семинар сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмысының процесінде оқу материалдарының тереңдей талдануы. Мұндай сабақтар бірнеше рет 3-5 дейін өткізіледі.

Үшінші – қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары.

Төртінші – материалды пәнаралық қорытындылау сабақтары (оларды тақырыпты қорғау сабақтары деп те атайды).

Бесінші – пратикум сабақтар.

Барлық оқушы білім стандарты деңгейін толық игергеннен кейін ғана жаңа материалға ауысу жүзеге асырылады. Жалпы сыныптық топтық және жеке жұмыстар арасындағы үйлесушілік базалық стандарт деңгейінде оқушылар біліміндегі ақаулықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Оқушылардың біліміндегі ақаулықтарды жою үшін олармен сыныптан тыс жеке жұмыстар жүргізуге тура келеді. Әр пәнді деңгейлік бағдарламаны таңдау оқушының өзіне ұсынылады. Осылайша ортақ базалық білім минимумы қамтамасыз етілуімен қатар әр жеке тұлғаның шығармашылық дамуына де кеңістік ашылады.

Білімді бақылау кезінде деңгейлеу тереңдей түсіп, әрбір оқушының жетістігі есепке алынады. Яғни білім берудің буындары; түсіндіру, бекіту, тексеру барлығы деңгейлеп жүргізілуі тиіс.

Кесте-1

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Диагностикалық кезең

Оқушылардың білім деңгейін диагностикалау

Мұғаліммен бірлесе отырып оқу деңгейін таңдау

Оқушыларды топқа бөлу

Әр деңгей үшін оқу мазмұны мен қойылатын нақты талаптарды айқындау

Топтардағы оқыту талаптарының жобасын талқылауға қатысу

Оқытуды іске асыру

Мұғалімнің материалды оқу топтарын беруі

өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруы

Білімді меңгерту нәтижесін бағалау

Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша оқушыларды бағалау (Кері байланыстың дұрыс орнатылуы)

Нәтижелері бойынша өзара және өзін-өзі бағылауды жүзеге асыру

Деңгейлеп оқыту технологиясының басты артықшылығы:

- әрбір оқушының даму деңгейіне сай оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ететіндігі болып табылады;

- деңгейлеп оқыту – оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асады. Топтарға бөлуде оқушылардың даму ерекшеліктерін қабылдау, ойлау, зейін, есте сақтау, т.б. ескеру керек;

- мұғалім әрбір топ үшін талаптардың ара жігі айқындалған нақты жүйелерін құрып ұсынып отыруы тиіс. Оқушылар біліміндегі ақаулықтарды жоюға бағытталған жұмыстар уақтылы жүргізіліп отырылғаны жөн.

1.2. Жобалап оқыту технологиясы

Жобалап оқыту технологиясының негізін салушы Карл Фрей. Ол жоюалау әдісі туралы былай дейді:1

- оқушылардан болсын немесе оқытушы тарапынан болсын практикалық маңызы бар бір жоба (проект) ұсынылуы тиіс.

- жобаға қатысушылар оқыту түрі, міндеттерді атқару туралы өзара келіседі;

- оқушылар алған білімдерін танымдық және практикалық міндеттерді шешуге пайдаланады. Жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен өз бетінше оқып үйренеді;

- ұжымда жұмыс істеп үйренеді;

- зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау) меңгереді;

- оқушылардың жүйелі ойлауы дамиды.

Жобалап оқыту технологиясының объектілері нақты өмірден алынған практикалық маңызы бар жобаға енуі тиіс. Осындай қолдануға мысал ретінде бір болуы ықтимал жоба келтірейік.

Жоба тақырыбы: «Көлкент көлі»

Зерттелетін тақырыпқа жақын оқу пәндері: экология, сызу, экономика, гоеграфия, әдебиет, информатика.

Жобаның мақсаты: Көлдің экономикалық жағдайын зерттеу.

Жобаның міндеттері:


  1. Оқушыларды өз бетінше ақпарат жинауға үйрету.

  2. Социологиялық сұраулар жүргізу.

  3. Экологиялық проблемаға талдау жасау.

  4. Экономикалық талдау жасау.

  5. Жоба тақырыбы бойынша балаларды жеке және өзгелермен бірлесе жұмыс істеуге үйрету.

Карл Фрей Жобалау әдісі, Бельц, 1977

1.3. Модульдік оқыту технологиясы
Модульдік оқыту технологиясында оқушы өзінше мақсатты жеке бағдарламамен (толық немесе бөлімдерімен) оқитындай етіп оқыту процесін өзгертеді, қайта құрады.1

Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу модулі дегеніміз не екенін нақты анықтап алуымыз керек. Ол:



  1. ақпараттардың аяқталған блогынан;

  2. оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан;

  3. бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан тұрады.

Модульдік оқыту - білім мазмұны. Білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқытудың әдісі мен тәсілдері бойынша өзге тәсілдерге қарағанда ерекшеліктері бар. Бұл технологияның өзгелерден ерекшелігі мынадай:

1. Оқу мазмұны қойылған мақсатқа сәйкес меңгерілетін жекеленген кешендер түрінде ұсынылады. Мақсат оқушы үшін қойылып онда оқылатын мазмұн көлемі мен меңгеру деңгейі анықталады.

2. Оқушы мұғалімнен жұмыс істеудің тиімді жолдары көрсетілген жазбаша нұсқау алады. Жазбаша нұсқаулар әрбір модуль үшін құрылады.

3. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас түрі өзгереді. Ол ақыл беруші мен орындаушы арасындағы қатынас арқылы жүзеге асады.

4. Оқушы уақытының көбінде өз бетінше жұмыс атқарады. Ол мақсат қоюға, өзін жоспарлауға, өзін ұйымдастыруға және бағалауға үйренеді.

5. Модульдік оқытудың басты мақсаты оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту. Ол оқушының жүйелі түрде жүргізілетін белсенді іс-әрекетіне негізделген. Оқушының әркезде ғана емес жүйелі іс-әрекеті болғанда ғана білім мазмұны саналы меңгеріледі. Сондықтан


1 Сарманов Е., Сапаров С. Оқытудың жаңа технологиялары. Шымкент, 2005.

мұғалімнің дайындаған тапсырмалары оқушыларды оқу мақсатына бағыттайтын, жетелейтін болуы керек.

6. Мұғалім балалардың өзін-өзі бақылау және бағалау жүйесін құрып, сол арқылы рефлексивті оқу процесі жүруіне ықпал етуі тиіс.

7. Модульдік технология дамыта оқыту идеясын пайдаланады. Егер оқушы тапсырманы өзгелердің көмегін пайдаланып орындаса ол өзінің жақын даму аймағында деп есептеледі. Бұған баланың психикасы дамиды, ертең ол тапсырманы өзі орындаса оқушы актуальді даму аймағына енеді. Осылай жаңа деңгейде келесі цикл бастау алады.

8. Модульдік технология бағдарламалап оқыту идеясын да пайдаланады. Бағдарламалап оқытудың оқушының өз бетінше жұмыс істеуі, нәтижелерді салыстыру, өзін-өзі бақылау сияқты элементтері модуль әдісінде де қолданылады.
Мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің жүйесі

1. Сыныптағы оқу мазмұнын модульдер жинағы түрінде құру. Әрбір модульдік бағдарламаға ат беріледі. Содан соң кешенді дидактикалық мақсат анықталады, онда алған білімнің оқушының дамуына, білімі мен біліктілігіне әсері көрсетіледі.

2. Әр блоктағы міндетті оқу көлеміне сәйкес келетін негізгі мазмұн, бағытты анықтау.

3. Анықталған әрбір модуль үшін үш деңгейдегі дидактикалық мақсат анықталады, сөйтіп модульдер жүйесі қалыптасады.

4. Әр оқушының мүмкіндіктеріне, бейіміне қарай технологиялық карта жасалады. Онда пәнаралық байланыс, қиын меңгерілетін тақырыптар және оқушының қиындықты жеңу жолдары көрсетіледі.

5. Оқушылардың дайындығын анықтайтын алдыңғы бақылау тапсырмалары беріледі.

6. Оқу элементтері құрылады. Оқу элементтеріне мақсат қою, оқушылардың іс-әрекет алгоритмі, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бақылау және түзету тапсырмалары кіреді.

7. Оқу және дидактикалық материалдар жеңіл, түсінікті, нақты, мәнерлі, диалогты түрде түсіндіріледі.

8. Тапсырмалардың орындалу барысын қорытындылайтын модуль элементі резюме толтырылады. Соңғы бақылау тапсырмалары құрылады, ол модуль мазмұнын меңгеру деңгейін анықтайды.
Модульді құрастырудың қадамдары

Оқушылардың білімді меңгеру процесін бақылау және басқару үшін кері байланыстың маңызы үлкен. Сондықтан ағымдағы және аралық бақылауларды уақытылы жүргізіп отыру керек. Модуль құрылымы сабақтың типіне сәйкес болады.

Сыныптағы курс көлеміне кешенді дидактикалық (КДМ), ал моудль көлемінде кіріктірілген, интеграциялық (КИДМ) мақсат, ал сабақ үшін жеке дидактикалық мақсат (ЖДМ) қойылады. Модуль құрудың қадамдары мынадай:


        1. Модульдің кіріктірілген мақсатын анықтау.

        2. Сабақтың типіне қарай оқу элементтеріне бөлу.

        3. Әрбір оқу элементтерінің мақсатын анықтау.

        4. Әрбір оқу элементтерінің мазмұнын анықтау.

        5. Оқушыларға берілетін кеңестер мен нұсқауларды анықтау.

Оқу элементтерін былай құру керек.

Оқу элементтері №

Тапсырмаларда көрсетілген оқу материалдары

Мұғалім кеңесі




























Оқушыларға арналған тапсырмаларға қойылатын талаптар: мазмұны мен танымдық дейгейі сараланған, проблеманы қойып, оны шешуге бағытталған, білімді игеру механизмін көрсететін және қайталау материалын қосатын (таблица, құрастыру, салыстырмалы мінездеме беру) болуы тиіс және ол модуль мақсатымен кіріктіріледі. Оқушының іс-әрекеті оның жақын даму аймағынан өтеді де, баланың өзін-өзі басқаруына бағыттайды, қарым-қатынас дағдысын қалыптастырады, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, әр сабақта оқушының рефлексивті қабілетін жүзеге асырады.

Атап айтатын жағдай сол: мұғалімнің іс-әрекеті түбегейлі өзгереді. Оның негізгі мақсаты – модульдік бағдарламаны, модульдерді құру. Сабақта ол ұйымдастырады, үйлестіреді, кеңес береді, бақылайды, модульдік оқытудың мүмкіндіктерін пайдалана отырып оқытуды рефлексивті жүйеге түсіреді.

Бір блокты меңгеруде мұғалім жұмысын келтірейік.


  1. Балаларды оқу мақсатымен таныстыру.

  2. Сыныпты берілген тарау бойынша жоспармен таныстыру.

  3. Мұғалімнің материалды көбіне баяндау түрінде оқыту.

  4. Диагностикалық тест бойынша ағымдағы тексеруді өткізу.

  5. Тексеру бойынша тарауды толық меңгерген оқушыларды анықтау.

  6. Тарауды толық меңгермеген оқушылармен «түзету» оқуларын жүргізу.

  7. Диагоностикалық тест жүргізіп «түзету» нәтижесін тексеру.

Модульдік оқыту технологиясында мынадай қиындықтар болуы мүмкін:

  • оқушылардың өз бетінше оқуға дайындық деңгейі төмен болуы мүмкін;

  • уақыт тапшылығы туындап берілген уақытта материалды оқып үйренуге оқушылар үлгермеуі мүмкін.

Қолданылатын терминдер:

«Модуль» - бір жүйенің ажыратылатын, өзінше дербес бөлігі, Джон Локк: «рефлекция дегеніміз ақылдың өз әрекетіне бақылау жасауы» - деген анықтама берген.



М.Жанпейісова ұсынған Ақтөбе облысында сыналған педагогикалық технологияның мазмұны төмендегідей:

1. Жалпы оқу мақсатын қою.

2. Жалпы тұжырымдалған мақсатты анықтау.

3. Оқушылардың білім деңгейін алын ала анықтау.

4. Жедел кері әсер негізінде оқыту үдерісіне түзетулер енгізу.

5. Нәтижені бағалау.

Осындай құрылыстағы блоктардан тұратын оқу процесі модульдік сипат алады. Алдыңғы жалпы модульдік оқу технологиясынан М.Жанпейісова нұсқасының ерекшелігі сол, мұнда балаларды оқуға ұмтылдыру емес, жеке танымдық әркеттерін ұйымдастыру, оқу поцесіне диалогтық қатынас негезінде құру көзделген. Мысалы, бір блокты меңгеруде мұғалімнің жұмысы мынадай болады:


  1. Балаларды оқу мақсатымен таныстыру.

  2. Мазмұны жағынан маңызды тақырыппен және тарау бойынша құрылған блоктармен оқушыларды таныстыру.

  3. Мұғалім сызба, кесте қолдана отырып матариалды қысқаша баяндайды. Оқушыларды зерттеуге іздеуге жетелейді.

  4. Диалогтық қарым-қатынас негезінде оқушылардың танымтық іс-әрекетін ұйымдастыру. Оқушылардың іс-әрекет нітижесін бағалау.

  5. Оқу материалына бірнеше рет орала отырып тарауды аяқтау. Өтілген тарау бойынша тестілеу жүргізу.

  6. Үш деңгейлік жүйемен дайындалған билеттер бойынша зачет, бақылау жұмысы, сын жұмысын өткізу.

Модульді үш бөлімнен тұрады деп қарастыруға болады.

  1. Кіріспе бөлімі (модульге, тақырыпқа ену)

  2. Диалог, сұқбат арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру бөлімі.

  3. Қорытында бөлім (бақылау жұмыстары)

Әр модульдегі сағаттар саны әртүрлі. Бұл бағдарлама бойынша тарауға бөлінген сағат санына байланысты.

М.Жанпейісова жүргізген зерттеулер 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі өте тиімді екендігін көрсетті. Кіріспе бөлімге 1-2 сабақ, қорытынды бөлімге 2-3 сабақ, қалғаны түгелдей сұқбат бөліміне беріледі. Бұл әрбір оқушының білімді меңгеру, дайындық деңгейіне қарай оқу материалын үш деңгейде қарастыру қажеттігінен туындаған.

Мысалы мұғалім 9 сағатқа арнап оқу модулін құрса, 1 сағат – кіріспе бөліміне, 2 сағат – қорытынды бөліміне, 6 сағат – сұқбат бөліміне бөлінеді. Осы сұқбат бөлімінде сыныптағы 4-7 баладан тұратын топтарға бөліп, олардың өзара әрекетін ұйымдастыру керек. Мұғалім бұл жерде ынталандырушы рөлінде болады.

Мұғалымнің алдын ала дайындық жұмыстары келесі түрде болады:

1. Тарау немесе блок бойынша меңгерілуі тиіс білім, білік, дағдыны анықтау. Модульдегі негізгі ұғымды бөліп көрсету.

2. Тақырып бойынша тірек-сызбаларды салу.

3. Тексеру бөлімі үшін оқу модулінің бүкіл мазмұны бойынша 15-20 тапсырмадан тұратын тест құрастыру. Зачет немесе бақылау жұмысы үшін модуль бойынша сұрақтар мн тапсырмалар блогын құрастыру.

4. Диалогтық сұқбат бөлімі 3 деңгейдегі өз бетінше жұмысқа арналған тапсырмаларды бүкіл сынып үшін дайындау.


Модульдің әр бөлімінде пайдаланатын әдістемелер

1. Кіріспе бөлімінде Л.Фридман келесі іс-әрекеттерді ұсынады:

1. Проблемалық ситуация тудыру.

2. Негізгі оқу міндетін анықтау.

3. Өзін-өзі бақылау және бағалау.

4. Жұмыс жоспарын жасау және талқылау.

2. Диалогтық, сұқбат бөлімі.

Бұл бөлімде сабақтарды өткізудің әртүрлі түрлері қолданылады. Оқытылатын оқу материалының мазмұнына қарай жеңіл деңгейдегі тапсырмалар, орта деңгейдегі және қиын деңгейдегі зерттеу элементтері бар барынша күрделенген тапсырмаларды әр оқушы үшін алдын ала дайындап қою керек.

Көтерілген мәселе бойынша пікір алмасуды ұйымдастыру педагогикалық тәжірибеде кеңінен белгілі. Мысалы «Дөңгелек стол», «Форум», «Симпозиум», «Британдық дебат», «Аквариум техникасы» сияқты көптеген пікір алмасулар белгілі. Мұғалім пікірталастың өзі қалған кез келген түрін алады.

3. Оқу модулінің қорытынды бөлімі. Оқу модулінің қорытынды бөлімінде бірінші міндетте тест, екінші мұғалімнің қалауы бойынша бақылау жұмысы алынады.
Оқушылардың оқу білігі

Оқыту жалпы табиғаты жағынан және оны ұйымдастыру ерекшеліктері жағынан алып қарағанда күрделі процесс, Психологтар қолайлы жағдай жасалған кезде баланың оқуға деген қабілеті жақсы дамитындығын атап көрсетіп, мұғалім оқушығы осындай жағдай жасауы тиіс деп көрсетеді.

Әрбір оқушының оқу білігі (дағдысы) – оның оқу тәсілі деп есептеуімізге болады. Осы біліктердің бастылары:

1. Оқушылардың өзін-өзі ұйымдастыруы.

2. Оқу-интеллеутуалды немесе логикалық білік.

3. Оқу ақпараттық білік

4. Оқу коммуникативтік білік.
Жаңа технологияларды игеру

Жаңа технологияларды үйрену кезінде көптеген міндеттер шешіледі. Мысалы, педагогика мен дидактиканың кейбір мәселелері жаңа аспектіде қаралады, мұғалімдер жаңа технология туралы жаңа білім алады, технологияны практикада қолданып үйренеді. Ол үшін:

1. Мұғалімнің жаңа технологияларға бет бұруы, ынта қоюы.

2. Қолда бар технологиялық ресурстарға талдау жасалуы.

3. Өз іс-әрекеттерінр жоспарлауы, тиімді ұйымдастыруы және оған талдау жасап отыруы.

4. Жұмысын белгілі технологиялардың біріне бейімдеуі керек.


: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф-об-001/033 мазм ұ н ы кіріспе
2013 -> Бастауыш сыныпта сын есімді оқыту. Жұмыстың жалпы сипаты 1-3 І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім
2013 -> Диплом жұмысы тақырыбы: Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету Шымкент-2008 мазмұНЫ
2013 -> Тұңғыш Президентпен өткен бес жылым
2013 -> Кіріспе 4 І әдебиеттерге шолу
2013 -> Бірнеше ондаған жылдардан бері босқындар проблемасын қазіргі заманның маңызды проблемаларына жатқызады. Босқындардың жер ауыстыруының жағдайлары мен себептері әр түрлі
2013 -> 2-5 Тарау–I. 1921-1928 жылдардағы қазақ ауылындағы салық саясаты
2013 -> Жоспар: і-тарау. Ақпан төңкерісінен кейінгі Оңтүстік Қазақстанда демократиялық өзгерістер және қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуы
2013 -> Кіріспе Зерттеу өзектілігі


  1   2   3   4


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет