Ә.Қайдар ұсынған қазақ терминологиясының принциптері жөнінде



жүктеу 51.86 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі51.86 Kb.
Ә.Қайдар ұсынған қазақ терминологиясының принциптері жөнінде

Термин белгілі бір ғылыми принципке негізделеді. Өйткені алдымен принцип түзіліп алынбай, терминнің қалай жасалу керектігі айқын бола қоймайды. Осыдан келіп терминжасам процесінде кемшіліктер, қиыншылықтар туындап отырады. Сондықтан, ондай іс-әрекеттердің алдын алу, болдырмау үшін міндетті түрде оның принциптері анықталады.

Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздігін жариялаған уақыттын кейін мұндай принип негізінен жасалып, ұсынылды. Оны ұсынған академик Әбдуәли Қайдар болатын.

Ә. Қайдарға дейін қазақ терминологиясын қалыптастырудың ғылыми принциптерін профессор Қ. Жұбанов сөз еткені мәлім. Әйтсе де Құдайберген Жұбанов жасалған принциптер қазіргі уақыт талабына толықтай сай келеді деп айтуға болмайды. Бірақ ол өз кезеңі үшін құнды болды. Ал Ә. Қайдар ұсынған тұжырымдар, заман талабына сай негізделген тың принциптер.

Академик Ә.Қайдар алғашқы принципке « Егеменді ел, тәуелсіз мемлекеттің басты белгілерінің бірі- мемлекеттік тіл десек, оның негізгі тіректерінің бірі- терминологияны жан-жақты дамытуға, реттеуге, қалыптастыруға, кеңінен қолдануға сол мемлекеттің өзі қамқорлық жасау керек дегенді айтады». Шыныда да, егер терминологияны жетілдіреміз, терминдерді ұлттық негізде жасап, қалыптастырамыз дейтін болсақ, онда білікті, білімді ғалымдар мен кәсіби мамандардан құралған мемлекеттік терминология комиссиясы құрылуы және оған мемлекет тарапынан тарапынан қамқорлық жасалуы қажет. Солай еткенде ғана жұмыс дұрыс жолға қойылып, шешімі табылмай отырған мәселелер оң нәтиже берері сөзсіз. Әрине, бұл жөнінде кейінгі жылдары аз айтылмағаны белгілі. Нәтижесінже қазіргі кезде Мемтерминком құрамы жаңарып, онда белгілі ғалымдар, мамандар жұмыс істей бастады. Мемтерминком жұмысы әр тоқсан сайын тұрақты түрде өткізіліп тұратын болды. Және соның кезінде көптеген ұлттық терминдер көпшілік қауымға Астана қаласынан шығып тұратын «Терминологиялық хабаршы» және республикалық газеттер арқылы таныс болып жүр. Ал мұның өзі істің бұрынғыға қарағанда көп ілгері жылжығанын көрсетесе керек.

Мұнан кейін ғалым салалық терминдер мен атаулар жаңадан жасауда, өзгертуде, ауыстыруда ең алдымен қазақ тілінің төл және бұрыннан қалыптасқан байырғы лексикалық байлығын сарқа пайдаланудың қажеттілігі жөнінде сөз қозғайды.

Яғни, бұл принципке Ә. Қайдар негізінен термин жасауда ішкі мүмкіндіктерді, атап айтқанда: диалектизмдерді, кәсіби лексиканы, көнерген сөздерді , сондай-ақ синтетикалық, аналитикалық сөз жасам тәсілдерін пайдалануды ұсынады. Осыған қарай соңғы жылдары дилектизмдер термин жасаудың бір көзі ретінде жиі жұмсала бастады. Мысалы, егемен, құжат, үрдіс т.б. Міне, осылай сөздік қорымызды жергілікті халық тілі негізінде молайтуды көздеу терминдердің ұлт тілінде қалыптасуына мүмкіндік береді. Көнерген сөздер де терминжасам процесінде үлкен маңызға ие.

Академик Ә.Қайдаров жалпы халықтық тілдің қойнау-қойнауларына көненің көзіндей сақталып, мағынасы күңгірттеніп, ұмыт болған, қолданыстан қалып, басып жатқан көнерген сөздер де аз емес. Оларды тірілтіп, жаңартып, тіл қажетіне жаратуға әбден болады,- дей келе, мысал ретінде мынадай әскери терминдерді келтіреді: жасақ, түмен, бұраңғар,бүйрекші, шерік, шеру, иелме, аламан, алай, атарман ,шабарман, ондық, жүздік, мыңдық, найза, жалаңқат, өаттау, көбе, жебе, жекеауыз, сардар, самқал, сапы, сүмбе, топ, оқшантай т.б. Автор: «көне деп шошына берудің қажеті жоқ. Өйткені сөздің бәрі көне. Оны жаңа қылып ұстау өзімізге байланысты-деп ойын нақтылай түседі».

Тілімізде бұрын қолданып, кейіннен «көнерген», «ескірген» деп танылған көптеген сөздер соңғы жылдары сол бұрынғы мағынасын қайта жаңартып, термин ретінде қолданылып отыр. Мұндай сөздер қатарына кеңес, жарғы, жарлық т.б терминднрді жатқызуға болады.

Ішкә терминжасам көздері осы айтылғандармен ғана шектеліп қоймайды. Олардың бұлардан басқа көбінесе қолданылатын сөзге жұрнақ жалғау, сөздерді біріктіру, тіркестіру сияқты тәсілдері бар дедік. Олардың ішінде ұлт тілінде термин жасауда жұрнақтар арқылы мынандай терминдер қалыптасты: жарлық, жалдаушы, демеуші, тіркеуші, мердігерлік, келісім, айтылым, оралман, көрермен, жазылу, жекешелендіру, нұсқау, тіркеу, деміпке, бөртпе, ерігіш, қойылтқыш, реттегіш т.б . Айта кетерлік нәрсе соңғы кездері термин жасауда –шы,-ші,-лық,-лік,-у,-ым,-ғыш,- гіш,-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе,-ман,-хана сияқты жұрнақтар өнімділік танытып жүр.

Кемінде екі сөздің бірігуінен әнұран, елтаңба,тікұшақ, мейірбике, көкбауыр, басқосу, дерттану т.б терминдер жасалып, қолданыс табуда.

Термин жасаушы көздердің енді бірі- сөздердің тіркесуі арқылы болады. Бұл тәсіл арқылы да кейінгі жылдары бірқатар терминдер қалыптасқанын айта аламыз: шағын кәсіпорын, ортақ валюта, қопаралыс толқын, валюталық бағам, валюталық келісім, есеп айырылу, қаржы бөлу, іс жүргізу, ішкі шағылысу,ортақ қаржыландыру т.б.

Демек, тіліміздің ішкі мүмкіндіктерін жатырқамай, бірақ орнымен қолдана беру тиімді бомақ. Ондай, сөздердің кейбіреулері алғашқыда құлаққа ерсілеу естілуі мүмкін, әйтсе де күнделікті бірізді қолдану нәтижесінде олар да үйреншікті терминдерімізге айналары анық.

Ә.Қайдар термин шығармашылығында мұнан кейін туысқан түркі тілдерінің озық тәжірибелерінен, терминдік өрнек- үлгілерінен, оңтайлы да үйлесімді сөз жасау модельдерінен мүмкіндігіне қарай пайдалану қажеттілігіне тоқталады. Осыны айта келе ғылым мәселен, Түркиямен қарым-қатынастың кейінгі кезде күшеце түсуіне байланысты қазақ тілінен түркі терминдерінің алғашқы «қарлығаштары» көріне бастады. Соның бірі; «Егемен Қазақстан» газеті қолданылып жүрген шақ (самолет) – түрікше «учак» болса, екіншісі әуе алаңы (аэропорт)- түрікше хаваала» ы-деп сөзін мысалдармен дәлелдеп көрсетеді (1,21). Расында да егер ұлт тілінде термин жасау барысында өз тілімізден сол терминнің мағынасына сай келетін сөз табылмай жатса, ондай терминді түбі бір тілдерден алуға әбден болады. Себебі, олар мағынасы жағынан босын, не дыбысталуы жағынан болсын сәйкес келіп жатады.

Сондай-ақ келесі тұжырымдамасында ғалым екі түрлі нәрсені баса айтады: бірі- халық аралық терминдерді мүмкін болғанша қазақша аударып беруге болатындығы, екіншісі аударуға келмейтіндерін бұрынғыдай сол қалыпында емес, қазақ тілінің фонетикалық және морфологиялық ерекшеліктеріне икемдеп қабылдау, яғни дыбысталуы мен тұлғаланыуы жағынан қазақша етіп ұсыну қажеттігі.

Шет тілі терминдерін алуда соңғы жылдары қоғамда екі түрлі көз қарас қалыптасқаны белгілі. Олардың бір тобы халықаралық терминдерді аудармай сол күйінде қабылдайық, егер халықаралық терминдерді аударып алатын болсақ, онда ғылым дамымай қалады дегенді айтса, екінші бір топ, керісінше халықаралық терминдерді түгелдей аударып, не болмаса үндестік заңына бағындырып алуды қолдайды.

Ал академик Ә. Қайдаров халықаралық терминедерді аудармай сол қалпында алу керек дегенге өзінің келіспейтіндігін білдіреді. Автор: «тіл тілдердің арасында ортақ интерноционализмдер» болмаса немесе аз болса ғылым дамымайды, ғылыми қарым қатынас үзіледі деп байбалам салудың бәрі бекер. Жер жүзіндегі терминдік ұғымдардың бәрін шет тілі сөздері арқылы емес, өз тілінің негізінде меңгеріп ғылым мен техниканы дамытып отырған қытай, жапон т.б халықтарды біз жақсы білеміз”- дейді.

Бұл өте құптарлық жай. Себебі, шынында да, әр бір ұлт терминдерін өз тілінде жасауға ұмтылуы, ұмтылып қана қоймай оны іске асыруы қажет. Сона ғана олардың тіліне деген жанашырлығы, құрметі байқалмақ. Бірақ ұлт тілінде термин жасаудың жөні осы екен деп кез келген сөзді қолдана беруге болмайды.Олардың мағынасының сай келу жағына баса назар аудару тиіс. Яғни, бұл жерде айтпақ ойымыз халықаралық терминдерді мүмкіндігінше аудару, аударуға көнбей жатқандарын өз тілімізге икемдеп алу, ал егер оған да көнбей жатса оған сәтті балама табылғанша сол күйінде қалдыра тұру.



Бір айта кетерлік нәрсе дыбыстық өзгерістерге түсіру барысында, яғни не біріңғай жуан, не біріңғай жіңішке ету үшін бұл өзгерістерді бейберекет жасай алмаймыз. Бұл деген сөз оларда сол түпнұсқадағы терминдердің тілдік ерекшелігіне орай негіздеуді білдіреді. Яғни, орыс тіліндегі санаулы дауысты дыбысты қазақ тіліндегі белгілі бір тәртіппен, белгілі бір жүйеде сәйкестендіру қажеттілігі туады. Біз мұндай жүйлеу фонетикалық варианттары пайда болады.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
publications -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
publications -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
publications -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
publications -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> О. Сүлейменов өткен ғасырдың 1960 жылдары Қазақстанның ақындық және жалпы мәдени өміріндегі феноменальді құбылыс. Өлеңдерін орыс тілінде жазған қазақ ақыны Одақ көлемінде тез арада танымалдылыққа қол жеткізді
publications -> Жамбыл жырларындағы батырлар бейнесі Айтбаева Айман Ералықызы ф.ғ. к., доцент Шыңғысханқызы Аружан к-13-1 оқу тобы студенті Қорқыт ата атындағы ҚМУ




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет