Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


ДИДАКТИКАНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕCІНДЕГІ ОРНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



жүктеу 3.68 Mb.
бет2/16
Дата20.06.2016
өлшемі3.68 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ДИДАКТИКАНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕCІНДЕГІ ОРНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бүгінгі таңда ғылыми еңбектердегі дидактиканың біртұтас жүйесіне қатысы бар пайымдар талданып, жаңа тұжырым сараланды. Бұл салада қазақтың білім академиясының жалпы білім институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚЖМҒА-ның академигі Алма Есімбекқызы Әбілқасымованың салиқалы ғылыми жұмысының құндылығына ерекше мән береміз.

«Педагогика», «Дидактика» терминдерінің шығу генезисі - неміс ғалымы В. Раткенің (1571-1635) тұжырым-түйіндерінен («Краткий отчет из дидактики или искусство обучения Ратихия») бастау алып, оның жалғастық жүйесін чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1679) 1657 жылы Амстердамда баспадан жарық көрген «Ұлы дидактикасы».

Модульдер мынандай жіктемеден тұрады:

- дәстүрлі;

- педагогикалы ыңғайға орталықтанған;

- жаңа жүйеге ыңғайланған.

Аталған модульдердің қоғамда алдырған тарихи іздері, шежіресі бар. Мәселен, дәстүрдегі оқыту жүйесін құрған, оның теориялық-инструментальді қырларын тәжірибеге қолданған авторлар - Ян Амос Коменский, И. Пестолоцци, И. Гербарт.

Ал, екінші, педагогикалы ыңғайға орталықтанған модульдің доминат-субъектісі – Д. Дьюи, Т. Кершенштейнер, В. Лай. Бұлар - XX ғасырдағы педагогикалық істің реформалық теориясын жасаған ғалымдар.

Үшінші, жаңа жүйеге ыңғайланған модульдің авторлары - Ц. Гальперин, Л. Занков, В. Давыдов, К. Роджерс, Дж. Брунер, ресейлік 80-жылдардағы жаңашыл педагогтер.

Бұл үш модульдің қайсысы «озық», «ілгерішіл» деген аналитикалы сарындағы заңды сұрақ өз-өзінен туары сөзсіз. Оған жауап былай болып жинақталып беріледі:

- бірінші, дәстүрдегі модульдің негізгі мақсаты дәрісті жүргізудің әдісін тізбелеу, сұрыптау, оқыту үрдісі.

- екінші, педагогикалы ыңғайға орталықтанған модульде студент қызметі басыңқы, былайша айтқанда, студенттің оқу ғылыми (егер ол қабілет бар болса) қызметін ұйымдастыру басты рөльде;

- үшінші, жаңа жүйеге ыңғайланған модульде аталған екі үрдістің басын қосып қарастыру басым.

Нәтижесі - бір нүктеге келіп тоқтамай, толассыз үнемі үзіліссіз даму әрекетіне бейімдеу. Соның ішінде, ұлттық, жалпы әлемдік психология негізіне құрылған когнитивті психология (Дж Брунер), ассоциативті, перцетивті, түйістеу деңгейліктері дамыған субьектіні сомдау көзделеді.

Ал осы аталған қабілет шығармашыл ойлау мүмкіндіктері тек ізгілікті педагогиканың (К. Роджерс) тіректік нысанында өрбуі қамтылады.

Жаңа жүйеге ыңғайланған модульде қандай ой-түйіндердің қабаттары кездеседі? Олар мыналар:

- программалап оқыту, проблемалы амал қарастыру, дамытпалы кеңістіктің жүйесін туғызу, үлгілеу (Ц. Гальперин, Л. Занков, В. Давыдов және т.б.);

- педагогикалық ынтымақтастық топтар (Ш. Амонашвили, Т. Гончарова, Я.С. Турбовской, М.Н. Скаткин және т.б.);

- педагогикалық технологиялар (К. Вазина, А.С. Границкая және т.б.).

Оқыту қызметінің ұғымы мен маңызы.

Оқыту - қарым-қатынас процесі. Мұның нәтижесі - басқару танымының қалыптасуы, ал басқару танымының қалыптасу процесінде негізгі маңызды мәселе - тарихи-қоғамдық тәжірибе жинақтай білу шеберлігі. Тұлғаның даралық сипатын нақтылы ойлау пайымы оқыту дәрежесін жоғары басқышқа бағдарлайды.

Оқыту педагогика ғылымының категориясы. Мұнымен бірге бұл көрсеткішті дидактика үрдісі дейді. Аталған екі көрсеткіш синоним емес. Процесс - оқыту жүйесінің өзгерісі, бірінің басын жинақтай алғанда, ол - біртұтас іс-қимыл, нысана, әрекет. Мұның формуласын кезінде В.П. Беспалько былай бенелеген:

ДП=С + ОА + БАП

Айқындап айтсақ, ДП - дидактикалық процесс; С - студенттердің оқу процесіндегі ұстанымы, жұмысының сарыны ОА- орындалым алгоритмі (студенттің біліктілік танымының әрекеті); БА - басқару алгоритмі (оқыту үрдісін оқытушының басқаруы).

Оқыту процесі әр түрлі деңгейлікте жүзеге асқандықтан, бір айналым жүйесінде тұйықталып отырады. Педагогтық істе дидактиканың жақын арада қоятын мақсатын бір айналым мәресінде айқындап отыруды назарда ұстаған жөн. Оның өзі екі топтың төңірегіндегі мақсатты көздейді:

- біліктілік - ғылым негіздерін барлық студенттердің қабылдауы, белгілі бір білікті меңгеруі, сол бағытта олардың икем, дағдысының дамытылуы, тәні мен жанының ғылымнан нәр алуы, рухының қуат нұрына бөленуі, еңбек майданына араласуға дайын болуы, кәсіптік мамандыққа ширауы;

- ізгілікті тәлім - адамгершілігі жағынан жоғары, жан-жақты дамыған дара тұлғалы, ғылыми дүниетанымы бар, гумандық бағыттағы, шығармашылығы ұшқыр, әлеуметтік орны салиқалы студент. Аталған екі мақсаттың іштей қатыстық өлшемі - алғашқысының екіншіге тәуелді болып келуі, міне, бұл - жоғары мектептегі жүйе.

Ең бастысы - біліктілік, адал, ізгі азамат тәрбиелеу, кірпияз, іскер, өздігінен біліктілігі мен ғылыми дүниетанымын дамыта алатын, адами қасиетін өмірде кәдеге жарататын субъектіні сомдау.

Басқа екі көрсеткішті оқыту нәтижесі, ол - оқу үрдісінің соңғы табыстарын айқындаудың құралдары және оның біртұтас жүйесінің динамикасы.

Оқыту көрсеткіштері жайлы бірталай мәселелер туындайды. Олар мыналар: Ол қандай жүйе? Қандай белгілері бар? Қандай бөліктерден тұрады? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін алдымен оқыту процесінің өзіндік табиғатын түсінген дұрыс.

Оқыту процесін жүйе ретінде мінездеу үшін оның жүйесінің динамикасын қадағалау орынды. Оның құрам бөліктерінің өзгерістерге ұшырау процесін байқау абзал. Мұның бәрі дерлік белгілері арқылы нышан береді. Айтылған жүйе - жай жүйе емес. Ол ерекше жүйе - әрекеттестік, ынтымақтастық жүйесі.

Алма Есімбекқызы жоғары мектепте дидактиканың негізін жан-жақты ашып берген. Оның математика пәнінің сипатында шешілуіне ерекше тоқталған. Бұл зерттеу еңбегімізде аталған тұжырымдарды жинақтап, жаңа қоғам үшін құнды екендігін толық құптай отырып, дидактиканың философиялық негізінің ізгілікті рухқа бағытталуының тұтас жүйесінің заңдылықтары мен қағидаларының теориясына тоқталып өткеніміз жөн.

Оқытудың жүйе құрастырушы процесі оқу материалын меңгертудің мақсаты болып табылады (оқыту), оған студент қызметі (оқу) және нәтиже кірігіп біртұтас дидактиканы бернелейді. Мұның өзгерістілігі мен динамикасын бағдарлайтын механизм - басқарудың амал-тәсілдері.

Бұнда оқытудың оқу материалдары сұрыпталып жинақталады, оқыту әдістері топтастырылады, оның құралдары айқындалады (қатысым құралдары, оқу-әдістемелік құралдар, дидактикалық-матрицалы құралдар, ғылыми-монографиялар, интернеттік жүйе ақпараты және т.б.), оқыту әрекеттестігінің түрлері ұйымдастырылады (ойындар: симпозиум, іскерлік әрекет, ассоциация және т.б.).

Оқыту құралдарының өзара іліктестігі және басқа процестермен байланысы мағынаны ажыратудың бөліктерінің басын құрастырады. Мұнда толық үндестік, сарындастық жүзеге асады. Бұлардың бәрі тұтас дүниеге айналғанда, нәтижеге жетудің нық одақтық, ынтымақтастық педагогикасының маңызын анықтап береді.

Біртұтас дидактиканың негізгі көзі кіріктірілу қасиеті мен макродидактика мен микродидактиканың жалпы үлкен мақсаты ізгіліктің бағытына бағынады. Ізгіліктің моделін бірінші монографияда бергенбіз. Оқытудың үлгісі (дидактикасы) белгілі ғылым нысанында екені ескеріліп, даналардың еңбектеріне парадигма тұрғысында талдау жасалды.

Дидактика нысананында оқыту процесі әрекеттестік, қызмет құбылысы ретінде қарастырылады:

- әрбір әрекет, оқытушы-студент қызметінің Sit - жағдайларын зерделеп, оқыту мақсатын құрастырады және оны студент қабылдайтын дәрежеде кемелденіп толысып отырады;

- жұмысты жоспарлайды, бағдарламасы үнемі өзгерістермен, жаңалықтармен модернизация мүддесіне сәйкестендіріледі, оқыту мазмұны сұрыпталады, мақсаттың нәтижені көздейтін құралдары іріктеледі, әрбір жаңа фрагмент - көріністер түрлі-түрлі тәсілдерге жіктеліп, әр студенттің перцептивті, апперсепселі қабылдау әлеміне үндеседі. Әр тұлғаның интериоризациясын, ішкі бақылау қабілетін іске қосады:

- оқыту операцияларының орындалым қарқыны мен ұтымдылығын бағамдайды, оқытушы мен студенттің оқыту одағының ынтымақтастығын ұштайды (өздігінен дербес жұмыс, жекеше жұмыс, оқылған жаңа дәрістердегі берілген нұсқанамалардың ауқымын қосымша материалдармен толықтырады);

- қайталаным әрекеттестігінің ізденісті-зерттеу пайымына ұласуы, материалдардың маңыздылығын меңгерудегі жұмыстың байқалымы мен өзгеріс динамикасы арқылы бақылау іске асады;

- оқыту нәтижесіне мониторинг деңгейіндегі бағалау, талдау және жинақтау жүйеленеді;

- аудиториядан тыс жұмыстарды өткізу көзделеді.



Оқытудың белгілері.

Оқыту ұғымындағы әрекет оның белгілерімен тығыз байланысты. Белгілі әрекеттің шеңбері мен орындалым бағытын танытады. Оқытудың маңыздылығының белгілерін сипаттайды. Дидактиканың біртұтас жүйесі оқытудың үш функциясын білдіреді: біліми - ғылыми, дамымалы және ізгілікті тәлім.



Біліми - ғылыми белгісі - субъектінің біліктілік қабілетін ғылыми негізде кемелдендірудің кепілі. Осы бағытта студенттің икем, дағдысы ширатылады. Ішкі бақылауы кемелденіп, өзінің өнімді еңбегін шығармашыл бағамға жеткізетін рухы қуат пен күшке толығып отырады.

Мұндай студенттер шаршап-шалдығудың орнына құлпыра, жандана, рухтана, шабыттана, нұрлана түседі. Педагогикада біліктілік түсінісу деңгейінде ажарланады. Жиған білігі мен ғылымының ең ұтымдысын жадына бернелеп орнықтырады, тұрақтандырады. Ол қажет болса, жұлма жадының нәтижесінде қайыра айтып береді (өсімімен).

Ғылым жетістіктерін дәйектілік дәрежесінде жіктеп, ұғымдарға түсініктемелер беріп, теориялық пайым жасап, заңдылықтар мен қағидаларды фактілерге сүйене дәлелдей алады. Меңгерген ұғым -түсініктері мен тұжырым - пайымдарын реттейтін ішкі бақылауы кемелденген (интериоризация) ғалымдардың қорытынды пайымдарымен өзінің ой-мүддесімен қабысады, біліми - ғылыми ілімді жүйелі де ауқымды тұрғыда жинақтай алады, өзінің іс-қимылын саналы деңгейде жүзеге асырады. Негізгі ғылым салаларынан аталған ынтымақтастық оқыту қажеттіліктерін фундаментальды мағлұмнамалармен қанағаттандырады. Берілген және айқындалған жүйе үнемі тәртіптеліп, реттеліп (алгоритмге түсіп), оқытылатын материалдардың көлемін, шартын, біліктілік пен ғылыми қабілеттілігін, құрайтын іскерлігін алдын ала Sіt - жағдайларға үйлестіріп отыруға ықпалын тигізеді.

Дамытушылық - іс-қимылдың белгісі.

Оқытудың бұл процесі оқытудың даму белестерін айқындауға мүмкіндік жасайды. Дамушылық процесі барлық бағыттар арқылы жүзеге асады: тілін дамытады, сөз өнерін ыңғайына қарай ширатады, ойлау қабілетін деңгейлік сапада макроиерархия дәрежесіне бағыттайды, ішкі суретке салар ой сезімдерін әдейі іске қосу (сенсорлы), мұның өзін аффектілі қалыпта жүзеге асыруды көздейді, студенттердің психологиясын табиғи жағдайында қалдырмай, дәріс процесінде экспериментальды байқау амалдарымен ішкі болмысына оңтайлы, жағымды ықпал етеді. Тұлғаның даралық болмысы үнемі өзгерісті бағытқа ынталы болып келеді. Сезімі мен еркіне қажеттілігін жіктеп, оқыту сарынын ажыратады. Дамытпалы процестің белгісі біліктілік пен ғылыми және дамушылықты ішінара байланысты деңгейде қарастырудағы қайшылықтарды жинақтап, оның шешімін дидактиканың философиялық негізіндегі психологиялық мәселелерінен табады.

«Психологияның ең маңызды заңдылығы оқытудың дамуын жүзеге асыру» - деген Л. С. Выготский. Оқытудың даму процесін жүзеге асыру оқу процесінің мазмұны арқылы жүреді, ол оқыту әрекеті болады. Ал тұлғалық сипат тек психология тұрғысында, мұның бәрі ынтымақтастық одақ қоғамдастығында біртұтас жүйе құрайды.

Кезінде, 60-жылдары, Л.В. Занков жас ұландар үшін оқытудың дамытпалы жүйесін құрған. Оның басты қағидалары: оқытудың мазмұнын сұрыптауы, қабылдауға бағытталған әдіс-тәсілдері, тілі, ойлауы, шығармашылық қабілеті, қосымша материалдарды орындау барысындағы көкейкестілікті табуы, қайшылықты шешуі. Бұл тұжырымға үндестікте келетін Д.Б. Элькониннің, В.В. Давыдовтың, Н.А. Менчинскаяның ілімдері. Аталған зерттеу еңбектердің табыстары дидактика нысанасына ерекше құнды нәтиже әкелді:

- ойлау әрекетін қалыптастырудың кезеңдік теориясы (П.А. Гальперин);

- проблемалы оқытудың әдістері (М. Н. Скаткин, И. Я. Лернер);

- танымдық ойлау белсенділігін арттырудың тәсілі және т.б.;

- қандай ғылым саласы болса да, оның біліми-ғылыми аспектісінен бөліп алмаушылықтың амалы т.б. Мұнан басқа, тәрбиелілік мәні бар. Тәрбиелік мән сол қарастырылатын нысананың ішінен шығады. Оқыту мен оқу процесінде осы тәлімнің ізгілікті пішінін жинақтап алуға ерекше көңіл бөлінеді. Оның парадигмасы заманның өзгерісіне орай құбылып отырады. Тәрбие мен біліктілік арасында заңды байланыс бар. Мұның өзі оқыту және даму процесі сияқты жұптық сапаның көрсеткішінен тұрады.


Жоғары мектепте басқарудың дидактикалық негізі
«Басқару» деген сөздің мағынасы - оқытушы - профессураның студенттерге белгілі бір ғылым саласындағы бағдарламалық ықпал жасауы. Аталған сөздің мағынасында студент қабылдаған біліми-ғылыми нысаналарына тек түзетулер енгізу дәрежесінде емес, субъектінің ішкі болмысының ғылым көздеген бағдарына үндесіп отыруына бағыт беру. Атап айтсақ, әр студенттің ойлау пайымының қалыптасып қалған құрылым жүйесіне ғылыми ықпал жасау. Мұның өзі сол меңгерген ғылымының өз басына адамгершілікті нұсқада пайдасының болуы деген сөз. Сөйтіп, ол өзінің ойлау пайымын басқаратын дәрежеге жетеді. Мұнымен бірге оның әр түрлі іс-қимыл-әрекетін өзінің сапалы ойлау қабілетімен басқарады. Сөйтіп, ғылыми жетістігінің ішінен өзіне тиесілі өнімді меншіктеуге дағдыланады. Бұрынғы көздеген мақсаттарына ешкімнің көмегінсіз өзі түзетулер енгізіп, өзінің ғылыми еңбегіне диагностиканы аналитикалы дәрежеде құрастырып, ісінің өнімділік деңгейін үнемі шығарып отыруға ниеттенеді. Ең ұтымды әрекетке, сыртқы құбылыстарды өзінің ішкі ғылыми пайымымен үйлестіріп отыратын машыққа қолы жетеді.

Оқытушы-профессураның басқару процесі - студенттердің ғылыми ойлау әрекетін белсенділік және саналылық деңгейге бағыттау. Бұны жүзеге асыру үшін оқыту міндеттерін негіздеу, олардың дербес білімін - ғылымын дамыта алуына қолайлы жағдай туғызу. Негізгісін таба білуіне ұтымды нұсқаулар беру, ғылым жиюға құмарлық, құштарлық сезімдерін ояту, жауапкершілік пен парыз міндетін түсінуіне бағыт жасау көзделеді.

Оқытушы - профессураның әрбір дәрісінен кейін студенттің ғылыми жұмысын ұйымдастыру процесінде жағымды өзгерістер болуы заңды. Оның тұлғалық болмысы да осы үрдіске сәйкеседі. Тұлғалық болмысқа студентті бағдарлау - оқытудың нақтылы жағдайының мақсат-мүддесін саралау. Екшелген мақсат-мүдде типтік міндеттердің қосындысынан тұрады. Аталған міндет-мүдделерді сұрыптап алмау конструктивті оқытуға қол жеткізбей, оның жетістіктеріне иемендену уақыты ұзақ мерзімге созылады. Бұл - нарықтық қоғамның сұранымынан қалыс қалу. Нәтижесінде, педагогтық бақылау толыққанды процесте жүрмейді.

Қорыта айтқанда, студенттерді бір нысананы меңгертуге бағыттап отыру үрдісі жетімсіз, оқыту мазмұнын өзінше, дербес ізденіс процесінде өзін - өзі басқару әрекетінің механизмін дұрыс білу іс - қимылында меңгертуге нұсқау жасалуы ұтымды нәтижеге бағыттайды.



Оқытудың танымдық әрекеті.

Студенттерге білім меңгерту біліктіліктің ғылыми танымын жіктеу үрдісінде жүзеге асады. Біліктіліктің ғылыми танымын оқытушы - профессура оқу үрдісін біліктілік - ғылыми нысананың бағынатын заңдылықтарына негіздейді. Аталған бағытты жүзеге асыру үрдісінде көпқырлы дидактикалық тұжырымдар екшеледі, мұның өзі оның мазмұнына бағынбайды. Соңғы нәтиже студенттің қабілеті мен іскерлік, дағдысының кәсіптік ыңғайға ширауымен бағамдалады.

Берілген пайымның ұтымды тұстары даяр білімді қайталаным әдісіне салудан сақтайды деп ұққан жөн. Мұнан біліктілік пен ғылым жаңалықтарының жетекшілік рөлде болуын бақаймыз. Нәтижесінде, студент өзінің қолынан іс келетініне сенеді. Алға ұтылысының карқынын шамалайды. Аталған, жиған ғылыми жетістіктерін бұрынғы банк қоймасына «жүйелеп, екшеп» жинақтайды. Әрбір көтерілген ғылыми - біліми басқыштарының тұстарын айқындап, өзінің төл ісіне назар аударып, қолынан келер мәселесін жеке топтастыруға ниеттенеді.

Оқытудың танымдық әрекетінің негізгі бөліктеріне назар аударалық:

- оқылатын, меңгерілетін пәнді ауызша тыңдау, оқу, конспектілеу, реферат жазу, бақылау жазу т.б. Мұның бәрі дерлік оқытудың нәтижелі болуына басты әрекет;

- студенттің әрекеті, міндет-мүддені шешудің әдіс-амалдары, оқу әрекеті арқылы теорияны меңгерудің тәжірибелік маңызы, көрсеткіштердің құрылым - жүйесі, санатты бағам жасау қабілеті, үлгімен орындай алу машығы, типтік тапсырмалар мен мәтіндердегі мәнді деген мәселелер мен көркемдік құралдырының автор көздеген мәреге жуықтығын шығару шеберлігі, оған талдау-жинақтауы, біртектес ұғымдарды жеке топтастыруы, аталған нысаналарды алгоритмдеуі, осындай нысаналарды талдай білуге жаттығуы, моторико-автомат дәрежесіне ширауы;

- студенттің жиған ғылыми білігінің ақиқатқа жуықтығы, ортаға қажеттілігі, нарықтық сұранымға үндестігі, болашақтағы мүмкіндігі және өзін-өзі бақылай алатын қасиеті. Бұл жүйеде студенттердің іс-қимылы мен ойлау әрекетін ұйымдастыру сәті оқушылардан бөлек. Студенттердің білік пен ғылым жию әрекетіне фундаментальді ғылым негіздері жетекшілік жасайды. Оның өзі жоғары оқу орнының ғылыми-техникалық негіздерден тұратын мүмкіндігіне қатысты. Жаңа ғылымды меңгеру - ғылым мен техниканың тікелей жетістіктерінен туындайтын нысана.

Студенттің ғылыми-біліми деңгейін фундаментальді негіздеріне қарап бағалаймыз және ол өзінің теориялық білігін өмірде қолдана алу іскерлігімен ерекшеленуге тиіс. Сөйтіп, кәсіпкерлік іске араласпай тұрып, кәсіпті меңгергендігін таныта білетін машыққа жетуі - басты әрекет.

И.Е. Конфедератов жоғары оқу орнында танымдық әрекетті, құбылыстарды қабылдаудың әдістері ретінде ұсынады. Меңгерген ғылымын саналы түрде сұрыптай білетін, тәжірибеде жоғары деңгейде қолдана алатын, жоғары көрсеткіштерге жоба мен болжамды нақтылы пішімдейтін студенттер - оқытудың танымдық әрекетінің нәтижесіне жеткендер. Бұл бағытта Ю. Бабанский - 80-жылдары өз тарапынан ғылымға үлес қосқан ғалымның бірі. Оның жіктемесінен интеллектуальдық қабілет студенттің ғылыми жұмысын ұйымдастыру сарынына ықпалын тигізеді деген түйінді кездестіреміз. Соның ішінде, жиған ақпараттарын аудармай қабылдау, еске сақтаудағы рационализм, негізгісін бөліп алу, танымдық өзекті мәселелерді шешуге міндет - мүдделерді топтастыру, жаттығу жұмыстарын орыңдау, өзіне өзінің бақылау жасау сияқты әрекеттеріне назар аударады.

Оқытудың танымдық әрекетінің негізгі операциясы Ю.Бабанскийдің пайымында, студенттің нысанадан ең белді, маңызды, басты мәселені бөліп алу әрекеті. Бұл ұстанымды Б.Ананьев дамыта түседі. Аталған ғылым жию әрекетін кең ауқымда қарқынды леппен ұйымдастыра білу машығына көңіл бөледі. Егер бұндай танымдық деңгей қалыптасса, мамандығына сәйкес арнаулы қабілеттіліктері мен біліктілігін, ғылыми деңгейін өсіру процесі интенсивті тұрғыда биіктейді.

Шын мәнінде, жоғары оқу орнында ғылымның өзі логика негізінде құрылып отыруын қадалағаса, оның теориялық, әдіснамалық, интеллектісін дамыту қабілеттілік өз-өзінен болатын әрекет демекпіз. Мұндай дағдылар ширатылып отырылса, алған біліктілігі мен ғылыми қорын студент өзінше, дұрыстық негізінде, жинақтайтын дәрежеде жетіледі.

Оқытудың басқа бағыттарындағыдай мұнда мақсат пен мүддені анықтау, оның жүзеге асуы үшін міндеттерін жіктеу бірінші орында тұратыны даусыз. Әрине, мақсат пен мүдде, міндеттер кез-келген меңгерілетін нысаналарға даяр берілмейтіні шындық. Олай болса, бір кездегі үлгімен берілген мақсат-мүддеге, міндеттерге қарап, студент жаңа нысаналарға өзінше шығармашыл деңгейде құрастыруды дағдыға айналдыруы көзделеді. Егер мақсат-мүдде, міндеттер айқын анықталса, нәтижеге жетудің жолы да қысқармақ.

Басты мақсат - берілген мәтінді дұрыс ұғу, оны талдай білу, автордың мұратын дәлдеп дәйектеу. Мұндай әрекеттер студенттерге табандылық, байыппен қараушылық, сабырлылық, түбегейлі білік жиюға бағыттылық әкелмек.

Оқыту теориясын таңдау процесінде мыналарды назарға ұстаған абзал:

- мамандарды сапалы деңгейде әзірлеудің мақсат - міндетін жіктеу;

- мамандықтың қоғамдағы орнын айқындау, оның мүмкіндігін пайымдау, мәртебелі тұстарын жіктеу, жаңа тұжырымдардың қоғамға қайшылығын шығару, педагогтық ұжымдағы көлеңкелі тұстарды жинақтап, оған қайшылықта келмесі үшін және өзінің озықтық мұратын іске асыруы үшін жұмысты ыңғайлап отыратын кәсіпкер ұстаздарды даярлау.

Студент жоғары оқу орнында бұлжымайтын біліми - ғылыми деңгейде қалмай, оқытылым тұрғысында жаңа пайда болған инновация мен технологияларды дербес меңгере алатын ұстанымда болуын қамтамасыз ету - ең өзекті мәселе.

Оқытудың біртұтас дидактикалық жүйесінің пәні мен міндеттері.

Дидактика пәніне барлық дидактикаға қатысы бар маңызды нысаналар жатады. Былайша айтқанда, дидактикалық кызметтің бәрі дидактиканың пәні болып есептеледі. Оқыту процесінің мазмұны (біртұтас жүйесімен), әдістері, құралдары, оны ұйымдастыру тәсілі, аталған жүйе - құрылымның мақсатқа бағынуы сияқты іс - қимылдың алгоритмінен тұрады. Пәннің бір саласына жоғары оқу орнының біртұтас жүйесінің іс - әрекеті жатады.

Сол сияқты басқа да білім беру процесін іске асыратын оқу орындарының қызметтері пәннің нысанасы болып саналады. Пәннің ішкі құрылымын алдымен оқытылымның бағдарламалық мазмұны, оқытушылармен және студенттермен жұмыс, ұйымдастыру ісі, әлеуметтік процестердің түрлері мен жағдайларын қарастыру іс -қимылын құрайды. Әркім өзінің пәнін зерделей отырып, дидактиканың өзіне тән қасиеті мен танымдық белгілерін анықтап, оның нәтижеге бағдарлануын қадағалайды. Жүргізетін пәнін әрбір оқытушы - профессура жан - жақты қарастырып, не ғылыми жаңалық ашып, не сол бар ақпаратты жеткізушілік қызметін атқарады. Алдыңғы субъекті - зерттеу ісін алға жылжытушы, сұраным өресіне сай болып келсе, кейінгісі тек қайталаным деңгейімен тұйықталған оқытушы. Міне, пәнін меңгеретін қасиеттерді осындай сапалармен сырттай бағалауға мүмкіндіктер бар. Десек те, сырттай диагностика жасамай, пәннің жаңалықтарын жоғары оқу орнының басшылары алдын ала топтастырып, оның көрінісінің пән жүргізуші субъектіде кездесу, кездеспеуін нақты рейтинг жүйесімен мониторингке шығарып отыруы көзделеді. Әсіресе, берілетін пәннің ішкі бөліктерін жүйелеп, блоктарға сығылыстырып, ғылыми негізге салып, сандық және сапалық бірліктерді тізбелеп жинақтауға машықтануы - ең басты әрекет. Мұндай әрекеті бар жерде жоғары мектепте дидактиканың пәні - құрылым - жүйесі, оқытылым мазмұны, қозғаушы күші, әдіс - амалдары, түрлері және аталған бөліктердің қосындысының студенттерге тиімді әсері, олардың мамандық алу үрдісіндегі тұлғалық болмысының қалыптасуына ықпалының зор екені даусыз.

І. Егер жоғары мектепте негізгі талаптары мақсаттылық пен орындау дұрыс жолға қойылса, ондай жағдайда жоғары мамандық иелерінде қоғамның заңдары мен қағидаларына, саяси ағымына, нарықтық сұранымына сәйкес келерлік көрсеткіштер болатыны сөзсіз. Мұнымен бірге оларда әдіснамалық шеберлігі, адамдарды ізгілікті бағамда басқара алуы, оларға жағымды тәлімді дарытушылық қабілеті, техниканы қолдануы, педагогикалық технологияларды меңгеруі, ғылыми жетістіктерді өзінің пәніне негіздейтін шығармашылығы дамып отыратыны заңды.

II. Аталған іс-қимыл көрсеткіштермен қатар дидактика тәжірибешілік қызметтердің нысанасы. Пәнінің негізгі теориялық бағдарламасын іс-тәжірибеде қолдану мақсатында сараптама алаңын өзінің ынта-ықыласымен жүргізіп, белгілі өлшемдіктерді құрастыруға тиіс. Мұның өзінде ұтымды тұстарға ерекше мән беру - басты әрекет.

Берілген дидактиканың екі функциясын еске алғысы келмейтін педагог жалпы педагогика ілімінің мәртебесін түсіріп қоймай, өздерінің болашаққа жолдарын жапты деп есептеген жөн. Бұл әрекет сыртқы ортаға қажет емес, оны әріптестеріне демонстрация жасау үшін қолданбайды, керісінше, бұл әрбір оқытушы - профессордың күнделікті тәртібіне сіңісті болып кеткен қызмет, іс-қимыл деп қабылдаған абзал. Өмірде кез-келген ғалым танымдық қасиетінен айырылса, утилитарлы функцияны атқара алмайтынын дәлелдеп келеді. Әлемдегі ақиқат шындыққа бәрінің бағынышты болып келетін заңдылықтарын ашпай, ғылыми аспектінің тәжірибеде тигізер пайдасы жоқ демекпіз.

Қорыта айтсақ, жоғары мектепте дидактиканың біртұтас жүйесінің теориясының атқарар міндеті бір пәннің ауқымындағы адамға қатысы жоқ ғылым мен білімнің студент өміріне пайдасыздығын дәлелдеу биігінен көрінетіні. Студент субъектісі мектепте өтілген 25 - тен астам ғылым мен білім негіздерін бір нүктеге түйістеп, оны өзінің игеретін мамандығына қатысты жоғары оқу орнында меңгеру. Олай болса, дидактиканың нәтижелігі алдымен философиялық негізін үлгілеп, студенттің рухы мен жанына жеті қабатты көзге көрінбес Күннің Нұрынан қуат аларлық ғылыми, рухани гумандық нәр алудың технологиясын меңгеру екені.

Еңбегімізде оқытудың теориялық негіздері прагматика сапасына ауысса, дамудың шыңы, қабілеттіліктің биігі + эзотерикалық тұжырымға келетіні жайлы бағдар беріледі.

Бұның өзі субъектіні эзотериялық деңгейге ұмтылдыратын қозғаушы күші. Мұндай тұжырымға келудің басты себебі ғаламдық, халықтық педагогика кеңістігіне сараптама жасау үрдісінде сараланып, дәйектілікпен талданады. Сол секілді жалғасы болып келетін педагогикалық технологияларға тұжырым, түйіндер сараланады. Сөйтіп прагматикалық көріністің нәтижелері сапасында беріледі.

Қорытынды пайымына тоқталып өтсек, мынандай жаңа тұжырымдарды жіктеп өтуге болады:

- дидактиканың жаңа философиялық, парадигмалық эквивалентін ұлттық, ғаламдық, ментальдық кеңістікте құра білу іскерлігі мен бақылау, интериоризация қабілетін ширату процесінде құруға бағыттайды;

- әрбір пәннің ішкі, өзіне арнаулы заңдылығы мен қағидасы макродидактиканың құрылым-жүйесінің кіші компонеттерінен тұратынына көз жеткізеді;

- зерттеудің сараптама объектісіне айналған қазақ әдебиетінің, қазақ тілінің, (филологиялық аспекті), химия - физиканың, астрология мен психология, педагогика, философия т. б. пән негіздерінің біліми - ғылыми сарынынан бір нүктеге түйістірер, адамның өзін-өзі тануына, басқа субъектіні тануына, зерделеп - зерттеуіне бағдар жасамауының үлкен тауқымет ретінде қабылданып, Адам жанының, рухының Күннің Нұрынан жеті сипатта (Ментальді деңгейден жеті планетадан жеті ультра сәуледен) өзіне қуат алу өнерінің дамуы. Эзотерикалық кеңістікке бағыттайтын қозғаушы күштің көзін табуға ұмтылуын қадағалайтын механизмді құруға талпынады. Нәтижесінде, адам өзінің көз алдындағы құбылыстарды қабылдаудың төменгі қабат екенін ұғьш, дерексіз, ассоциативті құбылыстар мен процестерді түйістіре, Жерден сүйіспеншілікті, Оттан көрегендікті, сәуегейлікті, жұрт естімейтін құндылықты қабылдаушылықты, Судан түйсінушілікті, Ауадан - сезімталдықты қабылдап, жеті қабат Аспан әлемінің (Марс - Меркурий - Жер), ғарышты, ментальді деңгейліктерінен рухын аспандатарлық, өмірге құлшыныстылықты оятарлық, адреналин мен кремнийді дамытарлық логикалық пайымына нәр алу іскерлігін оқылатын ғылымның дидактикасының философиялық біртұтас жүйесінде берілуін қадағалайды;

- аталған тұжырымдардың сарыны, нышаны төмендегі сапалардан тұрады;

- Жерде - ақ пен қара, жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, Асыл мен жасық т. б., бір сөзбен айтқанда, іс - әрекет мәнділігі басым;

- Судан - тепе-теңдік экспансиясы, қайшылық, антитеза, сезімге толы өмір басым;

- Оттан - экспансиясы, өзіне қажетін бөліп алу, жеке даралану, өзін - өзі тану, зерделеп - зерттеу басым;

- Ауадан - өзін қоршаған объектімен субъектіні жаңылмай тану, қарым - қатынас жасау өнері, ақыл - ой, логикалық пайым құру басым;

- Эфирде - кеңістік, бірлік, еріктілік басым.

Сол себепті Ж. Аймауытовтың ұлттық психология тұжырым -пайымына діттетіп жеке талдау, жинақтау мен жалқылау, жалпылау, феноменін табу т.б. методологиялық сараптау жасалып беріледі:

- жұлма жад пен философиялық жад;

- «Ой сандығының» құнды тұжырым - түйіндермен қорлануының сипаты;

- соқыр сезімдердің басыңқы болуынан аталған бес түйсіктің саңылау сезімдерінің ашылмай қалу себептері;

- адамның арғы тегінде тектілік болмаса, пендешілік пен жәуан мәрттілік деңгейден аспайтыны жайлы пікірі т.б. Олай болса, батыстың зерттеушісі Алан Лео «Эзотерикалық астрология немесе жаңа уақыттың асторлогиясы» айдарымен Харьковтың РИП «Оригинал» 1994 жылғы еңбегін сараптамадан өткізу арқылы данышпан бабаларымыздың Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев және т.б. көрнекті даналарымыздың әдеби - ғылыми еңбектерімен үндесіп келетініне күмәннің жоқтығы байқалады.

Аталған қорытынды тұжырымның бәрін жинақтасақ, мынандай түйін шығады:

- үш ғұнның ашқан жаңалығы: эфирлі денеден физиологиялық қалып, ғарыш пен ментальдан адамның пара-психиологиялық қабілеттілігі ұшталатыны;

- аталған талаппен қарасақ, әдебиет пәнінің кеңістігінде бұл үш бұрыштық тұжырым шығармалардың сарынынан байқалғанымен, жоғары мектептің стандартына біртұтастық мәреде берілмейтіні айқындалады;

- жаңа пайымның талабымен қарасақ, әдеби объектілерде үшінші мыңжылдықтың кеңістігіне лайықты жастардың образы жоқтың қасы. Анықтап айтсақ, көркем шығармалар өткен шақ б.ғ.д. V ғ. бастап ұзаса XX ғасырдың 60-70 жылдарымен аяқталатыны байқалады;

- дидактиканың біртұтас жүйесімен пайымдасақ, қазақ тілі пәнінің (кейде) кіші компонеттері ірі тақырыптарынан жеке бөлініп қарастырылады, сөйтіп, дискретті оқытылым басым болып, дидактиканың мазмұны сенсорлы сипатта келмеуі аңғарылады;

- эзотерикалық қабілетінің пенделерден өзін бөліп әкету процесімен бағаланатыны және жұрт көрмейтінді ғылым арқылы меңгеру екендігі - жүрегінде жек көру сезімінің мүлдем болмай, ғаламды меңгеріп тұрған қүдіретке ғибадат етіп, өзін қүдірет алдында ғаріппін деп есептейтіндер санатына жатқыза алатын, Рухы биік Ізгі жандардың көбеюі. Бұған жеткендер - басқа субъектілердің Даралық Тұлғасын көретіндер екендігі байқалады.

Жоғары мектепте оқытудың біртұтас жүйесі болғандықтан, «оқыту» мен «дидактика» ұғымдарын алдымен ғаламдық педагогиканың объектісінен іздедік. «Оқыту» іс-әрекеті бірден үлкен жүйеге ие болған жоқ. Сол себепті алдымен қоғамдық формациялардағы әдіс-амалдар жайлы ұғымдар мен оқыту процесіне қатысы бар жүйелер екшелді. Бұл мәселенің алғашқы шығу тарихы әрі орыс тілінде жарық көрген, кейін қазақ тілінде мәлім болған оқу құалдары мен монографиялар, оқулықтар арқылы зерделенді. Осы зерттелім процесінде «оқыту» әр субъектінің білім жиюдағы іс-әрекеті болса, «дидактика» әр түрлі сипатта қолданылғанымен, бұл жүйеде оқытудың пәні, нысанасы тәлім-тәрбие мен білім біртұтас зерттелді.

Гуманитарлы пәнді жоғары оқу орындарында оқытудың негізгі ұстанымы - философиялық тұжырымдарды зиялы, дана, ғұлама өкілдердің еңбектерінен сұрыптап алу, іс-әрекеттің мұндай ұстанымында алгоритм ретінде бірінші тұратын мәселе философиялық түйін-тұжырымды автордың мұрат-мүддесі тұрғысынан жинау болып табылады.

Зерттелімнің негізгі тірегі шығармалардың ішіндегі философиялық ой-түйіндер болғандықтан, жоғары мектептің оқытылымына, бағдарламасына, мемлекеттік стандартына үндес келерлік үлгілерді жинақтауды мақсат тұттық.

Қожа Ахмет Иассауидан алған философиялық пайымымыз -адамның жасы туралы ой еместігі, керісінше, адамның жеке басындағы тұлғалық қасиеттердің дамуы, оның өзі өзіңді билеп тұрған Құдіретке үнемі бағындыру екені. Ондай деңгейге кемелдену үшін тәубашылық, ғибадатшылық, махаббат (Аллаға), сабырлық, шүкірлік, ризашылық, заһидшілдік (анықтық), ғаріптік сияқты мінез-құлық сапаларын дарыта білудің амалдарын ұсынады. Міне, ең қажетті философия - осы.

Мұндай пайымға жетудің амалын интеллекция теориясының көрінісінде Әл-Фараби өзінің еңбектерінде дәлелдеп береді.

Қожа Ахмет Иассауидың мағрифат, тарихат, хақиқат, шариғат секілді 4 құбыласының басқа бір көрінісін Хас Хаджиб Баласағұн сипаттайды. Оның көрінісі: әділет, дәулет, парасат, қанағат. Аталған 4 құбыланың ішкі бөліктерінің жүйесі, өзара байланысы біртұтас дүниетаным, білім мен ғылымның Ізгілік Нұрына негізделетіні айқындалады.

Философиялық тұжырым жыраулар мен ақындардың шығармаларынан да туындайды. Ондай құндылықты жаңылмай табудың іс-әрекеті, амалы, технологиясы үлгі ретінде беріледі.

Ж. Аймауытов шығармаларындағы дидактиканың философиясын табудың амалдары психология ілімінің негізінде талдау - жинақтау, жалқылау - жалпылау сапасында бернеленеді. Оқыту десек, міндетті түрде оның пәнін, нысанын табу мәселесі бірінші әрекет екендігін дәлелдеуге бет алдық.

Мұнымен бірге «перцептив» пен «апперсепсе» деген ұғымдарды енгізген, зерттеген Ж. Аймауытов екені ескеріледі. Біздер осы еңбектердің бәрін дерлік зерттеудің тірегі ретінде пайдалануды, Ізгілікті жанның құрылымын сомдауды ұсынамыз. Негізгі зерттеу пәні оқыту болғандықтан, тәрбиенің зерттелімін әдебиеттер тізімін ұсыну дәрежесімен шектелеміз. Бірақ, ол еңбектерге сүйеністің бар екені жұмыстың сарынынан аңғарылады.


: fulltext -> transactions
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті
transactions -> К. С. Ислям латын тілі мемлекеттік тілде оқитын студенттерге арналған оқулық
transactions -> МӘШҺҮр жүсіп қолжазбаларындағы ислам мәдениеті
transactions -> Оқулық Павлодар єож 372. 881. 151. 212. 2(075) бкк 81. 2 Ќаз т 87
transactions -> Аудармадағы аударылмайтын сөздер 050207 «Аударма ісі»
transactions -> МӘШҺҮР –ЖҮсіп көпеев шығармаларындағы төрт түлік малғА Қатысты заттық МӘдениет
transactions -> Мұса мырза (халық ауызында сақталған деректер бойынша)
transactions -> А. Х. Жакиянова Өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері
transactions -> Ұлттық ойындардың КӨмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет