Әдістемелік нұсқаулық астана



жүктеу 0.49 Mb.
бет1/3
Дата27.06.2016
өлшемі0.49 Mb.
  1   2   3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫНА ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ

БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ

_______________________________
Әдістемелік нұсқаулық

АСТАНА

2013

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫНА ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ

_______________________________


Әдістемелік нұсқаулық

АСТАНА


2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген

Пікір жазғандар:

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.И.Омарбекова

Астана қ. №32 «Балдәурен» балабақшасының меңгерушісі Г.Қ. Ысқақова

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын енгізу: әдістемелік нұсқаулық. – Астана, 2013. – 32 б.

Әдістемелік нұсқаулық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын енгізу бойынша бірыңғай талаптар және практикалық ұсыныстармен қамтамасыз етуге бағдарланған және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие сапасын және педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі педагог қауымға, педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған.

«Мектепке дейінгі балалық шақ

республикалық орталығы», 2013


КІРІСПЕ
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің инновациялығы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына себін тигізетін жаңа технологияларды мақсатты ендіруінде болып табылады.

Педагог пен баланың өзара әрекет етуі жүзеге асырылатын оқытудың интерактивті әдістерін қолдану барынша маңызды бола бастады.

Осы нұсқаулық мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының әртүрлі қызметтерінде интерактивті, инновациялық әдістерінің ерекшеліктері туралы білімнің қалыптасуына, өзара әрекет ету субъектілерінің өзара бағытталған белсенділігіне, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағдарланған.

Әдістемелік нұсқаулық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын ендіру бойынша бірыңғай талаптар және практикалық ұсыныстармен қамтамасыз етуге бағдарланған және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие сапасын және тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.



Міндеттері:

  • мектепке дейінгі ұйымда инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану арқылы тәрбие және білім беру жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктеріне талдау жасау;

  • инновациялық технологияларды қолдану арқылы мектепке дейінгі ұйымда білім беру үдерісін жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

  • мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын ендіру қажеттілігін негіздеу;

  • мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын ендіру процедуралары туралы түсініктеме беру;

  • мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбие және білім беру үдерісінде заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын қолдану аясында тәрбиешілер мен педагогтардың кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру: мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері мен педагогтарында әртүрлі қызмет түрлерінде (ойын, танымдық-зерттеу, коммуникативтік, еңбек және т.б.) мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасаудың заманауи интерактивті нысандары туралы біртұтас білім қалыптастыру;

  • мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісінде интерактивті нысандарын (диалогтық технологиялар, ТРИЗ технологиялары, денсаулық сақтау технологиялары және т.б.) қолдану дағдыларын дамыту;

- мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында мектеп жасына дейінгі балалармен интерактивті өзара әрекет ету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыру;

- мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында өзіндік білім алу қажеттілігін қалыптастыру.


БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН

ЕНДІРУ КЕЗЕҢДЕРІ
Әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануға байланысты білім берудің барлық жүйесін жаңғырту үдерісі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруға жоғары талаптар қояды, осы үдеріске жаңа, барынша тиімді психологиялық-педагогикалық тәсілдемені іздеуді қарқындатады.

Қоғамның заманауи даму сатысында инновациялық үдерістер, бірінші кезекте, баланың әлеуетті қабілеттіліктерін ашудың бірінші деңгейі ретінде мектепке дейінгі білім беру жүйесіне әсер етеді. Мектепке дейінгі білім берудің дамуы, жаңа сапалы деңгейге өтуі инновациялық технологияларды дайындаусыз мүмкін емес.

Инновациялар бала тұлғасына, оның қабілеттіліктерін дамытуға бағдарланған педагогикалық практикада қолданылатын жаңа әдістерді, нысандарды, құралдарды, технологияларды анықтайды. Қазақстанның заманауи даму сатысында білім беру үдерістерінде өзгерістер орын алуда: мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі педагогтардың назарын балалардың шығармашылық және интеллектуалдық дамуына, эмоционалды-еріктік және қозғалыс аясын түзеуге бұра отырып, білім беру мазмұны күрделене түсуде; дәстүрлі әдістердің орнын баланың танымдық дамуын белсендіруге бағытталған тәрбие мен оқытудың белсенді әдістері басуда.

Мұндай өзгермелі жағдайда мектепке дейінгі білім беру педагогтарына балалардың дамуында интерактивті тәсілдемелердің көп түрлілігіне, заманауи технологиялардың кең таңдауына бейімделе алуы қажет. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту құрылымына мемлекеттік талаптар және білім беру саясатындағы инновациялық үрдістерді талдау негізінде инновациялық әдістемелік қызметті дамыту технологиясын жобалауға және іске асыруға жаңа тәсілдемелер ұсынылды.

Қазақстанның заманауи білім беру саясатының білім беру парадигмаларының ауысуымен, жаңа педагогикалық технологияларға өтуімен сипатталуы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың дара-шығармашылық нысандар мен әдістерге бағдарлануы мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі тәрбиешілері мен педагогтарының инновациялық әдістемелік қызметінің маңызын арттырады.

2.1. Білім беру бағдарламалары мен технологияларды ендіру кезеңдері

- дайындық (мотивациялық-ұйымдастырушылық),

- негізгі (ендірушілік);

- соңғы (қорытындылаушы).



Дайындық кезеңі (мотивациялық-ұйымдастырушылық).

Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды қолдану бойынша педагогикалық ұжымның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін зерттеу.

Міндеттері:

  • «Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық педагогикалық технологиялар» диагностикасын жүргізу; мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану ерекшеліктеріне талдау жасау;

  • инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану бойынша жетекші педагогикалық тәжірибелер мен ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі мәселелердің жағдайын зерттеу.

Жұмыс мазмұны:

- «Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық педагогикалық технологиялар» диагностикасын жүргізу материалдарына талдау, қолданылатын технологиялар жұмысының ерекшеліктерін анықтау және әртүрлі жас топтарында туындайтын қиындықтарды, мәселелерді шешу жолдарын айқындау;

- ғылыми-әдістемелік жұмысты, мектепке дейінгі ұйымдар (әдістемелік, техникалық, кадрлық) жағдайында инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану мәселелері бойынша басқа мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс тәжірибелерін талдау;

- инновациялық педагогикалық технологиялар бойынша қолда бар әдістемелік материалдарға талдау жасау.
Негізгі кезең (ендірушілік)

Мақсаты: тәрбиеленушінің шығармашылық және интеллектуалды қабілеттіліктерін дамытуда инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану үшін жағдайлар жасау, мектепке дейінгі ұйым педагогтарының қабілеттері мен дағдыларын дамыту.

Міндеттері:

- мектепке дейінгі ұйымдардың материалды-техникалық базасын нығайту және жетілдіру; мектепке дейінгі ұйымдарда әртүрлі әдістемелік шараларды қолдану арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру; педагогтардың мониторинг нәтижелерін практикалық қызметте қолдану қабілетін дамыту;

- инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану мәселесі бойынша педагогтар арасында тәжірибе алмасу жүйесін ұйымдастыру;

- педагог пен балалардың бірлескен іс-әрекетінде инновациялық педагогикалық технологиясын қолдану арқылы олардың өзара әрекет ету үлгісін өзгерту.

Жұмыс мазмұны:

- инновациялық педагогикалық технологияны зерттеу және жүйелендіру;

- оларды мектепке дейінгі ұйымдарда қолдану мүмкіндіктері мен келешегін шынайы бағалау;

- инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану үшін қажетті жабдықтар мен материалдарды сатып алу;

- педагогтардың түрленген қызметін қалыптастыруға және оны мектепке дейінгі ұйым тәжірибесіне ендіруге бағытталған байқауларға қатысу, әртүрлі әдістемелік шараларды – педагогикалық кеңестерді, педагогикалық оқуларды, кеңес берулерді, шеберлік-класс, семинар-практикум, ашық шараларды өткізу;

- әртүрлі қызмет түрлерін инновациялық педагогикалық технологияларды қолданумен интеграциялау;

- педагогтардың кәсіби және өзіндік дамуы.


Соңғы кезең (қорытындылаушы)

Мақсаты: педагогтар мен балалардың бірлескен іс-әрекетінде инновациялық педагогикалық технологияларды қолданудың тиімділігін қорытындылау.

Міндеттері:

- мектепке дейінгі ұйым педагогтарының инновациялық педагогикалық технологияны қолдану бойынша өздерінің іс-әрекет нәтижелерін бағалаудағы рефлексиясын жүргізу;

- мектепке дейінгі ұйым педагогтарының педагогикалық тәжірибелерін жүйелеу және жалпылау;

- инновациялық педагогикалық технологияны қолданумен мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің диагностикасын, түзеуін, реттеуін қамтитын бақылау жүйесін дайындау;

- педагогикалық үдерістерде инновациялық технологияларды тұрақты қолдану.



Жұмыс мазмұны:

- инновациялық педагогикалық технологиялар бойынша педагогтардың тәжірибелерін жалпылау;

- «Жұмыста инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану» диагностикасын жүргізу;

- мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану бойынша педагогтардың қызметіне талдау жасау;

- инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану бойынша жұмыс бағдарламалары мен ұсыныстарын жасау;

- балалармен жұмыс жасау кезінде тиімді инновациялық технологияларды белсенді қолдану;

- педагогтардың шеберлігін жетілдіру, жұмыс тәжірибесін басқа мектепке дейінгі ұйымдарға тарату.


Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық кадрларының кәсіби қызметінде келесі технологияларды қолдану ұсынылады:


  1. Дамыта оқыту технологиясы (Д. Б. Эльконин В. В. Давыдов жасаған бұл технология әрбір баланың индивидуалды танымдық іс-әрекетін дамытуына, өзін тұлға ретінде тануына, оқыту үдерісінде өзін-өзі анықтауға бағытталған);

  2. Ойын технологиялары;

  3. Ынтымақтастық педагогикасы (К. Д. Ушинский, Н. П. Пирогов, Л. Н. Толстой);

  4. ТРИЗ технологиясы (Г. С. Альтшуллер, А. М. Страунинг, ол шығармашылық қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған);

  5. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар;

  6. Балалардың денсаулығын нығайту мақсатындағы денсаулық сақтау технологиясы;

  7. Проблемалық оқыту технологиясы (Дж. Дьюи);

  8. Жобалау технологиясы (Л. С. Киселёв, Т. А. Данилин) және т.б.


Дамыта оқыту технологиясы негізінде бастауын И. Г. Песталоцци, К. Д. Ушинский және т.б. еңбектерінде алатын теория жатыр. Негізгі мақсаты баланың дамуына бағдарланған және дамудың алдында жүретін оқыту идеясын ұсынған Л.С. Выготскийдің еңбектерінде дамыта оқытудың технологиясы ғылыми негізделді. Оның болжамына сәйкес білім оқытудың ақырғы мақсаты емес, оқушылардың даму ортасы ғана болып табылады. Л. С. Выготский идеялары іс-әрекеттің психологиялық теория шеңберінде А. Н. Леонтьев, Я. Гальперинмен және т.б. дайындалып, негізделді. Даму туралы дәстүрлі ұғымды және оның оқытумен арақатынасын қайта қарастыру нәтижесінде бірінші орынға адам іс-әрекеті мен түрлерінің субъектісі ретінде баланың қалыптасуы қойылды. Дамыта оқытудың теориясы Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов және т. б. эксперименттік еңбектерінде жетілдіріле түсті. Олардың тұжырымдамаларында оқыту мен даму бір үдерістің диалектикалық өзара байланысты тараптардың жүйесі ретінде көрініс алды. Оқыту адамның психологиялық дамудың, тұлғаның барлық жиынтық қасиеттерін қалыптастырудың жылжытушы күші ретінде танылған.

Қазіргі таңда дамыта оқыту тұжырымдамасы шеңберінде мақсаттық бағдарлары, мазмұны және әдістемесімен ерекшеленетін бірқатар технологиялар дайындалған. В. В. Давыдовтың пікірінше, дамыта оқыту ұғымы астарында түсіндірмелі-иллюстративті тәсілдің (тип) орнына келетін жаңа, белсенді әрекет тәсілі (тип) ұғынылады. Дамыта оқыту технологиясы баланы қоршаған ортамен өзара әрекет ететін дербес субъект рөлінде қарастырады. Бұл әрекет ету қызметтің барлық сатысын: мақсаттарды анықтауды, жоспарлау және ұйымдастыруды, мақсаттарды іске асыруын, қызметтің нәтижелерін талдауын қамтиды. Дамыта оқыту тұлғаның барлық біртұтас жиынтық қасиеттерін дамытуға бағытталған. Дамыта оқыту бала дамуының жақын аймағында жүзеге асады.

«Педагогика бала дамуының кешегі емес, ертеңгі күніне бағытталуы керек», - дейді Л. С. Выготский.

Ол бала дамуында екі деңгейді атап көрсетті: 1) Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері. 2) Бала дамуының жақын аймағы - баланың үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері. Дамудың қол жеткен аймағы бала өзі істей алатын істерінен ынтымақтастықта істей алатын істерге өту мүмкіндігі. Дамыта оқытудың басты белгісі дамудың жақын аймағын құруы, психикалық ішкі үдерістерінің қозғалысқа келтіруі, туындауы болып табылады.


«Ойын педагогикалық технологиялары» ұғымы әртүрлі педагогикалық ойындар түрінде педагогикалық үдерістердің әдістері мен тәсілдерінің жеткілікті ауқымды тобын қамтиды. Жалпы ойыннан педагогикалық ойынның басты белгісі – оқытудың нақты мақсаты және оған сәйкес педагогикалық нәтижелері айқын түрде көрінеді, негізделеді және оқу-танымдық бағытта сипатталады. Сабақтардың ойын нысаны балаларды оқу іс-әрекетіне құлшындыру, ынталандыру құралы ретінде ойын мотивациясымен құрылады. Сабақтардың ойын тәсілдері мен жағдайын іске асыру келесідей негізгі бағыттар бойынша болады:

  • балалардың алдына қойылатын дидактикалық мақсат ойын тапсырмасы нысанында қойылады;

  • оқу іс-әрекеті ойын ережелеріне бағынады;

  • оқу материалы оның құралы ретінде қолданылады;

  • оқу іс-әрекетіне дидактикалық тапсырманы ойын тапсырмасына ауыстыратын жарыстың элементі енгізіледі;

  • дидактикалық тапсырманы табысты орындау ойын нәтижесімен байланыстырылады;

  • оқу үдерісіндегі ойын технологиясының орны мен рөлі, ойын мен оқу элементтерінің үйлесуі педагогтың педагогикалық ойындарының біліктілігі мен функциясын қалай ұғынуына байланысты.

Педагогикалық үдеріс сипаттамасы бойынша келесідей топтар бар:

  • оқытатын, жаттығатын, бақылаушы және жалпылаушы;

  • танымдық, тәрбиелеуші, дамытушы;

  • репродуктивті, өнімді, шығармашылық;

  • коммуникативтік, диагностикалық, психотехникалық және т.б.

Ойын ортасы ойындар технологиясының ерекшелігін анықтайды: затпен және затсыз ойындар, үстел үстінде, көшеде, бөлмеде, компьютерде, оқу техникалық құралдармен және түрлі жүру техникасымен ойындар.

Ойын іс-әрекетінің психологиялық тетіктері тұлғаның өзін-өзі көрсету, өзін-өзі бекіту, өзін-өзі реттеуге деген күрделі қажеттіктеріне сүйенеді.

Бала ойындарының мазмұны келесідей кезектілікпен дамиды:

- заттық іс-әрекет;



  • адамдар арасындағы қарым-қатынас;

  • қоғамдық тәртіптің ерекшеліктерін орындау.

Ойын технологияларының мақсаты бірқатар міндеттерді шешу болып табылады:

  • дидактикалық (ой-өрісті кеңейту, танымдық іс-әрекет; практикалық іс-әрекетте қажет белгілі бір қабілеттер мен дағдыларды қалыптастыру және т.б.);

  • дамытушы (назарды, есте сақтауды, сөйлеуді, ойлауды, көз алдына елестетуді, қиялды, шығармашылық идеяны, заңдылықтарды орнату, оңтайлы шешімді табу қабілетін және т.б. дамыту);

  • тәрбиелеуші (өз еріктерін тәрбиелеу, мінез-құлық, эстетикалық және дүниетанымдық позицияларын қалыптастыру, ынтымақтастықты, бірлестікті, тіл табысушылықты және т.б. тәрбиелеу);

  • әлеуметтендіруші (қоғам нормалары мен құндылықтарына үйрету; ортаның жағдайларына бейімдеу және т.б.).

Ойын технологиялары мектепке дейінгі жаста кеңінен қолданылады, себебі ойын осы кезеңде жетекші іс-әрекет болып табылады. Бала рөлдік ойынды үш жасына қарай игереді, адами қарым-қатынастармен танысады, құбылыстардың ішкі және сыртқы жақтарын айыра бастайды, өзінде уайымдау сезімі бар екендігін ашады және оларға бағдарлана бастайды.

Балада бір заттың қасиетін басқа затқа ауыстыруға мүмкіндік беретін көз алдына елестету және танымның саналы іс-әрекеті қалыптасады, өз сезімдерінде бағдар туындайды және олардың мәдени көрсету дағдылары қалыптасады, бұл балаға ұжымдық іс-әрекетке және қарым-қатынасқа қосылады. Мектепке дейінгі кезеңде ойын іс-әрекетін меңгеру нәтижесінде оқытудың қоғамдық маңызды және қоғамдық бағалау іс-әрекетіне дайындығы қалыптасады.


Шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы

ТРИЗ – өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы. Негізін салушы - Генрих Альтшуллер. Оның технологиясының басты идеясы техникалық жүйелер белгілі бір заңдармен туындап, дамиды: бұл заңдарды тануға болады және өнертапқыштық тапсырмаларды шешу үшін қолдануға болады. Қазіргі таңда Г.С.Альтшуллердің ТРИЗ технологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін, тапқырлығын, шығармашылық елестетуін, диалектикалық ойлауын дамыту үшін бала бақшаларда табысты қолданылады. ТРИЗ мақсаты – балалардың ой-өрісін дамытумен қатар, жүріп жатқан үдерісті түсіндіре отырып, жүйелі ойлауынуға үйрету. Тәрбиешілердің қолына балалардың қоршаған ортаның қайшылықтары мен біртұтастығын ұғынуға қабілетті шығармашылық қасиеттерін нақты практикалық тәрбиелеу құралын беру. Үдерісте ТРИЗ бейімделген әдістерін қолдануда артықшылықтары бары сөзсіз:



  • балалардың танымдық іс-әрекетін белсендіреді;

  • шығармашылықтың туындауына ынта береді;

  • балалардың бейнелей сөйлеуін дамыту үшін жағдай жасайды (бағалау лексикасының сөз қорын ауыспалы мағынадағы сөздер, синоним мен антонимді байыту);

  • барлық тілдік құралдарды меңгерудің тиімділігін арттырады;

  • лексика-грамматикалық құрылысын құрудағы саналылығын қалыптастырады;

  • ойлау қабілетінің талдау-синтетикалық операцияларының икемділігін дамытады.

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда ТРИЗ элементтерін қолдана отырып, келесідей дидактикалық қағидаттарды ескеру қажет:

  • таңдау еркіндігі қағидаты – балаға кез келген оқыту немесе басқару әрекетіне таңдау құқығы;

  • ашықтылық қағидаты – балаға ашық (шешімінің бірнеше жолы бар) тапсырмалармен жұмыс істеу мүмкіндігін беру керек. Шығармашылық тапсырмалар жағдайында шешімнің әртүрлі нұсқаларын жасауы керек;

  • іс-әрекет қағидаты – кез келген шығармашылық тапсырмаға практикалық іс-әрекетке қосу қажет;

  • кері байланыс қағидаты – тәрбиеші балалардың ойлау операцияларын меңгеру үдерісін тұрақты бақылай алады, өйткені жаңа шығармашылық тапсырмада алдыңғы шығармашылық тапсырманың элементтері болады;

  • мінсіздік қағидаты – шығармашылық тапсырмалар арнайы жабдықты қажет етпейді және кез келген сабақтың бөлігі болуы мүмкін, бұл өз кезегінде балалардың білімі мен қызығушылықтарын, мүмкіндіктерін барынша қолдануға мүмкіндік береді.

1945 жылы дарынды ойлау жай ойлаудан немен ерекшеленетіндігін ұғынуға ұмтылған Г. С. Альтшуллер шығармашылықтың ғылыми технологиясын дайындауына кірісті. Оның технологиясының басты идеясы техникалық жүйелер белгілі бір заңдармен туындап, дамиды: бұл заңдарды тануға болады және өнертапқыштық тапсырмаларды шешу үшін қолдануға болады. ТРИЗ жаңа техникалық мақсаттарды нақты ғылымға айналдырады, себебі өнертапқыштық тапсырмалардың шешімі ізденістердің орнына текке логикалық операциялардың жүйесіне құрылады. Экскаватор болған жағдайда, күрекпен жұмыс істеу, автокөлік болғанда, жүкті арқалау орынсыз және ысырабы көп. Ойды қажетті бағытқа бұруға және ескішілдік, қызығушылық тудыртпайтын жұмыстың көп бөлігін орындауға қабілетті жүйелі құралды қолданудың орнына шығармашылық «нұрлануды» күту орынсыз.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін «ТРИЗ» технологиялары – бұл тәрбиешілер үшін толық әдістемелік ұсыныстары бар ұжымдық ойындар мен сабақтар жүйесі. ТРИЗ негізгі бағдарламасын ауыстыруға емес, оның тиімділігін барынша арттыруға арналған. Тәрбиеші жұмыс істейтін кез келген бағдарлама негізінде практикада тексерілген ТРИЗ әдістері мен тәсілдерін қолдануға болады. ТРИЗ ұстанушыларының ұстанымы: әрбір бала тумысынан дарынды және кемеңгер, алайда оны барынша төмен шығын жағдайында барынша жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін қазіргі заманға бағдарлануына үйрету керек. Барлық сабақтар мен ойындар баланың тақырыпты, материалдар мен іс-әрекет түрін дербес таңдауды білдіреді. Олар балаларды заттар, құбылыстардың қайшы ерекшеліктерін анықтауға және осы қайшылықтарды шешуге үйретеді. Қайшылықтарды шешу – шығармашылық ойлауға деген кілт.

Балалармен жұмыс жасаудың негізгі құралы педагогикалық ізденіс болып табылады. Педагог балаларға дайын білім бермеуі керек, олардың алдында ақиқатты ашпауы тиіс, ол ақиқатты өзі табуы қажет. Егер балалар сұрақ қоятын болса, сол уақытта дереу жауап бермеуі керек. Керісінше, ол өзі не ойлайтындығын сұрауы қажет. Оны талқылауға шақыру керек. Жетелеуші сұрақтармен баланың жауапты өзі тапты деуге алып келуі керек. Егер бала сұрақ қоймаған жағдайда, педагог қайшылықтарды атап көрсетуі тиіс. Баланы жауапты табу жағдайына, яғни құбылыс немесе заттың тануы және қайта түрленуінің тарихи жолын қайталауы керек жағдайға қояды. Мәселен, тәрбиеші балаларға ағаштың қасиеттері туралы білім бере отырып, «Егер жерде ағаш болмаса не болар еді?» деген сұрақтан бастауы мүмкін. Балалар өздерінің ой-пікірлерінің нұсқаларын айта бастайды. Одан кейін: «Ағаш несімен пайдалы?» деп сұрақ қояды. Жауаптардың түрлі нұсқалары айтылады, кейбір жауаптар қайталанғанымен, ағаштың жаңа қасиеттері мен ерекшеліктері ашылады. Сұрақтар тізбегі жалғасады: «Егер ағаш сондай пайдалы, одан көптеген заттар жасауға болса, онда адам неліктен металды өндіруді, пластмасса жасауды үйренді? Ағаштың қандай қасиеттері адамға ұнамады? Ағаштың несі қолайсыз? Неліктен адамдар орман өсіреді және саябақтар жасайды? Барлық ағаштардың қасиеттері бірдей ме, әлде ерекшелене ме? Ағаштар несімен ерекшеленеді? Ағаштан жасалынатын қандай заттарды атауға болады?» және т.б. Одан кейін ағаштың қасиеттері анықталынатын тәжірибелер жүргізіледі: суда бата ма немесе батпай ма; жана ма, жанбай ма; суды өткізе ме, жоқ па; бояла ма, боялмай ма және т.б. Сонымен, сабақ ақиқатты және мәнін іздеу ретінде өтеді. Баланы ағашты зат ретінде көп түрлі қолдану мәселесіне алып келеді және ыдыс-аяқ, жиһаз жасау кезінде ағаштың алмастырушылары бар екендігін түсіндіреді.

«ТРИЗ» технологиясында қайшылықтардың көптеген тәсілдері жинақталған. Алайда деректер банкін, көп жағдайда, жас тәрбиеші қолданады. Тәжірибелі мол педагогтар табиғат және затты әлемнің қоршаған объектілерінде өздері қайшылықтарды табады және оларды балалармен жұмыс жасауда қолданады. Бірақ негізгі міндет: балаларды өз шешімдерін іздеуге және табуға үйрету – бұл шығармашылық ойлауда, қиялдауда, жаңаны ойлап табуда байқалатын өнертапқыштық кезең.

Айта кететін жайт, «ТРИЗ» технологиясы баланы ғана емес, тәрбиешіні де шығармашылық педагогикаға оқытады. ТРИЗ қолдаушылары алдында тұрған басты мәселе – дайын формуланы балалармен сабақ өткізуде схемалық түрде қолдану ниетінен сақтандыру. Балалар тумысынан үлкендердің ақпараттарын талдай отырып, өздерінің қандай да бір жүйесін құруға, өзінің пәктігі мен аңғалдығын көрсете, жүріп жатқан үдерістердің заңдылықтарын ұғынуға талпынады. ТРИЗ оқиғалар мен құбылыстардың заңдылықтарын түсіну үдерісімен мүмкіндігіне қарай танысуды ұсынады. «ТРИЗ» технологиясы балалармен тарихи тақырыпта әңгімелесуді ұсынады: қарындашты ойлап табу тарихы; үстелді ойлап табу тарихы; дөңгелек, шам, радио, робот және т.б. тарихы. Объектіні даму тұрғысынан қарау үнемі жетілдірудің, ойлап табудың себептерін түсінуге мүмкіндік береді. Балалар ойлап табу – бұл қайшылықтарды шешу дегенді түсіне бастайды.

Мектеп жасына дейінгі балалармен серуендеуде балалардың ой-өрісін белсендендіретін әртүрлі тәсілдерді қолдануға кеңес беріледі: табиғат заңдарының өзгеруі, табиғаттың оянуы, түрленуі, объектінің әсер ету деңгейінің артуы, төмендеуі және т.б. Мәселен, тәрбиеші балаларға: «Ал, балалар, желді тұрғызайық: оның анасы кім? Оның достары кім? Не үшін жел күнмен дауласады?». Эмпатия тәсілін де қолдануға болады. Балалар өздерін бақылаушы орнына қояды: «Егер сен бұтаға айналсаң, не істер едің? Нені армандайсың? Кімнен қорқасың? Кіммен достасар едің? Сенің жапырақтарың не туралы сыбырлайды?» немесе «Өзіңді қызыл қоңыздың орнына қойып көр. Не үшін сен өмір сүресің? Сенің достарың кім? Нені жегенді жақсы көресің?». «ТРИЗ» бағдарламасы тәрбиешілер мен балаларға адам өзінің жасына тәуелсіз меңгеретін шығармашылықтың әдістері мен құралдарын береді. Осы бірыңғай құралды қолдана отырып, балалар мен ересектер бір-бірімен тіл табысуы, түсінісуі жеңіл болады. ТРИЗ – бір рет құрылып, өзгермейтін шығармашылық педагогикалық жұмыстар жүйесі емес, бұл үнемі дамитын технология. ТРИЗ қолдаушылары әрдайым ізденісте болады, балалар мен тәрбиешілердің шығармашылық ойлауын белсендірудің жаңа әдістерін ойлап табады, дайындайды. Стандарттан тыс ойлауға, шаблонды емес шешімдерді қабылдауға не барынша кедергі жасайды деген сұраққа А. Страунинг барлық ересектерде болатын және ересектер оны балаларға кішкентай жасынан бастап «табысты» дағдыландыратын психологиялық инерция деп жауап беретін. Психологиялық инерция өмірлік жағдайды шешу ересектерге (балаларға қиын) жеңіл болатын қандай да бір жаңаны шығару кезінде кедергі болып табылады.

Әртүрлі психологиялық кедергілер бар:


  • тар мамандануынан туындаған бөтен аймаққа ену қорқынышы;

  • ақымақ болып көріну қорқынышы, осы жерден сын қорқынышы; бедел алдындағы қорқыныш;

  • бір нәрсенің мүмкін емес, қол жетімсіз ретіндегі мінсіз қорқынышы;

  • объектіні әдеттен тыс функциясынан қабылдай алмау қабілеті, әйтпесе, «шығармашылық соқырлық», формалды логикаға догмалық қарым-қатынасы орын алады. Осы кедергілерді еңсеру үшін келесідей элементтен тұратын шығармашылық белсенділікті ынталандырудың негізгі қағидаттарына сүйенуі қажет:

  • өз ашылымдарынан қорықса, қайтуға болатын бала үшін қауіпсіз психологиялық базаны құру;

  • баланың шығармашылыққа деген қабілеттілігіне қолдау көрсету, оның сәтсіздіктерінде көмек беру, шығармашылық талпыныстарға теріс баға беруіне жол бермеу;

  • «қисынсыз» идеялар мен сұрақтарына шыдамдылық, балалардың барлық сұрақтарына, тіпті, егер олар шектен шыққан болса да, жауап беру қажеттілігі.

Психологиялық инерцияны алып тастауға және қысқа уақытта жаңа идеялардың барынша көп санын алуға мүмкіндік беретін барынша танымал әдісті А. Страунинг «ми шабуылы» деп атайды. «Ми шабуылын» педагогтармен және балалармен жүргізу ұсынылады. Бірақ жүргізу әдістемесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, ересектермен «ми шабуылын» былай өткізеді: жұмыс тобына 7-12 идея генераторларын, шешілетін міндет саласының кәсіпқойларын ғана емес, сырттан келген адамдарды да шақырады. Балабақшаға педкеңеске кімдерді шақырады? Әдетте, бұл педагогтар, дәрігерлер, ата-аналар, басшылар. Бала күтушіні ше? Аспазшыны ше? Кір жуушыны ше? Аула сыпырушысын ше? Олар туралы ұмытады, осы адамдардың да балаларға қатысы бар ғой. Кейде олар туралы мынаны естуге болады: «Неліктен олардың жаны балалар үшін ауырмайды?». Өйткені, оларды техникалық қызметкерлер ретінде педагогикалық үдеріске қоспайды. Алайда, күтпеген шешім үйреншікті кәсіби шеңбермен шектелмеген адамдардан туындайды. «Идея генераторларын» дөңгелектей отырғызады. «Ми шабуылын» 2-3 құзыретті, беделі жоғары қызметкерлер кіретін сарапшы топтарының бірі (басшы емес) жүргізеді. «Ми шабуылы» басталмастан міндет-мәселе қойылады. Ойлануға уақыт беріледі және қатысушылар өз идеяларын айта бастайды. Бірінші өз идеясын айтуға лауазымы бойынша кіші қызметкерге беделділер алдында қорқыныш қыспау мақсатында беріледі. Басшы соңғы болып өз идеясын айтады. Әдетте көбісі батыл, тосын идеяларын айту тәуекеліне бармайды, себебі сынға қалудан қауіптенеді. Сондықтан, «ми шабуылы» жүргізу кезінде сын (сөз, дене қимылы, ым) айтуға тыйым салынады және кез келген, тіпті, әзіл немесе жөнсіз идеялар марапатталады. Барлық айтылған идеялар оларды сарапшылар тобы кезекті қарау үшін жазылады. «Идея генераторлары» шешімін бекіткеннен кейін осал жерлерін анықтау және оларды түзету мақсатында жақтаушылары мен қарсыластары болып бөлінеді.

Балалармен «ми шабуылы» жоспарланбаған, аяқ асты, қандай да бір міндеттерді шешу кезінде туындауы мүмкін. Балалармен «ми шабуылын» өткізудің ерекшелігі айтылған идеяны талқылау барысында өздері түзейді, оларды талдайды.


Ақпараттық - коммуникативтік технологиялар (АКТ)

Ақпараттық технологиялар деп оқыту педагогикасында арнайы техникалық ақпараттық құралдарды (интерактивті тақта, электронды - есептеуіш машиналар, аудио, бейне) пайдаланатын барлық технологияларды атайды. Компьютерлер білім беруде кеңінен қолданыла бастады, «оқытудың компьютерлік технологиясы» термині пайда болды. Компьютерлік технологиялар бағдарламалаған оқытудың идеяларын дамытады, заманауи компьютерлер мен коммуникацияның бірегей мүмкіндіктерімен байланысты тың, әлі зерттеле қоймаған нұсқаларды ашады. Оқытудың компьютерлік (жаңа ақпараттық) технологиялары – бұл оқытушыға компьютер арқылы ақпараттарды дайындау және беру үдерістері. Компьютерлік технологиясының мақсаты ақпаратпен жұмыс жасау қабілетін қалыптастыру, коммуникативтік қабілеттіліктерді дамыту, «ақпараттық қоғам» тұлғасын дайындау, зерттеу қабілетін қалыптастыру, оңтайлы шешімдерді қабылдау қабілеті болып табылады.

Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолдану кезінде денсаулық сақтау технологиялары туралы естен шығармау керек, тәрбиелеудің техникалық құралдарын қолдануды балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес уақытпен шектеу керек. Сөйтіп, АКТ-ны оқу-тәрбиелеу үдерісіне ендіру педагогтың кәсіби сипаттамасы болатын, педагогикалық шеберлікті құрайтын педагог құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігін тудырады. Технология мен ақпаратты тиімді қолдана білетін педагогта ойлаудың жаңа, басқа стилі болады, туындайтын мәселелерді, өз іс-әрекетін ұйымдастыруын бағалауға өзгеше қарайды. Қазіргі таңда білім беру үдерісінде бірінші орынға тұлғаның өзін-өзі дамыту идеясы, оның дербес іс-әрекетке дайындығы қойылады. Педагогтың қызметі ауысады. Енді ол интеллектуалдық ізденістің, эмоционалдық күйзелістің және практикалық іс-әрекеттің ұйымдастырушысы. Ол үшін оқытушының белсенді рөлін қалыптастыратын жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру қажет.

Педагогикалық технологиялар міндетті түрде таным белсенділігінің негізін – ізденгіштігін; өз бетімен шығармашылық (ойлау, көркемдік) және әртүрлі іс-әрекет түрлерінде табысты болуға мүмкіндік беретін басқа да міндеттерді:

- интеллектуалдық және тұлғалық дамуы ретінде шығармашылық қиял – елесі;

- коммуникативтік – ересектермен және құрдастармен сөйлесу қабілеті;

- рефлексия қабілеті – басты тұлғалық қасиеттердің бірі ретінде;

- өзін тануы мен ұғынуы (іс-әрекеттер, сөйлеу тәртібі, сезім, жағдай, қабілеттілік) шешу қабілетін дамытуы керек.

Педагогтардың мектепке дейінгі білім беруде жаңа технологияларды игеруі – бала тұлғаның табысты дамуының кепілі.

Қазіргі таңда ойынның маңыздылығы заманауи баланың ақпаратпен қанығуынан артады. Теледидар, бейнетаспа, радио, интернет алынатын ақпарат ағымын ұлғайтты және түрлендірді. Алайда бұл көздер негізінен бәсең қабылдау материалдарын береді. Мектепке дейінгі балаларды оқытудың маңызды міндеті дербес бағалау қабілетін дамыту және алынатын ақпараттарды іріктеу болып табылады. Мұндай қабілеттің дамуына білім беру қызметіндегі және еркін қызметтегі балалармен алынатын білімдерді қолдану практикасы болатын ойын көмектеседі.
Денсаулық сақтау технологиясы

Денсаулық сақтау технологиясының мақсаты баланың денсаулық сақтау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, оған салауатты өмір-салты туралы қажетті білім, қабілет пен дағдылардың қалыптасуы болып табылады.

Денсаулық сақтау педагогикалық технологияларға педагогтың баланың денсаулығына деген әртүрлі деңгейде – ақпараттық, психологиялық, биоэнергетикалық деңгейде ықпал етудің барлық аспектілері кіреді. Заманауи жағдайда адам дамуы оның денсаулық жүйесін құрусыз мүмкін емес.

Денсаулық сақтау педагогикалық технологияны таңдау төмендегілерге тәуелді:



  • Мектепке дейінгі ұйым типіне;

  • Мектепке дейінгі ұйымда балалардың болу ұзақтығына;

  • Педагогтар жұмыс істейтін бағдарламаларға;

  • Мектепке дейінгі ұйымның нақты жағдайларына;

  • Педагогтың кәсіби құзыреттілігіне;

  • Балалардың денсаулық көрсеткіштеріне.


: uploads -> files
files -> Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік
files -> Результаты городских конференции колледжистов «информационные технологии в современном мире»
files -> Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
files -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
files -> Перечень поступивших заявлений в отношении Договора №104
files -> М. А. Шолохов «Судьба человека». Судьба человека и судьба Родины
files -> Урок усвоения новых знаний. Оформление доски: Тема «маленького человека» в повести Н. В. Гоголя
files -> Сапа рәсімі шебер сынып
files -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы балаларды толық КҮн болатын шағын орталықтарда


  1   2   3


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет