Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Эзотериканың жауы – пендешілікке жол беру



жүктеу 3.68 Mb.
бет9/16
Дата20.06.2016
өлшемі3.68 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

Эзотериканың жауы – пендешілікке жол беру

(Пендешілік тұрған жерде ғылым жоқ)
Пендешілік
Шыдамсыздық

Құдіретті мойындамаушылық


Пайдакүнемділік


Көреалмаушылық


Сенбеушілік


Кекшілдік

Өзімшілдік

Өркөкіректік


Еңбегі сіңбеген жерден өнім алу

Тапқан табыстан көп шығын шығару

ДИДАКТИКАНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ НЕГІЗІНДЕГІ ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ
Пендешілікке үйір адамның ойлау қабілеті - алыс болашақтың болжамын жасауға кедергі.

Бала кезімізде елдің діни - ғылыми пайымды ұстанған ақсақал аталарымыз бір зиялы адам жайлы әңгіме айтқан сәтте: «Ол - жеті қабат аспан әлемінің білімі мен жеті қабат жер астының оқуын меңгерген» дегенін талай естіп өскен едік. Оның мәнін сұрайтын бала кезімізде қажеттілік пен ой-өріс болмады. Неге бұл тұжырымға ерекше тоқталып отырмыз? Себебі, Алан Леоның эзотерикалық астрология жайлы еңбегінде осы екі кеңістік адамның ойлау пайымының деңгейін шамалауына тигізер пайдасының мол екенін ұғып, қасиетті бабаларымыздың соншалықты парасатты, зиялы біліктері мен ғылыми пайымдарының алдында бас иеміз. Міне, осы арада Қожа Ахмет Иассауидің сегіз сипаттағы дамыған зиялы адамның әрекеті еріксіз еске оралады. Олар - Тәубашылық, Ғибаташылық, Махаббат, Сабырлық, Шүкіршілік, Ризашылық, Заһидшілік (анықтық), Алланың алдындағы Ғаріптік. Өзіңді Жаратушы Ие, Құдай, Аллаға Уәжіп, парыздарды орындаудың алғы шарты - білім, ғылым жию. Сонда ғана адамның өмір сүруінде бір мән-мағына болып, Алланы сүю, Адамзатты сүю, Әділдікті сүю (Абай Құнанбайұлының «Имани гүл» де осы) деңгейінен көрінері сөзсіз. Міне, Алан Леоның ғылыми-зерттеу еңбегіндегі шығыстық, түркілік филрософияның эзотерикалық теориясы біздің қазақ жұртының кішкентай аулында болған. Неміс жұртының өкілі Герольд Бельгердің аядай ауылдан эзотерикалық деңгейге көтерілуіне аталған ел ақсақалдарының жағымды ьқпалының болғаны даусыз. Өйткені, бұл ұстанымда ұлттық сипаттан ғаламдық сипаты басым. Осыдан шығар корытындымыз - философияшыл ұстанымдағы ақын-жырауларымыз, бәйіт жанрын өмірге әкелген ғұлама бабаларымыз ақын-жыраулық деңгейде қалмаған, олар - эзотерикалық деңгейдегі ғаламдық біртуар Тұлғалар. Олардың еңбектері - тек қазақ халқы үшін емес, бүкіл жер планетасының ұлттары мен халықтарына Рух дарытар Рухани нәр. Бұл тұжырымды дәлелдеу үшін Алан Леоның ғылыми пайымдауына үңіліп көрелік. Назар аударыңыз, автор эзотерикалық астрологияның таңбаларына ден қойып, мән бергенін қалайды. Бұл - автордың өзіне Құдіретген тиер сауабы, Күннің Нұры.

Алдымен аспан таңбасының тірегі астрологияның эзотерикалық ауданының бір бөлшегі - адамның маңызын айқындайтын ғылымы. Адамзат ешкімге, ештеңеге тәуелсіздігінің барлығын дәлелдеуге ынталануы нәтижесінде негізгі қағидалар жасап алады. Аталған қағидалар - тек сол ортаға ғана тән. Осы қағидалар мен заңдылықтардың негізі әуел бастан аспан денесінің, қабатының ықпалынан туғандығын мойындауға ынталануы.

Әр адамның жұлдызшасындағы таңбаларға адамдар ерекше назар аударып, оны өз бойында ұстауға ықыластануы, себебі әрбір ішкі астрологиялық символдар ішкі қалыпты дұрыс сақтауына кепілдік береді.



Егер шеңберді алсақ, бұзылмас бірліктің белгісін танытады. Құдірет тарапынан қарастырсақ, ол абсолюттік белгіні білдіреді, атап айтсақ, заттық-руханилық сапаның бірігіп кетуінің салдарынан не зұлымдық, не ізгілік нышанына айналады. Сонда адамзат планетасында Зұлымдық пен Ізгілік тайталаса, жағаласа қабаттасып өмір сүреді. Дәл осы сәтте аталған монографияда берілген данышпан бабаларымыздың еңбектерінің маңыздылығы Зұлымдық пен Ізгілікті сапаның мәнін анықтап беру және адам баласына Құт, Бақ әкелетін Ізгілікті ұстанымға өзіңді бағдарлап отыру тегеурінінің қажеттілігін дарытуы. Бұдан да біздер Алан Леоның бүгінгі айтып огырған эзотерикалық кеңістігін бабаларымыздың V ғ. айтып кеткеніне көзіміз жетеді. Алан Лео да оны жасырып отырған жоқ. Өзінің ашып отырған ғылыми жаңалығының негізін, генезисін жасап берген ғұндар екеніне дәйекті пайымдар жасап берген. Шеңбер белгісі - шексіздік. Ол миға сыйымсыз «Адамның басы - Алланың добы» деген фразеологиялық тіркес те осы оймен орайлас. Символиканың Құдіретке керегі жоқ. Өйткені, жаратушы Ие шексіз. Ал символика адамның өз өмірін Бақ пен Құтқа тегеуріндеп қоюы үшін өзінің Тұғырының басым болуы үшін қажет. Надан адамдарға символдардың қажеті жоқ. Себебі оның қажеттілігіне деңгейі жетпейді. Осы еңбекті оқып отырған адам өткен тарихымызға үңіліп қараса, символика үкіметтің қай кеңістігі мен саясатында да өмір сүргеніне көзі жеткенін ескереміз. Символ - қазақ елінде дамыған атрибут. Әр адамның жұлдызына сай, әр рудың өзіне сай, әр тайпаның, әр өңірдің өзіне сай таңба-символдары болғаны өткен өмірден белгілі. Бұл тегін емес. Міне, Алан Леоның зерттеуіндегі түйін осы. Қорытындысы - Күннің Нұры әлемнің үстінен Бірлікке үндеуші. Барлық планеталарға Құдай болған Күннің сәулесінсіз тіршілік жоқ. Олай болса, шеңбер -тіршіліктің тынысы. Егер тіршілік төрт қабаттан тұрады десек, біріншісі - эфирлі (жер), екіншісі - ғарыштық, үшіншісі - ментальді, ең биігі - Күннің Нұры. Әлемнің төрт бұрышы, төрт құбылысы (Жүсіп Баласағұн ілімінен таныс) шеңберге бағынады. Ол - Күн. Бұл шеңберді екіге бөлсек, бір жағында зат, бұл - экзотерика, бір жағында- рух, бұл - эзотерика. Сол сезімнің бір жағы зұлымдық, баю, заттық нәрселерге құштарлық-құмарлықтың өсуі - нәпсіні тізгінсіз жіберумен бара-бар. Бар адамның ақыл-ойымен межелесек, онда бұл жағы - мен өзіммін, екінші жағы мен емес, жоғарыда бір Құдірет мәні басқарады дейтін түжырымға келу. Әрине, екінші мәреге жету, кемелдену - күрделі құбылыс. Екінші қабат пен кеңістікке ынталанған субъекті үшін заттық нәрселер түк еместігі, оның құндылық жоқ болғанымен, екіншіге жеткен адамның оған зәру болмайтыны парадокс, таң қаларлық жәйт. Адам ғаламдық шыңға жетті, ол үшін заттық құндылық ләззат болмаса да, оған ол кенеліп жүреді. Міне, ойы шалымды емес, хайуандық, сәбилік, ессіздік, жарым ес басқыштарынан аса алмаған адам заттық байлыққа да жарымай өтері дәлелденген. Дана бабаларымыз бен ғаламдық даналар бұл пайым-тұжырымдарды өз еңбектерінде айқындап берген. Бұған монографияда тоқталып өткенбіз. Ойымызды Алан Леоның тұжырымымен жалғастырамыз.

Адам сипатында аталған шеңберді қарастырып көрсек, бір жағы-денесі, екінші бөлігі жаны, сөйтіп атрибут екеуін жалғастырып тұрады. Планетаның адамға қатысты ықпалы тұрғысында бағамдасақ, бірі - Күні (Күн), бірі - Түні (Ай). Олай болса, күн мен түннен қалай қашып құтыла алмасақ, адамның басына түсер қуаныш сәулесі мен қайғы дағынан, қаралы сәттерінен құтылу да мүмкін еместігін ұғуы. Ақиқатты, мұндай диалектикалық заңдылықтарды түсінген адам қуаныш пен қайғыға болаттай берік, екеуін тең ұстап шыдам-төзім көрсетеді. Қайғыға төзу ғана емес, қуанышты ұстап тұру үшін шыдам, өзінің эмоциясын басу үшін парасат керектігін түсінуі.

Бұл - Күннің Нұрынан адамның қуанышының болуы, Түннің Қаратүнегінен адамның қайғы-қасіретінің болуы. Сөйтіп, геометриялық, тригонометриялық әр түрлі сызықтардың бәрі дерлік шеңбердін сынықтары, ол сынықтар қосылып, біріккенде ғана шеңбер шықпақ. Шеңбер шығуы үшін тағы да айтарымыз тәнге жан үй болып, рухты дамыту көзделеді. Бұған да біздер монографияда толық тоқталғанбыз.

Мәселен, мұсылман қашатын крест, адамның омыртқасы мен иығы, басы, бірақ оның жан-жанындағы өрісі шеңберге апарады. Сол себепті Рухтың зерттеуші - ғұлама пайғамбарлары осы мәнде қарастырған. Олай болса, христиан өткен шақтың діни ұғымы мен тұжырымы да, жартылай шеңбер мен шеңбер атрибутын үйінен бастап, басқа іс-қимылға батыл енгізген мұсылман дінінің прогрессивті ғылыми тұжырым екеніне кім дау айтады. Біз мұсылман болғандықтан, ерекше культ жасап тұрғанымыз жоқ. Бірақ, атрибут бірінші емес, ғаламды билеуші Құдіретті Алла дейміз бе, Вселенная дейміз бе, Бог дейміз бе (бұл әр халықтың танымындағы ұғымдық атаулары), міне, сол шексіздік - бірінші. Бұны үнемі еске сақтап жүрген абзал. Сонда ғана жолыңыз даусыз болады. Біздің қазақ әдебиетіндегі С. Торайғыров шығармашылығындағы «Кім жазықты?», «Адасқандар», «Айтыс» т.б. атаулар осы тұжырым -философиядан туған. Бұл - эзотерикалық пайым. Егер жер планетасы өзінің өсінен айналса, адам да өзінің Жүрек Нұрынан, қозғалыс-қуатынан «айналып» тіршілік қамын оңтайлы жүргізеді дегенге саяды.

Эзотерикалық астрология дейді Алан Лео - адам маңыздылығын айқындайтын символдық рөлмен шектеліп қоймай, оның философиялық құпиясы табиғаттың ықпалына бағынысты екенін мойындауы. Сонда ғана адам өзінің өмір сүруіндегі табиғат заңдылықтарының жүйесімен оның бір бөлшегі өзі және мұның бәрі дерлік біртұтас әлем деген пайымға келуі. Жоғары мектеп деген теория - жоғары оқу орны ғана емес, әр адамның шығар жоғары мектебінің кеңістігі бар екенін ұғуы. Олай болса: «Дәл осы пайымға апара алмайтын, кейбір шектеулі ұғымда қалып қойған, экзотерикадан аспайтын жоғары оқу орнының пайдасы қандай?» - деген заңды сұрақ туары сөзсіз. Әр оқытушы-профессор өзінің Алла алдындағы эзотерикалық жауаптылығын ойлауы осындай философиядан туады. Кейбір ғалымдар ғылымның өте төменгі қабат пен кеңістікке арналатыны, төменде қалған экзотерикалық пенделер мен пақырларды аяғандықтан емес, олардың өздерінің мүмкіндіктері сол. Эзотерика - қол жетпес Күннің Нұры, оған жету үшін көптеген нәпсінің «құлқынын аш қалдырып», «белін сындыруы» көзделеді. Сол себепті көп еңбектің бір түйіні ретінде дана Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің мына бір асыл өсиетін еске салып кетелік:

Жаяу қыл, нәпсіңді атқа мінгізбей бақ,

Міне қалса, желгізбей, жортқызбай бақ.

Өз-өзіңді бағуға көп ол керек,

Көз соңынан көңілді ерткізбей бақ...

Денесі өлгенімен, рухының бақилық болу сипатына бұдан артық бағаны келтіру қиын. Эзотерикалық деңгейдің шыңына жеткен Мәшһүр-Жүсіп данышпанның өсиетнамасы мәңгілікке кеткеніне ешкім күмәнданбайтын шығар. Алан Лео мен Мәшһүр-Жүсіптің үндестігін байқаймыз.

Күннің Нұры - адам рухының символынан артық туған құбылыс. Күннің әлемі - Күн Нұрының жүрегі. Планеталар - ғаламдық планеталар. Мұны білмегендер - надандық кеңістікте қалатындар. Ғаламдық деңгейді қамтамасыз етер бұлақтың көзі – планеталар, адамның рухы мен жанының бастауы. Бұл - үлкен Рухтың иерархиясы. Әрбір табиғаттың аймағы - кішкентай рухтардың көзі. Мәселен, Сатурн - минералдардың көзі, Юпитер мен Ай өсімдіктердің көзі, Марс - адамдар мен хайуанаттардың көзі. Ал барлығының Патшасы - бірліктік сапаның иесі, рухымыздың иссі Құдірет, барлық кіші ақыл-ойдың Гиганты Титаны - Құдірет. Алланың, Құдіреттің заңы тек сыртқы және ішкі құпия қозғаушы күш, ол көзге көрінбейтін дерексіз ұғым, сипат. Бірақ, адамның одан Мейір, Нұр алуына мүмкіндігі бар. Ол - физика мен химия, астрология ілімдерінің зиялы заңдылықтарын қасиетті Тіл құралы арқылы меңгерілуі деген сөз.

Қорыта айтсақ, барлық жиған біліміміз біреу үшін емес, біреуге демонстрация жасау үшін емес, жеңіл бедел жию үшін емес, әр адамның Тұғырының берік болып, Бағы мен Құтының Алланың Нұрынан құрылуы үшін екенін мойындау.

Міне, бұл тұжырым да әрбір білім саласы мен ғылым жүйесін макротұтастықта, философияның негізінде, экзотерикалық теория саласында қабылдауға ынталандырады.
Эфирлі қабаттан ментальды қабатқа жетудің амалы
Әрбір маңызды деген әлемнің екі қыры бар: рухани және заттық, ақиқаты және жалғаны, біздің өмір сүріп отырған әлеміміз екі жақты, екі қырлы сипаттан тұрады. Күн және түн құбылысының өзінен қарама-қайшылықты аңғарып, екі қырлы әлемнің кеңістігін түйсінеміз. Күн жерден өзінің Нұры мен Мейірін аямайды. Бір сөзбен айтқанда, табиғаттағы бар көрініс пен процестер, құбылыс пен заңдылықтар адам өміріне де жат емес. Құдіретті макроәлем десек, оның бір бөлшегі адам – микроәлем. Адам өзін бәрінен үлкенмін деп сезінгенде, көзіне көрінбейтін ядро, атом т.б. физикалық, астрономиялық аспектілер микрокосмос деңгейінде қабылданады. Сол себепті танымдық қабаттар әр адамның ішкі мүмкіндіктеріне бағынысты.

Ағылшын жұртының атақты астрологы Алан Лео эзотерикалық астрология деген ғылыми тұжырымында аспан әлемі мен жердің ара қатысының адам санасына ықпалының мәні айқындалып берілген.

Бұл еңбектің жоғары мектепте, оқу орнында оқытудың біртұтас дидактикалық жүйесіне қатысы қандай? - деген заңды сауалдың туары сөзсіз. Жалпы жоғары мектеп ұғымы тек жоғары оқу орны емес. Себебі әр адамның өзінің ішкі біліми-ғылыми мүмкіндігін жоғары мектеп дәрежесіне жеткізу процесі бар екендігіне ден қоюдың қажеттілігі туып отыр. Әрине, барша адамзат мұндай дәрежеге, кемел пайымға, өзін дамытуға бағдар жасады деу қиын. Міне, ең қайшылықты да күрделі, өзекті мәселе осындай мәреге жетпеуден пайда болды. Барлық еңбегімізде адам деңгейліктеріне ой жүгіртіп, ғаламдық, этностық данагөй данышпан философтардың ой-түйіндеріне тоқталып өткендегі қорытынды тұжырым не? - десек, ол деңгейліктерді схемалық сипатқа шақтамау дегенді айтар едік. Адамның деңгейі жеті қабат аспанның табиғи күйіне тәуелді. Олай болса, барлық шығыстық, түркілік ғылыми тұжырымдарда ең жоғары деңгей - Күннің Нұрына бөлену деген өлшеммен межеленсе, ең төменгі деңгей хайуандық, ессіздік, жарым ес өлшемімен келеді. Мұндай тұжырымдарды Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, Абай Құнанбайұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шал Құлекеұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов, т.б. зиялы данышпандардың еңбектерінен байқаймыз. Осындай пайымға аталған бабаларымыздың келуінің сыры - сонау ғұн заманынан бері екендігіне зерттеуден көзіміз жеткен секілді. Оған жауапты Алан Лео түбегейлі зерделілікпен береді. Нақтылап айтсақ, мынандай құнды тұжырымдарды аламыз:

- астрологтардың пайымдауынша, адам өзінің деңгейін, мүмкіндігін екі қырлы сипатта көрсетеді, олар - экзотерикалық, эзотерикалық;

- эзотерикалық астрология тек аспан зерттеушілеріне ғана керек емес, әрбір дамушы субъектіге қажетті сипат;

- эзотерикалық сипат адамның дерексіз кейпі, ол - өте нәзік қабаттан тұратын философиялық және ішкі құндылығының көзі;

- экзотерикалық астрология - тек өзінің тәжірибесіне сүйенетін сипат, бұл таза сыртқы сурет, көрініс, нышан;

- дамушылықтың шарықтау шегіне жетемін деушілер үшін бұл екі сипат қатарымен құнды;

- эзотерикалық теорияның өзі - астрологияны барлық планеталардың құбылыс бірлігі ретінде қабылдаудың деңгейі;

- экзотерикалық астрология аталған бірліктерді жеке-жеке бөліп қараушылық деңгейінде;

- бұл философиялық тұжырымның жалпы орталығы, шығу көзі - Күн планетасы, барлық тіршіліктің қуат алар бастау көзі – Күннің Сәулесі, Нұры;

- Күннен қолдау алған тіршілік жеті планета арқылы төмен түседі, жеті планета арқылы жоғары көтеріледі;

- осы кейіпте адам процесінен өтуі керек;

- жеті қабат аспан әлемнің планетасы адамның биофизиологиялық даму өрісіне тікелей ықпал жасайды, тіректік қызмет атқарады;

- адамдардың жұлдызшасы от, ауа, су, жер немесе эфир секілді табиғаттың құбылыстарына жіктеледі, бұл тегін емес;

- адамның ойлау қабілеті табиғаттағы эзотерикалық астрологияны тануға жетпей келеді (А. Құнанбайұлы, 38-сөз).

Қорытындылай айтсақ, экзотерикалық деңгей эфирлі деңгей, бұлар - пенделер. Абай тілімен айтсақ, жаны тәніне бағынып, тәні жанына үй болғандар. Алан Лео тұжырымында да дәл осы ұғым бар.

Ал эзотерикалық деңгей пенделерден өте жоғары. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Үш рет сөз» өлеңіндегі көрмейтінді көретін, көретінді көрмейтін, еститінді естімейтін, естімейтінді еститін, миына тоқитын ойды тоқымайтын, тоқымайтын ойды тоқиды деген пенделеріне қарама-қайшы сипат екендігін аңғарған дұрыс. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің данышпандық ойы - эзотерикалық астрологияны түсінуі, дамытуы, көптеген ішкі құндылықтың өз бойында құпия болып кетуі.

Экзотерикалық деңгей - жұрттан көргенімен, өзінің келген жерімен, тәжірибесімен шектелу. Біздің бүгінгі тілімізбен айтсақ, репродуктивті (қайталаным), баяндау, әңгімелеу, сұрақ жауап сияқты татымсыз іс-әрекеттен аспаушылық. Бұндай адамдарда өзіндік ұстаным, парық, тұжырым, көзқарас, дүниетаным болмайды. Құлдық психология - приоритет. Ал эзотерикалық деңгейлерде біртұтастық пайым қалыптасып қоймайды, ол үнемі жаңа философиялық тұжырымдармен бұзылып, түбірімен өзгеріп, бұрынғы түйген тұжырымынан бас тартып, жаңаша ойлауға, дерексіз құбылыстарды қабылдауға, күрделі ой-түйіндерді қорытуға, біліми - ғылыми дүниетанымын шексіз дамытуға ынталы субъекті.

Абай тілімен айтсақ, жаны тәніне үй болып, оған сезім мен мағына қосылып, пайғамбарлық дәрежеге ұмтылады. Алан Леоның тұжырымы өзіміздің даналардың құнды ой-тұжырымдарының біліми - ғылыми сипатын анықтай түсуге көмектеседі. Мұны түсінбесек, дидактиканың мәні жоқ.

Жоғары мектепте оқытудың біртұтас жүйесін құрудың негізгі маңызы әр маманның өз саласының теориясынан сыртқы және ішкі құрылған сұлбасын жасай білу шеберлігінен тұрады. Маңыздылықты айқындау қызметі әр тараудың ішкі-сыртқы мақсаты мен міндеттерін сұрыптаудан екені ескеріледі. Мақсаттың өзін қайшылықты сипатта алып, оның шешілуін күні бұрын күтілетін нәтиже сапасында беру көзделеді.

Оқытушы-профессорлар білімнің дидактикалық мақсатын шешу процесінде барлық ауқымды алаңдарды жинақтап алу мәнісін ерекше қарастырады (танымына, қарым-қатынасына, коммуникативіне, даму деңгейіне, толғаныс-тұжырымына, пайым-бағамына, ішкі-сыртқы қабілеттілігіне). Мұның өзі барлық студенттердің толық білім мен ғылым меңгеруіне қолайлы жағдай туғызу әрекетінен туындайды. Мақсаттылық қызметі макромақсаттың ең кемі екі, не одан көп болып, онын кіші жүйелеріне, микромақсатқа бөлінетін жүйесін ұдайы есте сақтау әрекетін ұйымдастырады.

Нақты, нысаналы тұрғыда мақсатты бөліп алу - соңғы нәтижеге жетудің ең ұтымды амалы.

Технологиялық жүйені жүзеге асыру процесінде модульді, проблемалы, программалы оқытылымның тәжірибеде қолданудың сан-салалы амал-тәсілдеріне, өдіснамасына тұжырым жасалады. Оның пәтижеге бағыттайтын заңдылықтары мен принциптері жіктеледі. Міне, осы танымдық қызметтің ең биік деңгейге жетуі үшін ойлау әрекетінің қандай тәртібі бар деген сұрақ туады. Ойлау әрекетінің рет тәртібі төмендегідей алгоритммен беріледі:

- процестің нысаналы ақиқатты тұстары анықталады; оған сәйкес келерлік (моделіне, пішініне, үлгісіне) зерттелетін іс-әрекеттің жүйесі сараланады;

- ғылыми меже ауқымы ескеріледі (заңдары: жалпы, жеке пәнге катысты, ережелер, нұсқаулар т.б.), мұның жүйесінен зерделенуге тиісті қызмет, студенттің орындауға тиісті әрекет шығады. Теорияны білмеген адамның оқу және ғылыми еңбегінің дұрыс құрылуы мүмкін емес (жұмыстың біртұтас жүйесі);

- өтілетін материалдың әрбір жүйе сүлбесінің негізгі белгілері мен қасиеттері іріктеледі (сөйтіп, студенттің біліми - ғылыми дүниетанымы орнығады);

- жалпы үлкен жүйенің кіші жүйелері сараланады;

- нақты және гуманитарлық, жаратылыстану ұстанымдағы пәндердің кіші жүйелерінің көрсеткіштері меңгерілуге тиісті нәтижені құрайды;

- әдістер сұрыпталып, әдіснамалық пайым дамытылады; әдістердің шоғырын нәтижеге бағыттай алу шеберлігі шыңдалады;

- модульді оқыту жүйесін білім мен ғылым межесін, көлемін, ауқымын + қасиетін, көрсеткішін, әдіснамасын құрайды;

- модульді оқытуды меңгерген оқытушы-профессор проблемалап, программалап оқытуды жүзеге асыратын дәрежеге ұмтылады;

- модульдеп, программалап, проблемалап оқыту жүйесі барлық меңгеретін материалдың тереңдігін қамтиды (әдебиеттің, қазақ тілінің. т.б. пәндердің теориялық моделін мәтіннен күні бұрын талдап, тесті сапасына жүйелеу);

- әрбір модульдегі жүйелерге құрылымдық маңыз беріледі, олардың өзара байланысы ашылады, ең бөліп қарайтын қасиеті жинақталады, заңдары бернеленеді, жүйенің белгі-нышандары көрсеткіш сапасына айналады, жүйені меңгерудің алгоритмі сұрыпталады.

Бұл педагогикалық технологиядан әрбір орындалым қызметінің маңызы айқындалып, білім мен ғылым игерудің ұдайы үзіліссіз дамып отырудың біртұтас дидактикалық жүйесі құрылып, проблемалы дәрістің орнын ауыстырады. Нәтижесінде, модульді оқыту өрісінде проблемалы, программалы іс-әрекет, танымдық қызметгің пайым-бағам деңгейі дамытылады.

Модульді оқыту мен білім және ғылым мазмұнының құралы ретінде, мақсат пен білім және ғылым мазмұнын үйлестіруші амалы сапасында жүргізіледі.

Проблемалы оқыту технологиясы:

- оқыту дидактикалық біртұтас жүйесінің «единицасын» құрайтын сапа - өзекті мәселені бөліп алу. Барлық оқу процесі құрылымынан тұрады;

- проблемалап оқыту ұдайы қайталанып келетін ырғақты, динамикалы құрылымнан жасалады: проблемалы жағдай, сәт, құбылыс сапасын дәйектлікпен пішіндеу, модельдеу, шығармашылық деңгейдегі ыңғайлас студенттерді бірге топтастырып отырғызу, жалқылықтан жалпы тұжырым қорытындыны жазып және ауызша айтып беру, жаңа проблемалы мәселені табу.

Проблемалы құрылымның атқаратын белгісін мынандай қорытындыларға жіктеуге болады:

- әр студенттің ішкі ойлау (интериоризация) құбылысындағы қайшылықтың өзектілік мәні, оны жалпы проблемаға қабыстыру, әр студенттің мамандықты меңгеруге тиісті ішкі ұстаным-мақсатын анықтау (жеке тұлға);

- әр студенттің зерделеу ізденісіндегі зерттеу қызметінің сыртқы ортаға белгілі болып отыруын қадағалау (қызметінің танымдық деңгей сапасында дамуының жүйелілігі).

Шығармашылыққа ыңғайы бар студенттердің проблеманы шешудегі ұтысы, жеке және топтық жұмыс барысындағы ортақ мүддесінің тұжырымын саралау.

Жаңа проблеманы іздеудің нышандық белгісі, жаңа танымдық қызметінің мақсаты және білім мен ғылым ауқымының меже, көлемінің өзгерісін байқау, қарым-қатынас мәдениетін дамыту.

Проблемалы құбылыстың жаңа басқышына көтерілудің екі типі бар:

Біріншісі - студенттердің әдеби және ғылыми әдебиеттерден, т.б. ғылымның негіздерін сұрыптап алуы және оны өзінің дипломдық, бақылау, емтихан, сынақ, коллоквиум, семинар-тәжірибешілік, зертхана жұмыстарында ұтымды пайдалануы. Мұндай іс-әрекет студенттердің жаңа проблеманы дұрыс табуына жағдай туғызады. Тіректік ұғым «Демеуші» және «Инновациялы» білім мен ғылым жүйесіне бірден жіктеледі, студент ненің бұрынғы, ненің бүгінгі білім мен ғылым екеніне бірден ден қояды. Сөйтіп, өзінің іс-әрекеттегі танымдық деңгейдегі қателіктерді тауып, оның себеп-салдарын саралап, шешілу амалын, технологиясын іздестіріп, тұжырымдап, қайшылықты анықтап, жаңа проблеманы бағамдап, оның шешілу тәртібін алдын-ала әзірлейді;

Екіншісі - студенттердің өз тәжірибелеріне сүйенуі және ғылыми әдебиеттер мен әдеби оқу құралдарында т.б. берілген ғылыми негіздерден мақсатты шешуге материал іздеуі. Бұлар өздерін ғылыми ұстанымға бағыттағанымен, толық ғылыми тұжырым орнықпайды.

Студенттер өздерінің тәжірибесін бірінші орынға қояды. Қорыта келгенде, әрбір танымдық деңгейдің ғылыми теориялық сапасы тек сол зерттеуге тиіс нысананың ішіндегі білім мен ғылым сапасынан туындайтынын ескерген жөн. Оқытудың дидактикалық біртұтас жүйесінің теориясы осы іс-әрекетке тікелей үндестікте келеді. Айтарымыз, негізгі мамандықтың ішкі ғылыми құрылымының теориялық заңы мен принциптерін толық меңгермей, оқытушы-профессордың сапалы, нәтижелі қызметі болмайтыны зерттелім барысында белгілі болды.


МӘШҺҮР ЖҮСІП ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТҰЖЫРЫМ
Нарықтық қоғамға мойынсұнғысы келмейтін пенделердің пошымын Мәшһүр Жүсіп шығармашылығындағы «кедейлік» пен «байлық» ұғымдарынан табамыз. Мәселен, «Адам екі түрлі» деген өлеңінде дидактиканың ішіндегі философиялық тұжырымды аңғарамыз:

- Бірінші адам: өрік, мейіз ағашы сықылды жемісінен дүние жүзі баһра алады. (эзотерикалық деңгей)



Екінші адам: терек ағашы сықылды, отқа отын болғаннан басқаға жарамайды, түйіспейді. (экзотерикалық децгей)

Жезге мыс, күміске алтын үйлеседі, түйіспейді. метафора

Ақ марал жайылмайды қабанменен, түйіспейді эпитетті метафора, шарттылық

Бірге ұшпас бұлбұл қарға, тағарменен ...

Жұптық топтаманы адам сипатына қатысты алып, тұспалдап суреттеу арқылы бақытты болу және болмауы адам өз колында екеніне тұжырым жасайды. Автор сезімге беріліп, көркем сөздің ұйқасы мен ырғақ үйлесімін қуаламай, өмір сүру өрісінің мәніне ерекше назар аударады. Бұл тұжырым жалқаулар туралы айтқанында кедей болар кері кеткен, ұйқысы мол деген ұғымдармен тереңдей түсіп, дене қуатын бірінші кезекке қоятындардың жаны мен рухының кедейлік деңгейге түсіп, нәпсісін семіртіп, оның құрсауынан шыға алмай, заттық мағынадағы кедейлікке белшеден бататыны жайлы дәйекті сипаттарды өлең өрнегімен әсерлі бейнелейді. Сөзімізді дәлелдеу үшін өлеңге кезек берейік:

Кедей болар кері кеткен, ұйқысы мол;

Кедейліктің бір үлкен жерік асы, метонимия, шарттылық

Жаман қатын бар үйден үзбейді қедейлік қол

Айналдырған үш жолдан қанша мәнді, маңызды ой-түйін табамыз. «Кері кету», «ұйқыда» бағынышты кейіптеумен сипатталған тұтас «кедейліктің бір үлкен жерік асының» болуы «жаман қашынның» себебінен, жаман қатын бар үйден «кедейлік қол үзбейді». Өлеңдегі инверсия, кедейліктің адам кейпінде суреттелуі - ақынның тек жылтыр, әдемі, әуезді ұйқасқа әуестігі емес, терең ойдың, болашақ ұрпақтың нұр шапағына, құт сәулесіне, бақ болмысына өрлеуіне қозғаушы күш. Бұдан үлкен пайда келмек. Интерпретация жасап, әдебиет теориясының ішкі бөліктеріне жіктеп, студент санасына жеткізу абзал. Берілген тұжырымның дәлелдері төмендегідей жіктеледі:



Ергенексіз, жақтаусыз болады есік

(Күрделі ауыспалы мағынада)



Ортақ iшep тамағын ит пен күшік

(Күрделі ауыспалы мағынада)



Қазанынан қақпағы жыртық келіп,

Құлағының қақпағы болар тесік

(күрделі ауыспалы мағынада), т.б.

Өpбiгeн бұл дәлелдердің шарықтау iшeгi мына бip түйіндер:

Ләззат жоқ, бабы да жоқ, дәмі де жоқ,

Құрысын icmeгені төгіп, шашып.

Көңілім тамақ. iшin тоймақ түгіл,

Сол үйден әрең шықтым қадам басып.

Автор өлеңнің басында ауысу мағынасындағы сипатты қолданса, кейінгі жолдарда ic-қимылды тура мағынасында дәйекті фактілермен, құбылыс-көрінстерімен бере білген. Ең соңында автор қорытынды байлам жасайды:



Жырақ, жүр мұндайлардан алыс қашып,

Маңына жақын барма араласып.

Иіс, қоңыс, бу, түтін толып үйге

Отырсаң шыдай алмай мұрның басып...

Құдай-ау, ер жігітке қылма нәcin.

Автордың тілегі: «Ер жігітке нәсіп emneciн мұндай қатынды». Будан шығатын ой-түйін: үйдің, шаңырақтың Нұры, Құты, Ырысы, Берекесі - әйел. Егер жұбайы жалқаулық, пен еріншектің ұясы болса, ол үйден Hұp да, Бақ та, Ырыс та, Береке де, Дәулет те кетеді. Сор мен кедейлік мәғгілікке орнықпақ. Өлеңнің негізі мұраты - осындай өмip сүре білудің салиқалы философиялық ұстанымы.

Mәшhүp Жүсш кедейлікті шақыратын құтсыз, сұрқай қатынның сыртқы келбеті, надандық белгілерін саралап суреттейді:

Өкшесі етігінің мыжсырайып, метонимия

Сүйреткен шанадай ғып сүйреп басын.

Дастарқан, ыдыс-аяқ күйе-күйе,

Kip мен шаң, қоқыр, қоқым - түгел басып.

Miнe, бұл суреттен кедейлік шақырар қатынның тұла бойындағы жамандықтың нышандары жинақталып беріліп тұр. Ер азаматқа мұндай қатынды «нәciп ете көрме» деген ақынның қорытынды байламының болашақ үшін маңызы зор. Барлық өмip тынысы әйел затынан басталады. Өмip сүру сипатын дененің дамуынан тапқан әйелдің ортасына берер жан және рух қуаты жоқ. Олай болса, одан өрбіген ұрпақ та қайрат, опа жоқ, беркем,нәпсінің құлы, рухсыз.

Дененің басымдық рөлін сынайтын өлеңдердің 6ipi - «қалмады ойлай-ойлай басымда ми». Автор тыңдаушысының назарын аудару үшін алғашқы өлең шумағын сөз басы экспозициясына арнайды. Мұндай стильді Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығынан кездестіреміз. Мұның өзi ақынның тек сезім суретін, ассоциативті құбылыстарды, дерексіз ұғымдарды жеткізуші емес, кepiciншe, өлеңнен елге рухани нәр, шырын дарысын деген ниетті байқаймыз. Қабылдаушының тыңдармандық, ұғымпаздық әдістерін психология тілімен перцептивті және апперсепселі тәсілдермен меңгеруіне адын-ала әзірлік, қам жасайды. Содан кейін дене және жан-рух әлеміне ойлау, пайымдау түйіндерін жинақтап, одан әpi жалпы тұтас тұжырымдарын жеке-жеке саралап жіктейді.

Өлеңге құлақ түрсек, мына 6ip жіктеме тізіліп, жүйеленіп шығады:



Ойлайды өлмей, көп жас жасайын деп,

Залалдан ойламайды қашайын деп.

Бұнда өмipiн ұзарту әрекетінен әpi аспайтын, пайымы өте төмен адамның қылығы әшкереленеді. Аристотель іліміндегі катарсис (ол бойындағы залалды ic-әрекеттен тазару, ойша медитация жасау) мәселесіне Mәшhүp Жүсш ерекше мән береді. «Егер әркім эз бойын жаман харекеттен таза ұстаса, өмipi өз-өзінен ұзарады» деген пайым-тұжырымды нұсқау ретінде ұсынады. Енді осы тұжырымның даму үрдісі мына жолдарда айқындала түседі:



Әркім жеткен жерінде сенделіп жүр,

Ілгepi ойламайды басайын деп.

Бұл жолдардан мағынасыз ic-қимылдан аса алмайтын, болашағын болжай білмейтін, надандықтың құрсауынан құтыла алмайтын, жiгерсіз, даурықпа, бозөкпе, тоғышар, бәтуасыз адамның өмip сүру тәсілін суггестивті құбылыста бейнелейді.

Қаратпа сөз:

Ағыздым мен 6ip бұлақ көзін тауып, шарттылық

Мес қылып құлағынды толғанша құй.

Оқырманның назарын аударып алған автор жоғарыда келтірілген тұжырымды басшылыққа алады. Сөйтш, ол тұжырымды делелдейтін дәйекті айғақтарды үрдіс пен құбылыстың қосындысында алады.

Дәйекті дәлелдерді де астармен сипаттайды:

1. - Базарға келіп едін ат терлетіп ..., шарттылық,

Бос жүрсің әр нәрсеені тамаша етіп. Метонимия

Жастықта ұмтылып бақ iлгepi өтіп ...

2. - Қолыңа қармағанмен түк түспейді, метонимия

Қалған соң жастық қуат бойдан кетіп.

3. -Босқа ысырап жіберме келген кезді ...,

Ойлама кici екен деп жібергізді.

4. - Ғибрат ал атқан таң, мен батқан күннен, метонимия

Басыңа қайғы келсе, қапа болма ...

5. - Болмайды түн күндіз, күндіз түнсіз... эзотерика

6. - Түзу бас, тура жолдан теріс те аспа,

Бip істен пайда көрмей, залал тартсаң,

Бой бағып екіншілей аяқ баспа. метонимия

7. - Жатады ең түбінде шын асыл тас... эпитетті

метонимия

8. - Іске ұрын болатұғын жанға сая.

9. - Туралық әpкімгe ащы, тиер тынышсыз, метонимия

Сонда да болып үйрен тура сөзді.

10. - Дұшпан біліп қоймасын сырды десең,

Жан күйер досыңа да сырыңды айтпа !

11. - Өзіңнен дәрежесі артық жанмен,

Орынсыз тайталаспа сөзге келіп.

12. - Ғылым біл, жұмыс аузына ілініп бақ ...

13. - Өнермен жұрт аузына ілініп бақ ...

14. - Жұмсақ бол, жұғымды бол, болма қату. Метонимия

Өзіңді өзің қайғысыз қылам десең,

Пайдасыз қалмағайсың алу-сату.

15. - Һэмматсыз , нәмәрт асын жеп тойғаннан,

Бетімен өлген жақсы аштан қатып. Метонимия

16. - Мың түрлі жақсы мiнез көрсеңдағы

Kiciгe сыналмаған сенбегейсің. Метонимия

17. - Өзіңнен төмендіге мұқтаж болсаң,

Нәрсе жоқ бұл жалғанда онан қиын.

18. - Болғанмен пасық, болса кішіпейіл,

Соныдан менменсіген көп артық-ты.

19. - «Білем !» деп айтып қалып, біле алмасаң,

Зор ұят, бойыңа мін, өзіңе айып.

20. – Көрінбеген нәpcені аламын деп,

Айырылма қолыңдағы барлығыннан.

21. - Қолынан келер icкe болыспаған,

Болмайды онан асар жаман кici.

22. - Күле кipiп, күңірене шыққан жаман,

Тұрғайсың сыпайын деп әбден біліп.

23. - Іреуді дүние әдепке үйретпесе, метонимия

Оны үйретіп түзеуге әуре болма.

24. - Жақсы менен жаманнан үлгі алмаса,

Оны үйретіп оң жолға салу қиын.

25. - Ақымақты түзету қиын болар,

Насиқат, көркем айтқан жақсы сөзбен.

26. –Көп жаман қopғaн болмас жинауменен метонимия

Түзелмес ақылсыз жан сыйлауменен ...

Түзелер қорлықпенен, қинауменен.

27. - Үлгі үйрен жолдас болып нұсқалыға,

Көзің сал сөзді сөзге қосқанына.

Наданның өз басына қылған iciн,

Қылмайды ақылды адам дұшпанына.

28. - Мақтаулы жұрт аузында болам десең,

Бipeyдің ауызға алма жамандығын.

29. - Жамандыққа жақсылық мінез қылып, антитеза

Keшiрімді бола бер бәріне де ыңғайлы, eптi.

30. - Бейнетін бұ жалғанның іздемесең,

Iciнe басқалардың араласпа.

31. - Жынды деп жұрт айтпасын мені десең,

Көп қума бекер шаршап болмас істі.

32. - Қарайла, шамаң келсе, жолдасыңа,

Жолдасын epin жүрсе өз қасыңа.

33. - Сыналмаған сырғалаң бозға бола,

Айырылып қалма атыңнан сырластары.

34. - Жалғанда алданбайын деп ойласаң,

Жұмыспен әуре болма сыналмаған.

35. - Өз пердем жыртылмасын деп ойласаң,

Әрқайда сөз сөйлеме перде жыртып. Шарттылық

36. - Әр түрлі қылып пiкip, ойла сана,

Ғылым, білім іздесен болдың дана.

Шайтанның шамаң келсе сыңдыр белін, кейіптеу

Нәпсіңнің достық, айтқан алма тілін. Кейптеу

37. - Жаяу қыл нәпсіңді атқа мінгізбей бақ, кейптеу

Miнe қалса, жортқызып, желгізбей бақ. Шарттылық

Көз соңынан көңілді жүргізбей бақ. Кейіптеу

38. - Нәпсінің кім құтылар хайласынан, кейіптеу

Білімді зерек адам болам десең,

Қара өзіңді басқаның айнасынан. Метонимия

39. – Көңілге ұнамаса қылған ici,

Бip қадам сен де соған баспа табан. Синекдоха

40. - Айна қыл өзіңді-өзің түзетуге, метонимия

Бұ жүрген жақсы, жаман көп адамда.

41. - Айтыпты Лұқпан әкім өсиет қып,

«Мен білім үйрендім, - білімсізден!». Антитеза

42. - Өнерге өзіңді өзің ерте баулы...,

Араз боп еш адаммен болма даулы.

43. - Қaдipлi, халыққа сыйлы болам десең,

Қадірлеп жан біткенді жақсы сақта.

44. – Сөзіммен халқым амал қылсын десең,

Амал қыл өз сөзіңмен әуел өзің.

45. - Байғыздай өзіңді-өзің жургган кашыр, теңеу

Ішіңді аш қып, үніңді таудан асыр. әсерлеу

Түгел адам болуға талап қылсаң, шарттылық

Шала-шарпы жандардан сырың жасыр.

46. Ойласаң боламын деп халқыңа бас,

Қайын сал, қымыз сапыр, қайнат шайды, шарттылық

Жайдағы дастарқанды, қазаныңда ас.

47. - Дастарқан мен қазанға мырза болсан,

Teгic жақсы сен болдың жуық - жатқа.

48. - Сүйкімді бүкіл жұртқа болам десең,

Ешкімнен дүние сұрап аузыңды ашпа.

49. - Кісіден дүние алғаның - құл болғаның

Kipiптар өз-өзіңнен болып қалма.

50. - Аймағым көп болсын деп талап етсең,

Ренжітпе қол астына қарағанды.

51. - Ac iшiпe өз үйіңде ұрлап қана ...

Айырылып ал залалдыдан қорғап қана.

52. - Кісілігі жоқ жаманмен үйіp болма.

53 - Пайдасы көпке тисе, әне - кici,

Ұлғаяр өрге басып оның ici.

Kөpin отырғанымыздай, Мәшһүр Жүсіп оқытудың жобалау-аксиологиялық бағдарламасын дидактиканың философиялық негізіне шебер қиюластырып, болашақ ізгi жан үлгісін елу үш сипатта ойлау-пайымдау ic-қимылдарының сан-салалы реңдерін етістіктің болымсыз, шартты, көсемше, т.б. түрлерінде бepin отыр. Сәуегейлік пен философиялық қасиеттің негізгі тұғыры – жаңа белеске көтеріле түсу.

Олай болса, Mәшhүp Жүсіп шығармаларының негізгі мұратынан бүгінгі және болашақ оқытудың біртұтас жүйесін, жаңа заманға лайықты iзгi жан бітімін табу үлкен өнер, Өйткені, студент нұсқалы субъекті болуы үшін данышпан бабаның әр сөзіндегі мағынаға ден қоя білу қабілетін ширатып отыруы тиіс.

Жоғарыда берілген талдау рейтинг жүйесіне салынып, елу үш сипат сұрьшталып алынды. Берілген мәтінді парасаттамай, құр суылдатып жатқа айтудан ұтарымыз шамалы. Сол себепті рейтинг жүйесін оқытушылардың өздері алдын ала пішіндеп алады. Ол үлгіні студенттің қолына оқытушы ұстата салмайды. Студенттердің де елу үш сипатты дөп табуы үшін эвристикалы-зерделеу сұрақтары қойылады. Олар мыналар:

- Мәшһүр Жүсш Көпеевтің «К,алмады ойлай-ойлай басымда ми» өлеңінің экспозициясы, сөз басы қандай стильге негізделген, мұндай стильді кімнің шығамашылығынан кездестіреміз?

- өлеңнің рухани нәpi, шырыны қандай сипатта суреттеліп тұр?

- психолог-данышпан екендігін қалай аңғарамыз?

- пepцептивті, апперсепселі әдістердің маңызы мен ассоциативті құбылыстарды қалай бейнелеген?

- данышпан баба ойлау, қорытынды байлам жасау әрекеттеріне қандай қам жасайды?

- өлеңде дене (нәпci), жан, рух сипттары Абай шығармашылығындағы силлогизммен үндесе ме, үндессе салыстыра аласың ба?

- өлеңдегі жалпы құбылыстар мен тұтас тұжырымдарды жеке саралау қолыңнан келе ме?

- жалпы тұтас тұжырым не үшін өлеңнің басқа шумақтарында келген?

- адамды iзгi жан үлгісіне ынталандыру мақсатында автор қандай нұсқауларды жіктеп береді?

- аталған жалпы тұтас тұжырымдар жеке-жеке тізбеленіп, дәйекті үрдістерге қалай жіктеледі?

- жіктелген iзгi жан сипатын сандық көрсеткішпен, математикалық тәсілмен сұрыптап, даралайсың ба?

- өлеңнің теориялық деңгейі сипаттау еместігі екеніне келісесің бе?

- өлеңдегі негізгі етістіктерді жинап, формаларына ажыратып, әpбip ic-қимылды білдіретін етістіктерді топтастырып, олардың мән-маңызын ажырата аласың ба?

- Mәшһүp Жүсш Көпеевтің осы өлеңінен дидактиканың философиялық негізін табасың ба?

- бұл өлеңнен XXI гасырдың болашақ iзгi жанының құрылым-жүйесін сомдайсың ба?

- өлеңді ғаламдық деңгейде, өркениетті елдердің игі жандарын ғылыми-біліми тұрғыда дамыту үрдісне пайдалану мүмкіндігі бар ма?

- осы мұраттарға үндес келерлік түркі, шығыс, батыс елдері даналарының ой-тұжырымдарын аналитикалық принципте, салыстыру барысында талдай аласыз ба?

Адамның елу үш сипаты - дене, жан, рух дамуына қозғаушы күш. Бұл матрица – Мәшһүр Жүсіптің тек бip өлеңіндегі жобалау-аксиологиялық ізгі жанның пiшiнi. Егер адам өзін-өзі осы ұстаным шеңберіне бағдарлай алса, түгел адам, толық адам, имани гүлді меңгерген адам, дамыған адам дәрежесіне жетілетіні даусыз.

Жер асты, жер бeтi, ғарыштық ғаламның iшкі сырын адам өз мүмкүндігінде танитын дәрежеде еместігіне талай ғұлама-даналар өз еңбектерінде тоқталып кеткен. Абай Құнанбайұлының 38-қара сөзінде бұл пiкip «қиянатшыл адам - жарым адам» деген сипатпен келіп, Алланы, Ғаламды тануына жол ашылмайтыны қадай айтылады.

«Ғылым - Алланың бip сипаты» делінген тұжырымды да осы 38-қара сөзден кездестіреміз. «Хақиқат, хақикатқа ғашықтық та Алла» - бұны да аталған еңбектен танимыз. Miнe, осы тұжырымның -геомегриялық, астрологиялық, ғаламдық сырлардың даналар танымындағы тұжырымы мен қорытынды байламдары. Бұл байламдардың бip-бipiмeн түйсіп, үндесіп жатқанын аңғару қиын емес. Ал адамның өркениет мүддесіне өзін бағдарлай алатын болжам-аксиологиясының құрылым-жүйесін әуезді көркем сөз сапасында шебер қиюластырып өрнектесе, ол тұжырым-таным, болжам-аксиология ешқашан «өлмек» емес. Мәңгілік, «бақилық тіршілік» деген түсініктің өзі осыдан тумақ. Олай болса, «жұмақ», «тамұқ», «фәни», «бақи» сияқты исламият терминдерінің бүгiнгi тіршілік тынысына да әcepi мол. Дүмше молдалар репродуктивті, қайталау дәрежесінде намаз оқыса, оның ғылыми негізінен рухына нәр алмаса, барар жер түсінікті.

Мәшһүр Жүсіп осы өлеңіндегі берілген елу үш сипат адам санасына орнықса, ол тұжырымның иесін бақилыққа жетелері сөзсіз. Денесі өлсе де, рухы тipi. Асыл мұра, ата мұра қазынасына қосылар қордың бip бөлігі болмақ. Ғұламадан қалған асыл, гayhap бағамдар -болашаққа бағдар.

Қорыта айтсақ, Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығын түрлі-түрлі қырынан, таным деңгейінен зерделеп зерттесек, болашақа қажетті ұстаным-болжамдарды табарымыз хақ.

Волюнтаристік, тотальдық жүйеде адам деген данқты есімнің аяқ асты қалғаны белгілі. Нәтижесінде, адамдардың тұлғалық болмысы «солып», ел ғалымнан жаппай түңіліп, білім, ғылым таптаурын сүрлеуге түciп, қайшықты мәселелер көбейгені анық. Сөйтіп, «Адамтану», «Адамды сүю», «Адамды зерттеу», бip сөзбен айтқанда, антропология және логика ілімдері ғаламдық деңгейден қалыс қалды. Әр нәрсенің «жарылысының сәтін тос» демекші, дағдарыстың да шарықтау шeгi бар. Мұндай дағдарыстардың болуы – Мәшһүр Жүсіп секілді даналарымыз бен данышпандарымыздың болжам-аксиологиясын ғылыми айналымға енгізе алмауымыздың салдары.


: fulltext -> transactions
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті
transactions -> К. С. Ислям латын тілі мемлекеттік тілде оқитын студенттерге арналған оқулық
transactions -> МӘШҺҮр жүсіп қолжазбаларындағы ислам мәдениеті
transactions -> Оқулық Павлодар єож 372. 881. 151. 212. 2(075) бкк 81. 2 Ќаз т 87
transactions -> Аудармадағы аударылмайтын сөздер 050207 «Аударма ісі»
transactions -> МӘШҺҮР –ЖҮсіп көпеев шығармаларындағы төрт түлік малғА Қатысты заттық МӘдениет
transactions -> Мұса мырза (халық ауызында сақталған деректер бойынша)
transactions -> А. Х. Жакиянова Өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері
transactions -> Ұлттық ойындардың КӨмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру


1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет