Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


ЭКЗОТЕРИКАДАН ЭЗОТЕРИКАҒА ӨТУДІҢ АМАЛДАРЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ



жүктеу 3.68 Mb.
бет3/16
Дата20.06.2016
өлшемі3.68 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ЭКЗОТЕРИКАДАН ЭЗОТЕРИКАҒА ӨТУДІҢ АМАЛДАРЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Жоғары білімді дамытудың стратегиясы
Қазақстан Республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясы Республика Конституциясының қағидаларына, ел Президентінің халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» Жолдауына, ЮНЕСКО-ның, ОЭСР-дің халықаралық білім саясатының материалдарына негізделеді. Қазақстан Республикасындағы жоғары білім мемлекеттің ұзақ мерзімдік басымдықтары арасында ерекше орын алады және ол шын мәнінде ұлттық қауіпсіздік проблемасы болып табылады.

Жоғары білім мемлекет қызметінің барлық жақтарына экономикалық, әскери, экологиялық, технологиялық, мәдени, басқару және басқа салаларына түгел дерлік ықпал етеді.

Рухани өндірістің аса маңызды бұл саласы қоғамның қызмет етуінің интеллектуалдық және экономикалық базасын құрайды. Ол мәдениетті сақтаудың және оны болашақ ұрпаққа жеткізудің басты құралы болып табылады.

Қазіргі заманның аса өткір проблемасы - ғылымға, білімге және ар-ождан бостандығына дүниетанымдық синтез жасау проблемасынан тыс қала отырып, өзінің аса маңызды болжаушылық қызметін - мәдениеті түзу және ділді (менталитет) қалыптастыру қызметін толық дәрежеде жүзеге асыра алмауда.

Дүниеге этикалық жауапкершілікпен қарайтын, инновациялық, шығармашылық ойлауға дағдыланған, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол және білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру идеясы дамудың стратегиялық бағдары болады.

Рухани және материалдық дүниелердің үйлеспеушілігі ұдайы байқалып отыратын бұл қоғамды өзін-өзі ұйымдастыратын, үздіксіз дамып отыратын жүйе ретінде түсіну көзделеді.

Жеке адамның рухани әлемінің дамуы оның материалдық мұқтаждықтарынан әлдеқайда озьш кеткен тұста тарихтағы бақытты кезеңдер, қоғамның, оның мәдениетінің, білімінің, экономикасының бақытты даму дәуірі басталды. Қайта өрлеу дәуірі және одан кейінгі Ағарту дәуірі дәл осындай кезеңдер болса керек.

Алайда, керісінше де болады: қоғамның аса бағалы христиандар өртеп жіберген Александрия кітапханасын еске алсақ та жергілікті материалдық дүние мұқтаждарының дамуына қарамастан, жоғары білімнің айқын адамгершілік бағдарлары жоқтығынан рухани дүние азып-тозады... Сонда адамзатты жүз жылға кейін шегеріп, қайғы-қасірет пен қан жұтқызатын қысылшаң шақ - орта ғасыр басталады. Адамзат осындай кезеңнің табалдырығында тұрған болар және осы табалдырықтан аттап өту үшін орасан зор интеллектуалдық күш-жігер керек болар.

Адам әрекетінің барлық салалары (білім, өндіріс, ғылым, басқару) мамандануының тез өсуі, қоғамның техникаландырылуының күшеюі, қазіргі өңсіз және айбатты жаратылыстану-ғылыми білімнің көптігі, бұл өңсіздіктің адамның жеке басына ықпалының өсіп отыруы және т.с.с. қалыптасып келе жатқан жеке адамның рухани жүдеуіне әкеп соқтырады. Техницизм мен сциентизм дүниетаным мен философияны, оның ішінде, соңғы онжылдықтар ішінде этикалық бастамасынан барған сайын айрылып келе жатқан білім философиясын да өзіне бағындырған. Қоғамдық өмірдің саясаттануы және әсіресе, барған сайын айқын бола бастаған тоталитаризм тенденциясы адамның жеке басын өзгертіп, көз жұма бейімдеушілікке әкеп соқтырады және адам рухын өзін-өзі тәрбиелейтін білімге теріс әсер етеді.

Гуманизм, дүниежүзілік қауымдастықтың қоғамдық дамуының саяси принципі, стратегиялық мақсаты ретінде жарияланады.

Мемлекеттік стандартта «Демеуші білім» мен баламасы «Инновациялық білім» екені белгілі. Міне, осы «демеуші білімнің» студенттерге болашағын анықтау қабілетін дамытуды дағдыға айналдыру мақсатында оқытудың танымдық қызметін теориялық деңгейде жіктеп алған орынды.

Таңымдық қызметтің ең басты принциптері төмендегідей:

- білімге гуманитарлық, ізгілендіруші, адамды оңтайлы жаққа бағдарлаушы деңгейге көтеру (белгілі материалдар негізінде);

- педагогикалық одақтастықтың жетістігін белгілі бір білім жиынтығын қоғам мүддесіне ыңғайлап меңгерудің дәстүрін адами нышандардың ең жоғары дамуына жәрдемдесетін шығармашылық, эзотерикалық актімен ауыстыру (философиялық белгілі пайымды ғұламаландыру шығармашылығынан үлгі ретінде өзіне сұрыптап алатын, оны бүгінгі жағдайға ыңғайлап қолданатын);



- гуманитарлы пәндердің нысаналарындағы ғылым, білім саласына қатысы бар философияны әдіснамалық (методологиялық) және жобалау аксиологиялық, суггестивтік (сезім суреттерін ауыстырмай көз алдына әкеле білу қабілеті) қызметінің танымын зерттеу (оқытушы үшін де, студент үшін де).


«Демеуші білім» үлгісінің негізгі белгілері

«Инновациялық білім» үлгісінің негізгі белгілері

1. V-XIX ғасырлардағы әдеби шығармалардағы қалыптасқан, назардағы таным объектісі- дүние туралы ақиқат білім алуға топтастырылған ғылыми ұғымдылықтың классикалық түрі. Белгілі бір ұлттық деңгейдің патриоттық сезімін күшейтіп, өз елінің мәдени – біліми- ғылыми құндылығын орнықтырады. Ол кездің талап+ мүддесі ең мықты ұстанымда болады. Бір кездегі жаңалық- бүгінгі де жаңалық.

1. танып білетін және қолданылып жүрген субъектіні қоса қамтитын ғылыми ұтымдылықтың классикалық емес және постклассикалық түрлерінің басым болуы. Танымды шектеулік дағдыдан аулақ болып, әр адамды жеке деңгейліктегі Тұлға деп қараушылық.

2. Жоғары оқу орнының өзіне тән оқыту мазмұнына ыңғайланған тәртіп жағынан ұйымдастырылуы. Оқу еңбегі мен ғылыми еңбекті қатарынан дамыту. Іргелі пайым, табиғат жайлы философия, адамдардың әр түрлі сипатын ажырататын танығаштық қызмет, гумандық іс-қимылдың пәндер модуліндегі оқшаулығын баян етеді.

2. Оқытылымның мазмұнын интегративтік негізде ұйымдастыру; табиғаттың, қоғамның, адамның өмір сүру мәністерін айқындайтын заңдылықтарын әдеби шығармалардың сарынынан зерделеп, сыни бағаммен күндылықтарды екшей білетін қабілеттілікті меңгеру.

3. Программалап (програмированное обучение) оқыту мен модельдеп оқытудың технократтық ойлау мәдениетін әдеби шығармалардың нысандарын пайдалану нәтижесінде айқындап, қолдайтын дүниенің механистік және детепменистік көрінісі қалыптасады.

3. «Адам- қоғам- табиғат» қатынасын үйлестіруге бағытталған жүйелік ойлау, адамның мүмкіндігінен тыс құбылыстың барлығына, оны тануға бағыттау, дүниетанымның ең жоғары дамуының мәдениетін қалыптастыру. Эзотерикаға ұмтылу.

4. Негізінен бір мағыналы және оқытушыға (жоғары мектептің) бұрыннан мәлім жауаптары бар, ол әдеби таптаурын қалыпқа түскен, талдаудың әдістері танымал, даяр білімді беруге бағдарланған оқыту әдістерінің басым болуы.

4. Оқытудың мазмұны мен әдістерін шығармашылық іс- әрекетінің методологиясын меңгеріп, басқалар байқай қоймайтын автордың ішкі ұстанымын таба білетін, тіпті оқытушы байқамаған нәрсені жасайтын инновациялық қабілетін тәрбиелеп дамыту.

5. Білім мазмұнының әлеуметтік- техникалық құрам бөлектерінің жасанды арақатынаста болуы, жан- тән- рух сияқты асыл қасиеттердің мамандықты меңгеруге ықпалының іс жүзіндегі алшақтығы.

5. Мамандық факторлары ретіндегі, оның ішінде гуманитарлы- философиялық модульді пәндерін меңгеру барысында, әсіресе, жобалық оқу жұмысатры барысында ізгілікті, руханилықты, әлеуметтік және қоғамдық жауапкершілікті дарыту және дамыту.

Гуманитарлы бағыттағы жоғары білімнің жаңа үлгісінің басты мақсаттары (стратегиялық):

- адамды шығармашылық ойлау қабілетіне ұмтылдырып, көзге, құлаққа көріне және естіле бермейтін құндылықтарды байқай отырып, оны ғылыми негізге салып, өмірде пайдалана алу іскерлігін дамыту;

- құрылғыны (пән бойынша) жобалаудан іс-әрекетті жобалауға өту (Дидактиканың ауқымын (хронометрі + хронотоп), оқытуға ауыстыру);

- студенттердің бойында шешімдердің әр түрлілігіне, көп өлшемділігіне, басқаша ойлауға, төзімділікке, табандылыққа және өзінің іс-әрекеттері үшін адамгершілік жауаптылыққа негізделген нұрлы, ізгілікті көзқарасты дарыту;

- оқыту барысында оқытылатын, меңгерілетін ғылыми-біліми нысандарды қабылдаушы контингенттің интеллектуалдық іс-әрекетінің үйлесімділігіне, оның біртұтас жүйеде меңгеруіне қолайлы жағдай туғызу.

Бұл аталған мақсат - мемлекеттік стандарт негізінде күні бұрын қарастырылған жобаны жүзеге асырудың қозғаушы күші. Осы макромақсаттан гуманитарлы бағыттағы әр оқушы өзінің дәріс, семинар + тәжірибелік, зертханалық жұмыстарын жоспарлағанда, әр түрлі блоктарды ұсақ бөліктерге жіктеп, оны жүзеге асыра алады.

Жоғары мектептің гуманитарлы бағытының макромақсатын құрастырғаннан кейін, білімді реформалаудың ұстаным - бағыттарын анықтаған жұмыстың нәтижелі жүргізілуіне ықпалын тигізеді:

- әдеби арналарды модульдеп өткенде, әр модульді жеке-жеке бөліп алмай, олардың өзара байланыстық біртұтас жүйесін қарастыру, оның аса маңызды буындары - әдеби кезеңдер мен уақыт және кеңістік;

университет білімін игерген студенттердің одан әрі өз білімі мен ғылымын дербес дамыта алу шеберлігіне ықпал жасаудың озық үлгісі;

меңгерген филологиялық - философиялық білімдерін «Ізгілікті» рубриканың сарынында қатысым құралдары (теле, бейне, радио, баспасөз) арқылы сыннан өткізіп, ісін ширатудың теориясы, тәжірибесі;

жоғары оқу орнының гуманитарлы бағытындағы студенттерді өнеркәсіп пен мектеп өмірімен байланысын ынталандырудың тәжірибесі;

әрбір студенттің іс-әрекеті мен танымдық қызметін ұйымдастыруда мемлекеттің рөлін арттыру, стратегиялық жоспарлаудың мәнін түсіну, оны білім және ғылым мазмұны арқылы жүзеге асырудың модулі;

жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ұлғайтудың мәнін ұғудың маңызы, басқа елдердегі оқу кезеңдерін, жоғары білім туралы құжаттарын, ғылыми дәрежелер мен атақтары жәие т.б. мойындау мәселелерін қамтуға ынталандырудың тәжірибесі.

Қорыта келгенде, стратегия - жоғары оқу орнының ең қажетті ұстанымы. Жоғары оку орнының ішкі ұстанымынан гөрі мемлекет көздеген ұстаным жоғары. Бірақ, тоталитаризм тұсында сыртқы мақсат-мүддені бұлжытпай орындаушылық белең алып, адамның шығармашыл ғылыми пайымы аяқ асты болса, постиндустриалды Қазақстанның алыс болашағын өмірге салтанатты дәрежеде орнықтырып, жоғары оқу орнының оқытушы - профессорларының инновациялық ынта-ықыласы, жаңалығы мемлекеттік стратегияны көркейте бермек.

Стратегияның тірегі - стандартқа негізделген білім классификациясы (мамандандырылған). Аталған маңызды қадамды жүзеге асыру үшін білім деңгейін жіктеп, оқытудың әрбір саласын анықтап, оқу бағдарламаларының әрбір тобының ішкі құрылым -жүйесін біртұтастықта алып, нақты мамандыққа қатысты салалары шеңберіндегі жеке бағдарламаларында қарастырылады. Бұл жүйе кемі қайта-қайта өңделіп, жаңартылып отырады.

Мамандық классификациясының формасы мен құрылымы төмендегідей:

1. Концептуалдық негіз.

2. Айқаспалы классификацияның айнымалылары:

- білім түрлері;

білім қызметін ұсынатын мекемелер;

білім қызметін беретін орын;

оқыту формалары;

оқу бағдарламаларының бағдары;

білім деңгейі;

оқыту бағыттары.

Мамандық классификациясының мақсатында «Білім» термині білімнің мұқтаждарын қанағаттандыратын арнайы және жүйелі іс-әрекеттердің барлық түрлерін қамтиды. Бұл орайда «білім» термині ғылымды жүзеге асыруға есептелген, ұйымдасқан және демеуші қатысым құралын қамтиды.

Коммуникация [Соmmunication] дегеніміз - ақпараттар (хабарлама, мұрат, білім, стратегия және т.б.) алмасатын екі немесе көп адамдардың арасындағы өзара байланыс. Ауызша немесе ауызша емес, тікелей (бетпе-бет) не қашық қарым-қатынас коммуникация болуы көзделеді.

Ілім дегеніміз - мінез-құлықтағы, құндылықтардағы, немесе шеберліктегі кез келген жақсару.

Ұйымдасқан дегеніміз - формасы немесе бір ізгілігі бойынша тікелей, немесе жанама мақсаттармен жоспарланатын әрекет.

Демеуші дегеніміз - ілімге ұзақтық және үздіксіздік элементтері тән болатынын білдіреді.
Білім деңгейлері
Білім деңгейі аталған мамандықтың квалификациясына негізделіп құрылады. Жоғары оқу орнының білім деңгейі оқу жоспарыньщ типтік бағдардамасына негізделеді.

Бұл - бірінші цикл. Әрбір курстарда студенттердің жүйеленіп, сабақ кестесін құрастырады.

Арнаулы мамандыққа бағдарлаудың деңгейі төмендегідей жіктеледі:

- оқудың жалпы үзақтығы;

- біліктілік түрі (университеттік дәреже);

- ұлттық біліктілік қүрамындағы орны.

Міне, осы жіктемелердің мамандық меңгеруде ғылыми дәрежеге жетелейтін жағдайда жүзеге асырылуы көзделеді.

Аталған білім деңгейі жалпылық мәнде келеді. Ал оны белгілі пән тұрғысында жеке бөліп алсақ, ішінара ірі тараудың ұсақ бөліктерін шкалаға (рейтинг) жіктеп, оларды біртұтастық деңгейге біріктіріп, ықтимал жауаптарды күні бұрын кұрып алу назарда болады. Блоктық жүйеде ықтимал жауаптар кездеспейді, ал модульдеп оқыту процесінде ықтимал жауаптарды рейтинг сапасына жіктейді. Міне, осы жүйеде қанша зерттеу тірек сұрақтары болса, соншалықты процентпен білім деңгейі межеленеді.



Студенттердің танымдық ізденімпаздығын дамытудың теориялық негіздері
Танымдық ізденімпаздық әр студенттің ішкі даярлығының деңгейіне байланысты әрекет. Бұл - оқытудың теориялық негізі. Танымдық ізденімпаздық іс- әрекетті нысаналы түрде ұйымдастыру көзделеді.

Танымдық ізденімпаздықтың мазмұнына Г.Н. Кулагиннің көзқарасы неғұрлым соны болып табылады. Бүгінгі студент болашақ мұғалім болған сәтте танымдық ізденімпаздығын қажетсінуді, іс-әрекетті жүзеге асыруды және оны ретке келтіруді ғана біріктіретін тек кәсіптік біліктілікті игеруге бағытталған дұрыс емес, себебі бұл ұғымның мазмұнын тым тарылтады деген құнды пікір айтады.

Зерттеушілер студенттердің оқыту процесіндегі танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін дамыту проблемаларын практикада шешудің түрлі жолдарын көрсетеді:

- Танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндетін іріктеп шешу арқылы;

- Танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін дамыту арқылы;

- Іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерін енгізу арқылы;

- Оқытуға әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы;

5. Оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы. Жоғарыда жинақталып берілген талдаудан айқын көрініп отырғанындай, танымдық ізденімпаздық мазмұнын бір аяда (әрекет, дайындық, білімділік) ғана ашуға болмайтын күрделі ұғым болып табылады.

Т.И. Шамова танымдық ізденімпаздықты әрекетке жатқызады, белсенділікті әрекеттің кейбір деңгейі ретінде қарау бүгінгі ұстанымға келе бермейді.

Студенттің әрекетшілдігі деп қарамаймыз, қайта осы әрекеітің сапасы деп қараймыз. Бұл сапада студенттің дара тұлғасы, әрекеттің мазмұнына, сипатына көзқарасы және өзіндік ерік-жігерін оқу-танымдық мақсаттарға қол жеткізуге жүмылдыруға үмтылушылдығы байқалуға тиіс. Қаралып отырған заңдылықтан танымдық белсенділік пен танымдық ізденімпаздық диалектикалық түрғыда өзара байланысты және оқу-танымдық процесте ажырағысыз деген қорытынды шығаруға болады. Мұндай жағдайда осы ұғымдардың өзара байланысының тетігі қандай деген сүрақ туады.

В.А. Крутецкий оны зерттей келе мынандай қорытынды жасайды:

- белсенді ойлау;

- өздігінен ойлау;

- шығармашылық ойлау.

В.И. Лозовая өз еңбегінде жеке тұлғаның белсенділігін талдай және жүйелей келе, жеке тұлғаның мәні мен осы ұғымның әрекет ұғымына қатынасын ашуда түрлі көзқарастың орын алып отырғанын атап өтеді. Оларды қысқаша былай жіктеп өтуге болады:

- белсенділік тірі жүйелердің ерекше қасиеті ретіндегі жалпы категория болып қарастырылады. Әрекет әлеуметтік нысан үшін айрықша белсенділік ретінде көрініс табады;

- белсенділік және әрекет ұғымдарын теңестіреді;

- белсенділік әрекеттің сапалық сипаттамасы деген анықтама береді;

- белсенділік дегеніміз жеке адамның сипаты, оның қасиеті.

Ал Т.И. Шамова «танымдық ізденімпаздық» пен «танымдық белсенділік» ұғымдарының арасындағы қатынасқа талдау жасамайды. Оның үстіне Т.И. Щамова түжырымдаған танымдық ізденімпаздық деңгейлері әрекет тәсілдерін, әдістерді өзінің машығына айналдыру екенін, мұның өзі танымдық ізденімпаздықты әрекетке жатқызатынын дәлелдейтінін байқау қиын емес.

Аталған пайымнан В.И. Лозоваяның еңбегіндегі «білімді жігерлі түрде игеру» деген нені білдіреді деген заңды сүрақ туады. Бұл -субъективті таным, біздің еңбегімізде түркілік, шығыстық философия сарынын алгоритмге салған уақытта, «Тән», «Жан», «Рух» деген ұғымдар сүрыпталады. Міне, дидактиканың философиялық мәнінің өзі осы рухтың ең жоғары дәрежесі білім мен ғылым жию белсенділігі (ерік - жігер) мен танымынан (когнитив) тұратындығы, оның парадигмасы белгілі ғылым негізінен екені ескерілді. Т.И. Шамованың теориялық түжырымының В.И. Лозоваядан айқын болуының сыры осында. Әр студенттің танымын, белсенділігін оқытушы толық межелеп отыруы мүмкін емес. Бірақ, деңгейлік сапаларды айқындайтын модульдеп, программалап оқытудың рейтингісін жүзеге асырса, бес балды жүйені процентке шағып, меңгеру деңгейін анықтауға бетбүрыс болатыны сөзсіз.

Н.В. Бочкина жеке тұлғаның ізденімпаздығын жүйе ретінде қарастырады. Оның тұжырымдамасын және тұлғаның білімін басшылыкқа ала отырып, тьщдарманвьщ карым-катьшасы аймағы түрғысынан, тіршілік әрекетінің белгілі бір саласы түрғысынан алғанда, өздігінше ие болады дегенді баса айтады. Таңдау әрекеті мен оны іске асыру тәсілдері жеке тұлға ізденімпаздығының «көрсеткіштері» болып табылады. Таңдау - объективті және субъективті жағдайлардың күрделі диалектикасы, білім игеруші өзін субъект ретінде әрекет ететін сыртқы ортамен өзара әсер ету қызметі ретінде қаралады. Бұл еңбекте өздігінен жұмыстың әрбір кіші компоненттерінің орындалым заңдылығы берілмеген.

Қорытындыласақ, ізденімпаздық әрекетке өздігінен икемделудің сапалық көрінісімен; уәжді және ізденімпаздық қылықтың оқушыға тән арнаулы нысандары мен тәсілдерін синтездеумен; өмір шындығын белгілі бір жақтарына студенттің түрақты мінез-қүлықта тиянақталған қатынасымен ішкі бағамьшың сипатталатын жүйелі білім мен ғылым негіздерін игеру ретінде қарастырылады. Келтірілген талдаудан белсенділік пен ізденімпаздық үқсас категориялар емес, сонымен бірге бұл ұғымдардың ортақ белгілері де бар (өздігінен әрекетке үмтылушылық және т.б.), ал ізденімпаздық белсенділік белгілерінен тұрады.

Танымдық қажетсіну белсенділік пен ізденімпаздықты дамытудың қайнар көзі болып табылады, ал танымдық қажетсінудін мынандай сипаттамалары бар:

- танымдык қажетсіну - жаңа ақпаратты қажетсіну;

- жаңа ақпарат адамның бағыты мен мамандығына көмекші ретінде қызмет атқарады;

- жаңа ақпарат белгілі заңдылықтар мен принциптер жүйесіне негізделген;

- танымдық қажетсінуге деген «тойымсыздық»;

- танымдық қажетсіну белгілі бір өмірдегі кездейсоқ нақты жағдайларға бейімделу міндеттеріне тәуелсіз және ең алдымен, таным процесінің өзіне бағытталған;

- қажетсіз сезімталдықпен тығыз байланысты. (Ж. Аймауытовтың «соқыр сезімдері» мен «саңылау сезімдері» арқылы берілген);

- психологиялық зерттеулерде танымдық қажетсінудің даму деңгейлері (рейтингісіз мониторинг қүру) нық айқындалмай келеді. Бұл - үлкен проблема. Жобамен бағалау орын алып отыр;

- уәждер, мүдделер, сенім, үмтылушылық қажетсінуді қанағаттандыру сапасы мен олшемділігінің бір мәмілеге келген теориялық негізі әлі де болсын жетімсіз. Десек те, бүгінгі бағалаудың қорытындысымен бағамдасақ, студенттерде оқуға деген ынтаның қожырағандығын, өзінің қабілетіне сенімсіздіктің (Шәкәрімнің «Иманы - сенімі» осы сәтте керек), пайда болғанын, өз күштеріне сенуден айырылғанын жиі аңғаруға тура келіп жүр. Әсіресе, бұл қүбылыстар - жоғары оқу орнының II—III курстарында оқитын студенттерге тән.

- таным, сезім - білім алу процестерінің нәтижесі.

Мұнда әр студент сол нысананың жүйесін, дидактиканың біртұтастық деңгейінде қабылдауға ыңғайлап, оған ең ұтымды әдіс-амалдарын пайдаланып, түрақтылық пен шыдам көрсетуге ынталануы көзделеді. Алайда, танымдық ізденімпаздықтың мүндай түсініктемесін негіздеу үщін жеқе тұлғаның білімін талдау көзделеді.

Жеке тұлғаның бітімі - танымдық ізденімпаздығы тұжырымдамасын құрастырудың негізі. Танымдық ізденімпаздықты барлық зерттеушілер жеке тұлғаның қасиеті ретінде қарастырады.

В.С. Леднев жеке тұлға деген үұғым жөніндегі көзқарастардағы ортақ жәйттерді және олардағы айырмашылықты бөліп көрсетеді. Ортақ жәйттерді мынандай принциптермен сипаттайды:

- жеке тұлға - «адам» деген ұғымға қарағанда, аясы тарлау ұғым;

- адам жеке тұлға болып тумайды, бірақ жеке тұлғаға айналады. Жеке тұлғаның қалыптасу процесі - филогенезде де, онтогенезде де әлеуметтік процесс;

- жеке тұлға - сананың иесі ретіндегі, еңбек етуге және танымдық әрекетке қабілетті тіршілік иесі ретіндегі адам.

ТМД елдері ғалымдарының тұжырымдары мен қазақ халқының зиялы, данышпандарының айтып кеткен философиялық түйіндері үндеседі. Мәселен, А. Құнанбайұлы «Адам деген даңқым бар» деген.

В.С. Ледневтің тұлға жайлы дүниетанымыдағы «жеке тұлға» деген ұғым «адам» деген ұғымнан төмен дегенін қолдай отырып, «адамға» жету үшін Абай Құнанбайұлы 3 кезеңнен өткенін дәлелдеген. Мәселен, Сәби - хайуандық деңгей, 3-4 жас - ессіз, 5 -6 жас - жарымес, 13-тен кейін - адам.

Бұл таза философиялық процеске қатысты айтылған. Ал ойлау, таным, ізденімпаздық белсенділік деңгейліктеріне байланысты айтылған түжырымдар:

- хайуандық деңгей;

- ессіздеңгей;

- жарым есті деңгей;

- адами деңгей;

- қалыптанған адами деңгей;

- толықадам деңгейі;

- дамыған адам деңгей.

Бұл тұжырымды мектеп мұғалімдеріне арналыи жарық көрген оқу құралынан кездестіресіз.

А. Құнанбаев дамушылықтың деңгейін одан әрі тереңдете түседі:

- жоуномәрт;

- магрифат;

- әулие;


- пайғамбар.

Дидактиканың философиялық тұжырымдарын сұрыптап беру процесінде адамның танымы мен сезімінің деңгейліктері барлық авторларда, қазақтың даналарында әр қырынан зерделенгеннің мәні айкындалып беріледі. Ендігі мәселе осындай тұжырымдарды басқа жүрттың зерттеушілерінде кездесетінін байқап қана қоймай, оның теориялық негіздерін оқыту процесіне пайдалану мақсатын үстандык.

«Адам» деген философиялык мәнде қолданылса, «жеке тұлға» қоғамдық тіршіліктін сомдаған субъектісі екенін түсінгеніміз жөн. Бұл ойды дамытатын Нойнер:

- «организм-қоршаған орта» қатынасы адам-жәнс табиғат арасындағы қатынастар деңгейінде;

- «субъект - объект» катынасы адам мен адамның практикалық жоне теориялық қызметінің объектілендірілген заттары арасындағы катынас деңгейінде;

- «жеке тұлға - қоғам» қатынасы түрлі әлеуметтік тонтар жанама қатынастарға айналдырған адам мен қоғам арасындагы қатынастар деңгейінде деп жіктеген.

В.С. Ледиев түрлі авторлардың жеке тұлға бітімінін үлгілерін қорытындылай отырып, оның ерекше үш болігіне тоқталады:

- жеке тұлғанын тәжірибесі;

- психика тетіктері (Ж. Аймауытов);

- жеке тұлғаның типологиялық қасиеттері.

Бірінші бөлік екі топтан тұрады:

- білім, ғылым, білік, дағды, машық;

- бағыттаушылық, таным, бағам, парасат, еңбек, қарым-қатынас, эстетикалық сапалар, дене, жан, рух тәрбиесі.

Көзге көріне бермейтін жеке Тұлғаның бітімін М.С. Каган бес әулетпен сипаттайды (эзотерикаға жуық), олар:

- гносеологиялык әулет;

- аксиологиялық әулет;

- шығармашылық әулет;

- қарым-қатынас әулеті;

- көркемдік әулет.

Психика тетіктері (Ж. Аймауытовша саңылау сезімдері) қабылдаудан, ойлаудан және сөйлеуден, зердеден, психикалық қозғалыстан, басқарудың кіші жүйесінен («мен») құралады. Мінез, дағды, білік, ғылыми ойлауды дамыту онтогенетикалық ерекшеліктері жеке тұлға бітімінің үшінші бөлігін қүрайды. Жеке тұлғаның бітіміне өзін-өзі иемденудің («менді») оның бөліктері ретінде қосу жеке тұлғаның ізденімпаздығы түрғысынан маңызды.

Ковалев, Платонов, Леднев, Каган қорытындылаған жеке адамның білімі жөніндегі түжырымдарды жинақтай келе төмендегілерді жіктейміз:

- жеке тұлға бітімінің компоненттері тіпті де тең қүқықты емес. Мәселен, психикалық тетіктер, білік кез келген әрекеттің негізі болып табылады. Психика тетіктерінен тыс әрекет жоқ. Психика тетіктері үшінші бөлікке қатысу емес, ал үшінші бөлікке мінез, темперамент, дағды мен білік жатады.

В.С. Ледневтің тұжырымдамасынан бұрын мына принципке назар аударамыз:

- жеке тұлға жөніндегі тұжырымдамалардың авторлары жеке тұлғаның әлеуметтік мәнін бірінші орынға қояды. «Жеке тұлға адамның «әлеуметтік келбеті», онтогенез барысында жеке адамды әлеуметтендірудің желісі». Сондықтан «жеке тұлға» ұғымы «қоғам» ұғымында диалектикалық үндестігін табады.

Бір қатар еңбектерде жеке тұлға ұғымының мазмұны оның жоғарыда қаралған бітім компоненттерінің бірі арқылы ашылады. Мәселен, Леонтьев жеке тұлғаны оның табиғаты жөнінен дүниеге қоғамдық қатынастарының, бірақ әрекетпен немесе сан алуан әрекеттер жиынтығымен іске асырылатын қатынастарының жиынтығы ретінде қабылданады. Бұл арада, - деп атап көрсетеді автор, - әрекеттер, операциялар, психологиялық талдау жасаудың (Ж.Аймауытовтың психологиясын талдағанда бұл пайымды кездестірдік) басшылыққа алынатын өлшемдіктері болып табылатын әрекеттері айқындалып отыр; соңғылары тікелей жеке тұлғаны емес, әрекетті сипаттайды.

Бұл ой Ж. Аймауытов еңбегінде «жұлма жад» және «философиялық жад» екеуін қосқанда, адамның «ой сандығы» шығады дей отырып, «ой сандығына» жау соқыр сезімдер деген пайым дамиды. Міне, Леонтьевтің тұжырымдамасынан да осыны табамыз.

Кейінгі жылдары ойлау ұғымын түсіндіруде басқа дүниетаным байқалып отыр. М.М. Бахтиннің еңбектерінен кейін ойлау - мәдениет бейнелерінің диалогы ретінде, түрлі мәдениеттердің тең қүқықты қарым-қатынасы ретінде адамдар қарым-қатынасының нысаны ретінде көрініс табуда. М.М. Бахтин былай деп жазады: «Ақиқат жеке адамның басында тумайды және онда болмайды, диалогтық қарым-қатынасы барысында ақиқатты бірге іздесіп жүрген адамдардың арасында туады». Көп мәдениеттің диалогтық жағдайында ой елегінеи өткізілген әрбір қылық әр адамның ізденімпаздыгы мен ойлану белсенділігін талап етеді.

Бұдан мынадай қорытынды туады: танымдық ізденімпаздықтың сипаттамасында танымдық әрекетте жүзеге асырылатын қатынастар маңызды орын алатын болғандықтан, танымдық ізденімпаздықты қалыптастырып дамыту шарттары мен құралдарын анықтау үшін қазақ әдебиеті, не гуманитарлы багыттағы оқытушының әдіснамалық технологиясын даярлау жүйесінде танымдық ізденімпаздықтың жұмыс істеуін арнайы қарау көзделеді, бұл жүйенің кіші бөліктсрі біртұтас танымдық ізденімпаздықты қүрайтынын есте үстаған абзал. Анықтап айтсақ, ол былай болып келеді:

- әрекет - студенттің ішкі және сыртқы, оқытушының ішкі жөне сыртқы;

- мақсат - студенттің ішкі және сыртқы, оқытушының ішкі және сыртқы;

- мазмұн - студенттің ішкі және сыртқы, оқытушының ішкі жоне сыртқы;

- әдіс-құрал, амал-тәсіл студенттің ішкі және сыртқы, оқытушының ішкі және сыртқы;

- дамушылық - студенттің ішкі және сыртқы, оқытушының ішкі және сыртқы;

- толғаныс - студенттің ішкі және сыртқы, оқытушының ішкі және сыртқы.

Танымдық ізденімпаздық - әрекет біртұтас жүйе. Ойлау әрекеті белгілі дидактикалық нысан мен пәннің ішкі мақсат - мазмұнына бағынышты.

Танымдык ізденімпаздықтың шарықтау шегі ойлау, пайымдау, бағамдау, парасаттау, түжырым жасау т.б. күрделі іс-әрекетке жетеді.


: fulltext -> transactions
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті
transactions -> К. С. Ислям латын тілі мемлекеттік тілде оқитын студенттерге арналған оқулық
transactions -> МӘШҺҮр жүсіп қолжазбаларындағы ислам мәдениеті
transactions -> Оқулық Павлодар єож 372. 881. 151. 212. 2(075) бкк 81. 2 Ќаз т 87
transactions -> Аудармадағы аударылмайтын сөздер 050207 «Аударма ісі»
transactions -> МӘШҺҮР –ЖҮсіп көпеев шығармаларындағы төрт түлік малғА Қатысты заттық МӘдениет
transactions -> Мұса мырза (халық ауызында сақталған деректер бойынша)
transactions -> А. Х. Жакиянова Өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері
transactions -> Ұлттық ойындардың КӨмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет