Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку



жүктеу 3.68 Mb.
бет4/16
Дата20.06.2016
өлшемі3.68 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

і с і с і с і с і с і с

Ә М М ӘТҚ Д адам R

ұжым

Студенттердің танымдық ізденімпаздылығъшың компоненттері
Уәждік (танып ізден) компоненті. Ол туындаған қажетсіну мен оны өз күшімен қанағаттандыру мүмкіндігі арасындағы қарама-қарсылықты түсіну негізінде пайда болатын әрекетке үмтылушылықпен сипатталады. Уәждік бөлікке парыз бен мүдде уәждері жатады.

Танымдық қажетсіну - белгілі бір зандылықтары бар ерекше қажетсіну екенін ескереміз. Олардың ең бастылары:

ынтызарлық, яғни таным нәтижесіне толық қанағаттанудың принципті түрде мүмкін еместігі;

процессуалдық, яғни танымның нәтижесінде емес, ең алдымен, процесіне бағдарлаушылық;

жақсы сезіммен (А.Қ. «Имани гүл»), яғни қуаныш, қызығу сезіммен тығыз байланыс.

Танымдық қажетсіну сәби дүниеге келген күннен бастап пайда болып, біртіндеп күрделеніп, принципті түрде өзгеріп отырады, осыған орай студенттердің уәждік әрекет процесі әр түрлі. Осы компоненттен деңгейліқтер шығады. Студенттер үшін нысаналы танымдық қажетсінудің жетекші деңгейі болып табылады.

Оқу процесінде кезқарасты, дүниетанымды сақтау үшін зерттеудің түрлі технологиялары пайдаланылады. Олар: дәріс және семинар-тәжірибелік, зертханалық жұмысқа қатысу мен рейтинг (модульдің ықтимал жауаптарын алдын-ала оқытушы үлгілеп алады) бағамын мониторинг матрицасына модельдеу, анкеталық сауалнамалар, студенттермен жеке жұмыс, немесе топ-тобымен сүхбаттасу, студенттермен, кітапхана қызметкерлерімен эмпирикалық диалог өткізу. Алынған деректердің қорытындысында студенттердің көпшілігінде (92 процент) өздерінің оқу міндеттері туралы түсінік бар екенін дәлелдейді. Әдетте университеттің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде оқып жүргендерінің басымы сол пәндерге деген қызығушылығы жетелегенін айтады; оқу қызметінде біліктілігі жоғары маман болуға ұмтылушылықты мақсат тұтады, 70 проценті -мүғалім болғысы келеді. Студенттердің тек 55 проценті ғана дәріске үзбей қатысатыны, ал 52 проценті тәжірибешілік сабақтарға дайыңдалатыны (өз мәнінде), 43 проценті күн сайын ізденімпаздық жұмыспен шүгылданатыны анықталды. Аталған деректер студенттердің танымдық қызығушылығын қалыптастыру қажеттілігін дәлелдейді. Бүндай уәждік бөлікте ең басты әрекет - зейін мен абстрактілі, суггестивті, ассоциативті ойлау түжырымы. Дәстүрлі, таптаурын болған әдістерден гөрі ізденімпаздық жұмысты неғүрлым көбірек пайдалану - танымдық қызығушылықты қалыптастыруға қозғаушы күш.

Студенттерді кәсіпке ертерек бейімдеу, «кәсіптік уәжді» дамытудың қуатты түрткісі болып табылады. Бұл орайда, біздер Матюшкиннің оқу барысында студенттердің ақыл-парасаты мен ерік күшінің жоғары деңгейде болуын айқындайтын түжырымын ескердік.

Мұндай уәж оқу үлгерімін ғана емес, кәсіпкерліктің шығармашыл деңгейін қамтамасыз етеді. Ал танымдық ізденімпаздык осындай тұлғаның ажырағысыз сапасы болып табылады.

III курстардан бастап оқу-тәрбие процесінің кәсінтік бағытталуын іске асыру мақсатында оқуды бастаған студенттер тап болатын қарама-қайшылықты (кәсіпке тезірек араласу ықыласы мен іргелі пәндерді төзімділікпен оқып үйрену қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылықты) шешу үшін қажет. Кәсіпті игеру үшін негіз жасайтын мазмұнды анықтауды басты бағыт деп есептеуге болады. Университет жағдайында мүғалім кәсібіне бағдарлау төменгі курстарда оқытылатын іргелі гылымдардың негіздік мазмұнын және мүғалімнің практикалық қызметіне даярлануға тікелей жәрдемдесетін жұмыстың технологиялары мен дидактикалық нысандарын іріктеу арқылы іске асады.

Медведев, Фоменко студенттердің танымдық қызығушылығын дамытуға дәрістер мен практикалық сабақтарда жоғары оқу орындарындагы мазмұнның студенттердің мектептегі түсініктеріне сай келмеуін пайдалану жөніндегі ақыл-кеңестерімен жәрдемдеседі.

Психология мен педагогика оқыту уәжінің, ең алдымен, студенттердің емес, оқушылардың оқыту уәжісінің проблемасы терең зерттелген. Зерттеушілерді атап өткен орынды. Олар: А.Д. Алферов, Ю.К. Бабанский, Л.И. Божович, П.Я. Гальперин, В.В. Давыдов, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн лсәне т.б. Аталған зарттеушілердің көпшілігі оқыту уәжінің негізгі екі тобын белгілі бір түрде бөліп көрсетеді, олар: оқу-танымдық, әрекет аясынан тыс жатқан және танымдық уәждер. А.К. Маркова өзінің зерттеу еңбегінде А.Н. Леонтьевтің әрекет теориясын негізге алып, уәж бөлігі әрекет қүрылымының ішкі сипаттамасы ретінде талданады. Танымдық уәж деңгейліктері әзірленді:

жаңа білімдерді игеруге бағытталумен сипатталатын аукымды оқу уәжі;

білімге қол жеткізу тәсілдерін игеруге бағытталумен сипатталатын оқу-танымдық уәжі;

білімге қол жеткізу тәсілдерін үдайы үздіксіз дамытуға бағыталумен ерекшеленетін өздігінен білім алу уәжі.

Мазмұнды-операциялық бөлік, Студенттердің танымдық ізденімпаздығының екінші бөлігінде жетекші білімдердің және оқу-танымдық қызмет тәсілдерінің жүйесі қамтылады. Бұл тәсілдер жаңа білімдер мен әрекет тәсілдерін өздігінен игеру біліктілігін айкындайды. Бөліктердің ерекшелігін айқындау үшін олардың жоғары оқу орны студенттері білімдерінің және олардың оқу-танымдық қызмет тәсілдері жүйесінің ерекшеліктерін анықтау қажет. С.И. Архангельский жоғары білімнің мазмұнына үш компонент бар деп есептейді:

ғылымның қазіргі жай-күйі;

даму үстіндегі ғылым мен техниканың жаңа мазмұньш айқындауы;

ғылым мен техниканың болжалды дамуы.

Бірінші беліктің ғылымда түжырымдалған және практикада қабылданған нәрседен құралатыны:

- төменгі курстарда оқылатын іргелі ғылымдардың мазмұнынан тұратыны.

Жоғары курстарда екінші бөліктің және біраз дәрежеде үшінші бөліктің рөлі арта түседі. Сөйтіп, студенттің жетекші білімдерінің жүйесіне жоғары оқу орнында ғылыми-техникалық, даярлаудың негізін қүрайтын іргелі ғылымдардан алған білімдер және ғылым мен практикада тексеруден өткен жаңа білімдер - даму үстіндегі ғылым мен техниканың желісі кіреді,

Жетекші білімдер жүйесінің игерілуін сипаттайтын мынандай деңгейліктерді бөліп алуға мүмкіндік береді:

- теориялық білімдерді олардың жаңғыртылу деңгейінде игеру;

білімдерді белгілі алгоритмге сәйкес қолданылуы деңгейінде игеру;

- жоғары кезеңдерде шығармашылық қызметке үласатын оқу-танымдық қызметтің өзгеріп отыратын жағдайында білімдерді қолдана білу біліктілігі деңгейінде игеру.

Студенттердің жетекші білімдері жүйесінің негізінде танымдық ізденімпаздықтың операциялық жақтары қалыптасады. Біліктер үш топқа бөлінеді, олар:

Ақыл-парасат;

Оқу еңбегі;

Пәндік бөліктер.

Осы біліктерді меңгерудің белгілі бір деңгейі танымдағы ізденімпаздықтың ілгері басуын қамтамасыз етуі тиіс. Бүған қосарымыз:

4. Ғылыми еңбек.

Сол секілді оқыту тосілдерін талдағанда, әрбір зерттеуші ақыл-парасат білігі тобын ажыратуға түрліше қарайды. Мәселен, Ю.К. Бабанский оқу-парасаттылықтар тобына өзінің әрекет уәждеу, ақпараіты зейін сала қабылдау, тиімді жолды табу, оқу материалын ой елегінен өткізу, ондағы басты мәселені бөліп алу, проблемалық танымдық міндеттерді шешу, жаттығуларды өз бетінше орындау, өзін-өзі бақылай білу біліктерін жатқызады. Ақыл-парасат білігінің шеңберін ақылды етіп алады.

Студенттердің ең басты нәрсені ажырата білу біліктілігі студент жасының ерекшелігімен және жоғары оқу орнындағы оқу-танымдық қызметінің ерекшеліктерімен айқындалады, ал студенттің жас ерекшелігіне, Б.Г. Ананьев көрсеткендей, ақыл-парасаттың және арнаулы қабілеттерінің қарқынды дамуы тән. Бұл барлық ғылым негіздерінен алған ғылыми - біліми қордың жиыла беру қарқынын тездетеді.

Ең басты нәрсені ажырата білу біліктілігінің қалыптасуы операциялық жактың дамуының негізгі көрсеткіші болып табылады.

Танымдық ізденімпаздықтың операциялық жағының қалыптасуы деңгейінің мынандай сипаттамасын жіктеуе болады:



Бірінші деңгей. Студент хабардыц басты мүратын ашпайтын қосалқы сипаттағы суреттеме ақпаратты қабылдап, жаңғыртады. (Ж. Аймауытовша «Жүлма жад», бүгінгі ұғымша «Қайталаным»). Басты нәрсені ажырата алмайды. Сондықтан оның мақсатын қоймайды. Жоспарлау алға қойылған мақсатқа қатыссыз жүзеге асырылады; өзін-өзі бақылауға әрқашан жүгіне бермейді.

Екінші деңгей. Студент хабардың жалпы мазмұнын қабылдайды, оны толықтырушы және тәртіптеуші ережелері арқылы басты мүратын жаңғыртады. Алдағы оқу-танымдық қызметте негізгі нәрсені ажыратады және осы негізде мақсат қояды, бірақ оны міндеттерде нақтылмайды. Мүның өзі жасалатын жоспардың толық еместігінен көрінеді; өзін-өзі бақылау кезінде бұл мақсатты ескереді, дегенмен әрқашан да бірдей дәйекті емес, өзін-өзі бақылау нысандарын алуан түрлі етуге талпынады, бірақ оқытылатын материалдардың ерекшелігін әрқашан да бірдей ескере бермейді.

Үшінші деңгей. Студент хабардың ең басты идеясын қабылдал, жаңғыртады. Алдағы оқу-танымдық қызметтегі ең басты нәрсені айқын ажыратады және осыған сәйкес оның мақсатын қояды. Мақсаттар мен міндеттерін ескере отырыл, жұмыстың толық жоспарын жасайды. Жұмыстың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес өзін-өзі бақылайды.

Еріктілік компонент. Егер жеке тұлға белгілі бір ерік күшін жүмсамаса, білімді және әрекет тәсілдерін игеруге талпынғанымен, білімдердің белгілі біртұтас жүйесін меңгере алмайды.

Сондықтан еріктік компонент танымдық ізденімпаздықтың ажырамас бір бөлігі болып табылады.

В.И. Селиванов: «... атқарудағы қиындықтарды жеңе білу біліктілігі - жеке тұлғаның еркінің дамуын бағалайтын негізгі олшем», - деп қараған. Еріктілік компонент - сезімге байланысты категория. Студенттердің оқу-танымдық қызметінде айқынырақ көрініс табатын көрсеткіш ретінде дәрістер мен семинар- тәжірибелік сабақтарда жұмыстың ынталы жүргізілуін, жұмыстағы бітүтастық жүйелілікті (семестр бойына), танымдық қызметтің барлық түрлерін аяқтауға ұмтылушылык ұсынылады. Ерік күшінің қалыптасуы мынандай деңгейліктерге ажыратылады:



Бірінші деңгей. Студенттің таным барысындағы қиындықтарды жеңу жөніндегі ерік күші әлсіз көрініс табады; сабақтарда жиі маужырайды; жұмыстарын аяғына дейін жеткізуге табандылық жасамайды; алғашқы қиындық тап болған бойда-ақ жұмысты орындаудан бас тартады; ізденімпаздық жұмыста жүйелік көрсетиейді; тек семесірдің аяғында ғана қызу жұмыс істей бастайды.

Екінші деңгей. Студештің ерік күші көп жағдайда көрініс табады; көптеген пәндер бойынша сабақтарда ынталы жұмыс істейді; жұмысты ақырына дейін жеткізуге ықыластанады, бірақ таным барысындағы елеулі қиындықтарға тап болғанда, тайқып шығады; семестр бойына жүйелі жұмыс істеуге бағыттайды; көбіне семестр аяғында жұмыс қыза түседі.

Үшінші деңгей. Студенттің ерік күші оқу - танымдық қызметінің барлық түрлерінде көрініс табады - барлық пәндер бойынша сабақтарда бүкіл уақыт бойына қызу жұмыс істейді; кез келген оқу жұмысын әрқашан да ақырына дейін жеткізеді: семестр бойына жүйелі жұмыс істейді. Н.А. Половникова танымдық міндеттерді шешу кезінде жасайтын қорытындының жинактаушылык дәрежесі ретіидегі өлшем бойынша танымдық ізденімпаздықтың үш деңгейін жіктейді:

- көшіруші;

- жанғыртушы-шығармашылық деңгей;

- құрастырушылық-шығармашылық деңгейлер.

Қорыта айтсақ, оқу мақсатын танымдық ізденімпаздықтың көшіруші, ішінара іздестіруші және зерттеуші деңгейлеріне ажырату үшін иегіз деп есептейді. Студенттердің оқу барысындағы көшірушілік жоне шығармашылық кызметінің табиғи бірлігі жүзеге асырылуы көзделеді.

Постиндустриалды Қазақстанның кеңістігіндегі алыс болашақтың танымдык ізденімпаздықтың деңгейліктерін сан қуалау, не академиялы ұғымда жіктеу нәтижелердің толыққапды орындалуына мүмкіндік бере алмайтынына көзіміз жетіп жүр. Сол себепті программалап, модульдеп оқыту продестеріндегі рейтинг жүйесі студенттердің ең жоғары деңгейлікке ұмтылуына қолайлы жағдай туғызады.

Байқампаздық, филогендік парасат бағам жиюға бағыт жасайды. Бұл - білім мен ғылымның толыктығы мен ауқымдылығын қатарынан игеруге қозғаушы күш, негізгі тірек көздері. Студенттерге болашақ ііедагоітың тұлғалық келбетін, бітімдік компоненттері көрсетілген түрді профессиограммалар әзірленді. К.К. Платоновтың әдіснамасы бойынша әзірленген технологиялык карта.

I. Жеке тұлғаның жалпы педагогикалық сапалары:

- жеке тұлғаның дамуына мирасқорлықтың, ортаньщ, тәрбиенің және түлектің өзінін белсенділігінің рөліне ғылыми-педагогикалык козқарастардың дүрыстығы;

- жеке тұлғаның кемелденуінің себептері мен қозғаушы күштерін түсінуі;

- жеке тұлғаның кәсіптік бағытталуының жай-күйі;

- жеке тұлғаның әлеуметтік жоне кәсіптік түрғыдан неғүрлым мәнді қасиеттері:

а) мұраттылық пен азаматтылық;

ә) балаға деген сүйіспеншілік;

б) өзінің кәсібіне деген сүйіспеншілік;

в) ізгіліктілік және ізгі ниеттілік;

г) жұғымдылық. (I тарауда Ж. Баласағүнның 4 қүбылаға берген сипаты - ізгіліктің нүры).

II. Кәсіптік сапалар:



- мамандық бойынша теориялық және әдіснамалық бағыттаушылык;

- психологиялық-педагогикалық, теориялық және практикалық дайындық;

- педагогикалық ғылыми біліктіліктердің:

а) танымдық;

ә) құрастырушылық;

б) қарым-қатынас;

в) ақпараттық;

г) ұйымдастырушылық бірлестіктерінің дамығандығы.


III. Дара психологиялық сапалар:

- психологиялық (этно, жалпы, пара) процестерінің педагогикалық бағытталуы;

- педагогикалық ойлаудың, қиял мен естің дамығандығы;

- әсерлі ықпалдастық;

- еріктің дамығандығы;

- темперамент мәдениеті.

Гуманитарлық бағыттағы оқытушылардың болашақ мүғалім-ұстаздарды тәрбиелеуде олардың қажетсіну - уәждік аясын, өрісін (поле) дамыту, олардың қабылдау әдістерін (перцептив) және түйістендіру (апперсепсе) шеберлігін шыңдау, ізгілікті мүраттары мен сенімдерін орнықтыру. Оқыту процесі диагностикасының негізгі объектілері - кәсіптік сапалар (ұстаздың (болашақ) қажетті біліктілігі):

а) болашақ ұстаздың диагностикалық іскерлігі: оның ғылыми-біліктілік, тезаурус қорын жинақтай аларлық дағды - машықтарының сапасына өлшемдік қүра білу, болашақ оқушыларының қабылдау деңгейліктерін болжай алу; олардың даралық сипатын ескере білу;

ә) болашақ ұстаздың ұйымдастырушылық қабілеттері: болашақ оқушылардың танымдық қызметін оқу материалы олардың белсенді әрекет жасайтын нәрселеріне айналатындай етіп ұйымдастыру;

б) оқыту өдістері мен технологияларын ұтымды пайдаланып, нәтижеге шыға алатын деңгейде өткізу;

в) оқу пәндерінің тәрбиелік қуаты: мазмұнды, ұтымды пайдалану, болашақ оқытушылардың психикалық жагынан дамуын басқару үшін. олардың бойында өзіне және өзгеге талап қоюшылықты дамыту үшін оқыту құралдары мен технологияларын жүмылдыру;

г) танымдық бағдарланушылық негіздерін жасау, әрбір болашақ оқушы нені л^әне қалай оқып-үйрену керек екенін, нені және қайдан іздеу керек, қандай ақпарат алу керек екенін, оны қайда қолдану және қандай көрсеткіштер бойынша пайдалану керек екенін біледі;

ғ) сабақтағы болу керек адамгершілік-психологиялық ахуал, болашақ ұстаз бен болашақ оқушының бір-бірімен қатынасының стилі және сөйлеу мәнері;

д) болашақ оқушылардың сабақтағы белсенді ұстанымы, ізденімпаздығы, белсенділігі, ізгі ниетпен қарауы, оқылатын материалдың игерілу сапасы туралы дүрыс пайымдай білу біліктілігі мен қабілеті (өздігінен талдау жасау, өздігінен бағалау);

е) ғылымның жетекші мүраттарын, терминологияны, ұғымдық аппаратты ұғыну.

Болашақ ұстаздар, бүгінгі студенттерді кәсіпкерлікке тәрбиелеу мақсатында Павлодар қаласының Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының әдіснамалық өзекті мәселесін: «Гимназия мәртебесінде модернизациялау процесіндегі дамыта оқытудың дидактикалык біртұтас жүйесі» деп алуды жөн көрдік. Міне, осындай жұмыстың ұйымдасуы үшін Павлодар қаласының С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің әзірлеген тұжырымдамасына сәйкес қазіргі заманғы ұстаздың қызметінің құрылымын былай жіктедік:

- мақсаткерлік функциялар (білік меңгеру, кемелдендіріп толықтыру және ізгілікке ынталандыру);

- оперативті - қүрылымдық функциялар шығармашылық-қүрастырушылық, ұйымдастырушылық, қарым-қатынастық;

- уәждік (жоғарыда теориясын толық сипаттап өттік) өздігінен білім алуға өзін мойын сүндыру) функциялары;

- бақылау-түзету функциялары (шығармашылық зерттеушілік және бағалаушылық).

Студенттердің ұстаз болу бағытындағы меңгеретін педагогикалық қызметтің түрлі функцияларын орындай білу біліктілігі мен қабілеті:

- оқушыларды мемлекеттік стандарт негізінде біліммен қаруландыру;

- оқушылардың бойында әдебиет пен тіл және басқа гуманитарлық пәндерде кездесетін теорияны тәжірибе сабақтарында қолдана білу біліктілігін дамыту;

- оқушылардың қабылдау (перцеептивті) және түйістеу (апперсепсе) әдістерін дамыту;

- сабаққа өздігінен даярлықты ұтымды ұйымдастыру;

- гуманитарлық пәндерді мектептің мәртебесіне қарай ыңғайланған курсын меңгерту;

- гуманитарлық пәндерден кез-келген материалды «жұлма жад» пен философиялық жад» (Ж. Аймауытов) «ой сандығынан» бернелеп алу»;

- оқушылардың сабақ үстіндегі жеке және жүптық, серіппелі, толық, ұжымдық жұмыстарын ұйымдастыру;

- көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар, техникалық жабдықтарды сабақтың, оқушылардың мүмкіндігіне қарай екі жақты ұтымды пайдалану;

- шәкірттің орта, жоғары мектеп басқыштарына қарай шығармашылық жұмысын ұйымдастыру;

- тәжірибелік мәні бар жаттығуларды таңдап алу және оларды гуманитарлық сарында грамматикалық сапада талдау:

а) сабақ барысында;

ә) гуманитарлық пәндер бойынша кластан тыс жұмыс жүргізгенде;

б) шәкірттермен жеке сұхбаттасқанда;

в) ата-аналармен жұмыс жүргізгенде;

- кәсіике бағдарлау, ыңғайлау жұмысын жүргізу;

- класс жетекшісінің жұмысын жүргізу;

- іскерлік байланыстар орнату:

а) оқушылармен;

ә) ата-аналармен;

б) әріптестермен;

- туындаған жағдайды дүрыс бағалап, шешім қабылдау:

а) сабақта;

ә) сабақтан тыс жұмыста;

б) ата-аналармен жұымыс істеу кезінде;

- зерттеу жұмысын жүргізу:

а) психологиялық-педагогикалық сипаттаманы салыстыру мақсатымен жекелеген оқушыларды және бүкіл класты зерттеу кезінде:

ә) тәрбие жұмысын жүргізгенде;

б) гуманитарлық пәндер бойынша;

в) гуманитарлық пәндерден сабақ беру әдіснамасы бойынша;

- өзінің білімін үздіксіз толықтырып, жаңғыртып отыру. Күрделі қүрамды теориялық ұғымдар мен әрекеттерге ерекше назар аудару қарастырылады;

- ережелер, заңдылықтар, принциптер, теоремалар шарттары мен қорытындысын бөліп көрсету, шартты тұрғыда талдау, оны бөліктерге жіктеу, қайта модульге түсіру;

Сонымен, кәсіпқойлық танымдық ізденімпаздық жеке тұлғаның интегралды қасиеті болып табылады, ол таным, ерік және сезім процестерінің, ізденімпаздық мінез-қүлық уәжі мен тәсілдерінің, қажетсінудің және өмір шындығының түрлі жақтарына, атап айтқанда, өзінің кәсібіне көзқарасының бірлігінде дамиды. Кәсіпқойлық танымдық ізденімпаздықты қалыптастыру шарттары мен құралдарын әзірлеу студенттердің танымдық ізденімпаздығын дамыту процесін талдау өлшемін бөліп көрсетуді көздейді.
Жоғары оқу орнында дидактиканың біртұтас жүйесі
Оқытудың мақсаты - блікті ғылым негізінде меңгеру, іскерлік пен дағдыны ширату, оқу материалын түйсінуі.

Тікелей мақсаты - интеллектілі-рухани деңгейліктерін рухының қуат алу өрісіне бағыттау, қызығушылығын оятуы, оқыту сарынын ажырату, ғылыми - біліктілік пайымын дамыту.

Дәрістің мазмұны - бағдарлама төңірегіндегі білікті, оқулықтағы материалды кең ауқымды игеруі танымдық тәсілдерді меңгеруі ортада және өзіне қатысты болып жатқан қоғамдық мәні бар өзгерістерден хабарының үнемі болып отыруы.

Оқытудың қозғаушы күші - жоғары оқу орнындағы студенттердің әр семестрден сәтті өтуі, не өтпей қалу қаупі, бүйрықтармен міндеггі іс-қимылдарды орындауы, тыйым салынуы (белгілі бір іске), жазалануы (оқудан шығып қалуы), белгілі бір ыңғайға біліктілік - ғылыми мәнде айшықтануы, бағалануы, басқа студентпен жарысуы (іштей), шығармашылық істің шуағы, қуанышы, өзінің алғашқы қалыптасқан деңгейінен өсуі, кемелденуі, біліктіліктің ғылыми күбылыста нышан беруі, өзіне - өзінің сенімінің орнығуы.

Дәрістің әдістері - нүсқау беру, қайталануы, жаттығуы, жаттауы, үлгімен орындауы, ынтымақтастықта қызмет атқаруы, ізденісі, эвристикалы сүхбат, пікірталас, оқытушы + студенттің ықыластас одағы.

Дәстүрдегі өтілетін дәрісті ұйымдастыру төмендегідей жұмыстың жүйесінен тұрады: сүрау, жаңа меңгерілетін материалды қабылдауға әзірлеу, оны жинақтау, түсіну деңгейліктерін айқындау, қайшылықты айқындау (проблемалы) бекіту.

Ілгерішіл озықтық дәрісті ұйымдастырудың жүйесі: мақсат пен оқытылымды қабыстыра қабылдатудың қамын қарастыру, біртұтас қүрылымды қуалайтын ізденісті - зерттеу сүрақтарына жауаптарды алдын - ала жіктеу, рейтинг жүйесін қүру, әдетте кездесе бермейтін мәселелерді талдай білу, дербес, өздігінен жұмысты жүзеге асыру, топтық, үжымдық ықпалдастықты дамыту, түпкілікті нәтижеге жетудің болжамын табу.

Оқытушының рөлі - үстемдік жүргізу, бәрін білетін, әкімшш -әміршіл және студент тағдырына қожалығы жүретін.

Оқытушыға ықпалдастық-ынтымақтастық педагогикасының талабы - нұсқау беретін, ағалық қамқорлық, ақыл-кеңес, ақиқатқа жетудің амалын табатын шебер маман.

Дәл осы ерекшеліктер реформаға дейінгі тәжірибеде кездескен. Бүгінгі таңда да бұл талап-мүдде өз мәнін жойған жоқ. Ескеретініміз, егер дәрісте бір-біріне деген (оқушы + студент) сенімі болса, жаны жайсаң, рухы жоғары, өзара түсіністіктегі қарым - қатыиас мәдениеті қүрылады. Мүнымен бірге тұлғалы болмыс даму үрдісіне бағытталып, тек жаңа материал меңгеру өрісімен шектелмей, ізгілікті қасиетін дамытарлық қүндылықтарды жию әрекетіне ынталанатын студенттер топтасады. Әрине, мүндай ынтымақтастық жұмыс дәріс ауқымымен түйықталып қалмайды. Жаңалыққа қүрылган оқу орны, мәселен, дәріс шыгармашылық деңгейін дамытуға тіректік қызмет атқарады.

Оқудың өзі іскерлік қабілеттілікті дамыту үшін ойын түрінде өтіп, ойынның жобаларын, шығармашылық қарқынын шамалаудың өлшемдерін, дидактикалық қойылымдарын, поэтикалы түрлерін, орбір қиялдан туындаған жобаны қорғайтын, шығармашыл мүмкіндігін және т.б. алдын - ала қүрастырып өткізу көзделеді.

Оқыту танымының үрдісін ұжымда жүзеге асырудың жолын Бернард Шоу былай деп суреттейді: «Егер сізде бір алма, менде бір алма болып, екеуіміз алмассақ, бәрібір бір-бір алмамен қаламыз. Ал сізде бір мүратты ой, менде басқа мүратты ой болса, оны алмасақ, екі-екі мүратты ойға ие боламыз. Сол себепті: «Бір ақыл - жақсы, екі ақыл - одан да жақсы».

Ұжымдық жұмыс шаршап - жалығу сияқты мінездерден айықтырады. Студенттер дүрыс жауап бере алмаса да қаймықпайтын жағдайға келеді. Кеңістікте іскерлік ынта-ықылас туып, білікті қабылдауға қүштарлық қажеттіліктен бастау алады. Ұжымдық қажеттілік басқа студенттердің дүрыс жол ұстанымына себебін тигізеді. Педагог осы ұстаным «тамырын» тауып, одан көз жазып қалмау жағын қарастырады. Оны ұйымдастырып оқыту тиімді. Оқытудың екі жақты табысы түйісіп, ортақ мүдде пайда болады.

Әрине, даяр материалды меңгерту ең оңай тәсіл, бұл - дәстүрлі дидактика жүйесінде сара жолға түскен түрі, ал топ және дербес жұмыстың танымдық одағын ұйымдастыру әлдеқайда қиын. Ынтымақтастық педагогикасы ойлану пайымдарыньщ үрдісін «тыңдадың - еске сақта - қайта айтып бер» схемасынан «танудың, ізденудің, топтың, бәрінің паймының бір нүктеге түйісі. Апперсепсе + перцептив + өнімді әрекет + ұтымды пайым + шығармащыл іс-қимыл, ойландың + еске сақта» + жүйесіне ауыстырып алу оқытушының біліктілігі мен үшқырлығына бағынышты. Мүндай дәрістер көзге қораш көрінгенімен, жауаптар нақты, ұтымды қүрастырылған деңгейлікте топтастырылады. Жауап - қайтарым сапасында ұйымдасса, оқулық - оқу құралдары мен ғылыми монографиядағы белгілі бір шектеулі пайым - түжырымдардың шеңберінен шыга алмайтын дәрежеде көрінеді. Себебі дәрісте тыныштықтан гөрі әрекеттестік көрініс басым болып, оқытушының қолдаушысы, оның ұстанымын алға жылжытуы студенттер екені аңғарылады. Бүндай ынтымақтастық одақ - ерен еңбектің нәтижесі. Ч.Куписевич жаңа дидактиканың өкілі екені белгілі. Ч.Куписевич, Дьюи мен оның жақтаушыларының оқытушы бір білімді жеткізуші деген пайымын жоққа шығарады. Жаңа дидактиканың жүйесінде оқытушының мәртебесі бұл тұжырымға мүлдем кереғар қайшы келеді. Анықтап айтсақ, тыңдармандардың дербес тұлғалық болмысын өздігінен ізденісті деңгейге бағыттаушы субъекті деп қарайды. Сонымен, дәетүрлі және жаңа дидактиканың арасындағы айырмашылықтың басын ашып алдық.


: fulltext -> transactions
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті
transactions -> К. С. Ислям латын тілі мемлекеттік тілде оқитын студенттерге арналған оқулық
transactions -> МӘШҺҮр жүсіп қолжазбаларындағы ислам мәдениеті
transactions -> Оқулық Павлодар єож 372. 881. 151. 212. 2(075) бкк 81. 2 Ќаз т 87
transactions -> Аудармадағы аударылмайтын сөздер 050207 «Аударма ісі»
transactions -> МӘШҺҮР –ЖҮсіп көпеев шығармаларындағы төрт түлік малғА Қатысты заттық МӘдениет
transactions -> Мұса мырза (халық ауызында сақталған деректер бойынша)
transactions -> А. Х. Жакиянова Өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері
transactions -> Ұлттық ойындардың КӨмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет