Дипломдық жұмыс жоғары оқу орындарында қорытынды кезеңде мжмбс және мамандықтың оқу жоспарымен сәйкес орындалады



жүктеу 52.04 Kb.
Дата09.07.2016
өлшемі52.04 Kb.
түріДиплом
1 Қорытынды жұмыстың мақсаты

Дипломдық жұмыс жоғары оқу орындарында қорытынды кезеңде МЖМБС және мамандықтың оқу жоспарымен сәйкес орындалады.

Дипломдық жұмысты жазудың мақсаты:

- жалпы пәндерден студенттердің ғылыми – теориялық білім деңгейін анықтау;

- педагогикалық және творчествалық жұмыстарды анықтау;

- студенттердің қазіргі заманға және уақытқа сәйкес дайындығы, профессионалдық деңгейі айқындалады;

дипломдық жұмыс дегеніміз - ғылыми кешенді зерттеу:

- нақты жетістіктерге бағыттау;

- өздік жұмысына берілген тапсырмаларға шешімдер табу;

- әр түрлі жанрлардағы музыкалық шығармаларға талдау жасау.


2 Студенттердің бiтiретiн жұмыс тақырыптарының таңдау ретi

Дипломдық тақырыптар жыл сайын өзгертіліп отырады.

Тақырыптар берілген мамандыққа сәйкес көкейкестi сұрақтармен тығыз байланысты болады. Бекітілген тақырыпты студент таңдай алады.

Сырттай оқитын студенттер дипломдық тақырыбын өзінің педагогикалық тәжірибесімен ұластырады.

Дипломдық тақырыпты таңдаған кезде еспке алу керек:


  • талдау үшін – тәжірибелік құжаттар есепке алынады;

  • ғылым әдебиеті болу керек;

  • творчествалық қызығушылық және қабілеті;

  • өндірістік практика және курстық жұмыс кезеңінде зерттеулердің мирасқорлығы;

  • педагогикалық және ұйымдық-басқару қызметті;

Студент дипломдық жұмысын бітіру курстың бастапқы кезінде өтініш арқылы бекітеді. Бұйрыққа бекітілген тақырыптарды кафедра дайындап, ректоры қол қояды.

Дипломдық тақырыптар қорғау алдындағы практикадан кейін өзгеруі мүмкін – анықталады, түзетіледі кафедраның отырысында.


3 Түлектердің шығармаларының жұмысының мазмұны

Диплом жұмысын жазу үшін кафедраның шешуімен ғылыми жетекшілері тағайындалады.

Профессорлар, доценттар тағыды тәжірибелі ұстаздар дипломдық жұмыстардың ғылыми жетекшілері болып тағайындалады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі:



  • дипломдық жұмыстың тапсырмасын береді;

  • күнтізбе кесте зерттемесінің жұмысын барлық мезгілге орындауына көмектеседі;

  • студентке негізіг әдебиет және де басқа тақырыптарды ұсынады;

  • кеңес кестесін құруға, дипломдық жұмыстың ағымдық тексерісіне;

  • дипломдық жұмыстардың барлық тарауларын тағайындайды.

Дипломдық жұмыстың тапсырмасы бастапқы материалдың және бастаудың сипаттамасын асырайды, сұрақтар тізімі, әдебиет тізімі, құжаттар тізбесі, дипломдық жұмыстың күнтізбе кестесін жазу.

Дипломдық жұмыстың тапсырмаларын кафедраның меңгерушісі бекітеді және орындалу уақытын белгілейді. Дипломдық жұмыстың тапсырмалары дипломдық жұмысқа тіркейді.


4 Бiтiру жұмысын ресiмдеу тәртібі

Дипломдық жұмыс МИ ПМУ 4.01. 3-09 ресiмдеуi керек.


5 Бітіру жұмысының қорғауы және толтыру реті

Дипломдық жұмыс деген жоғары білім орнындағы студенттердің нақты тақырыпқа аланған өздік жұмысы – мазмұнына қарағанда ол ғылыми творчествалық жұмыс.

Диплом жұмысының көлемі 60-70 беттен тұрады, қосымша бет жалпы бетке кірмейді.

Дипломдық жұмыстың құрылысына жатады:



  • тыс бет;

  • титул беті;

  • диплом жұмысының орындау тапсырмасы;

  • мазмұны;

  • кіріспе;

  • негізгі бөлім 2 бөлімнен тұрады, бөлім өзі бірнеше параулардан тұрады;

  • қорытынды;

  • қосымша тіркеме;

Дипломдық жұмысының мазмұнына кіріспе, бөлімдердің атаулары, әр беттің нөмерлері, қолданылған әдебиет тізімі жатады.

Кіріспе диплом жұмысының маңызды бастауы. Кіріспе 2-4 беттен тұрады, диплом жұмысының мақсаты және міндеттері талқыланады.

Негізгі бөлімде диплом жұмысының берілген мазмұнының мәнін бейнелейді. Ереже бойынша негізіг бөлімдер тарауларға және параграфтарға бөлінеді де, бір-бірімен тығыз байланысты болады.

Диплом жұмысының бірінші бөлімі – теоретикалық.

Тақырыптың бірінші бөлімі теоретикалық және ғылыми негіздерін зерттейді. 1.1 Бөлімде методологиялық мәні танытылады, музыкалық бөлімге педагогика жағымен жақындау.

Екінші бөлім эксперименталдық – тәжірибелік. Бұл бөлімде дипломдық жұмыста өзіндік талдау жасау, мысалдары және дипломдық жұмысқа дейінгі жиналған нәтижелері алынған.

Зерттеу тақырыбына негізгі назар аударылады. Бөлім қорытынды жинақтаумен аяқталады.

Зерттеу арқылы қорытынды бөлім өзара байланысты сөйлемдерден тұрады, қысқаша теориялық қорытынды жасай отыра, жеткіліксіз обьектерге назар аудару керек.

Мемлекеттік аттестация комисиясының алдында қорытынды баяндамасымен студент сөз сөйлейді. Дипломдық жұмыс студенттің қалаған тілінде өткізіледі.

Кафедраның ұсынысы бойынша студент дипломдық жұмысының мазмұнына қысқаша шетел тілін қоса алады.

Дипломдық жұмысын қорғау

Дипломды қорғау жұмысы ашық кафедра мемлекеттік аттестация комисиясының (МАК) жартылай комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.

Дипломдық қорғау келесі кезеңмен өткізіледі:


  • МАК хатшысы студенттің аты-тегін атап, дипломдық жұмысының тақырыбын хабарлайды;

  • хатшы құжаттарды МАК төрағасына тапсырады;

  • диплом – баяндамасы тыңдалады;

  • баяндаманың аяғында коммиссия мүшелері қосымша сұрақтар қойылады да студент нақты, қысқаша жауап беруге тиісті;

  • сұрақтарға жауап бергеннен кейін, МАК хатшысы студенттің жұмысына жазылған пікірсарапты – комисияның алдында оқып береді.

Студент айтылған ескертулерге жауап береді.

Дипломдық қорғау жұмысы көпшілік алдында студенттердің қатысуымен және кафедра мұғалімдерімен бірге өткізіледі. Қорғауға тәжірибе зерттеулер өткізілген ұжымдар, ғылыми жетекшілері, қызығушылық қауым қатыса алады. Дипломдық қорғау жұмысында барлық сұрақтар немесе сөз сөйлеу формалары қолданылады. Әр студентке 30 минуттай уақыт беріледі.

Дипломдық қорғау кезінде мемлекеттік аттестация коммисиясының алдында 7-15 минут баяндамаға беріледі. Баяндаманың негізіг бөлімі тәжірибелік жүзінде болу керек.

Баяндаманың алдында студент:

«Құрметті төраға және мемлекеттік комиссияның мүшелері, сіздердің алдарыңызда дипломдық жұмысын – тақырыбын атап – деп бастайды».

Баяндамада бейнедлеу керек:

Дипломдық жұмыстың тақырыбының мақсаты, міндеті және өзекті-тәжірибе лі болу керек;


  • теориялық зерттелгендiк және жұмыстың ғылыми жаңалығы;

  • негiзгi идея және өте маңызды қорытындылар: табылған мәселе және оны шешетін ұсыныс;

Аяғында «Тыңдағандарыңызға рахмет» - деп аяқтайды.

Баяндаманы әр түрлі суреттеу құжаттармен қамтамасыз етуге болады, мысалы – ноталық мысалдар, кестелер т.б. немесе призентация түрінде көрсетуге болады. Суреттеу құжаттарының титулдық беттінде диплом жұмысының мәліметтері болу керек. Тарату құжаттарының саны мемлекттік аттестация мүшелерінің санына тиісті.

Дипломдық қорғау жұмысының қорытындысы балдық-рейтинг және әріптес жүйесімен бағаланады. Дипломдық бағаға студенттің ғылыми тәжірибелік дайындығы, ғылыми жетекшісінің пікірлері назарға алынады.

Дипломдық жұмысты бағалау критериялары:



  • тақырыптың актуалдық жаңашылдығы;

  • тақырыпқа жеткілікті әдебиет қолдану;

  • талдау және интерпретацияның қорытынды тереңділігі;

  • әдістемелік нұсқауға қойылған мақсаттарды дұрыс орындау;

  • МАКны қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беру.

Дипломдық жұмыс нәтижесін комиссиясы талқылағаннан кейін әр студенттке қорытынды жасалады, жауабы сол күні хабарланады.
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы пму ұС 18. 2/10 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Жұмыс бағдарламасы 050502 «Саясаттану»
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы «Қазақстаның қазіргі заман тарихы»
umk -> Бағдарламасы титулдық пму ұс н 18. 3/30 парағы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет