Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары



Дата27.11.2019
өлшемі33.96 Kb.
Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

___________________ Д.М.Тікенов

«_____» ___________2019ж.




Мектеп: Т.Момбеков атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі

Сынып: 2 А

Сынып жетекшісі: Кержикова Г.М.

Күні:11.11.2019 ж.

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Тақырыбы:

Ғаламтордың ғажабы мен азабы

Әке –бәйтерек

Оқу мақсаты

Бүкіләлемдік өрмек – Ғаламторга байланысты оқушыларда толық ой қалыптастыру, пайдасы мен зиянын түсіндіру. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті болуға, басқаны тыңдай білуге тәрбиелеу.




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарлаған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы:


Күн жылуын алақанға саламын,Жүрегіме басып ұстай қаламынІзгі  нәзік, жарық, мейірімді,Болып кетер сонда дереу жан-жағымкүндеріңіз сәтті өтсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды бастаймыз.Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «ғаламтордың пайдасы мен зияны»Сабақтың мақсаты: бүкіләлемдік өрмек – ғаламторға байланысты оқушыларда толық ой қалыптастыру, пайдасы мен зиянын түсіндіру. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті болуға, басқаны тыңдай білуге тәрбиелеу. Енді оқушылар мына әріптерді таңдаңыздар. Қызыл түсті қағазда әріптер, көк түсті қағазда әріптер. Қызыл түсте «компьютер» сөзі шығады, көк түсте «интернет» сөзі шығады.

Ғаламторға байланысты түрлі-түсті суреттер,

буклеттер,карта,мақал-мәтелдер, суреттер, плакатқа жазылған нақыл сөздер.



Сабақтың ортасы:

Ендігі кезекте ата-ана туралы ұлағатты сөздерге құлақ түрсек.

Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей, ата-ананы аялап бақса армандары орындалады.

Әдепті, адал ұл-қыздардың міндеті ата-анасының тірісінде көрсеткен қызметімен бітпейді. Ата-аналарын олар дүниеден қайтқанда да жиі есіне алады.

Ұл-қыз ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата-ананың ұл-қызы болып өседі.

Ата-ананы сыйлау – сәби шағында олар өзіңді қалай бағып – қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялау керек.

Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, қарындас – туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке – тірегің, қамқоршың, асқар тауың. Ана – жарық дүниеге әкелушің.

«Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада», -демекші, өзінің перзенттік борышын түсінбеген, ата -анасын жерге қаратып көкіректерін қарс айырғандар бұрын да болған, қазір де жоқ емес. Бүгінде кейбір жастар ата -анаға ақша жағынан қарасуды өздерінің перзенттік борышын өтегені деп біледі. Мұны әке- шешесін аңыратып, ат ізін салмай кеткендермен жалғыз басты қарттарын кәрілер үйіне тапсыруға дәті барған жүзі қараларға қарағанда адамшылыққа баласақ та, оның да оңып тұрмаған қате түсінік екені айқын.

Ата -ананың сөзін сыйлап құлақ асу, пікірлес болу, отбасы тіршлігінің бір ғанибеті ғой. Сол арқылы-ақ бала ата-анасының мейірін өсіріп, өз ортасында төрден орын алуына көмектеседі. Керісінше, ата-ананың сөзін құлаққа ілмейтін, өзі тағы жөні білмейтін жетесіз бала олардың сағын сындырып, төрдегі басын есікке сүйрейді. Ұл-қыз әдептілігінің негізі ата- ананы риза қылып, үнемі алғыс батасын алуында. Сонда ғана үлкендердің мерейі көтеріліп, ұл қыздардың өркені өспек!







Сабақтың соңы:

 «Әке - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ» дегендей барлықтарыңыз аман болыңыздар. Әкелеріміздің жазып берген мақал - мәтелдерін ойымызға түйіп, өнегелі, тәртіпті, әдепті, білімді оқушылар болып өсейік.
Оқушыларды адамгергіліп, сыпайылық қасиетке баули отырып, тәрбие сағатын қорытындылау





Достарыңызбен бөлісу:


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет