Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку



жүктеу 3.68 Mb.
бет7/16
Дата20.06.2016
өлшемі3.68 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

Өлшемдік пен тапсырманың межесі

«Ә» - әдіс, «Д» деңгейлік

1. Таңдап алған әдістердің пішімсіздігі.

2. Жағдайлардың нәтижеге бағдарланбауы.

3. Уақытты ұтымды пайдаланбау.

Аталған үш көкейкесті қайшылық - аналитикалық тәсілге тірек, міне, осы қайшылықтарды шешу үшін эвристикалы әдіс танымдық қызмет атқарады.


Эвристикалы әдістің негізгі заңдылықтары:

1. Мақсат пен міндеттерін автор көздеген жағдайға құру, айқындау. Мақсатқа қатысты міндеттер шешіледі.

2. Оқытудың мазмұны. Бұл алынатын нысанның негізгі буындары мен оқиға иірімдері және кейіпкерлер, қаһармандар арасындағы қатысым құбылыстарына бағынады.

3. Әлеуметтік сипат, психологиялық адамгершілік қасиеті, шығарманың көркемдік қуаты. Студенттердің ұғымына үндесетіндей дәрежеге келеді.

4. Ұғымның деңгейін қалыптасгыру (құбылмалы, ырғақпен, яғни, әр студентке ыңғайлы тапсырма әзірлеу).

5. Жеке тұлғаның ерекшелігін ескеру.

6. Оқудың жағдайы.

7. Оқу құралдары.

8. Оқу мерзімі, уақыты.

9. Оқудың ықтимал нәтижесі.

Қорыта айтсақ, эвристикалы әдіс - белсенділік пен ізденімпаздық қабілеттілікті дамытудын қозғаушы күші.
Оқытудың дидактикалық біртұтас жүйесінің технологиялық картасы (эвристика әдісімен)


Дәрістің міндетін

сұрыптау:

- нені қарастырады?

- Қалай пайда

болды?

- Қалай



қолданылады?

• Оқытудың стиліне

ықпалы

• оқытудың анализі



• оқытудың жаңалық

ретінде қабылдануы

• оқытушы-

басқарушы

• өзара талдау
• қарым-қатынас

рөлі
• оқытудың мәні

• қауымдық іс-

әрекеті


• анализ жіктемесі

• графиктік анализ

• лингво-филогендік

• тұлғалық қабілет

• оқыту стилі



о м с

қ ү т

ы м у

т к д

у і е

н н

п д т

р і т

о г і

ц і ң

е

с б

і і

н л

і і

ң к

т

і

б л

і і

л к

і

м е

и р

е

к

ғ ш

ы е

л л

ы і

м г

и і

• тіл

• таным, әлеумет

• таным – пән

арқылы

• сезім – оқуға

қатысты


• психоторлы икем,

қабілетіне қарай

оқыту

даму және оқыту



араласу, оқытуды

күшейту


• қабілетті бағалау

• оқу пәнін заңға

негіздеу

• машықтық пен қабілетті ширету

• проблеманың

шешілімі


• оқытуды бағалау-

рейтинг


мониторинг

• тіл және оқыту

• ұжымның топқа

ықпалы


• жетістік, кемшілік

Студентті оқыту




Жалғасы келесі бетте

Оқыту теориясы және тәжірибесі

Экспери-менттік іс-әрекет
Психопедагогиканың оқытушыға көмегі

Бағаны қайта құру


Болжам


Экспериментті оқыту

Оқытудың теориясы
Дидактиканың нысанасын біртұтас жүйе ретінде қарастыру мәселесі оқыту бағытынан гөрі этнопедагогика тұрғысынан терең зерттелді. Соның ішінде ізгілікті тәлім-тәрбие саласы жағынан жан-жақты зерделенді.

Қазақстан көлемінде оқыту дидактикалық біртұтас жүйесі терең қарастырылды. Бірақ, басымы - нақты пәндер мен жаратылыстану бағытындағы ғылымның мәселелері.

Кәсіби білімді дамыту мәселесін, оның стратегиялық келбетін дамытудың тұлғалық-бағдарламалық сипатта айқындап, білім мен ғылым жиюдың дидактикалық жүйесінің көп сатылығын зертгеген Т.С. С адықовтың еңбегі республика жұртшылығына ерекше ықпалын тигізді

Болмыстың озық бейнесін жасау адам баласының танымдық ойлау қабілетіне қатысты деген А.Е. Әбілқасымова ой-тұжырым жасап, бүгінгі және алыс болашақ субъектілерінің технологиялық іскерлігін дамытудың негізін құрып берді.

Сол секілді бұл ой-тұжырымның бірнеше қырынан зерттелгені еңбегімізде жан-жақты талданып өтті деп есептейміз. Соның ішінде, біздің зерттелімімізге жуық келетін бір еңбекті ерекше атап өткен орынды. Ол - Т.Ә. Қышқашбаевтың докторлық диссертациясы. Зерттеуші өзінің зерттеу енбегінде кәсіби білімді дамытудың өнер адамдарына қатыстылығын жеке бөліп қарастырған. Тұлғаның қабілетін мамандыққа бейімдей дамытудың ғылыми моделін жасайды.

Білім мен ғылымды студенттер бойына дарыту үшін мемлекеттік стандарттың ұстанымын оқыту біртұтас жүйесінің негізгі көзі ретінде пайдалану іс-әрекеті қоғамның мүддесінен шығуды қарастырады дегенге саяды. Олай болса, мемлекеттік стандартта барлық жоғары оқу орнына ұсынылып отырған «Демеуші білім» мен «Инновациялы білім» негіздерін әр оқытушы өзінің оқытар дәрісі мен семинар-тәжірибешілік жоне зертхана жұмысының тірегіне айналдырғаны орынды.

Педагогикалық технологияны жүзеге асырудың үш түрлі сипаты іріктелді:

- проблемалап оқыту;

- модульдеп оқыту;

- программалап оқыту.

Міне, осы үлкен мәселелерге қатысты оқытудың дидактикалық біртұтас жүйесін құрайтын кіші бөліктерді жинақтап қолданудың заңдылықтары, принциптері, диалектикалық-философиялық негіздері талданып, жаңа тұжырым-пайым сараланып берілді.
Педагогикалық технологияның ғылыми негіздері
Даму бағытына орай педагогикалық технологияны Г. Селевко төмендегідей жіктейді:

- биогендік технология - адамның тегіне тарту. Бұл түсініктің Ж. Аймауытовтың «атавизм» деген ұғымымен өзектестігіне көз жетеді. Олай болса, педагогикалық технология біз үшін XX ғасырдың 20-жылдарында өмірге келген. Сол тұжырымды «шегелеу» үшін Г. Селевконың зерттеу еңбегіне де және басқа да ғалымдардың зерттеу еңбектеріне тоқталып өткенді жөн көрдік:

- әлеуметтік тек, әлеуметтік ортаға икемделген адамның тұлғалық дәрежеде теориялық білімін тәжірибеде қолданылу шеберлігі, бұл тұжырым да бізге таныс;

- психогендік адамның дербестік қалпында алға жылжу үрдісін аңғаруы;

- мұраттылық сипаты, тұлғаның ұстанымына орай, алға қойған үлкен мақсатына жетудің жолдары, ассоциативті - толғаныс тұжырымы адамның миындағы қозу және тежелу сияқты қасиеттеріне бағынады;

- білім меңгеру икемі, қабілеті, іскерлігі, ассоциациясындағы қара дүрсін мен күрделі құбылыстардың қосындысы, аталған теория мынандай кезеңдерден тұрады:

а) материалды қабылдау;

ә) пайымдау, қайшылықты түйсіну;

б) есте сақтау, оны тұрақтандыру;

в) тәжірибеде қолдану.

Қол жеткен табыстардың өзі келесі жағдайларда жүзеге асады:

1) оқитын, меңгерген субъекті жағынан белсенділікті сезіну;

2) ойлау әрекетін жаттығулар арқылы дамыту, бекіту;

3) өмірде оны қолдану.

Ойлау, пайымдау жүйесі жиылған ақпараттық нысандарды қорытындылап, түйіндеп қабылдау, оған қатысты жаңа ұғымдарды меңгеру, оны өзінің лексикалық қорына бернелеу.

Г. Селевко басқа ғалымдарда кездеспейтін, бірақ оның анықтамасы негізі, теориясы құрылған (Э. Ториндайк, Д. Уотсон, Б. Скиннер және басқалары) жалпы ережеге сүйеніп, былай сипаттайды:

- ынталандыру - бекіту мен ғылымды тұрақтандыруға мұрындық болу тетігі;

- материалдық және моральдық әрекеттің дұрыстығы жайлы белгі.


Гештальт теориясы

Қабылдау әдісіндегі құбылысты тұтастықта түйсіну амалы. Мұның негізін қалаған ғалымдар: М. Ветргеймер, Г. Мюллер, В. Келлер, К. Кофка.

Пайымдау әрекетін қалыптастыру кезеңдернің теориясы.

Мұның теориялық табиғатын ашқан ғалымдар - П.Я. Гальперин, Н.Ф. Талызина. Негізгі заңы - адамның ішкі-сыртқы әрекетінің өзгерісі. Мұның өзі интериоризация, яғни адамның өз-өзін ішкі бақылауы арқылы өсу, даму қарқынын межелеуі. Бұл теорияны біздер ұлы данышпан бабаларымыздың еңбектерінен кездестірдік. Ішкі бақылау бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асады. Оның ішкі ойлау әрекетінің жоспары құрылып отырады. Іштен қабылдаған мағлұматтарын қорытындылайды, әңгімелейді, қысқартады, ішкі даяр жауаптың ең шыңына жеткен мүмкіндікке айналады, ол белгілі түрмен сыртқы ортаға белгілі болады.

Сыртқы ортаның құбылысымен танысады. Әрекеттің нысаналы бағыты бірнеше типке бөлінеді: толық, толық емес, басқа нұсқада.

Сыртқы сөйлесім кезеңі. Ішкі бақылаудың барлық кезеңдері ширатылған сәтте сөйлеу әрекеті автоматты дәрежеге жетеді.

Ішкі сөйлесім кезеңі. Іштей сөйлейтін сөзін алдын-ала әзірлейді. Мұның өзі жұмыстың сыңайына қарай өзгеріп отырады.
Суггестив теориясы

Бұл құбылысты тек Г. Селевко еңбегінен кездестірдік. Педагогикалық технологияда бұл теория өте қажетті болып табылады. Суггестив теориясы адамның меңгеруге тиісті білімін эмоциональды және сергекті қалыпта жияды. Сөйтіп, өзінің еске сақтау қабілетін ең жоғары дәрежеге бағдарлайды.

Міне, осындай педагогикалық технологияның заңдылықтары мен қағидаларының теориясын айқындай отырып, әр кездегі ұтымды деген педагогикалық тсхнологиялардың оңтайлы және көлеңкелі тұстарына тоқталады. Г. Селевко аталған зерттеушілердің тұжырымдарына көрнекі құралдардың көмегімен сабақ өту тек эвристикалы әдісті және оған орай эвристикалы деңгейді қалыптастыратынына ерекше тоқталған.

Ал біздің данышпан бабаларымыз адамның зиялы, не дамушылықтың ізгілікті моделіне жетуі үшін нәпсі мен Нұрлы ақыл-ойды қайшылықта алып, өзінің ерік - жігерін білім жиюға, тәрбиелеуіне мән бергені жайлы толыққанды сипаттама талдама жасаған. Олай болса, мұның өзі - әлемнің төрт бұрышында айтылып жатқан бір ой. Мұның генезисі сонау грек ғалымдарының құнды еңбектерінде екеніне көзіміз жетті.


Педагогикалық технологиялар жайлы тұжырым-түйіндер
80-жылдардан бастап, білім беру саласында дәстүрлі оқудың өміршеңдігі жайлы көптеген зиялы педагогтардың көкейінде күмән пайда болды.

Соған орай Ш.А. Амонашвили, В.Ф. Шаталов, т.б. жаңа толқындағы, жаңа ұстанымдағы бір топ жаңашыл педагогтардың тәжірибелері мен теориясы өмірге келді.

Ал 90-жылдардан бастап, оқудың, оқытудың жүйесі, технологиясы жайлы іс-қимыл қолға алынып, К.Я. Вазинадан, Рсспубликаның Орталық мұғалімдер біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен өткізген барлық курстары мен семинарларына қатысып, одан меңгерген біліми-ғылыми жаңалықтарымызды тәжірибемізге батыл енгіздік.

Сол себепті бүгінгі таңда педагогикалық технологиялардың ұғымды - ұтымсыз тұстарын ашық жіктей алу мүмкіндігі бар. Бір ескеретін мәселе - педагогикалық технологияның әрбір өтілетін нысаналардың дидактикалық философиясын дұрыс сұрыптай алмайтын оқытушыға, не басқа бір субъектіге тигізер пайдасы жоқ. Бұдан ұғарымыз не? Ол - мамандық мазмұнын меңгерумен шектелу -ең төменгі деңгей. Ал дидактиканың философиясын меңгеру -звристикалы және шығармашыл деңгей. Мұның өзі де ізденісті -зерттеу бағытындағы педагогикалық технологиялар арқылы іске асады.

Зерттеудің теориялық, прагматикалық негізін И.Я. Лернерден іздейміз. Адам Тұлғалық дөрежеге оның жиған білімі мен ғылымы арқылы жетеді. Әлемнің құндылықтарын саралап, сұрыптап өзінің менталитетіне үндестіре алатын мәртебеге ие болады.

Бұл - даралық сипат. И.Я. Лернер өзінің тұжырымында мынадай төрт құрылымға ерекше мән берген:

- білімнің тәжірибеде қолданымы;

- оның қабілет, іскерлігінің ширатылуы;

- шығармашылық қызметінің тәжірибесі;

- ортаға, дүниеге деген тұшымды, жағымды құбылысты сезу. Міне, осы аталған даралық сипаттың құрылым жүйесі Әбу-Нәсір Әл Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Жүсіп Баласағұни, Бұхар жырау, Шал Құлекеұлы, Абай Құнанбайұлы, т.б. дана бабаларымыздың шығармаларында жоқ па? Керісінше, көркем сөз, сөз құдыреті арқылы өз міндетін атқармады деп кім айта алады. Сонымен педагогикалық технология - ол қазақ жұртының ана сүтімен дарыған тәлім. Дәстүрі арқылы білім мен ғылым игерту деп ұғамыз. Технологиялардың мынадай жіктемесі бар: ақпаратты мағлұмдама;

- операция арқылы (ойлау қабілеті);

- эмоциональды-адамгершілікті, ізгілікті (эстетикалық-этикалық тұшымын дамытады);

- даралық сипаттың басқарушылық механизмі (Абай тілінде «уәкіл»);

- эвристикалы (шығармашылық деңгейдің алғашқы сатысын қалыптастырады).

Аталған жіктемелердің негізгі характері әр түрлі салаларға бөлініп кетеді. Технологияның өзі тек ізгілікті модельге бағыттала бермейді. Бірақ, әрбір залымдық пен зұлымдыққа арналып құрылған технолгиядан ешбір қайырым, баянды Құт пен Бақтың жоқтығын бабаларымыздың зерттеулерінен байқадық. Олай болса, педагогикалық технология зұлымдық іске жақтас емес, ноосфераны, микрокосмосты, Құдіретті ұмытпауға ықпалын тигізеді. Ол жөнінде біздің танымымыз шектеулі. Бірақ өз-өзіміздің ішкі жан-дүниеміз болашағымызды құрады дегенді есте сақтаймыз. Нәтижесінде, ізгілікке құрылған технология сол адамға баянды. Бақ пен Құт, бітпес Кие әкелері даусыз. Технология ұлт таңдамайды, оны өз ісіне кез келген ұлт, ұлыс пайдалана алады. Оңтайлы іс-әрекетке қолдану -нәтижесінің кепілі.

Әр түрлі салаларда колданылады дедік. Олар мыналар:

- оқыту, тәрбиелеу;

- жоғары иерархиядағы зиялылар;

- діни ағымға түскен субъектілер;

- жалпы білім, гуманитарлық лицей, техникалы мәртебедегі мектептер, жоғары оқу орны;

- жеке ғылым негіздері;

- жеке мектепті мекемелер;

- кәсіпкерлер мен іскер субъектілері, т.б.

Технология деген ұғым білім-ғылым құрылым - жүйесінің тұтас меңгерілуіне қолайлы жағдай туғызу үшін рейтинг жүйесімен бақылау жұмысын жүзеге асуы. Рухы биік, ділі берік Тұлға сомдауды қолға алуы.

Міне, мұның негізін алдымен В.П. Беспалько қалады, одан кейін К.Я. Вазина, А.С. Границкая, Қазақстанда алғаш өз еңбегімен көзге түскен профессор Ж. Қараев және т.б.

Басқару тұрған жерде бақылау бар. Бүгінгі баламасы жоқ, электронды оқулығы жоқ біздерге, әрине, аталған рейтинг жүйесімен мониторинг қорытындысын жинақтау, оны сараптамадан өткізу оңай емес. Рейтинг жүйесін шығарманы зерттеу әдісімен автор көздеген мұратқа үндестіру арқылы толыққанды болмақ. Ал әр студенттің, әр оқытушының орталықтан макробақылаусыз, өз-өзіне «қожа» болып тізбелегенімен (ғылыми негізсіз) ешбір нәтижеге қолымыз жетпейді. Құр Ресей ғалымдарына еліктеп, ауыр еңбектен қашып, сыртқы құрылым-жүйені көшіріп аударып алғаннан ғылымға үлес жоқ.

Ұғарымыз не? Педагогикалық технологиялардың бәрін талғамай, оқытушының өзінің ішкі мүмкіндігі мен материалдық жабдығын ескермей, тыңцармандардың қабылдау және түсіндіру әдістерін елемей қолдануға болмайды. Одан нәтиже шықпайды.

Бүгінгі классикалық дәріс оқу технологиясына жатпайды. Ол үшін компьютермен әр субъекті қолына тиген нысанаға программалап оқыту талабымен өз білімін өзі тексеруі көзделеді. Қаржының тапшылығы педагогикалық технологияларды меңгерген адамдардың істе толық шығармашылық иерархияда жұмыс жүргізуіне тежеу салып отыр.

Сол секілді тек техникалық құралдарды сыңаржақ қолдану жаттандылық пен жаттанды жауаптар қоюға итереді:

- оқулықпен жұмыс та тежейді, т.б.;

- мұндай монодидактикалық жүйе - сонау Я.А. Коменскийден бері келе жатқан дәстүр.

Бір сөзбен айтсақ, бұлар технология болғағанымен, авторлық жүйедегі іс-әрекеттің сипаты. Оқытушы - субъект, ал студент - объект. Бұдан дамушылық ырғақ тумайды. Рухы солғын, жаны -дертті, шалажансар ұрпақтың келуі осыдан.

Педагогикалық технологияның негізгі мақсаты - студенттің даралық тұлғасын дамыту. Ізгілікті модельмен оқыту басты мүдде. Осы ойды Г.К. Селевко өз еңбегінде айтып өткен Ресейлік ғалым біздің бабаларымыздың ілімдерін қайталап отырғандай. Егер меңгеретін білім оқушысына сілкініс, рух, жанын серпілтпесе, оның пайдасы жоқ болса, оған қызығушылығы оянбайды. Қызығушылық жоқ жерде мағына айқындалмайды, жиғаны жоқ студент толғанысқа түспейді. Ықпалдастық технологиясы әрі студентті субъекті, оқытушыны субъекті дәрежесіне ынталандырады.

- Ізгілендіру мен жариялылық технологиясын қалыптастырған Ш.А. Амонашвили, Е.Н. Ильин;

- Ойын, тірек нүктелері, ойлау белсенділігін ояту, проблемалы оқу, қатысым құралдары арқылы меңгерудің негізін қалаған ғалымдар - В.Ф. Шаталов, Е.И. Пассов;

- Педагогикалық технологияны тиімді, ұтымды ұйымдастыру мен басқаруға негіздеп қалыптастырған ғалымдар В.Ф. Фирсов НП. Гузик;

- Программалап оқыту, жекешелендіріп, даралап оқыту, субъектінің деңгейіне лайықты тапсырмалар құрастырудың негізін қалағандар - А.С. Гарницкая, Инге Унт;

- Топтық, ұжымдық қабілетілікті топтастыру шоғырландырудың негізін қалағандар - И.Д. Первин, В.К. Дьяченко, К.Я. Вазина;

- Педагогикалық технологияны, дидактиканы меңгерудің әдіснамалық негізін, олардың бірліктегі бөліктерін шоғырландырудың қағидасын қалағандар - Т.М. Эрдниев, В.С. Библер.

Оқытуды ізгілікті мазмұнға ыңғайлаудың негізін қалаған М.П. Шетинин, оқу үрдісін технологиямен жобалаудың негізін қалаған - В.М. Малахов;

- Тұлғалық, даралық келбетке өзін-өзі бағдарлаудың негізін қалаған - Г.К. Селевко.

Егер осындай инновациялық келбетті жіктеп, жинақтап тұжырымдамасақ, педагогикалық технологиялардың бір - бірінен даралық сипатын ажырата алмас едік. Сол себепті оқытушы субъектіге белгілі бір бағдарламамен іс бастау алдында: «Бұл дәрісті неше сағатқа шақтаймыз? немесе: «Сіз мына тақырыпты, модульді өткізіңіз» деген жоғарыдан үкім айту технологиялық заңдылықтарға қайшы келтірмек әрекет. Себебі екі жақтың үндесімі, келісімі, бір-бірінің психологиялық ортақ мүддесі болмай, іс оңға баспайды. Оқу меңгеру, басқарушы субъекті мен қабылдаушы субъектінің білімі мен ғылыми негіздерінің методологиялық шеберлігінің үздіксіз ширауына тікелей байланысты. Дискретті, әр тарауды бөлек меңгеру, біртұтастық заңы сақталмайды, меңгерілген білім ешбір нәтиже бермейді. Осы тараудың кіші бөлімдерінде педагогикалық технологиялардың теориялық нұсқаулары мен ұстанымдары беріледі.


ОҚЫТУДЫҢ ЫҢҒАЙЛАНУ ЖҮЙЕСІ (ОЫЖ)
Жұптық жұмыс

Бұл - ауызша жұмыстың дұрыс ұйымдасуына тірек. Топтық жұмыстан бұның ерекшелігі студенттер кезекпен сөйлейді. Жұптық жұмыста студенттердің жалпы санынан жартысы сөйлейді. Ал қалған жартысы бақылайды. Одан кейін олар рөлдермен ауысады. Олардың қарым-қатынасы табиғи айналымда болады.

ОЫЖ-де жұптық жұмыс үш түрге бөлінеді:

1) статистикалы;

2) сырғымалы;

3) көп вариантты.

Статистикалы жұптық жұмыста қатар отырған екі студент жұмыс істейді.

Сырғымалы жұптықта кітаппен, атап айтқанда, 2 жұп, 4 студент қарым-қатынасқа түседі.

Көп варианттыда 4 студент барлық кіші топтық жұптарымен жеке-жеке әрекеттестікте болады.

Аталған соңғы екі жұптық жұмыста студенттер «өзара бақылау» тәртібінде оқуға ынталанады. Мұның бәрі «Машина талабын» орындау рәсімінде ұйымдасады.

Әр студент әр сабақта сөйлеуге, жауап беруге, дәлелдеуге, айтып беруге, тексеруге, бағалауға, түзетуге, қасындағы студенттің жауабын мазмұнға салуға, сұраққа жауап беруге дағдыланады.

Серіппелі жұптық жұмыс оқытудың ыңғайлану жүйесінің құралы, бұл А.Г. Ривиннің, В.К. Дьяченконың үнемі жұптық қатардың ауысып отыру әдістеріне сүйеніп, жаңа түсінікке ие болды. Ұжымның орта жеке жұмыстың дағдыларын ұштау әрекетіне бағдарлау көзделеді.

Әр төрттік тақтаға, не плакатқа жазылған тапсырмаларды орындайды. 4 сұрақ, 4 жоспарлық бөліктері. Бұл төрттік тек көбейсе, міндетті түрде жұп болуы керек.

Жұмыстың қорытындысы - меңгерген білімді жинақтау, жүйелеу.

Жұптық жұмыста әр студент бір-біріне ыңғайлануы, бұл -еркіндіктің белгісі.

Егер аудиторияда студент 20 болса, әрбірі бір жазбаша және 19 ауызша, көмек беретіні - 19.

Әр диалогтың жұп мәтінімен жұмысты азаттық жолға жіктеп, біреуі дауыстап оқып, әр азаттық жолға тақырып құрады.

Мәтінде меңгерту әрекетіндегі иесі оның дәптерін қасындағы студентке береді. Ол бөтен дәптерге азаттық жолдан тақырып жазады. Бұдан кейін бұл топ тарайды, әр студент өзіне сыңар іздейді. Сөйтіп, алғашқы өзінің жазбасына кезіккенше, бұл жұмыс жалғасады.

Келесі екінші таныс емес азаттық жолын тақырыпқа жіктеу үшін, ол студент өзінің алдындағы азаттық жолын тауып, оқуға, түсінуге, тыңдауға мәжбүр болады.

В.К. Дьяченко, А.Т. Ривиннің әдісімен әрбір сабақта 10 жұптық ауысу әрекеті болғанын дәлелдеген. Мәтінмен жұмыстың мұндай түрі студенттердің деңгейіне, қабылдау мүмкіндігіне ыңғайлап беруге жол ашады.

Жұптың мұндай түрі тапсырманың орындалу ырғағын шапшаңдығын анықтауға тиімді. Студенттің үдемемен (градуирование) жалқы жұмысын дамытады.

Оқытушы жұптық жұмысты жүйемен ауыстыруға студенттерді ыңғайлауы қажет. Ол үшін аталған 4-тік жұп өте орынды. Әр төрттікке оқулықтан 4 мәтін береміз. Бұл жағдайда Дьяченко әдісіндегі емес, жұптар бір-бірін іздемейді. Әр студент анықталған алгоритм талабымен әрекетке шығады. Алдымен қатарлас, одан кейін артқы сыңарға қарайды.

Үшінші айналымда әр студент бәрімен қарым-қатынаста болады.

Төрттік ауысу кезеңінде студенттердің бірігіп оқуларына, біреудің дәптеріне жазуға қолайлы жағдай туғызуы кезделеді.

Студенттердің саны 20-дан аспауы керек.

Сырғымалы жұптық жұмыста ешкімге баға қойылмайды.

Көп вариантты жұптық - ұжымдық әрекеттің бір түрі. Көп вариантты жұптық өрекеттестікте тапсырма ықпалдастықта әр түрлі материал жасалады.

Мысалы, әркім өзінің карточкадағы сұрағын даярлауды одан не есеп, мысал болуы мүмкін. Сыртында (карточканың) сұрақтарға жауаптар беріледі. Тапсырма орындалғаннан кейін, оқытушы әр студентке тұстас келеді. Мұнда бірде оң және сол жақтағы көршімен жұмыс істейді.

3 - ырғақта: теориясымен, әр көрші өзінің карточкасымен ауызша және жазбаша жұмыс орындайды, сөйтіп, ол жаңа көршіге қарайды.

2 - ырғақтың көрші сыңары қайтадан алдыңғы сыңарға қарайды.

3 - ырғақта өзінің бұрынғы сыңарымен жұмыс істейді, бірақ карточка өзгереді.

Бұл жұмыста әр студент қорытынды әзірлейді, тыңдайды, жоспар құрайды, мазмұндайды.

Көп вариантты жұптық жұмыстың тағы бір түрі - баяндаманы әр түрлі тақырыпқа әзірлеу. Бұған қосымша материалдар пайдаланылады. Барлық баяндамаларды тексеріп болған соң, қай тіректік түрі сөйлеуге сұрыпталады? - деген мәселе тұрады.

Бұл мүмкін толық мәтін болады, мүмкін не тезис, не жоспар, не тіректік сызба. Әр көп вариантты жұптық жұмыста өзінің баяндамасын оқиды және басқаны тыңдайды (біресе сол, біресе оң жақ). Барлық баяндамалар оқылады.

Мұндай әрекеттестік сөз сөйлеуге, тіректік ұғымды тарқатуға, жолдасының ойын пайымдауға ұмтылдырады.

Әр студентке карточкамен жұмыс істеудің техникасын үйрету керек. Жауапты қалай берудің, карточканың сыртын толтыру, ретін білудің алгоритмі түсіндіріледі.

Бірде «оқытушы», бірде «студент» рөліне түсу көзделеді. Жұмыс бағасыз жүргізіледі.

Жұптық жұмыстың бұл түрлерінде студенттердің жағдайы бірдей.


Студенттің семинар үстіндегі жеке жұмысы

Оқытудың ыңғайлану жүйесінде (ОЫЖ) жеке жұмысты ұйымдастыру процесінде өздігімен жұмысқа ерекше назар аударылады. Бұнда білім іздеу, өзекті мәселені табу, шығармашылық кызметті ұйымдастыру - басты мәселе.

Жеке жұмысқа қандай іс-шараларды жатқызамыз? Жеке жұмыс пен өздігінен жұмысты қалай біріктіреміз? Бірінен біріне қалай ауысамыз? Жеке жұмысқа қандай материал табу керек? Жеке жұмысты қалай жоспарлауға, қалай есептеуге болады? Оның нәтижелілігін қалай шығарамыз? Бұл сұрақтарға толық рецепт табу қиын. Бұған жалпы бағыттағы жауапты беруге болады.

Жеке жұмыс қанша болса, өзідігінен жұмыстың ауқымы да сондай дәрежеде болмақ. Әрине, мұның бәрі материалдың қандай мазмұнда болуына тікелей қатысты. Оқытушы студенттердің қасына келіп, жұмыс орындау стилін танып, оларға лайықты тапсырмалар орындауға бағыт алады.

Ынтамақтастық әрекеті - көмектесу, кеңес беру, әрқайсысының еңсесін көтеріп, марапаттау. Оқытушы баға қоймайды. Тек құптаушылық ырғақпен, ізгілікті ілтипатпен, олардың жұмысына жанашырлықпен сыңай білдіреді.

Бәрін аралап болған соң, оқытушы бәрінің жұмыс орындап жатқанын байқап, жаппай бақылау жүйесін қосуға әрекеттенеді.

Мұның барысында өздігінен жұмыс деңгейін, өзара бақылау, жолдастарына калай көмектесу, қаталдықтың болмау жақтарын байқастырады. Бақылау басталған соң, бірден өздігінен жұмысқа ауысу әрекеті жүзеге асады.

ОЫЖ-де жеке жұмыс ерекше сараланған материалдар бойынша ұйымдасады, студенттерді тек таңдау әрекетіне негіздейді. Студентті оқытушы үстеліне шақыруға болады.

Алғашқы кезеңде (жеке жұмыстың) оқытушы студенттің өздігінен жұмысын тексереді. Мысалы, ауызша тапсырма, жазбаша тапсырма, бұларды студенттер мен оқытушы бірге тексереді. Жеке жұмысты тексеру дағдысының негізі - әр студенттің өзінше пайымдау әрекеті. Бұл әр студентті келген жерінен әрі қарай дамуына түрткі болады.

Әр студенттің жеке жұмыста жіберілетін уақытты семестр бойына бүкіл топ студенттеріне бағдарламамен бөледі. Мысалы, өздігінен жұмыс (45 - t) - 25 минут, өздігінен жұмыс қатарынан ұйымдастырылады, олай болса, 25 минут жеке жұмыс.

Уақыттың бір бөлігі жеке жұмысты және өздігінен жұмысты қатарынан қосуға жіберіледі. Мәселен, орта есеппен әр сабақта бұған 5 минут жіберіледі, онда жеке жұмыстың өзіне 20 минут. 20 минутты семестр бойындағы сабақтың санына көбейтеміз. Мәселен, 40 * 36 640. Жеке жұмыстың жалпы сағатын студент санына бөлеміз. Мәселен, студент саны - 40. Онда әр студенттің жеке жұмысы айқындалады, 640 -ты 40-қа бөлеміз, болады - 16 минут. Әр студент жеке жұмыстың уақыты 16 минут. Бұл - семестрлік меже.

Әділдікті ұстану үшін есеп жүргізу керек.

Бұл есеп жеке жұмыстың ерекше түрлеріне қолданылады. Тиісті бақылау жүргізуге болады. Ойлау мен сөйлеу дамытылады. Тестіні өздері де құрады. Тестінің аралық, қорытынды түрлерін де құрастырады. Алдымен оңай түрлері қарастырылады.


: fulltext -> transactions
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті
transactions -> К. С. Ислям латын тілі мемлекеттік тілде оқитын студенттерге арналған оқулық
transactions -> МӘШҺҮр жүсіп қолжазбаларындағы ислам мәдениеті
transactions -> Оқулық Павлодар єож 372. 881. 151. 212. 2(075) бкк 81. 2 Ќаз т 87
transactions -> Аудармадағы аударылмайтын сөздер 050207 «Аударма ісі»
transactions -> МӘШҺҮР –ЖҮсіп көпеев шығармаларындағы төрт түлік малғА Қатысты заттық МӘдениет
transactions -> Мұса мырза (халық ауызында сақталған деректер бойынша)
transactions -> А. Х. Жакиянова Өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері
transactions -> Ұлттық ойындардың КӨмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет