ЭҚабж мо 13. 2 версия) Копия электронного документа



жүктеу 0.62 Mb.
бет1/3
Дата24.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
  1   2   3


15.09.2015 ЭҚАБЖ МО (7.13.2 версия) Копия электронного документа.




№ исх: 16-1-26/5939-И от: 15.09.2015

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы ____________

№ _______ бұйрығына

1-қосымша


««Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу

жағдайы бойынша және жасына байланысты

берілетін мемлекеттік әлеуметтік

жәрдемақыларды тағайындау»

мемлекеттік қызметтің стандартына

1-1-қосымша


Нысан
Ауданның коды _______________________

Қазақстан Республикасы

Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетінің _________________________ облысы (қаласы) бойынша

департаменті


Өтiнiш
Азамат (ша)__________________________________________________________

(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Туған күнi: ______ жылғы «___» ___________

Жеке сәйкестендіру нөмірі__________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: ____________________________

Құжаттың сериясы: ________ құжаттың нөмірі: ________ кім берген: _______

Берілген күні _______ жылғы «___» __________________

Тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы ______________________________

Облыс ____________________________________________________________

қала (аудан) ________________________________ауыл___________________

көше (шағын аудан) ______________________ үй ________________ пәтер

Банк деректемелері:

Банктің атауы ______________________________________________________

Банк шотының №

Шот түрі: ағымдағы _____________ карта шоты _________________________

(қажетінің асты сызылсын)

Маған ____________________________________________________________
(мүгедектігі бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы, еңбекке қабілеттілігін жоғалту бойынша әлеуметтік төлем, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы) тағайындауды сұраймын.

(қажетінің асты сызылсын)


Ескертпе:

Бұрын төлемдер басқа негіздер бойынша немесе басқа ведомстводан тағайындалды/тағайындалған жоқ (қажет емесі сызылып тасталсын).

Бір уақытта әртүрлі мемлекеттік жәрдемақылар алуға құқығым болған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз қалауым бойынша олардың біреуін ғана алуға құқығым бар екені хабарланды.

Төленетін әлеуметтік төлем төлемдері мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Орталық бөлімшесіне 10 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.

Орталық бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығы үшін құқықтық жауапкершілікті көтеремін.

Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:




Р/с№

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1










2









Төлемді тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау жөнінде ұялы телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабардар етуге келісім беремін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ХҚО арқылы алған жағдайда, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келісім беремін.

Өтініш берушінің байланыс деректері:

үй телефоны __________ ұялы телефон ___________ Е-mail _____________

өтініш берген күні: 20__ жылғы «___» __________

өтініш берушінің қолы _______________________

Азамат ___________________________

өтініші № _____________ болып тіркелді.

құжаттар қабылданған күн 20__ жылғы «___» __________

__________________________________________________________________

Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және қолы

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _

(қию сызығы)

_______ өтініші қоса берілген құжаттармен №___________ болып тіркелді, өтінішті тіркеген күн: 20__ жылғы «___» _______________

(көрсетілетін қызметті алу күні өтінішті Орталық бөлімшесінде тіркеген күннен бастап): 20__ жылғы «___» _____________

      Әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжаттың (құжаттардың) жоқ екені анықталған жағдайларда, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұзартылады.

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және қолы

Төленетін жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Орталық бөлімшесіне 10 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.

Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілдім ____________________________________

__________________________________________________________________

өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және қолы

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы ____________

№ _______ бұйрығына

2-қосымша
Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі №279

бұйрығына

8-қосымша


      

«Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер


тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан
айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты
табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты
табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне
байланысты табысынан айырылу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер

      1. «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).


      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:


      1) асыраушысынан айырылу әлеуметтік тәуекел жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындауға алғаш рет жүгінген жағдайда – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ЗТМО)

3) көрсетілетін қызметті беруші – еңбек ету қабілетінен айрылу бойынша әлеуметтік тәуекелді тағайындауға алғаш рет жүгінген жағдайда;

4) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары – жұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік тәуекелді тағайындауға алғаш рет жүгінген жағдайда;

5) жұмысынан айырылған жағдайда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемін тағайындау туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.





  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

     4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) ЗТМО-ға, ХҚО-ға, көрсетілетін қызметті берушіге, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, сондай-ақ порталға (жұмысынан айырылған жағдайда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемін тағайындау және жұмысынан айырылған жағдайда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемін тағайындау үшін) жүгінген кезде – құжаттардың топтамасын ЗТМО-на тіркелген сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні;
      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі іс материалдарын жете ресімдеу қажет болған жағдайларда:

      ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру немесе қосымша құжат (құжаттар) сұрату үшін қажеттігіне қарай – 30 (отыз) жұмыс күніне ұзартылады, бұл ретте, егер құжаттар жете ресімделсе, мемлекеттік қызмет қосымша құжатты (құжаттарды) ЗТМО-ға, ХҚО-ға ұсынған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні көрсетіледі. ЗТМО немесе ХҚО қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушіні 5 (бес) жұмыс күні хабардар етеді.


     ХҚО-на, көрсетілетін қызметті берушіге, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жүгінген кездегі күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты ЗТМО-да, көрсетілетін қызметті берушіде, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарында – 30 минут, ХҚО-да – 15 минут;


      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты ЗТМО-да, көрсетілетін қызметті берушіде, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарында – 30 минут, ХҚО-да – 20 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз және (немесе) электрондық (толық автоматтандырылған) түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 236 (бұдан әрі – № 236 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11224 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша әлеуметтік қатер жағдайларына әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

      Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз және (немесе) электронды түрінде.

Қызметті қағаз жүзінде алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қызмет берушінің өкілетті тұлғасының ЭЦК расталған электрондық нысанда рәсімделеді.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) ЗТМО-да – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;

      2) ХҚО-да – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады.

3) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

4) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының – www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде орналастырылған.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

5) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Көрсетілетін қызметті алушы жұмысынан айырылған жағдайда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемін тағайындау және жұмысынан айырылған жағдайда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемін тағайындауға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

           9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:


      ЗТМО-да:

      еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін:


      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) – жеке басын сәйкестендіру үшін қажет;

      2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімнің анықтамасы);


      3) жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеуді растайтын құжат;
      4) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттың нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы құжат;

Көрсетілетін қызметті берушіге:

Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі алғаш рет белгіленген кезде көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау үшін 1)-4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

ЗТМО-да немесе ХКО:

асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін:
      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) – жеке басын сәйкестендіру үшін қажет;

      2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімнің анықтамасы);


      3) асыраушының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе соттың адамды хабар-ошарсыз кетті деп танылғаны туралы немесе қайтыс болды деп жариялағаны туралы шешімі;

      4) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарды растайтын құжаттардың, неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы, қайтыс болған асыраушының балаларының туу туралы, асырап алу туралы куәліктері;


      5) № 236 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша отбасы мүшелерi күндізгі оқу нысанында білім алатын оқушылар немесе студенттер болып табылатыны туралы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарынан алынған анықтамалар (жыл сайын жаңартылады);
      6) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттың нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы құжат;
      он сегiз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары, оның iшiнде асырап алған балалары, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi мен немерелерi бала кезiнен І немесе ІІ топтағы мүгедектер деп танылған жағдайда – «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама;

      балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу жағдайында балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді растайтын құжат;


      жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін:
      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) – жеке басын сәйкестендіру үшін қажет;

      2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімнің анықтамасы);


      3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жұмыспен қамту орталығының жұмыссыз ретінде тіркегені туралы анықтамасы;
      4) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттың нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы құжат;

«Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына:

Жұмыссыз адам ретінде тіркелген кезде көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауға 1)-4) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынады.

ЗТМО-да:
      жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін:


      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) – жеке басын сәйкестендіру үшін қажет;

      2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімнің анықтамасы);


      3) жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары);
      4) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айдағы табысы туралы осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыс орнынан берілетін анықтама (анықтамалар);

      5) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттың нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы құжат;


      өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін қосымша:
      1) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      2) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін қосымша – нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу ережелеріне  17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кіріс органдары берген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салыстырып тексеру актісі;

      бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау үшін:


      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) – жеке басын сәйкестендіру үшін қажет;
      2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімнің анықтамасы);
      3) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;
      4) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттың нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы құжат;
      бір жасқа толмаған баланы (балаларды) асырап алған жағдайларда – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінің үзіндісі;
      балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу жағдайында балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді растайтын құжат ұсынылады.
      Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбадан үзіндіні (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты, жалпы еңбекке қабілеттілігін жоғалту дәрежесін белгілеуді растайтын құжатты, мүгедектік туралы анықтаманы, қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжатты, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу туралы куәлікті, неке қию туралы куәлікті (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жұмыссыз ретінде тіркегені туралы анықтамасын ұсыну талап етілмейді.

Порталға:

жұмысынан айырылған жағдайда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемін тағайындау үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін портал арқылы өтініш;

жұмысынан айырылған жағдайда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемін тағайындау туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жұмыссыз ретінде тіркегені туралы анықтамасының, банктік шот нөмірі туралы мәліметтерін, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбадан үзіндіні (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжаттың мәліметтерін жұмысынан айырылған жағдайда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

ЗТМО, ХҚО көрсетілетін қызметті беруші, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.


      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:

ЗТМО-да көрсетілетін қызметті берушіде, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарында – тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі;

ХҚО-да:

      1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні:



      2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
      3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде:
     ЗТМО-да, көрсетілетін қызметті берушіде, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарында – өтініштің үзбелі талонының негізінде – өтініштің үзбелі талонының негізінде;

      ХҚО-да – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде беріледі.


      ЗТМО көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы көрсетілетін қызметті алушыны қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат немесе ЗТМО, көрсетілетін қызметті беруші, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары қызметкері 4- қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді.


  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
    көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
    адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және
    (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне
    (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ЗТМО, ХҚО және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, ХҚО, ЗТМО не Министрлік басшысының атына, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары басшысының (ары қарай – әкім) атына шағым беріледі.

     Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, ЗТМО немесе Министрліктің не Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері (ары қарай – әкімдік) кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, ЗТМО немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.


      ХҚО қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚО басшысының атына беріледі. ХҚО кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелері мен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.


  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
    нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын
    өзге де талаптар

      13. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414» Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды ХҚО қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.


      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) Министрліктің – www.mzsr.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;

2) ЗТМО – www.gcvp.kz;

3) ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету статусы туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы «1414» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91.

«Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына
әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке 
қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу,
жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға
байланысты табысынан айырылу, жаңа туған
баланы асырап алуға байланысты табысынан
айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның
күтіміне байланысты табысынан айырылу» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша      

           

                                                                Нысан
Ауданның коды ____________________
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
__________________ облысы (қаласы) бойынша департаменті
Өтініш
Азамат (ша) _________________________________________________________
         (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))
Туған күні ____ ж. «__» ______________
Жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН): ___________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі ________________________
Құжаттың сериясы ________ Құжаттың нөмірі _________ Кім берген ______
Берілген күні ____ ж. «___» __________
Тұрғылықты жері туралы мәлімет: _____________________________________
Облыс _______________________________________________________________
қала (аудан) _________________________ауыл __________________________
көше (шағын аудан) __________________________ үй, ___________ пәтер
Банк деректемелері:
Банктің атауы _______________________________________________________
Банк шотының № ______________________________________________________
Шот түрі: ағымдағы __________________ карта шоты ___________________
                          (қажеттінің асты сызылсын)
Маған _______________________________________________________________
(еңбек ету қабілетінен айырылу* жағдайына, асыраушысынан айырылу жағдайына*, жұмысынан айырылу жағдайына, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді – қажеттісі жазылсын) тағайындауды (үлес бөлуді, қалпына келтіруді) сұраймын.
      Отбасының құрамы туралы мәліметтер (асыраушысынан айырылу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда толтырылады):
1) __________________________________________________________________
2) __________________________________________________________________
3) __________________________________________________________________
4) __________________________________________________________________
5) __________________________________________________________________
6) __________________________________________________________________
7) __________________________________________________________________

(«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21, 22, 23, 23-1 баптарына сәйкес құжаттар ұсынылады)

Өзге отбасында (қайтыс болған адамның) балалары бар: ия/жоқ (қажетсізі сызылсын).

Әлеуметтік төлем мөлшерінің өзгеруіне алып келетін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің, (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету) сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне 10 жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығы үшін құқықтық жауапкершілікті көтеремін.

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:



Р/с №

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

























           Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
      Өтініш берушінің байланыс деректері:
телефоны ____________ ұялы телефоны ____________ E-mail_______________
Өтініш берген күні: 20 ____ ж. «____» ______________
Өтініш берушінің қолы ___________________
Азамат ___________________________ өтініші № _____________ тіркелді. Құжаттар қабылданған күн _______________
___________________________________________________________________
                          (қию сызығы)
__________________________________________________ өтініші қоса
берілген құжаттармен қабылданды, өтінішті тіркеген күн: 20 ___ ж. «___» _______________
______________________________________әлеуметтік төлемді тағайындауға қажетті құжаттың (құжаттардың) жоқ екені анықталған жағдайларда, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұзартылады
____________________________________________________________________
        құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты
                 (ол болған кезде), лауазымы және қолы

__________________әлеуметтік төлем мөлшерінің өзгеруіне алып келетін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің, (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету) сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне хабарлауға міндеттенемін.

Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілдім ____________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және қолы)


: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Әжем осындай адам
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты ХХ ғасыр мәдениеті дамуының негізгі тенденциялары
2015 -> Олимпиада по предмету «история казахстана» 5 класс тест
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Шоқан Уалихановтың ағартушылық идеялары. (1835-1865)
2015 -> Разработка и паспортизация новых туристических маршрутов по Республике Дагестан в рамках реализации Международного историко-культурного проекта стран СНГ и Китая «Великий шелковый путь»
2015 -> "Вклад арабских ученых в развитие науки в средние века"
2015 -> Тест тапсырмалары Ерте темір дәуіріне шолу Ерте темір дәуірінің кезеңі
2015 -> Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Қазақ тіліндегі ресми іс-қағаздары Басқару, ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар. Оған төмендегідей құжаттар жатады үкім, өкім


  1   2   3


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет